Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
97
алдын ала хабарламай жүргізіледі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және
есепке алуға жатпайды.
192-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің қағидаттары мен негізгі
міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жұмыскерлердің құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеу, сақтау және қорғау, заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік
және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
қамтамасыз ету;
2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары
мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер
мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып
табылады.
193-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу
мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
2) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын
жүзеге асыруға;
3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген
функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және
алуға;
4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік
жазалар қолдануға;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс
орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына
сәйкес келмейтіні анықталған кезде, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген
мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым
салуға);
7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киімнің және
басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына
тыйым салуға;
8) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасай отырып,
арнайы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды
талдау жасау үшін алып қоюға;
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-
тексеруге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан,
білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі
адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар
беруге;
11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
98
ақпаратты, талап қоюларды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына
және соттарға жіберуге;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
білімді тексеруге қатысуға;
13) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы
заңнамасында
белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы
тұрғысынан тексеру жүргізуге;
14) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау
жүргізуінің толықтығы мен анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасасуға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
194-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге
асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және
сапалы жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою
жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс
берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер
мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына
келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге
асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу
жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны,
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді
жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай
мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей актілер шығарады (жасайды):
1) мыналар:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою
туралы;
жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын болғызбау үшін
өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы;
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны
тоқтата тұру) туралы нұсқама.