ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданып, күшіне енді. Бұл Заңның және кеңестің негізгі қызметі мемлекеттік ұйымдардың шешімдер қабылдауына қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңда кеңесті құру механизмі қарастырылған. Қоғамдық кеңес қызметінің мерзімі, кеңес мүшелігіне ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптар анықталған. Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде жергілікті өкілетті орган – мәслихат басшысы басқаратын жұмыс топтарымен конкурстық негізде қалыптасады.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіруі болып табылады. Қоғамдық кеңестер қызметі бес қағидат негізінде жүзеге асады: қоғамдық негіздегі, автономдық, дербестік, жариялық, ашықтық және кеңес мүшелерін кезең кезеңімен ротациялау.
Маңғыстау Облыстық мәслихаттың 2016 жылдың 6 ақпанында 31 сессиясының № 31-446 шешімімен Облыстық қоғамдық кеңес құрылып, құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және осы мәселе бойынша құзырлы органдар өкілдерінің, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен, Қоғамдық Кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы туралы» мәселесі қарастырылды.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 29 желтоқсанда облыстық қоғамдық кеңес отырысының №15/16 бұйрығымен бекітілген 2017 жылдағы жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Жаңаөзен қалалық әкімдігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы қызметтері туралы (О деятельности руководителя департамента по Мангистауской области национального бюро по противодействию коррупции Агенства РК по государственной службе и противодействию коррупции и акима г.Жанаөзен по предупреждению коррупции) мәселелер қарастырылатын болады(жоспардың толық нұсқасы облыстың ресми интернет-ресурсында /mangystau.gov.kz/ Қоғам айдарында жарияланған).
Сонымен қатар облысқа қарасты қала мен аудандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, тиісті жоспарлары бекітілген.
Ақтау қаласы Қоғамдық Кеңестің 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 7 отырыс өткізілді. Аталған отырыстарда 54 мәселе қаралып, оларға тиісті ұсынымдар берілді.
2016 жылдың 9 ақпанында өткен отырысындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сипаттағы қаралған мәселелері төмендегідей:
1.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 15 желтоқсандағы №16/152 «Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу».
2.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы».
4.«Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
5.«2016 жылга арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылау туралы.
2016 жылдың 10 наурызында өткен екінші отырысында қаралған мәселелер:
1.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
2.Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №6/62 «Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4.«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
5.Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/335 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы».
6. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 «Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы».
7.«Жер салығының тарифін жоғарылату туралы»
8.«Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
2016 жылдың 16 мамырында өткен үшінші отырысында қаралған мәселелер:
1. «2015 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы».
2.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
3.«Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №6/62 «Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
4.«Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
5.«Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/155 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
6.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 3 шілдедегі №30/283 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Ақтау қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
7. «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы».
8. «Ақтау қалалық мәлихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы».
2016 жылдың 13 шілдесінде өткен төртінші отырысында қаралған мәселелер:
1.«Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 1757 «2016 жылға Ақтау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
2. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы».
3.«Ақтау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы».
4.«Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
5.«Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы заңсыз сауда-саттық пен қызмет көрсету туралы ақпарат».
2016 жылдың 15 қыркүйегінде өткен бесінші отырысында қаралған мәселелер:
1.«Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2016 жылғы II жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».
2.«Ақтау қаласындағы қала ішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы».
3.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы».
4.«Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
5.«Ақтау қаласында тұрғын-үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы».
6.«Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы».
7.«Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
2016 жылдың 20 қазанында өткен алтыншы отырысында қаралған мәселелер:
1.Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Ақтау қаласы нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы.
2016 жылдың 8 желтоқсанында өткен жетінші отырысында қаралған мәселелер:
1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/343 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы туралы.
3. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 5 ақпандағы №37/352 «2016-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
4. Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы.
5.Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы.
6. 2014-2019 жылдарға арналған Ақтау қаласында тозығы жеткен үйлерді жою қалалық мақсатты бағдарламасының іске асырылуы туралы. Сонымен қатар, 08.12.2016 жылы 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Ағымлдағы жылдың 3-тоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері» бойынша мәселе қаралатын болады.
Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 2016 жылдың 23 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 9 бабы 5 тармағына сәйкес қалалық қоғамдық кеңес құрылып, комиссия құрамы бекітіліп, тұрақты түрде әртүрлі мәселелерді қамти отырып жұмыстар жасалуда.
Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №41/287 шешімімен ұсынылған саны 11 адамнан тұратын аудандық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңестің құрамын мақұладады. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері 9%, білім саласы өкілдері 27,5%, газ тасымалы саласының өкілдері 9%, темір жол саласының өкілдері 9%, денсаулық сақтау саласының өкілдері 9%, мәдениет саласының өкілдері 9%, кәсіпкерлік саласы 27,5% құрайды. Қоғамдық кеңес құрамын аудандағы барлық сала өкілдерінің болуын басты назарда ұстады. Бұл аудан тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастыру отырысында Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы мен төралқа мүшелері сайланды.
Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмысы 1 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кеңес отырысына аудан тұрғындарын толғандырған мәселелер енгізілді: жер реформасы бойынша облыстық комиссиямен қаралатын мәселелер туралы, полицияның жұмыстары туралы жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін жұмыстар туралы.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 18-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды жария рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, сондай-ақ Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау болып табылады.
Қоғамдық кеңес жыл қорытындысы бойынша 26 отырыс өткізді. Сонымен қатар әкімдіктің және мәслихаттың 25 нормативтік құқықтық актілері ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.
Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағыты – мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижелері туралы есептерін тыңдау болып табылады. «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» аудан әкімінің есебі тыңдалды. Тыңдауға аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғам мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Жер реформасына қатысты мәселелерді талқылау, оларды саралау және түсіндірме беру жөнінде 6 маусым күні Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары және облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аудан белсенділері, әртүрлі сала басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері және село тұрғындары қатысты. Баяндама бойынша ескертулер мен ұсыныстар қорытынды хаттамада жинақталып, жауапты мемлекеттік органдарға жолданды.
Бір жылға бекітілген жоспарға сәйкес, аудандық денсаулық сақтау саласының, жергілікті полиция басшысының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды.
Қазан айында Денсаулық сақтау саласының 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы тыңдалып, талқыланды. Отырыс соңында Қоғамдық кеңес тиісті шешім қабылдап, денсаулық сақтау саласының үйлестірушісіне әртүрлі аурулардың өсімін азайту үшін сараптама жасап, 2017 жылға жоспар жасақтап Қоғамдық кеңеске жолдауды тапсырды.
18 қазанда «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 9 айда атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Баяндама бойынша ескертулер мен ұсыныстар қорытынды хаттамада жинақталып, жауапты мемлекеттік органдарға жолданды.
20 қазанда Жергілікті полицияның есебі туралы Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бейнеу аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Н.Борановтың атқарған жұмыстарына Қанағаттандырарлық деген баға берілді. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, ауылдық елді мекендерде етек алып келе жатқан мал ұрлығының алдын алып, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырылды.
24 қарашада село әкімінің есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері село әкіміне өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, оң бағаларын берді.
29 қарашада Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы болды. Мұнда жергілікті полицияның 10 айда атқарған жұмыстары талқыланды және Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі А.Халмұрадовтың Бейнеу тұрғындары алдындағы баяндамасы тыңдалды. Аудан тұрғындары алдында Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Отешов баяндама жасады. Отырыс соңында Бейнеу аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Н.Борановқа аудандағы тәртіп бұзушылықтың алдын алып, қадағалау тапсырылды. Ал, Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигіне жергілікті учаскелік полиция инспекторларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету және штаттық бірлікті көбейту жөнінде ұсыныс берілді.
Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің мүшелігінен өз өтінішімен екі адам мүшеліктен шығарылып, орнына конкурс жарияланып, жаңа мүшелікке екі адам қабылданды.
Бейнеу аудандық Қоғамдық кеңесі 2016 жылы 25 мәселе қарап, тиісті шешім қабылдап, өз ұсыныстарын берді. Қазіргі таңда тиісті мекемелер берілген ұсынысты орындау мақсатында іс-шара жоспарын қабылдап, жұмыс жүргізуде. Қаралған мәселелер қадағалауға алынды.
Ауданның Қоғамдық кеңесі жүргізген барлық жұмыстары аудандық БАҚ-та жарыққа шығарылады, сондай-ақ аудандық әкімдіктің ресми сайтында «Қоғамдық кеңес» атты арнайы айдары жұмыс істейді.
Қоғамдық кеңестер азаматтық бағдарламаларды дамытудың негізгі институты болуы тиіс және барлық азаматтарды оларды толғандыратын өзекті мәселелер айтуға жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлесіп және осы мәселелер бойынша шешу мәселелерін қарастыруға шақырамын.Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңес мүшелері айына екі рет сейсенбі және жұма күндері Ұстаздар үйі, Қоғамдық кеңес кабинетінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қабылдауға ниет еткен азаматтар алдын ала 2-18-49 номері арқылы жазыла алады.
Қарақия ауданының Қоғамдық Кеңесі 2016 жылдың 27 қаңтарында аудандық мәслихаты сессиясының №32-341 сессиясының шешімімен құрылған.
Маңғыстау ауданының Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №385-V Заңына және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға байланысты алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99 қадамына сәйкес 2016 жылдың наурыз айында құрылды. Кеңес құрамы 17 адамнан сайланды. Аудандық Мәслихаттың сессиясында оның дербес құрамы және Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.
Қоғамдық кеңестің қызметінің ауқымы кең, нәтижелі болуы үшін қоғамның, яғни, жұртшылықтың жоғары белсенділігі, жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы, ортақ мүдде үшін іс қимыл бірлігі жоғары болуы керек. Аталған құрылымдар жүйесі белсенді болған кезде, Кеңестің алғашқы қадамдары ұйымдық мәселелерді нақтылауды қажет етті.
Атап айтқанда: жедел қызметтерді атқару үшін кеңес Төралқасын құру, кеңес қызметінің қағидаттарын, функциялары мен міндеттерің, өкілеттіктерін оқып үйрену, түсіндіруге арналды, екі мәрте семинар, тренингтер ұйымдастырылып, ақпараттық мақсатта аудандық өкілді органның сайтына орналастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің 5 жалпы жиналысы, онда 10 мәселе, Кеңес төралқасының 10 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Қоғамдық кеңестің жоғарғы органы болып табылатын наурыз айындағы отырысында Қоғамдық кеңестің, оның Төралқасының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша қызмет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттер, өткен жылдың айтулы оқиғасы-Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алу, «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала елі» идеяларын насихаттау аясындағы ұйымдастырушылық, саяси көпшілік жұмыстарымен ұштастырыла жүргізілді.
Қоғамдық кеңестің сәуір, мамыр айларындағы негізгі қызметі елдің бүкіл-халықтық талқылауына ұсынылған «Жер кодексінің» төрт бабына сәйкес өткізілген жиындар мен пікір алмасу, түсінік жұмыстарына арналды.
Сондай-ақ өткен жылы аудан орталығы Шетпе ауылының 50 жылдығы аудан тұрғындарының жоғары белсенділігі, бірлік, патриоттық өрлеу жағдайында атап өтілді. Осы және жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты алынған шаралар шеңберінде елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымдарын жетілдіру, экологиялық жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысан обьектілерінің салынып, пайдалануға берілуі, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы т.б көптеген мәселелер, Қоғамдық кеңестің ұдайы назарында болды.
Шетпе және осы елді мекеннің құрамдас бөлігі, соңғы жылдары бой көтерген «Ащыбұлақ» тұрғын үйлер массивіндегі көшелерге 38 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілді. Аудандағы іргелі ауыл шаруашылығы қожалықтары орналасқан Мырзайыр және Басқұдық елді мекендері Шөлтөбе-Шетпе газ құбырына қосылды.
2016 жылға арналған аудандық бюджетіне төрт ретөзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, толықтай игерілді, 2017 жылға арналған аудан бюджеті 7,7 млрд. теңге болып бекітілді. Осы қаржыдан тыс облыстық бюджет көзінен қаржыландырылып, Шетпенің аталған Ащыбұлақ шағын ауданынан осы жылы 900 оқушылық мектеп құрылысының салынатын болып белгіленді.
Қоғамдық кеңестің және оның Төралқасының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, ол жоспар енді басталғалы отырған ауыл әкімдері мен аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру жиындарында айтылған ұсыныстар мен сын ескертпелерінен туындайтын міндеттердің шешім табуы үшін нақтылана түсетін болады.
Мұнайлы ауданы мәслихатының «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Қонысбаевамен «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Аталған жоспардың аясында жылдық қорытындысы бойынша 6 іс – шара қарастырылды. Сонымен қатар 2017 жылға арналған жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің жоспары бекітілген.
Түпқараған ауданының Қоғамдық Кеңесі 2016 жылдың 30 қаңтарында аудандық мәслихаты сессиясының №32-341 сессиясының шешімімен құрылған.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары да жасақталуда.
(Аталған қалалар мен аудандардың мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген Қоғамдық Кеңестері құрамының мүшелерінің құрамы мен жоспарларының көшірмесеі жалғанатын болады).
|