Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет16/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51

      
66-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау
 
      Жұмыс беруші ұйымдағы қызметкердің жеке деректерін сақтау тәртібін 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып 
белгілейді. 
      Қызметкердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін жұмыс 
берушінің актілерімен қызметкер таныстырылуға тиіс.  
      
67-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру
 
      1. Қызметкердің жеке деректерін беру кезінде жұмыс беруші мынадай 
талаптарды сақтауға: 
      1) қызметкердің жазбаша келісімінсіз оның жеке деректерін үшінші 
тарапқа хабарламауға; 
      2) арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана қызметкердің жеке 
деректерін алуға рұқсат етуге тиіс. Бұл ретте, аталған адамдар қызметкердің 
нақты функцияларды орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға құқылы 
болып, құпиялылық режимін сақтауға; 
      3) қызметкердің жеке деректерін ұйым шегінде беруді жұмыс берушінің 
қызметкер таныстырылуға тиіс актісіне сәйкес жүзеге асыруға тиіс. 
      2. Қызметкердің жеке деректері берілген адамдар бұл деректер қандай 
мақсат үшін хабарланса, сол мақсатта ғана пайдалануға тиіс және Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны үшінші 
тарапқа беруге құқылы емес. 
      
68-бап. Қызметкердің жҧмыс берушіде сақталатын жеке
 
              деректерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы
 
              қҧқықтары
 
      Қызметкердің жұмыс берушіде сақталатын жеке деректерін қорғауды 
қамтамасыз ету мақсатында: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жағдайларды 
қоспағанда, қызметкердің жеке деректері бар жазбалардың кӛшірмелерін алу 
құқығын қоса алғанда, ӛзінің жеке деректеріне тегін қолжетімділігіне; 
      2) дұрыс емес немесе толық емес жеке деректерді, сондай-ақ осы 
Кодекстің талаптарын бұза отырып ӛңделген деректерді алып тастауға немесе 
түзетуге; 
      3) бұрын қызметкердің дұрыс емес немесе толық емес жеке деректері 
берілген адамдарға ол деректерге жасалған түзетулерді жұмыс берушінің 
хабарлауын талап етуге; 
      4) жеке деректерін ӛңдеген кезде жұмыс берушінің жіберген іс-әрекеттері 
(әрекетсіздігі) үшін сотқа шағым жасауға құқығы бар. 
 
6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ
 
      
69-бап. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
 
      1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер 
ӛкілдерімен келісе отырып бекітеді. 
      2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен 
тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын 
реттеудің ӛзге де мәселелері белгіленеді. 
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін 
жарғыларда және ережелерде реттеледі. 
      4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен 
қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. 
      
70-бап. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету
 


      Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті 
ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке 
саналы кӛзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін кӛтермелеу әдістерімен, 
сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану 
арқылы қамтамасыз етеді. 
      
71-бап. Еңбегі ҥшін кӛтермелеу
 
      1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін 
кӛтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы. 
      2. Қызметкерлерді кӛтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта айқындалады. 
      
72-бап. Тәртіптік жазалар
 
      1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 
      1) ескерту; 
      2) сӛгіс; 
      3) қатаң сӛгіс; 
      4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. 
      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ӛзге 
де заңдарында кӛзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді. 
      
73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған
 
              шағым жасау тәртібі
 
      1. Жұмыс беруші ӛзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. 
      2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша 
түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден 
бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған 
түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады. 
      3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған 
тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-
жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке 
деген кӛзқарасын ескеруге тиіс. 
      4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза 
ғана қолданыла алады. 
      5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 
      1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі; 
      2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына 
жұмыстан босатылған; 
      3) қызметкер демалыста болған; 
      4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды. 
      6. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш 
жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып 
хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып 
растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол 
туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау