Қазақстан Республикасында балалардың аурулардың жекелеген сыныптары мен аурулардың топтары бойынша 2007 – 2010 жылдардағы жалпы ауруы
(0-14 жастағы 100 000 баланың ауруы)
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
100 000 балаға аурудың саны – барлығы олардың ішінде:
|
99 728,9
|
99 172,2
|
103 642,3
|
101 482,3
|
жұқпалы және паразитарлық аурулар
|
3 745,6
|
3 348,8
|
3 233,0
|
3 007,2
|
жаңадан пайда болулар
|
87,6
|
127,2
|
104,7
|
158,2
|
қан, қан айналысы органдарының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар
|
5917,7
|
3966,6
|
5581,5
|
5 259,7
|
эндокринді аурулар, тамақтанудың және хат алмасудың бұзылуы
|
1638,5
|
1584,2
|
1539,7
|
1 537,7
|
жүйке жүйесінің аурулары
|
2853,4
|
3102,9
|
3425,9
|
3 250,8
|
көз және оның бағыныңқы аппаратының аурулары
|
3329,1
|
3511,9
|
3458,3
|
3 479,8
|
құлақ пен еміздік тәрізді өсінді аурулары
|
2747,1
|
2750,4
|
2928,3
|
2 935,6
|
қан айналымы жүйесінің аурулары
|
477,0
|
489,3
|
549,0
|
486,7
|
тыныс алу органдарының аурулары
|
56510,9
|
55973,3
|
60262,7
|
58 959,6
|
ас қорыту органдарының аурулары
|
6370,8
|
6774,4
|
6394,1
|
6 606,0
|
зәр шығару жүйесінің аурулары
|
1735,5
|
1842,1
|
1853,9
|
1 709,7
|
тері және тері асты өзектерінің аурулары
|
5145,5
|
5248,7
|
5122,6
|
5 270,1
|
сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші тіндердің аурулары
|
1290,4
|
1192,2
|
1196,0
|
1 083,8
|
перинаталды кезеңде пайда болатын жекелеген жай-күйлер
|
2739,7
|
2963,7
|
2959,1
|
2 690,7
|
туа біткен ақаулар (даму кемістігі), деформациялар мен хромосомды бұзылулар
|
595,9
|
604,1
|
718,2
|
702,7
|
жарақаттар мен уланулар
|
3523,7
|
3178,3
|
3393,7
|
3 471,0
|
Кейбір аурулардың көрсеткіштерінің ұлғаюын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізіп жатқан диагностика сапасының артуымен және әлеуметтік-экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластауы салдарынан «техногендік» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стрессті жағдайлардың ұлғаюы; урбанизация және балалардың өміріне ақпараттың кеңінен енуі; оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, қауіпті факторы мен әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы, денсаулық мектебін жүргізу, шылым тартумен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу жөнінде баспасөз конференциялары, байқаулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және басқа да іс-шаралар, сонымен қатар көрнекі ақпараттық материалдар (плакаттар, бүктемелер, үндеу хаттар, ата-аналарға арналған жадынамалар, қалта күнтізбесі, футболкалар, бейсболкалар, сөмкелер және басқалар) таратқан спорттық мәдени іс-шаралар, спартакиадалар, байқаулар өткізілді
Баланың дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін республикада 10 мың баланы қамтитын 20-дан астам жас туристер станциясы, 18,5 мың баланы қамтитын 733 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептердің саны өсуде: 2007 жылы олар 407 болды, 2010 жылы – 423. Балаларды қамту 2007 жылы – 219 739, 2010 жыл – 240 380 бала мен жасөспірімді қамтыды, бұл оқушылардың жалпы санының 10% (2,5 млн.).
Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам спорттық секциялар ашылды, оларда
664 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады, бұл орта білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 21%-ын құрайды.
Тұтастай алғанда, спортпен шұғылданатын балалардың жалпы санының ұлғаюы серпіні 2010 жылдың қорытындылары бойынша 379783 адамды құрайды немесе 1,7%.
Ауру балалардың дене бітімін дамыту, спорт саласындағы дарынды мүгедек балаларды анықтау мақсатында «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жыл сайынғы күнтізбелік жоспарына сай ақыл есі кем балалар, мүгедек балалар арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Спешиал Олимпикс Қазақстан құрама командасы Жапониядағы VII Дүниежүзілік Қысқы Арнайы Олимпиядалық ойындарда жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 7 570 психолог, 3 139 әлеуметтік педагог және 1 536 мектептегі полиция инспекторы жұмыс істейді.
Маскүнемдікпен және шылым шегумен күресуге арналған шаралар қабылданды 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынды және жиырма бірге дейінгі жастағы тұлғаларға ішімдік өнімдерін сатуға тыйм салынды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабы)
Балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу мақсатында жыл сайын бастауыш сынып педагогтарына, білім беру ұйымдарының валеологтары мен медициналық қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстелдер, оқу семинарларын жүргізе отырып, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі бәрімізге байланысты» ұранымен айлық өткізіледі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 16 мыңнан астам баланы қамтыған 1 349 арнайы медициналық топтар, 6 мыңнан астам медициналық кабинеттер (жалпы білім беретін мектептердің 82%), 487 стоматологиялық кабинеттер жұмыс жасайды.
АИТВ/ЖИТС профилактика
ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша күрестің шараларын күшейту және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1216 қаулысымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша бағдарламасын іске асыру аяқталды.
Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы мен таралуы бойынша іс-шаралар жүргізілді. АИТВ-инфекциясы бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
Қазақстанда есірткіні қолданудан келген залалды төмендету стратегиясы мемлекеттік профилактикалық саясатқа интеграцияланған – елде оқыту, ақпараттандыру, кеңес беру және есірткі енгізетін тұлғаларға шприц пен инелерді айырбастау қызметтерін атқаратын 168, оның ішінде 24 жылжымалы сенім пунктілері құрылған.
АИТВ-ге ерікті анонимдік тестілеу мен әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинеттер желісінің қызметі ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Халықтың түрлі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуын анықтауға мүмкіндік беретін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі ендірілді. АИТВ профилактикасы бағдарламасымен қамтылған ауру жұқтырған адамдардың пайызы (яғни жыл бойы шприц, мүшеқап алған және АИТВ тестілеуден қайда өтуге болатынын білетіндер) 2010 жылы 66,5%-ды (2009 жылы – 59,9%) құрады.
Анадан балаға берілетін АИТВ-нің профилактика жұмыстары жүргізілуде: жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына экспресс-тексеру, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді жүктілік, босандыру кезінде және жаңа туған нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеу.
Жедел жәрдем стансаларында, ірі стационарлар мен ЖИТС орталықтарында антиретровирустық дәрі-дәрмектер ортаймайтын қоры жасалды. АИТВ-инфекцияланған балалар мене ересектер арасындағы қайталама, оппортунистік (пневмоцистік пневмония мен токсоплазмоз) аурулардың химиялық профилактикасын қамтамасыз етеді.
2010 жылы АИТВ/ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар 97 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізілді.
Халықаралық донорлардың қоры мобилизацияланды: 2010 жылы 1 064,384 млн. теңге сомасында халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЖИТС-пен, туберкулезбен, безгекпен күресу бойынша 786,729 млн. теңге сомасында Ғаламдық қордың гранттары бөлінді.
Қазақстан Республикасында 1987 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде 15 771, оның ішінде 349 балада АИТВ-инфекция жағдайы тіркелді.
АИТВ-инфекцияланғандардың ішінде 14 жасқа дейiн балалар саны 24 (1,3%), 15-тен 19 жасқа дейiн 32 - 1,6% (2009 жылы – 2,6%) құрайды. Барлық тіркелген АИТВ-инфекция жағдайларының 96,2% 15-49 жастағылар құрайды. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы АИТВ-инфекциясының таралуына байланысты АИТВ-инфекцияланған балаларға (149 жағдай) республиканың, Ресейдің, Украинаның, Израильдің, Кубаның ғылыми орталықтары және халықаралық ұйымдар, оның ішінде ДДҰ, ЮНИСЕФ, СиДиСи денсаулық сақтау мамандарының шақырылуымен емдік-консультациялық көмек көрсетілді. Денсаулық сақтау министрлігі облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және АИТВ-инфекцияланған балалардың жағдайы туралы апталық мониторинг жүргізеді.
Қазіргі уақытта 103 бала спецификалық антиретровирустық ем, 3 бала ілеспелі аурулардан ем алуда. 149 АИТВ-инфекцияланған баланың 11-і АИТВ-инфекциясына байланысты емес ілеспелі аурулардан қайтыс болды, 1 баланы АҚШ азаматтары асырап алды.
АИТВ-инфекцияланған балаларға үнемі медициналық бақылауды, емдеуді, оңалтуды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында амбулаториялық-диагностикалық бөлімі мен оқыту орталығы бар 60 орындық стационарлық көмек беретін «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың профилактикасы және емдеуіне арналған орталық ашылды.
Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: облыстық балалар ауруханасы, қан орталығы, стерилизациялау кешені, перзентхана салынды; медициналық мекемелер толық көлемде дәрі-дәрмекпен және медициналық бір рет қолдануға арналған заттармен қамтамасыз етілді.
Жыл сайын АИТВ-инфекцияланған балалар ата-аналарымен бірге Алматы қаласындағы «Алатау» балалар санаторийінде, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында, Шымкент қаласындағы «Ардагерлер үйінде» сауықтыру мен психологиялық оңалту курсын өтеді. Бір бала Израиль мемлекетінің «Адас» клиникасында емделді.
БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып АИТВ-инфекцияланған балалар мен олардың отбасыларына айналасындағылардың жағымсыз қарым-қатынасын азайту, сондай-ақ қоғамдағы шиеленісті шешу үшін Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық қызметкерлері мен психологтар санынан тәртіптік мультикомандалар ұйымдастырылды. Командалар осындай балалар анықталған әрбір елді мекендердің мектептерінде, балабақшаларда оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен әңгімелер жүргізді, жапа шеккен балаларға төзімді қарым-қатынас туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы мен күрес орталығы АИТВ-инфекцияланған балаларды күту бойынша аналар үшін оқу өткізді.
2010 жылы АИТВ-инфекцияланғандардың жастық құрылымы:
- 15-19 жастағылар - 32 -1,6% (2009ж.- 2,6%)
- 20-29 жастағылар – 759 - 38,2% (2009ж. - 40,2%)
- 30-39 жастағылар – 786 - 39,5% (2009ж. – 38,4%)
- 40-49 жастағылар – 297 - 14,9% (2009ж. – 13,9%)
- 50-59 жастағылар – 74 - 3,7% (2009ж. – 3,2%)
- >60 жастан жоғары – 16 - 0,8% (0,4%)
14 жасқа дейінгі балалар 24 (1,3%) құрайды.
15-49 жастағылардың популяциясына барлық тіркелген АИТВ-инфекциясы жағдайының 96,2% жатады. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы әрекеттер бойынша шаралар мынадай 12 бағытта жүзеге асырылды:
құқықтық қарым-қатынас саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта жасау;
профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
есірткі егудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру;
АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің профилактикасының стратегиясын іске асыру;
қызмет көрсетудің ерекше объектілерін тағайындау және қолдау;
АИТВ анадан балаға берілуінің профилактикасы;
қатынастан кейінгі профилактика;
АИТВ-инфекцияланған адамдардың қайта ауруының профилактикасы;
АИТВ-инфекциясының гемотрансфузиондық жолмен жұғуының профилактикасы;
АИТВ-инфекцияланған және ЖИТС-пен ауырғандарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;
АИТВ инфекциясынан жапа шеккен адамдар үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру;
жауапты іс-шараларын эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және жобалауды жетілдіру.
ЖИТС, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша жастар үшін ЖИТС мәселесіне арналған сахналандырылған көріністер, суреттер, шығармалар байқаулары, концерттер, КТК-лар, сұрақ-жауап кештері, би кешіндегі ақпараттық жұмыстар сияқты түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
V. Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету
Елімізде балалары бар отбасыларын, сондай-ақ көпбалалы аналарды қолдаудың кешенді жүйесі жасалған.
2006 жылы «Балалары бар отбасыларына төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес мынадай төленеді:
- баланың туғанына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);
- отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде бала бiр жасқа толғанға дейiнгі оның күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);
- табысы жан басына шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан төмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4℅-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4℅ көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5℅ ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73℅ құрады.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.
Бұл ретте төртінші және одан артық бала туғанда берілетін жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге көтеріліп, 70º650 теңгені құрады;
бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақы орта есеппен 2,4 есе артық көтерілді және қазіргі кезде:
бірінші балаға – 7 772 теңге;
екінші балаға – 9 185 теңге;
үшінші балаға – 10 598 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 12º011 теңге.
Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді - мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға бір ең төмен жалақы 14 952 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу.
Көп балалы аналарды марапаттау үшін «Алтын алқа» алқасы 10 баладан 7 балаға дейін және «Күміс алқа» алқасы 8 баладан 6 балаға дейін шарттары өзгертілді, бұл ретте оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 3,9-дан 6 АЕК-ге көтерілді (14,8 млрд. теңге сомасында мемлекеттік марапаттармен марапатталған 194,1 мың көпбалалы аналар қамтылды).
Қабылданған шаралар мүгедек балаларды тәрбиелеумен және дамытумен тікелей айналысатын адамдарға жәрдемақы төлеу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге; баланың отбасында нешінші екендігіне қарай баланың туғанына жәрдемақы төлеу көлемін айқындау мәселесінде көп нұсқалықты орнатуға; көп балалы отбасылардың маңызын, мәртебесін және санын көбейту және елімізде демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамада балалар жәрдемақысынан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға - жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету көзделген.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету
Республикада мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға, оңалтуға және оларды қоғамға қосуға маңызды мән беріледі.
Қазақстан Республикасында, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 54 495 мүгедек бала, оның ішінде бірінші топтағы 16 жасқа дейінгі 45 810 мүгедек бала, 18 дейінгі 1 016 мүгедек бала, екінші топтағы 18 жасқа дейінгі 3 052 мүгедек бала, үшінші топтағы 18 жасқа дейінгі 4 617 мүгедек бала есепте тұр.
Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік мекемелер желісі жұмыс істейді, олардың ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 3 интернат үй, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 6 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 160 бөлімше бар, оларда мүгедек балалардың 30% астамы (17 мыңнан астам адам) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Мүгедек балалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін емдеумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі. Амбулаториялық жағдайларда халықтың жекелеген санаттары, ауру түрлері бойынша, оның ішінде мүгедек балалар, тегін медикаменттермен және арнайы тағам өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға оңалту көмегі өңірлік деңгейде де, республикалық деңгейде де көрсетіледі. Кешенді оңалту медициналық терапияны, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімделуді қамтиды.
Балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар орталықтарда: Астана қаласы – балалар оңалту орталығы (РБОО), Алматы қаласы – «Балбұлақ» балалар оңалту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Бурабай курорты – балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы; 39 өңірлік деңгейдегі оңалту орталықтарында көрсетіледі, олардың қызметі жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі 8,5 мыңға жуық балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.
РБОО-да герман жабдығымен жарақтандырылған ортездік шағын-зауыт жұмыс істейді, ол денені және патологиясы өзгерген аяқ-қолды физиологиялық күйге келтіретін әртүрлі арнайы құралдар жасап шығарады, бұл оңалтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Есту қабілеті тумай жатып және туғаннан кейін қатты бұзылған мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету үшін 2007 жылдан бері республикада кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операциялар жүргізілуде. Осындай 430 операция жасалды. Есту қабілеті бұзылған балалар осындай операция жасату үшін бұдан бұрын шетелге жіберілетін.
Интернат үйлерде мүгедектердің тұрмыс сапасын арттыру үшін 2009 жылдан бастап Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге (1,7 млн. АҚШ доллары) бөлінді, ол медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр-дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін басшылыққа ала отырып, жасына қарай – бір топта 6-12 адамнан топтар жасақтау ұйымдастырылды, сөйтіп әрбір балаға жеке көзқарас таныту қамтамасыз етілді. Интернат үйлерді қазіргі заманғы көмекші, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру мүгедек балалардың оңалту қызметтеріне деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен психоневрологиялық ауруларға шалдыққан және (немесе) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға сондай-ақ жартылай стационар жағдайында – күндіз болу бөлімдерінде, отбасына қолдау көрсету қызметтерінде, үйге барып қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.
Жартылай стационарларды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дамыту интернат мекемелерінде бағылатын мүмкіндіктері шектеулі балалар санын қысқартуға бағытталған.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бәсекелестік нарығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес ұйымдар барған сайын кеңінен тартылуда:
2009 жылы ҮЕҰ арнайы әлеуметтік қызметтерімен психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 1,5 мыңдай бала 156,9 млн. теңге сомаға қамтылды.
2010 жылы - психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 2 мыңнан астам бала 446,5 млн. теңге сомаға қамтылды.
2011 жылы 273,6 млн. теңге сомаға 2,1 мың балаға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеу, арнайы қозғалыс құралдары (орындық арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар (кіші дәрет қабылдағыштар, үлкен дәрет қабылдағыштар, жаялықтар) береді. Соңғы екі жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді. Көру және есту қабілеттері бұзылған 3 мыңға жуық бала сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етілді, мүгедек балаларға 1 748 орындық арба берілді. Жыл сайын 1000 бала санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту және олардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2010-2011 жылдарға арналған ауру мен мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады.
«Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен мүгедектердің қоғамдық орындарда болуының жайлы жағдайларын жасау үшін белгілі бір санитариялық нормалар бекітілді. Атап айтқанда, арбамен қозғалатын мүгедектер үшін кірме жолдар, ішкі жолдар мен жаяулар жолдары қатты жамылғымен жасалады және пандустар жабдықталады, сатылармен қозғалу үшін ересектер мен балалар үшін қосарланған ұстағыш тұтқалар, зағиптар мен нашар көрушілер үшін – ұстағыш тұтқалар учаскелері жабдықталады, сатының бірінші және соңғы баспалдақтары кедір-бұдыр етіп жасалып, қарама-қарсы бояумен боялады, әжетханаларда арнайы кабинеттер жабдықталады. Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндіктері шектеулі балалардың өзекті проблемаларын шешу мәселелерінде басқа мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Қазіргі кезде республикада мүмкіндіктері шектеулі 149 043 баланың бар екені анықталып отыр 2007 жылы – 147 мыңнан астам болған.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру қызметтерін қанағаттандыру үшін республикада арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының тармақталған желісі жұмыс істейді:
11927 (27%) мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беруге арналған 39 арнайы балалар бақшасы мен жалпы тұрпаттағы балалар бақшалары жанында 274 арнайы топ;
жалпы білім беретін мектептер жанында 51,5 пайыз баланы қамтитын 102 коррекциялық мектеп және 1 155 арнайы сынып ( 2010 жылы -42,6%);
17 150 бала коррекциялық-педагогикалық көмек алатын жалпы білім беру ортасына тартылған.
21 мыңнан астам бала білім беру ортасына кіріктірілді: 1 397 бала - балабақшада тәрбиеленеді, 20 354 мыңнан астамы - 1 564 жалпы білім беретін мектепте білім алады, бұл олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі мен кірігуі мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді. Инклюзивті білім берумен балалардың 40%-ы қамтылған.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңының 9-бабының
3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының жаңа тұрпаттары құрылды. Осындай ұйымдар құру қажеттілігіне балалардың бәріне біріне тегіс қазір бар арнайы (коррекциялық) мекемелер тұрпаттарында баламалы коррекциялық-педагогикалық қолдау алуға мүмкіндік бермейтін аурулардың алуан түрлігі себеп болып отыр.
Егер 2003 жылы 2 оңалту орталығы, 14 кабинет пен 99 логопедтік пункт ашылса, 2010 жылы – олардың саны тиісінше 20, 129 және 479 болды.
Білім беру ұйымдарының осы түрлері жалпы білім беретін мектептерде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және бұдан бұрын «оқи алмайтындар» деп есептеліп келген балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды қамтамасыз етеді.
«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 16 және 17-баптарына және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (60 мың балаға бір ПМПК), оңалту орталықтары (облысқа бір орталық), психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері (ауданға бір кабинет) ашылды.
Қазіргі кезде 57 облыстық, қалалық және аудандық ПМПК, оның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.
ПМПК желісінің кеңеюімен дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жақсарды. Мысалы, егер 2007 жылы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны 147 мыңнан астам адамды құраса , 2011 жылы 149 мыңнан астам бала анықталды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен арнайы ұйымдар желісі туралы деректердің орталықтандырылған банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, жалпы республика бойынша да, жекелеген өңірлер бойынша да арнайы білім жүйесін басқару сапасын жақсарту жөнінде үйлестірілген шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайларды жақсарту мақсатында 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан оқыту көзделген.
Бұл үшін 2011 жылдан 2013 жылға дейін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету көзделген (мүгедек балалардың жұмыс орындарын ауру түрін, жеке басының ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, осы орындарды Интернетке қосуды ескере отырып компьютерлік техниканың жинақтамасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау).
Мәселен, Павлодар облысында ерекше мұқтаждықтары бар барлық балалар үйде оқиды, компьютерлермен, электронды оқу бағдарламаларымен және оқулықтармен қамтамасыз етілген, Интернетке қосылған.
Арнайы білім беру ұйымдарына компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ойдағыдай енгізілуде, олар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуына, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейін арттыруға, әрбір бала үшін оңалтудың жеке бағдарламаларын шығармашылық тұрғыда жасауға жәрдемдеседі.
«Білім туралы» Республика Заңының 14-бабына сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен ықтимал мүмкіндіктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жасалады.
Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика орталығы өткізген талдауға сәйкес республика мектептерінің арнайы оқу әдебиетімен, оның ішінде көмекші мектептердің оқушылары үшін және көруі, естуі, сөйлеуі бұзылған балаларға арналған коррекциялық бағыттағы пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. Есту, көруі, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, сөйлеуі бұзылған, зияткерлігі сақталған психикалық дамуы кідірген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жинақтамалары бойынша оқиды, олармен қамтамасыз етілу 100% құрайды.
Бірегей оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтамалардың 296 атауы шығарылды, олардың ішінде қазақ тілінде 39 % атау, орыс тілінде – 61 % атау балалар үшін:
зияткерлігі бұзылған – 133 атау (44,9 %);
естімейтін – 44 атау (14,7 %);
нашар еститін – 16 атау (5,4 %);
көрмейтін – 58 атау (Брайль ғарпімен) (19,6 %);
нашар көретін – 42 атау (ірі ғаріппен) (14,2 %);
сөйлеуі мүлдем бұзылған – 2 атау (0,7 %).
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражаты шеңберінде транферттер арқылы 2002 жылдан 2010 жылға дейін коррекциялық білім беру ұйымдары арнайы жабдықпен, көмекші техникалық және компенсаторлық оқыту құралдарымен: сурдотехникамен (сымсыз және сымды оқу сыныптары, аудиомерлер), тифлотехникамен (оқитын машианалар, тифлокешендер); релакцияға арналған сенсорлық және жұмсақ бөлмелермен, логопедтік және оқу тренажерлерімен қамтамасыз етілген. Бүгінде қамтамасыз етілу 40 – 60 % құрайды.
Кәсіби білім – мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың маңызды құралдарының бірі. Заңнамаға сәйкес бірінші және екінші топтардың мүгедектері мен мүгедек балаларға техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:
- білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы;
- мемлекеттік білім гранттарын бюджеттен қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алу конкурсына қатысу кезінде бірдей көрсеткіштер жағдайында медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын бірінші және екінші топтар мүгедектерінің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың артықшылық құқығы болады;
- мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында оқып жатқан мүгедектерді стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер;
- денсаулық жайы жалпы тұрпаттағы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуына мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балалар бақшалары мен басқа да арнайы коррекциялық ұйымдар құрылады;
- мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жалпы немесе арнайы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен басқа да оқу мекемелерінде жүзеге асыру мүмкіндігі болмағанда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің тілегін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту үйде жүргізіледі.
Сонымен бірге оларды оқыту, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдауды күшейту үшін бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жыл сайын:
медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;
жатақханадан орын беріледі (тегін);
медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;
жатақханадан орын беріледі (тегін);
материалдық көмек көрсетіледі;
дене шынықтыру сабақтарынан және ауыр дене еңбегінен босатылады (мүгедектік тобына және ауруының күрделілік дәрежесіне байланысты);
жеке сабақтар өткізіледі;
емтихандар тапсыру кезінде психологиялық және дене бітімінің ерекшеліктері ескеріледі;
психологтар әңгімелер өткізіп тұрады (жүйелі түрде);
оқу бітірушілерге жұмысқа тұру үшін жағдайлар жасалады және т.б., ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде 605,2 мың адам, оның ішінде 1 392 І-ІІ топтардың мүгедектері мен мүмкіндіктері шектеулі жастар оқиды.
Соңғы үш жыл ішінде квота бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсетін адамдар санының көбеюі байқалады (2008-2009 оқу жылы –8 194 адам, 2010-2011 оқу жылы – 8 577 адам).
Адамдардың осы санатымен жұмыс істейтін кадрлар мен мамандар маңызды рөл атқарады. Дефектолог-мамандар даярлауды республикада 1978 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика кафедрасы жүзеге асырып келеді. Даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт бағыт бойынша жүргізіледі: логопедия, олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде оқыту олигофренопедагогика мен логопедия мамандықтары бойынша жүргізіледі
Сонымен бірге мүгедектер проблемалары бұрынғысынша өзекті, олар оны өз бетімен шеше алмайды. Мысалы, Қазақстанда қалалардың инфрақұрылымы дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлі де болса бейімделмеген, емдеу мекемелері жетіспейді, жұмысқа тұру және жұмыспен қамту проблемасы ең өткір проблемалардың бірі болған күйінде қалып отыр, өйткені жұмыс берушілер мүгедектер өздеріне тапсырылған жұмысты орындай алмайтынына сенімді болып, осы адамдарды жұмысқа алудан бас тартады. Мұндай көзқарас мүгедектікке қабілеттен гөрі зор маңыз берілетін қауіп пен таптауырын түсініктерге сүйенеді. Сондықтан дамыған елдердің осы проблеманы мүгедектердің өздерінің қатысуымен зерделеу жөніндегі дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспары жасалуда.
Алдағы уақытта мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, білім, ақпарат саласындағы қызметтермен, мәдени және спорттық, саяси және қоғамдық өмірге қатысудың қолжетімділігімен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жаңғырту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі, оңалтуды жетілдіру, оңалту және арнайы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр
VI. Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның мәдени өміріне қатысуы
Мәдени құқықтар балалардың рухани дамуына кепілдік береді, сонымен қатар әрбір баланың рухани, әлеуметтік және мәдени дамудың мүшесі болуына көмектеседі.Олар: мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығы, қоғамның мәдени өміріне тең және еркін қатысу құқығы, шығармашылық құқығы, демалуға және бос уақытын өткізуге құқығы.
Республикада 23 мыңнан астам мектептік спорттық секциялар, 425 балалар - жастар спорттық мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдердің музыкалық, көркемдік мектептері жұмыс істейді.
Балалардың демалысын ұйымдастырудың, аула клубтар желісін дамытудың оң тенденциясы байқалуда, Қарағанды – 112, Шығыс Қазақстан – 79, Павлодар – 60, Қостанай облыстарында – 46.
Балалар сауықтыру ұйымдарының желісін (Павлодар облысында тәулік бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру орталығы ашылды, Қостанай облысында жетім балаларға арналған лагерь қайта қалпына келтірілді; Шығыс Қазақстан -26, Солтүстік Қазақстан – 19, Батыс Қазақстан облыстарында – 13 орталықтар желісі сақталуда) кеңейту, қайта қалпына келтіру және сақтау бойынша шаралар қабылданды.
2011 жылдың жазғы демалыс мерзімінде тегін сауықтыру демалысымен бірінші кезекте халықтың әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар қамтылды.
Мысалы, 2011 жылы жазғы сауықтыру демалысымен жалпы білім мектептер арасындағы 1-10 сыныптардың 1 943 062 оқушы қамтылды, бұл 83,9%) (2010 жылы - 83%) құрайды.
Балалар 7 622 лагерьде, оның ішінде 212 қала сыртындағы, 52 шипажай, 5 089 мектеп жанындағы, 1 050 кәсіптік, 342 дебаттық, 620 спорттық және 257 палаткалық лагерлерде демалды.
1 млн.-нан астам оқушыларды еңбекпен қамту үшін 16 687 мектеп бригадалары құрылды.
Республикада жазғы демалыс уақытында оқушылардың жалпы санының 3 пайызын қамтыған 153 спорттық лагерлер қызмет көрсетті.
Жастарды қолдау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде Балалар мен жастарға арналған ресурстық орталықтар және жастар ұйымдары құрылды. 2008 жылы 12 ресурстық орталық болса, 2009 жылы - 17, 2010 жылы - 21 ресурстық орталықтар жұмыс істеуде.
Республикалық бюджеттен жастар саясатын қаржыландырудың жалпы мөлшерінен 2010 жылы 716,5 млн. теңгені, 2011 жылы 991,2 млн. теңгені құрады.
Жергілікті бюджеттен жастар саясатын қаржыландырудың жалпы мөлшерінен 2010 жылы 1,1 млрд. теңге, 2011 жылы 1,35млрд. теңге бөлінді.
2011 жылы 40-тан астам республикалық конкурс, спорттық жарыстар, 2400-ден астам дөңгелек үстел мен акция өткізілді. Іс-шараларда 3,5 млн.-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.
Әр деңгейдегі дебат ойындарын өткізу балаларға белгілі бір мәселе бойынша ақпарат іздеуге және зерделеуге, сыни ойлауын қалыптастыруға, өздік білімін арттырумен айналысу қажеттілігін туындатады.
Дебат қозғалысының республикада екі бағыты бар: студенттік және мектептік. Жыл сайын әр облыста дебат турнирлеріне 1000 астам оқушы қатысады. 2010 жылғы қыркүйек-қазан айларында «Дебатерлердің республикалық ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ұлттық дебат ойындарының екінші біріншілігі өткізілді.
2010 жылы Павлодар қаласында дәстүрге айналған Қазақстанның VI Облыстық жастар Дельфия ойындары өтті, оған 366 адам қатысты. Ойынның негізгі идеясы –дарынды жастардың өзін жүзеге асыруына тиімді жағдай жасау.
Елімізде оқушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген гуманистік және демократиялық құндылықтарды қолдауын, төзімділігін, құқықтық өзіндік санасын, азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеуге, заң мен құқықтық тәртіпті құрметтеуге негізделген әлеуметтік тәртібін, өзін анықтау мен жүзеге асыру қабілеттерін, саяси және құқықтық мәдениетін, рухани-адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қозғалысы дамып келеді.
2011 жылғы күзде Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында пилотты мектептер оқушыларының заңнамалық бастамаларын облыстың мәслихат депутаттары, жергілікті атқару органдары және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық тыңдаулары өтті. Қатысушылардың жалпы саны 3 мың адамды құрады.
Оқушылармен балалардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғын-үй коммуналдық сала, өздері өмір сүретін жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері зерделеніп, қоғамдық тыңдауға шығарылды, қала аумағын аббаттандыру, балалар мен жастар үшін бос уақытын өткізу инфрақұрылымын дамыту бойынша қызықты, стандартты емес шешімдер ұсынылды, кәмелетке толмағандардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе компьютерлік клубтар бойынша ұсыныстар айтылды.
Каникул кезінде компьютер клубтарында бос уақыттарын өткізетін балалар саны өсіп келеді.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың рухани-адамгершілік дамуына, олардың денсаулығына зиян келтірмейтін ақпараттар немесе бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) қызметтеріне бақылау жасауды іске асыру шаралары қабылдануда.
2010 жылы педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға «Балалардың тәни және психикалық денсаулығына зиянды қатігездік пен зорлықты, порнографияны үгіттейтін аудио-бейнеөнімдер, компьютерлік және ақпараттық тасымалдағыштардың әсері. Олардың адамгершілік құндылықтарын қорғау» бағытында әдістемелік ұсыныстар (мемлекеттік және орыс тілінде) шығарылған.
2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау ведомствоаралық комиссиясының алтыншы отырысында балалар мен жасөспірімдердің дамуына компьютерлік клубтардың кері әсерін төмендету мәселесі қарастырылды.
Астана қаласының Есіл аудандық соты Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік Бұқаралық ақпараттық құралдар өнімдерін жасөспірімдік порнографияны жарнамалайтын интернет-ресурстарды таратуды жою туралы 2011 жылдың 3 маусымында № 2-1078/11 шешім қабылдаған.
Балалардың әлеуметтік маңызды ақпараттарды алу қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 90-нан аса Бұқаралық ақпараттық құралдары жұмылдырылған, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана» телеарнасы, «Казинформ» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» және т.б. газеттер.
«Қазақ радиосында» балаларды қорғау бағытында 4 бағдарлама жарық көрген. Бұлар «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» - кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бағытындағы бағдарламалар.
Бала құқықтары туралы Конвенция қағидалары мен ережелерін түсіндіру мәселесін талқылау, сондай-ақ, балалардың құқықтарын тәни барлық жазалаудың түрлерінен қорғау «Бетпе-бет», «Жеті күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» және т.б. ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар аясында өткізілуде.
«Ел арна» телеарнасында балалардың мәдени, білімін жетілдіру бағытында жыл басынан бері 6 бағдарлама жарық көрген («Хочу быть», «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары, «Наши дети», «Мейірім» жобалары және т.б.)
Бұқаралық ақпараттық құралдар басылымдарында жасөспірімдер мен балалардың жетістіктеріне, Бала құқықтары туралы Ковенциясының 20 жылдығына арналған материалдар жарық көреді. Көбіне, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және т.б. мақалалар.
Республикада 256 балалар кітапханасы қызмет етеді. Балалар кітапханаларындағы оқырман бала саны – 1,5 миллион.
Бұқаралық ақпараттық құралдар басылымдарына, соның ішінде балалар көркем әдебиетіне, танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының шығармаларын жандандыруда балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мектепішілік, қалалық кітапханаға балаларды тарту үшін аталмыш іс-шаралар орталық кітапханаларда балалар жазушыларының, ақындарының, тілшілерінің қатысуымен өтеді.
Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрларда 100 мыңнан аса баланың қамтылуымен мемлекеттік және орыс тілінде 200-ден аса қойылымдар қойылған.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-аналары жоқ болған жағдайда, олардың ата-аналық құқықтарынан айырылған жағдайда және басқа да ата-ана қамқорлығынан отбасында тәрбиелену құқығынан айырылған жағдайларда баланы бағу мен тәрбиелеуді заңнамаларға сәйкес қамқоршылық, қорғаншылық органдары қамтамасыз етеді.
2011 жылы Қазақстан Республикасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар саны 36 777-ге жетті, ол өткен 2010 жылмен салыстырғанда 1 609 балаға азайды.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғысы келетін немесе қамқорлыққа, патронаттыққа алатын азаматтарға қолдау көрсету үшін Респубиканың өңірлерінде - 19 ата-аналарды қабылдау мектебі және 14 Отбасына көмек қызметі құрылған.
Балаларды биологиялық отбасына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4000 астам бала қайтарылды. Жыл сайын биологиялық ата-анасына қайтарылған бала саны артуда. 2010 жылы – 1328 бала (2007 жылы – 1004 бала) қайтарылды.
Білім беру бөлімдерінде қорғаншылық және қамқоршылық міндетін жүзеге асыратын мамандар саны 116-ға өсті. 2007 жылы – 210, 2010 жылы - 326 маманға.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеуге алған азаматтар үшін қаржылық ынталандыру енгізілді. 2011 бастап осы санаттағы балаларды тәрбиелеуге алған қамқоршылар және қорғаншыларға 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленуде.
36 777 жетім бала мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 21 585-і қамқорлықта(қорғаншылықта), 2 267-і патронаттық тәрбиеде, 12 925-і интернаттық мекемелерде.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілердің санын азайту.
Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 12 925 бала тәрбиеленуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1 127 балаға (8 пайызға) азайды.
Отбасылық ортасынан айырылған балалар
2011 жылдың аяғында республикада 12 925 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға арналған, балалардың өмір сүруі мен тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған 209 мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме жұмыс істеді. Алайда, көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша психологтар мен педагогтар интернат үлгісіндегі мекемелердегі балалардың мекен-жайы оның негізгі талабына сай еместігін,ол өз кезегінде баланың жекеше ерекшелігін бұзуға әкеп соғатынын көрсетеді. Интернаттық үлгідегі мекемелерде отбасының, жақын адамдардың және достарының жоқтығына байланысты баланың әлеуметтік дамуы шектелген. Жас кезінен жетім қалғандар ата-ана іс-әрекетіне қарап, өз мінез-құлқын түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйi және интернаттардағы бiркелкi ортада болуы бұл балаларда төмендетілген тiршiлiк стандарттарын қалыптастырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барынша отбасылыққа жақындатылған жағдай туғызу мақсатында республикада балалар үйінің және интернаттық үлгідегі мекемелердің уақталуына деинституционализациялау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балалар үйінде отбасы үлгісінде жұмыс істеп жатқан топтарда өзара туыстық қатынаспен байланысқан, бір-бірімен достасқан балалар 8-10 адамнан тұрады. Бұдан басқа балалар үйлерінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламалары енгізілді, отбасына жақындатылған жағдайлар жасалды.
Барлық ұйымдарда тәрбиеленуге және білім алуға жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.
Жыл сайын өңірлерде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық!», «Доброта во благо детям...» қайырымдылық мерекелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында тәрбиелеуге алатын адамдарды тарту және іздестіруге бағытталған «Қуан сәби» республикалық акциясы жүргізілуде
Осының аясында, 2010 жылғы қысқы және көктемгі демалыс кезінде балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушілері қазақстан азаматтарының отбасыларында демалды. Жыл сайын балалар үйлерінің 120-дан астам тәрбиеленушілері жазғы демалыс кезеңінде шетелде демалады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама түрлерінің бірі бала асырап алу болып табылады. Бала асырап алудың негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды туған отбасылық өмір жағдайымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала асырап алу мәселесі бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мәртебесіне ие болған баланы сол сәттен бастап асырап алуға құқығы бар біздің еліміздің азаматтарына басымдылық беріледі.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған 1999 жылдан бастап 41 091 бала, соның ішінде қазақстандық азаматтар – 31 929 бала, шетелдік туыстары – 487, шетелдік азаматтар – 8675 бала асырап алды.
Соңғы уақытта қазақстандық азаматтардың асырап алған бала санының өсу тенденциясы байқалады, сонымен қатар шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны кеміді.
2010 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды.
Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы аталған Конвенцияның нормаларына сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
2010 жылғы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарының міндеттері туралы» мәселесі бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары мен балалардың құқықтарын қорғау мамандарының қатысуымен Республикалық кеңес өтті.
Астана қаласында 2011 жылғы наурызда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында баланы шетелдік асырап алудың өзекті мәселелері» республикалық семинар-кеңесі өткізілді.
Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласының Ювеналдық сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты.
Республиканың алдыңғы қатардағы телеканалдарында 2010 жылы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. «Ел арна» телеарнасында «Біздің балалар» бағдарламалар топтамасы шығуда.
Жергілікті газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды іздеймін!», «Ана, мені тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет» және тағы басқа арнайы айдарлар ашылған.
Талантты, дарынды балалар халықаралық байқауларға қатысады. Мысалға, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы Түркияның Фетхи қаласында өткен Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, 23 мемлекет қатысушылардың арасында 2-ші орынды иеленген.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешу мақсатында, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Респубикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы, Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктерімен бірлесіп әзірленген 2011 жылы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес республика өңірлерінде, балалар үйілерінің тәрбиеленушілерін өз еліміздің азаматтарының отбасына орналастыру мәселеріне арналған әкелер конференциясы, дөңгелек үстелдер, облыстық телеарналарда «Әр балаға – отбасының бақыты» («Каждому ребенку – счастливую семью») тақырыбында бейне-ролик көрсетілімі, «Бала жүрегінің үміті» телехабар циклі ұйымдастырылуда.
Еліміздегі балалар мекемелеріндегі балалар құқықтарының сақталуына мониторингті жүйелі негізде қазақстандық омбудсменнiң мекемесi жүргізеді.
Сонымен, 2010 жылы Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы 22 интернаттық үлгідегі балалар мекемелеріне барды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Баланың, оның ішінде жетім баланың тұрғын үйінің сақталуына құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.
2009 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдеріне «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы, оның ішінде тұрғын үйді бекіту мен өз атында сақталуын жүзеге асыру туралы бөлігін орындау үшін барлық қажет шараларды көру тапсырылды.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығының бұзылу фактілері орын алуда.
Республикада жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектеріне арнап 29 жасөспірімдер үйі ашылды. Бұл үйлерде 17 жастан 23-ке дейінгі 1360 түлек өмір сүреді.
2006-2010 жылдар аралығында 442 бітірушіге мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлінді.
Қарағанды облысының әкімдігі 2011-2013 жылдарға арналған 16 жастан 23 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспардың жобасын құрды. Осы жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан үймен қамтамасыз етіліп, 4 Жасөспірімдер үйі мен Жастар үйі ашылады.
Ақтөбе облысында «Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ» банкі АҚ-да бастапқы тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна төлей алатын жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне 57 млн. 138 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, оған 14 пәтер сатып алынды.
VIII. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әр түрлі бағытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қылмыс жасаған адамдар саны
Барлығы,адамдар
|
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
барлығы
|
Оның ішінде кәмелетеке толмағандар
|
барлығы
|
Оның ішінде кәмелетеке толмағандар
|
барлығы
|
Оның ішінде кәмелетеке толмағандар
|
барлығы
|
Оның ішінде кәмелетеке толмағандар
|
Қазақстан Республикасы
|
79641
|
8344
|
78078
|
7519
|
78673
|
6651
|
84 411
|
6 070
|
Ақмола
|
4651
|
482
|
4563
|
446
|
5074
|
488
|
5 537
|
433
|
Ақтөбе
|
3783
|
298
|
3735
|
321
|
3442
|
269
|
3 820
|
198
|
Алматы
|
6289
|
652
|
6484
|
679
|
6610
|
488
|
6 359
|
466
|
Атырау
|
2370
|
203
|
2286
|
166
|
2267
|
151
|
2 474
|
132
|
Шығыс қазақстан
|
10134
|
1319
|
9989
|
1078
|
10681
|
1112
|
10 498
|
943
|
Жамбыл
|
3387
|
379
|
3431
|
367
|
3689
|
368
|
3 614
|
316
|
Батыс Қазақстан
|
3419
|
476
|
3387
|
446
|
3083
|
328
|
3 716
|
337
|
Қарағанды
|
7176
|
771
|
7012
|
735
|
6974
|
664
|
7 459
|
744
|
Қостанай
|
5864
|
946
|
6015
|
764
|
5624
|
588
|
5 712
|
440
|
Қызылорда
|
3013
|
273
|
2671
|
181
|
2841
|
184
|
2 978
|
170
|
Маңғыстау
|
1934
|
219
|
2302
|
322
|
2051
|
216
|
2 163
|
232
|
Павлодар
|
5573
|
687
|
5051
|
580
|
5021
|
511
|
5 289
|
441
|
Солтүстік Қазақстан
|
3497
|
358
|
3147
|
256
|
3135
|
207
|
3 650
|
209
|
Оңтүстік Қазақстан
|
5409
|
536
|
5403
|
519
|
5711
|
513
|
6 116
|
477
|
Астана қ.
|
2091
|
148
|
2190
|
144
|
2421
|
135
|
2 474
|
110
|
Алматы қ.
|
5592
|
347
|
5320
|
337
|
5420
|
296
|
8 475
|
309
|
Елімізде 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет жасайды. Комиссия отырыстарында 30-дан астам сұрақтар қаралды, оның ішінде 10-ы балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселесі бойынша.
2010 жылы Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері бірлесіп құқықтық сауаттылықты арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалғандардың санын төмендету мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша ведомствоаралық жоспар әзірледі
Қадағалаусыз және панасыз қалғандарды анықтауда мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және қоғаммен үнемі бірлескен рейдтік іс шаралар және «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқорлық», «Мектепке жол» және басқа да акциялар өткізіледі.
2010 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі «Балалар – біздің болашағымыз» (15 сәуір 15 мамыр), «Полиция және мектеп» (13 қыркүйек 6 қазан) атты акция өткізді. Акция барысында жасөспірімдер арасында ішімдікке салынушылық, нашақорлық және темекі құмарлық профилактикасы бойынша 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгіме, 500 семинар, мыңға жуық дөңгелек үстелдер, 300 брифингтар өткізілді. Мектеп оқушылары және ұстаздар арасында мектеп инспекторлары қызметінің тиімділігін анықтау мақсатында 2 мыңнан астам сауалнамалар жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден астам мәдени шаралар ұйымдастырылған.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алудың тиімді әдісінің бірі жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды спорттық секциялар мен үйірмелерге тарту.
Осыған байланысты, Ішкі істер Министрлігінің барлық ведомстволық спорт залдарында, тегін негізде, қолайсыз отбасынан шыққан кәмелетке толмаған балалар үшін сабақтар өткізілуде. Оған 10 мыңнан астам кәмелетке толмағандар қамтылған.
Өмірдің қиын ахуалына тап болған кәмелетке толмағандарды есепке алудың бірыңғай кіріктірілген деректер банкі құрылды. Деректер банкісіне мектепте себепсіз сабақ босататын, арнайы білім беру ұйымдарында тұратын, зорлық-зомбылық және қатал қараудың құрбандары, қолайсыз отбасындағы балалар, бейімдеу орталықтарына жеткізілген қадағалаусыз және панасыз қалғандар туралы деректер енгізіледі.
Қызылорда облысында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.
Саран қаласында Проблемалық отбасы орталығы және үш балалар үйі мен жасөспірімдер клубы жанынан Отбасын қолдау орталығы қызмет жасайды.
Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп («Сандж» зерттеу орталығы, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігі) отбасының қолайсыздығын ерте анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде, аталған мәселелер бойынша ұсынымдар дайындалған.
«Қолайсыз отбасы: себептері және алдын алу», «Мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» атты әдістемелік кітапшалар шығарылған.
Ынтымақтастық меморандумы аясында ҚР адам құқығы бойынша және Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілеттігімен 2011 жылдың шілде-қараша аралығында Қазақстанның қалалық жерлерінде тұратын ең осал және тәуекел тобындағы балалардың жағдайына, сонымен бірге балаларды сексуалды қанау және балалардың ішкі трафикасы, қадағалаусыз және зорлық зомбылық аспектілеріне экспресс-бағалау өткізу жоспарлануда. Көше балаларының арасында жағдайды зерделеу үшін Үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |