Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Маңғыстау облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалысы жөніндегі



жүктеу 379,5 Kb.
бет2/4
Дата20.11.2018
өлшемі379,5 Kb.
#21849
1   2   3   4

9.(53)

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерiн енгiзе отырып, бiлiм беру мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жоспарын бекiту

ҚР БҒМ-не ақпарат

ББ (жинақтау), ЖС, қала және аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филдиалы және «Жас Отан» жастар қанаты (келісім бойынша)

жыл сайын

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» тармағын іске асыру мақсатында, 25.01.2016ж. №07-нқ бұйрығымен «Білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Бекітілген жоспар аудандық, қалалық білім беру ұйымдарына орындау үшін жолданылған(Қажеттілігіне қарай жоспардың көшірмесі қосымшаға сәйкес жолданады).

Сонымен қатар, қалалық және аудандық білім бөлімдері жоспар бойынша жұмыстар атқаруда.

Ақтау қалалық білім бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін тиімді ұйымдастыру, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру жұмыстарына және ұйыммен қамтылған балалардың қатысын бақылауды күшейту, білім бөлімінің қаржы және экономика секторының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері, қазынашылық департаментінің қатысуымен жиындар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б. шаралар ұйымдастыру көзделінген.

Бейнеу аудандық білім бөлімімен орта мектептерде және екі колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелеріне жастарды тарту мақсатында «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік» туралы арнайы жоспарлары бекітілген, жоспар негізінде жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері, қазынашылық департаментінің қатысуымен жиындар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б. шаралар ұйымдастырылып келеді.

Қарақия аудандық білім бөлімімен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ҚР Президентінің №986 Жарлығын орындау мақсатында, білім саласындағы іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Елбасының Жарлығы мектеп, бала бақша басшылары арасында талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы Заңын түсіндіру бағытында, Қарақия аудандық білім бөлімімен 2016 жылдың 8 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспары» бекітіліп, іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп басшылары арасында құқықтық оқу-семинарлар өткізілінген. Ауданда 15 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш және 1 кешкі сырттай жұмысшы жастар орта мектебі бар. Аталған мектептерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл мәселелері бойынша жүргізілетін шаралардан хабардарлығын анықтау мақсатында, оқушылар мен ата-аналар және қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлық дегенді қалай түсінесіз?» тақырыбында сынып сағаттары, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мәселелері» жөнінде семинар, «Қоғамның қауіпті кеселімен күрес – маңызды міндет!» тақырыптарында семинар-тренинг, 9-11 жоғары сыныптардың оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» Заңын талқылай отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамыздың міндетіміз!» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғам үшін маңызды!» тақырыптарында дәрістер өткізілген, іс-шаралардың қорытындысы бойынша барлығы – 2177 оқушы, 1248 ата-ана, 871 қызметкерлер қатыстырылған.

Қарақия ауданы бойынша 19 мектепке дейінгі ұйым (15 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақшалар, 2 мектеп жанындағы шағын орталық) жұмыс жасайды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарды 2016 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар аясында 598 ата-ана, 1128 қызметкер қатысушыларымен іс-шаралар өткізілінген(Аталған деректерді растаушы құжат ретінде өткізілген шаралардың бейне фотолары қосымша жалғанатын болады және mangystau.gov.kz сайтынан көруге болады). Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында азаматтардың ұсыныс пікірлерін жинақтау жәшігі әр мектепте орнатылған. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі ілініп, әр аптаның бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17-ге дейін қабылдау жүргізіледі. Өтініштер уақытында тіркеліп, дер кезінде жауап қайтарылынады.



Маңғыстау аудандық білім бөлімімен де 2016 жылға білім беру мекемелерінде, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілген. Жұмыс жоспарының жүзеге асырылуы аудандық білім беру ұйымдарының басшыларына жүктелінген. Жұмыс жоспары 9 іс-шараны қамтиды.

2017 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленуде.



Мұнайлы аудандық білім бөлімімен 2017 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жылдық жоспары» бекітілген. Ауданға қарасты мектептерде «Адал ұрпақ» еріктілер тобы құрылып, үйірмелер ашылған. Үйірмелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әртүрлі шаралар өткізілінеді. Білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдары қызметкерлерін тарту арқылы «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын кеңінен жариялайтын қосымша сабақтар ұйымдастырылады. «Менің құқықтық алаңқайым», «Адам құқығы» тақырыбында сабақтар өткізіліп, талқыланады.

Білім беру ұйымдарында педагогтарға өндірістік жиналыс өткізіліп, ата-аналардан ақша жинау дұрыс еместігін, оны болдырмау керектігі айтылады. Аудан мектептерінде «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты тақырыпта 9-11 сынып оқушылары арасында пікірталас, «Әдептілік адамгершілік белгісі», «Ар-ұят, абырой, жауапкершілік қасиет», «Жемқорлықсыз әлем», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында флешмобтар өткізіледі. Аудан мектептерінің барлығында сенім жәшігі мен сенім телефондары жұмыс жасайды.



Түпқараған аудандық білім бөлімімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бойынша жоспар бекітіліп, іс-шаралар жүргізілуде.

Маңғыстау облыстық «Нұр Отан» партиясымен 25.01.2016 жылғы №07нқ бұйрығымен біріккен іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2016 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 11 іс-шара өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тақырыпта оқушылар арасында ең үздік эссе», «Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл мәселелері»тақырыбында ең үздік бейне роликтер», «Карикатур» конкурстары өткізілді.

Маңғыстау ауданында партиялық бақылау комиссиясымен «Жас Отан» жастар қанатымен бірігіп білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында кәсіпкерлік, техникалық колледждер және орта мектептердегі жоғары сыныптар арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Ақтау қаласында 2016 жылдың 28 қыркүйегінен бастап қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» өңірлік марафоны басталды.

«Жас Отан» жастар қанатымен Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-де әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама университет, асхана және студенттер жатақханаларының жанында жасырын түрде өткізілді. Сауалнамаға 3 тудент және ЖОО-нан 5 мұғалім қатысты. Барлық 30 сұраққа жауап берілді. Келесі сауалнамалар Маңғыстау гуманитарлық – техникалық университетінде өткізілу жоспарлануда. Ал «Таза Сессия» республикалық акциясының қорытындысы Астана қаласы жолданды және жылдың аяғында жарияланатын болады.

Маңғыстау облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалымен 2016 жылдың мамыр айында «Техникалық және қызмет көрсету еңбек кадрларының жоғары даярлығы мен бәсекеге қабілеттілігі сапасын қамтамасыз ету мақсатында қолайлы жағдайлар туғызу» тақырыбында қоғамдық тыңдалымдар өткізілді («Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен атқарылған іс-шаралар қосымша жалғанатын болады және mangystau.gov.kz сайтынан көруге болады ).


Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау

10.(60)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ұсыныс

ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (келісім бойынша)

2015-2017 жылдардағы 4-ші тоқсан

Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.03.2015 жылғы №297 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Маңғыстау облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» (бұдан әрі - Жоспар) орындалу барысын қадағалау (бағалау) мақсатында Департаменттің 17.11.2016 жылғы №58 бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан келесі құрамда Арнайы мониторингтік тобы құрылды:

Төрағасы:

«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс» ЗТБ Президенті -Ахметова Жібек Аманбайқызы



Мүшелері:

Байгебаев Қайрат Оразбекұлы

Департамент басшысының орынбасары

Шапахов Ахан Сайлауұлы

Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы

Сванбаева Ақмарал Бегенқызы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы-заңгер

Сейлов Маралбек Мұғайұлы

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы аумақтық-қорғаныс басқармасының басшысы

Адаева Жания Сабыровна

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы аумақтық-қорғаныс басқармасының бас маманы

Сарсенова Марал Болшынбайқызы

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары басқармасының басшысы

Көккозов Мейрамғали Іздібайұлы

Маңғыстау облыстық «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы

Жемерханов Бекзат Демеусінұлы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының телеарна редакторы

Шамшадинова Анар Амангелдіқызы

«Маңғыстау» газетінің қызметкері

Хатшысы:

Айтжанов Нариман Жанадилович

Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы.


11.(63)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті мемлекеттік органдардың сайттарында орналастыруды қамтамасыз ету

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД-не ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша ҚР МҚІ ж СЖҚА МОД (келісім бойынша жинақтау), қала және аудан әкімдіктері,барлық мемлекеттік органдар

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 5 сәуірден кешіктірмей

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру және сапалы орынадалуын қадағалау мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің аппаратымен көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Облыс әкімдігінің 2015 жылдың 29 қыркүйегіндегі №297 қаулысымен бекітілген сәттен бастап Жоспардың орындалысы облысқа қарасты қала және аудан әкімдіктеріне, мемлекеттік органдарға және Жоспардың өздерінке тиісті тармақтарын орындалуына жауапты мүдделі органдарға жүктелді(30.09.2015ж.№10-23-2145телефонхаты). 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген Маңғыстау облысы әкімнің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2016 жылғы 13 мамырдағы №1-2016 хаттамасы әзірленіп, барлық облысқа қарасты мемлекеттік органдарға хаттамалық ұсыныстар берілді. Әр ай сайын жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың ашылуына және осы кезеңге дейінгі мерзім ішінде сапалы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілді.

Алайда, мониторинг жүргізудің нәтижесінде бірқатар мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өздеріне тиісті тармақтарын орындауда біршама олқылықтар анықталды. Кейбір жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» арнайы бетшесіндегі орналастырылған ақпараттар талапқа мүлдем сай емес, көбінесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстар мен қабылданған шараларадың, жоспардың орындалысы бойынша ақпараттардың мүлдем жоқтығы немесе ақпараттардың жаңғыртылуы соңғы рет өткен жылға тұстас келіп, жаңадан ақпараттармен жаңғыртуды жүзеге асырылмағандығы анықталды.

Осыған орай, мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына, қала және аудандардың әкімдеріне, яғни өздеріне тиісті құзырлы органдардың аталған жоспардың тармақтарын толық әрі сапалы, уақтылы орындау бойынша тапсырмалар беріліп, ескертулер жасалды. Облыстық қоғамдық кеңес құрылып, құрамы және жұмыс жоспары бекітілді.

Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен, Қоғамдық Кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы» мәселесі қарастырылды.

Сондай-ақ, Жоспардың төмен деңгейде яғни немқұрайлылық танытып, дұрыс немесе талапқа сай орындалмаған тармақтарын қайтадан сараптап, толық әрі сапалы орындау міндеттеліп, облыс әкімі аппаратының басшысымен 13.07.2016ж. №10-17-1761 және 08.09.2016 жылы №10-17-2217 қызметтік жазбалары, телефонхаттары жолданылып тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдың аяқталуына байланысты жылдық қорытынды кезең(сонымен қатар 2015 жылғы) бойынша орындалысы жөніндегі ақпараттар сұратылып және ресми сайттарға ақпараттарды орналастыру жөнінде облыс әкімінің орынбасарымен 27.09.2016жылы №10-17/2384телефонхаты(қызметтік хаты) жолданды. Хатта алдағы уақытта ескертулерден нәтиже шығарылмаған жағдайда тәртіптік жаза қолданылатындығы ескертілді. Қазіргі таңда да облыс әкімінің аппаратымен Жоспардың орындалысы қатаң басшылыққа алынып, бақылануда. Сонымен қоса облыс әкімдігіне ұсынған соңғы ақпараттарын жинақтап, ескере отырып, ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізілді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің және облысқа қарасты барлық қала, аудандардың және мемлекеттік органдардың (басқармалардың) ресми интернет-ресурстарында олардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелері» туралы арнайы тараулар жұмыс істеуде және тиісті ақпараттарды өзектілігіне қарай жаңарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.





2. Көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл

12.(123)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ҚМ-нің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау бойынша ұсыныс енгізу

ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру

Облыс әкімі аппараты (жинақтау) Қала және аудан әкімдерінің аппараты

2016 жылғы 2-ші тоқсан

Маңғыстау облыстық аудандар мен қалалар әкімдіктерінің қаулыларымен мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып бекітелді. Осыған байланысты өткізіліп отыратын мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет-ресурстарына жариялап отыру бойынша үнемі тапсырма беріледі және қазіргі таңда жариялануда.

Сондай-ақ, «Электронды үкімет» және «Электронды мемлекеттік сатып алу» порталымен ЕСЭДО ақпараттық жүйесі интеграциялануда.

Ақтау қаласы әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымын дамыту және жетілдіру мақсатында, БҚАЖ ақпараттық жүйесі мен «Электрондық үкімет» (E-gov) порталы бүгінгі таңда интеграцияланған. Мұның бәрі құжаттар мен азаматтардың арыз-шағымдарының орындалу мерзімін, хат-хабарларды реттеу және ақпаратты қорғау, электрондық құжат айналымына көшу мерзіміне бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, мемлекеттік және әлеуметтік маңызды қызметтерді одан әрі автоматтандыру қала әкімдігінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ҚМ-нің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау бойынша облыстық аудандар мен қалалардан ұсыныстар түскен жоқ



13.(127)

Мұнай және мұнай өнімдерін, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар өндірісі мен айналымын бақылау мақсатында қолданыстағы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесін және ілеспелі инфрақұрылымды пысықтау, сондай-ақ уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен пысықтау бойынша ұсыныс енгізу

ӘМ-не ұсыныс

МО ТРжТП РБ (жинақтау), МО ЭжТҮКШБ, ДСБ, ЖПҚББ (келісім бойынша), қала және аудан әкімдіктері

2017 жылғы 4-ші тоқсан

«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-мен ұсынылған ақпаратта осы тармақ бойынша Басқарманың негізгі функцияларына сәйкес, қызмет барысында бұл ақпараттық жүйені қолданылу қажеттілігі болмағандықтан енгізілетін ұсыныстар жоқ

14.

Бюджеттік қаражаттарды шығыстау бойынша ашықтықты қамтамасыз ету (Облыс әкімдігінің ресми сайтында ақпаратты жариялау)

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

ҚБ (жинақтау), облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдеріне

жыл сайын

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (mangystau.gov.kz) Облыстық Қаржы басқармасының ресми интернет ресурсы орналастырылған. Аталған басқарманың сайтында (fin.mangystau.gov.kz) бюджеттік қаражаттарды ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бюлджеттің орындалуы мен игерілуі жөнінде мәліметтер орналастырылып отырады(Қосымша бюджеттік орындалысы жөнінде басқармамен ұсынылған мәліметтердің көшірмесі көрсетіледі). Сонымен қатар, облысқа қарасты барлық басқармалар мен қала аудандардың бюджеттік шығыстау бойынша ақпараттары облыстық Қаржы басқармасына жолданып отырады және әрбірі өздерінің ресми интернет ресурстарында жариялауда.

15.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға жол жоқ» тақырыбындағы студенттер мен жастар арасында тематикалық семинарлар, дәрістер өткізу

Маңғыстау облысы әкімі аппаратына ақпарат

МО ЖСМБ (жинақтау), қалалар мен аудандар әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты (келісім бойынша)

тұрақты

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 2016 жылдың 8 желтоқсанында Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментімен(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен) меморандум әзірленді. Мақсаты- Маңғыстау облысында жастардың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі және бірлескен іс-қимылды бұдан әрі дамыту болып табылады. Сонымен қатар, жастар арасындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тараптар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесуге негізделген. Меморандумға қол қою рәсіміне Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Ақтау қаласының орта арнаулы, техникалық. жоғары оқу орындарының студенттері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Оқушы жастармен, студенттермен 2016 жылы ақпанның 15 мен наурыздың 5-і аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты - жастарды сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады. Шараға облыстың ЖОО, колледж студенттері және жоғары сынып оқушыларынан құралған 300-ге жуық жастар қатысқан.

Маңғыстау облысының және қала, аудан жастар ресурстық орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тиісті аумақтарда жастарға түсіндіру жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізілген.

2016 жылдың 15 наурыз күні облыстық жастар ресурстық орталығы конференц залында жастар сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шараға Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. БАҚ өкілдері және өңірдің белсенді жастары қатысты.

Сонымен қатар, жоғарғы, кәсіптік және техникалық оқу орындарында «Таза сессия» акциясы өткізілді. Акция барысында студенттер арасында анонимді түрде сауалнама жүргізілді. Бұл мәселелер «Twitter», «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінің парақшаларында үнемі талқылануда.

Облыстық және қала, аудан жастар ресурстық орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тиісті аумақтарда жастарға түсіндіру жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізілген.

2016 жылдың 6 сәуір күні Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің конференц залында студенттер мен еркін пікір алмасу шарасы ұйымдастырылған.

Шараның мақсаты – ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын насихаттай келе жастар арасында құқыққтық сауаттылық деңгейін арттыру, заң алдындаға жауапкершіліктерін құқықтары мен міндеттерін таныстыру, жаңа заңның жастарға берер мүмкіндіктері мен оларды орындаушы уәкілетті органдар туралы ақпараттарды таныстырылған.

Кездесуде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, облыстықжастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Е.Анесов, «Қазақстан Тұрғын-Үй Құрылыс Жинақ Банк» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы бөлімінің басшысы Ж.Сарпиков, «Елтану.kz»қоғамдық қорының төрағасы Б.Төлегенұлы қатысты. Жиынсоңында жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, нақты мағыналы жауаптарын алынған.


жүктеу 379,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау