Қазақстан республикасындағы еңбек кодексі



жүктеу 0,57 Mb.
бет2/4
Дата18.12.2017
өлшемі0,57 Mb.
#4793
түріКодекс
1   2   3   4

3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi қолданылады және оны жалпы негiздерде ғана тоқтатуға жол берiледi.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


17-бап. Басқа жұмысқа ауыстыру
Бiр ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бiрге басқа жерге ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
18-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыру
Қызметкердi сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшеге ауыстырған ретте, жеке еңбек шартында келiсiлген мамандық, бiлiктiлiк немесе қызмет шегiнде басқа механизмдегi немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға, егер бұл жеке еңбек шартының талаптарын өзгертуге әкеп соқпаса, қызметкердiң келiсiмi талап етiлмейдi.

Жұмыс берушi қызметкердi оның денсаулық жағдайы жарамайтын басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы емес.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
19-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi
1. Ұйымдарда өндiрiстiң өзгеруiне және жұмыс берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты сол кәсiп (мамандық), бiлiктiлiк, қызмет бойынша жұмысты жалғастыру кезiнде еңбек жағдайларын өзгертуге жол берiледi. Еңбек жағдайларының өзгеруi туралы қызметкер бiр ай бұрын жазбаша хабардар етiлуге тиiс.

2. Еңбек жағдайлары өзгертiлген жағдайда жеке еңбек және ұжымдық шарттарына тиiсiнше толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi. Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келiспесе, онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
20-бап. Өндiрiстiк қажеттiлiк болған жағдайда

басқа жұмысқа уақытша ауыстыру


Өндiрiстiк қажеттiлiк болған, соның iшiнде жұмыста болмаған қызметкердi уақытша ауыстыру керек болған жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкердi оның келiсiмiнсiз бiр айға дейiнгi мерзiмге еңбегiне атқаратын жұмысы бойынша, бiрақ бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында келiсiлмеген және оның денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн сол жердегi, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.

Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндiрiстiк аварияның алдын алу немесе оларды жою немесе олардың зардаптарын дереу жою үшiн, жазатайым жағдайларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн жол берiледi.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
21-бап. Iркіліске байланысты уақытша басқа

жұмысқа ауыстыру


Жұмыс берушiнің iркiліс жағдайында қызметкердi мамандығын, бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн басқа жұмысқа өзінің келiсiмiнсiз күнтізбелiк жыл iшiнде бір айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға құқығы бар.

Iркiліске байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарында белгіленедi, бұл ретте ол қызметкердiң бұрынғы жұмыс орнындағы орташа айлық жалақысының үштен екi бөлiгінен кем болмауға тиіс.

Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады.

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


22-бап. Бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа уақытша

ауыстыруды шектеу


Iркiлiс кезiнде және жұмыста болмаған қызметкердi алмастырған жағдайда бiлiктi қызметкердi бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа қызметкердiң жазбаша келiсiмiнсiз ауыстыруға жол берiлмейдi.
23-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша

ауыстыру
1. Белгiлi бiр жұмыс берушiде еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсiптiк ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне байланысты, қызметкердi жұмыс берушi еңбек қабiлеттiлiгiн қалпына келтiргенше немесе мүгедектiгi айқындалғанша бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстыруға мiндеттi. (P010326 қараңыз)

2. Қызметкер неғұрлым жеңiл басқа жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда онымен еңбек шарты бас тартқан кезден бастап бұзылады.

3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылады.


24-бап. Мүлiктiң меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші

қайта ұйымдастырылған кездегі еңбек қатынастары


1. Жұмыс берушінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (мәртебесi) не ведомстволық тиесiлiгi өзгерген жағдайларда еңбек қатынастарының қолданылуы тоқтатылмайды.

2. Мүліктің меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде еңбек қатынастары өзгерістерсіз жалғастырылады. (K941000 (46-бап; 48-бап; 51-бап қараңыз)

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
25-бап. Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi
1. Жеке еңбек шарты:

1) мерзiмiнің бiтуi бойынша;

2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн.

2. Жеке еңбек шарты:

1) тараптардың келiсiмi бойынша;

2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша;

3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн.

3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады.

4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек.

4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейдi.

5. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


26-бап. Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы

бойынша бұзудың негiздерi


Жеке еңбек шарты:

1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушiнiң (жеке адамның) қызметi тоқтаған;

2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған;

3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе сынау мерзiмі iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған;

4) жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмысқа қатарынан екi айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкiн. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Еңбек қабiлетiн еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердiң жұмыс орны (қызметi) еңбек қабiлетi қалпына келгенге немесе мүгедектiк анықталғанға дейiн сақталады;

5) қызметкер ұйыммен бiрге басқа жерге ауысудан бас тартқан;

6) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;

7) еңбек жағдайларындағы өзгерiске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;

8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз қайталап орындамаған;

9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін.

Қызметкердің еңбек мiндеттерін бiр рет өрескел бұзуына: бір жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себеппен қатарынан үш сағат және одан да көп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келуі; жұмыс күнi iшiнде алкогольден, есірткіден, уыттанудан (соларға ұқсас заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды пайдалануы; қызметкердің еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлікте жүру қауiпсiздiгi ережелерін, жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн болатындай бұзуы; жұмыс орнында заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған мүлiктi ұрлауы (соның iшiнде ұсақ заттарды) жатады; (Z970206 (7-бап 33)-34) тармақшаларды қараңыз)

10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет жасаған;

11) тәрбиешілiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған;

12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты белгiлi болған мемлекеттiк, қызметтік, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен;

13) осы Заңның 21-бабына және осы баптың 5) тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;

14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған;

15) қызметкерге мемлекеттік құпияларға рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен, 2004.12.23. N 20 Заңымен.


27-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасымен жеке еңбек

шартын бұзу мүмкiндiгiн шектеу


1. 26-баптың 1), 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жұмыс берушi жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге жеке еңбек шартының алдағы уақытта бұзылатыны туралы оның бұзылуынан кемiнде бiр ай бұрын жазбаша түрде ескертуге мiндеттi.

Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шартын:

1) осы Заңның 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдермен, бiр жарым жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын құжаты болған жағдайда);

2) осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi.

Қызметкердің орындалатын жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша сәйкес келмеуi салдарынан оның еңбек мiндеттерін тиiсiнше орындауға кедергi жасайтын еңбек қабiлеттiлiгi ұдайы төмендеген кезiнде, не егер еңбек мiндеттерiн орындау қызметкердiң өзіне терiс әсер ететін немесе айналасындағылар үшiн қауiптi болса, еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша еңбек мiндеттерiн орындауды жалғастыруға мүмкiндігі болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен расталуға тиіс. (V021937 , 3-3-тарау қараңыз)

2. Осы Заңның 26-бабының 1) және 2) тармақшаларында және 30-бабының 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi қызметкерге орташа айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлейдi. (P001942 (2-тарау 16-тармақты қараңыз)

3. Жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өтемақылық төлемдердiң басқа да жағдайлары мен мөлшерi белгiленуi мүмкiн.

4. Осы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес қызметкердi жұмыстан шығаруға негiз болатын аттестаттау жүргiзген кезде аттестаттау комиссиясының құрамына мiндеттi түрде сол ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен комиссия мүшесi енгiзiледi.

5. Кәсіподақ мүшесi болып табылатын қызметкермен еңбек шартын осы Заңның 26-бабының 2), 3), 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу, сол ұйымның кәсіптiк одақ органының дәлелдi пікірi ескерiле отырып жүргiзiледi. (Z931400 қараңыз)

Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
28-бап. Жеке еңбек шартының қызметкердің

бастамасы бойынша бұзылуы


1. Қызметкер жеке еңбек шартын бұзатындығы туралы кемiнде бiр ай бұрын жұмыс берушiге жазбаша түрде ескерте отырып, оны бұзуға құқылы.

Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушi жұмыстың соңғы күнi қызметкердің талап етуi бойынша еңбек кiтапшасын және оның басқа да құжаттарын беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ұжымдық шартқа сәйкес оған тиесiлi барлық сомалар төлемiн жүргізуге мiндетті. (P001942 (3-тарау 18-тармақты қараңыз)

2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзiмi бiткенге дейiн бұзылуы мүмкiн.

Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


29-бап. Жұмысқа қайта алу
Жеке еңбек шарты заңсыз негiзде бұзылған не басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда еңбек дауын қарайтын орган қызметкердi бұрынғы жұмысына қайта алғызуға тиiс. (V001071 (11, 23-тармақтарды қараңыз)

Жеке еңбек шартының заңсыз бұзылуына байланысты бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыздан жұмыссыз жүрген барлық уақыты бiрақ алты айдан аспайтын уақыт үшiн орташа табысы төленедi. (P001942 қараңыз)

Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
30-бап. Жеке еңбек шартын тараптардың еркiне байланысты

емес мән-жайлар бойынша тоқтату


Жеке еңбек шарты тараптардың еркiне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша:

1) қызметкердi әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзiмде;

2) қызметкер жазаға тартылған сот үкiмi заңды күшiне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкiндiгi болмағанда;

3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкердi қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда;

4) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi, соның салдарынан қызметкердiң бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкiндiгi жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға тиiс.

Соттың үкiмi, шешiмi заңды күшiне енген күн немесе қайтыс болған күн осы баптың 2)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылған күнi болып табылады.


31-бап. Жұмыстан шеттету
1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша жұмыс берушi қызметкердi өз құзыретi шегiнде сол органдар жасаған қаулылар мен шешiмдер негiзiнде жұмыстан шеттетуге мiндеттi.

2. Жұмыс берушi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда:

1) жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келген немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаң жағдайды туғызатын затты пайдаланған;

2) еңбек қорғау ережелерi бойынша емтихандар тапсырмаған; (V043394 қараңыз)

3) жеке басын қорғаудың жұмыс берушi берген керектi құралдарын пайдаланбаған;

4) егер ол заңдарға сәйкес мiндеттi болса, медициналық тексеруден өтпеген; (V011630; V032556; V042780 қараңыз)

5) авариялық жағдайға ұшыратуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгiнiң не көлiктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнің ережелерiн бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн ic-әрекеттер жасаған қызметкерді жұмыстан шеттетуге мiндеттi.

3. Жұмыстан шеттету кезеңiне жалақы сақталмайды.

4. Қызметкердi жұмыстан шеттету оған негiз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкін.

Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

3-тарау. Ұжымдық шарт

32-бап. Ұжымдық шарт жасасу туралы шешiм қабылдау

құқығы
1. Бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және бір немесе бiрнеше қызметкерлердiң өкiлдерi ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келiссөздер жүргiзедi.

Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы ұсыныспен екiншi тараптан хабарлама алған тарап он күн мерзiм iшiнде оны қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндeттi.

2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттар жасасатын тараптардың барлық өкiлдерiмен келiссөздер жүргiзедi. (K010155 қараңыз)

3. Ұйымда бiрнеше кәсiптiк одақтар болған кезде олар келіссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшiн бiрыңғай өкілдi орган құра алады. Бұл ретте олардың әрқайсысына бірыңғай орган құрамында келіссөздер жүргізу жөнінде өздері аттарынан өкілдік етілетін кәсіптік одаққа мүше қызметкерлер санына тепе-тең өкілдік принципі негізде өкілдік етуге құқық беріледі.

Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін бiлдiру үшін кәсіподақ ұйымының органына да, сол сияқты өзге де өкiлдерге уәкiлеттік беруге құқылы.

4. Келiссөздер жүргiзiлетiн уақытқа келiссөздер жөнiнде екiжақты комиссия құрылады, оған екi жақтан да тең мөлшерде өкiлдер енедi.

Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
33-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы
1. Ұжымдық шарттың мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты комиссияда тараптар белгiлейдi.

Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн.

2. Ұжымдық шарт:

оның қолданылу мерзiмi туралы;

орындалуын бақылау тәртiбi туралы;

шарт талаптарының орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк туралы;

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды.

3. Ұжымдық шарттардың ережелерi қызметкерлердiң құқығын шектемеуi, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi бұзбауы керек.

Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
34-бап. Ұжымдық шартты әзiрлеудiң, жасасудың және

мониторингінiң тәртiбi


1. Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның қарауына енгiзуге тараптардың кез келгенi бастамашы болуы мүмкiн.

Жобаны ұйымның қызметкерлерi мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi анықтайды.

Жобаны комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.

1-1. Ұжымдық келіссөздер тараптары ұжымдық келiссөздер жүргізу үшін қажеттi өздерiнде бар ақпаратты бiр-бiрiне ұсынуға тиіс.

1-2. Келiссөздерге қатысушылар алынған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес.

1-3. Егер тараптар ұжымдық келiссөздер барысында қаралып отырған кейбір мәселелер бойынша келiсiмге келе алмаса, реттелмеген мәселелер келiспеушiлiктер хаттамасына енгiзіледi және олар бұдан кейiнгi келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкін.

1-4. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргізу үшін жұмыс берушi бір ай мерзімде еңбек жөнiндегі уәкiлетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесіне беруге мiндетті.

2. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген жағдайда ұжымдық шарт кемiнде екi дана етiп жасалады және оларға тараптардың өкiлдерi күнтiзбелiк он күн ішінде қол қояды. (Z922800 қараңыз)

Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
1. Ұжымдық шарт тараптар белгiлейтiн мерзiмге жасалады.

2. Егер ұжымдық шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болады. (Z922800 қараңыз)

2-1. Ұжымдық шарттың күші ұжымдық шартқа өз атынан қол қойған қызметкерлерге қолданылады.

3. Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшiнде қалады және қолданыла бередi.

4. Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) кезеңiнде өз күшiн сақтап қалады. Кейiннен ұжымдық шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. (Z922800 қараңыз)

5. Ұйымның меншiк иесі және мүлкi ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, өзгертiлуi және толықтырылуы туралы келiссөздер бастауға құқылы.

6. Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.

7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың өзара келiсуi бойынша ұжымдық шартта белгiленген тәртiппен ғана жүргiзiледi.

8. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлердi ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.

Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


35-1-бап. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздерге

қатысушыларға берiлетін кепiлдiктер


1. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегі келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргізiлген уақытқа орташа айлық жалақысы сақтала отырып еңбек мiндеттерін орындаудан босатылады. Осы мерзiм олардың еңбек стажына енгізiледi.

2. Жұмыс берушi ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi жүргізу үшін қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi. (K010155 (90-93-баптарды қараңыз)

Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

4-тарау. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының

еңбек қатынастарын реттеу

36-бап. Маусымдық қызметкерлер


1. Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкiл күнтiзбелiк жылда емес, алты айдан аспайтын белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады.

2. Маусымдық қызметкерлерге осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және маусымдық жұмыс сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

(P910554 ; P971679 ; P990731 (4-тарау, 26-тармақтың 2-абзацын қараңыз)
37-бап. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек

шартын жасасу


Маусымдық қызметкерлердi жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ белгiленбейдi.
38-бап. Маусымдық жұмысқа жасалған жеке еңбек шартын

бұзудың негiздерi


1. Маусымдық жұмыстармен айналысатын тараптың екiншi тарапты бұл туралы бiр апта бұрын ескертiп, жеке еңбек шартын өз қалауы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзуға құқығы бар.

2. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс берушiнiң бастамасымен (осы Заңда көзделген басқа негiздердi қоспағанда), сондай-ақ:

1) жұмыс берушiдегi жұмысты өндiрiстiк сипаттағы себептер бойынша екi аптадан астам мерзiмге тоқтатқан;

2) дәлелдi себепсiз бiр жұмыс күнi iшiнде жұмыс орнында болмаған және еңбекке уақытша жарамсыздығы себептi бiр ай бойы жұмыста үздiксiз болмаған жағдайларда да бұзылуы мүмкiн.


39-бап. Yй қызметкерлерi
1. Жұмыс берушi - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс iстеуге (қызмет көрсетуге) жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлерi деп танылады.

2. Жұмыс берушi - жеке тұлғалар мен осы жұмыс берушiлерде үй шаруашылығында жұмыс iстейтiн қызметкерлер арасында жұмысты (көрсетiлетiн қызметтердi) орындауға байланысты туындайтын өзара қатынастар жеке еңбек шартымен ресiмделедi.

3. Үйде iстейтiн қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен кез келген уақытта бұзылуы мүмкiн.

4. Үй қызметкерлерiне осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және үй қызметкерлерi еңбегiнiң сипатына қайшы келмейтiн бөлігiнде қолданылады.

(K941000 (384-бап; 385-бап 3-тармақ); K990409 (33-тарау; 683-бап); P990731 (4-тарау, 26-тармақтың 2-абзацын қараңыз)
40-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
1. Жұмыс берушiмен өзiнiң материалдарымен және өзiндегi немесе жұмыс берушi бөлетiн не жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетiктерiн пайдалана отырып, жұмысты үйiнде өз еңбегiмен орындау туралы жеке еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер деп саналады.

2. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлерге осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және үйде iстейтiн қызметкерлер еңбегiнiң сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау