97
мониторинг өткізді. Мониторингтік келу нәтижелері бойынша бірқатар
бірлескен ұсыныстар әзірленді, олар еліміздің уәкілетті органдарына жолданды.
Жалпы алғанда, балалардың құқықтарын қорғау мәселесі Омбудсмен
институтының жұмысында басым болып табылады және 2018 жылы
халықаралық ынтымақтастық шеңберінде бұл саладағы мәселелерді талқылау
сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығарылды.
2018 жылғы 26-27 сәуірде «Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің және
ҰПТ бірлескен күш-жігерімен азаптаулар превенциясы» тақырыбы бойынша
Ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) азаптаулардың алдын алу бойынша екінші
форумын өткізу жылдың анағұрлым маңызды оқиғаларының бірі болды. Іс-
шараны Омбудсмен мекемесі Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, БҰҰ Жоғарғы
комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы, БҰҰ Даму
бағдарламасы, ЮНИСЕФ, ОБСЕ бағдарламалар кеңсесі, Халықаралық түрме
реформасы сияқты тұрақты халықаралық серіктестердің қолдауымен
ұйымдастырды.
Алғаш рет еліміздің 16 өңірінен ҰПТ 100 астам қатысушысын жинаған
форумның жұмысына сондай-ақ ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің
депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Орталық Азия,
Ресей және бірқатар еуропалық мемлекеттер омбудсмендері және ұлттық құқық
қорғау мекемелерінің өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар,
азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.
Форум шеңберінде Қазақстан ҰПТ 2017 жылғы қызметі туралы
Шоғырландырылған баяндамасының презентациясы өтті.
Омбудсмен жиналғандарды 2017 жылы ҰПТ қатысушылары мандат асты
мекемелерге
500
астам
превентивтік
баруды
өткізгені
туралы
ақпараттандырды, олардың қорытындысы бойынша мекемелердің әкімшілігі,
жергілікті және орталық мемлекеттік органдар үшін жазадау мен қарым-
қатынас жасаудың қатыгез түрлерінің және азаптаулардың алдын алу
саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша мәндік және өзекті ұсыныстар
әзірленді.
Жалпы алғанда, форум қатысушылары тиімділігін және жүйелі сипатын
атап, сондай-ақ азаптаулардың алдын алу бойынша қазақстандық тәжірибені
зерттеп қарау және басқа елдерде тарату маңыздылығын ерекше атап,
Қазақстан ҰПТ қызметінің нәтижелеріне оң баға берді.
Есептік жылы ұлттық құқық қорғау мекемесінің ішкі әлеуетін шетелдік
әріптестермен және халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу арқылы
арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2018 жылғы ақпанда «Қазақстандық билікке қазақстанның әділ сотының
сапасын және тиімділігін арттыруда қолдау көрсету» атты Еуропалық одақ (ЕО)
пен Еуропа Кеңесінің (ЕК) бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында
Омбудсменнің Еуропа Кеңесінің арнайы өкілі, Грузияның бұрынғы Омбудсмені
Георги Тугушимен кездесуі өтті.Келген кезде халықаралық сарапшы Адам
құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қызметіне баға берді, жұмысының
құрылымын және жүйесін зерттеп қарады, сондай-ақ ұйымның басшылығы мен
98
қызметкерлеріне сұхбат өткізді. Өткізілген бағалау қорытындылары бойынша
сарапшы ұлттық құқық қорғау мекемесін көпшілікке танылған халықаралық
стандарттарға сәйкес ары қарай институционалдық нығайту бойынша
ұсыныстарды әзірледі.
Сонымен қатар, есептік жылы халықаралық серіктестердің қолдауымен
Омбудсмен кеңсесінің басшылығы мен қызметкерлері шетелдік, еуропалық
әріптестердің кеңселеріне бірқатар танысу іссапарларын жүзеге асырды.
Омбудсменнің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының
Орталық Азиядағы (АҚЖКБ) өңірлік өкілі Р. Комендамен кездесуі
2018 жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің екі
қызметкері «ҰПТ қызметінің тиімділігін бағалау» атты конференцияға қатысу
үшін Словения Республикасына Любляна қаласына іссапармен жөнелтілді. Іс-
шараға еуропалық елдердің құқық қорғау ұйымдарының және ҰПТ өкілдері,
сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Іссапар барысында келушілер
словениялық Омбудсменнің кеңсесіне барды, оның құқықтық базасымен,
қолданыстағы электрондық құжат айналым жүйесімен, азаматтарды қабылдау
тетігімен танысты, сондай-ақ словениялық ҰПТ қызметін тәжірибелік тұрғыдан
зерттеп қарау мақсатымен полиция учаскесіне барды.
Маусым
айының
соңында
Испания
Корольдігі
Ұлттық
қорғаушысы(Омбудсмен) Франсиско Фернандес Маруганның шақыруымен
тәжірибе алмасу және сол елдің ұлттық құқық қорғау институтының
қызметімен танысу мақсатында Қазақстан Омбудсмені Мадридкежұмыс
іссапарымен барды. Екі елдің құқық қорғаушылары адам құқықтары
99
саласындағы өзекті мәселелер, екі жақты форматта өзара әрекеттесу
перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде бірлескен
жобаларды жүзеге асыру бойынша пікірлермен мұқият алмасты.
Іссапар барысында Қазақстан Омбудсмені сондай-ақ Испания Парламент
Сенатының бірінші вице-спикері Педро Санспен де кездесті, ол Қазақстанда
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кең
ауқымды түрлендірулер, соның ішінде конституциялық реформа және қоғамды
рухани жаңғырту туралы ақпараттандырылды. Екі күндік жұмыстың
қорытындылары бойынша құқық қорғау ынтымақтастығын ары қарай кеңейту
туралы келісімге қол жеткізілді.
Омбудсменнің Испанияға жұмыс сапары кезінде Испания Парламенті Сенатының бірінші
вице-спикері Педро Санспен кездесуі
Тамызда құрамында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың
(Уәкіл мекемесі) басшылары мен қызметкерлері болған қазақстандық делегация
ОБСЕ Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстанның Польшадағы
Елшілігінің қолдауымен Польша омбудсменнің кеңсесіне танысу іссапарын
іске асырды. Делегаттар поляк әріптестері жұмысы мандаттарының және
қағиаттарының ерекшеліктерімен танысты. Польшаның азаптауларға және
қатыгездік жасауға қарсы іс-қимыл тәжірибесіне жеке назар аударылды.
Қатысушылар жабық мекемелерге мониторинг жасау, ұсыныстарды жүзеге
асыру және Польша ҰПТ есептерін қалыптастыру тәжірибесін зерттеп қарады.
Делегация мүшелері сондай-ақ ОБСЕ демократиялық институттар мен адам
Достарыңызбен бөлісу: |