Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет61/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83

144 
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен жауап 
2018  жылғы  1  қазандағы  Ұлттық  білім  деректер  қорының  алдын-ала 
мәліметтері  бойынша  бүгінгі  күні  республикада  10314  мектепке  дейінгі  ұйым 
(880,8  мың  бала)  жұмыс  істейді.  Олардың  6567-сі  мемлекеттік,  3749-ы 
жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. 
Елбасы  2018  жылғы  5  қазандағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
мектепке дейінгі білім берудің сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  
2016-2019  жылдарға  арналған  бағдарламасына  (бұдан  әрі  -  Бағдарлама)  сәйкес 
2020  жылға  қарай  3-6  жастағы  балалар  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және 
оқытумен  100%  қамтылуы  тиіс.  Бағдарламаның  негізгі  міндеттерінің  бірі 
мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагог  кадрларының  сапалық  құрамын 
жақсарту, балаларды мектепте оқуға сапалы дайындауға бағдарланған мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  Министрлік  білім  сапасын  жақсарту  бағытында  бірқатар 
іс-шараларды іске асыруда: 
-  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлеу,  жетілдіру  жұмыстары 
жүргізілуде; 
Мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынудың үлгілік шарты әзірленуде. 
«Мектепке  дейінгі  ұйымдар  қызметінің  үлгілік  қағидаларына»(ҚР 
Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499  қаулысы)(бұдан  әрі  –  Үлгілік 
қағидалар) педагогтердің білімдеріне қойылатын талаптар, ата-аналармен өзара 
қарым-қатынастарды  реттеу  бөлігінде,«Еңбек  нарығының  қажеттіліктерін 
ескере  отырып,  техникалық және  кәсiптiк,  орта  бiлiмнен  кейiнгі,  жоғары  және 
жоғары  оқу  орнынан  кейiнгi  бiлiмi  бар  мамандарды  даярлауға,  жоғары  оқу 
орындарының  дайындық  бөлімдеріне,  сондай-ақ  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу 
мен  оқытуға,  орта  білім  беруге  мемлекеттiк  бiлiм  беру  тапсырысын 
орналастыру қағидаларына»(ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 
қаңтардағы № 122 бұйрығы) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 
бойынша  конкурсқа  қатысатын  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  құжаттары 
бөлігінде  педагогикалық  немесе  кәсіптік  білімі  бар  тәрбиешілердің  білімі 
туралы  мемлекеттік  үлгідегі  құжаттардың  көшірмелерін  тапсыруы  жөнінде 
өзгерістер енгізілді.  
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі, оларды материалдық-техникалық 
қамтамасыз  ету,  кадрлармен  қамтамасыз  ету  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Заңының 6-бабына сай жергілікті атқарушы органдардың (бұдан 
әрі - ЖАО) құзыретіне жатады.  
Үлгілік  қағидаларға  сәйкес  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  негізгі міндеті 
балалардың  өмірін  қорғау  және  денсаулықтарын  нығайту  болып  табылады. 
Осыған  байланысты  мектепке  дейінгі  ұйымның  барлық  қызметі,  яғни 
тәрбиелеу-білім  беру  процесін  ұйымдастыру,  жабдықтау,  басшының, 
қызметкерлердің  әрекеттері  балалардың  өмірі  мен  денсаулығын  сақтауға 
бағытталады.  Аталған  негізгі  міндетті  іс  жүзіне  асыру  мектепке  дейінгі 
ұйымның жылдық жоспарында белгіленеді (әдістемелік жұмыс, педагогикалық, 


145 
 
әдістемелік кеңестер, ашық сабақтар, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау 
және орындау, жауапты тұлғалар, т.б.). 
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық қызметпен айналысуға білімі 
және біліктілігінің тиісті деңгейі мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған, 
тиісті  бейіні  бойынша  педагогикалық  немесе  кәсіптік  білімі  бар  адамдар 
жіберіледі. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагог  қызметкерлері  жыл  сайын 
медициналық  тексеруден  өтеді.  Ал  медициналық  қарсы  көрсетілімі  бар, 
психиатриялық  және  (немесе)  наркологиялық  диспансерде  есепте  тұрған 
адамдар  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексінде  көзделген  шектеулер 
негізінде  мектепке  дейінгі  ұйымға  жіберілмейді.  Мектепке  дейінгі  ұйымда 
тәрбиеленушілердің  құқықтары  мен  бостандықтарын,мектепке  дейінгі  тәрбие 
мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  талаптарын 
бұзғаны,  тәрбиеленушілердің  оқу-тәрбие  процесі  кезіндегі  өмірі  мен 
денсаулығынбұзғаныүшін  мектепке  дейінгі  ұйымның  басшысы  Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдар  өз  қызметінде  «Мектепке  дейінгі  ұйымдарға 
және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларын»(ҚР Денсаулық сақтау министрінің2017 жылғы 17 
тамыздағы  №  615  бұйрығы),«Мектепке  дейінгі,  орта  білім  беру  ұйымдарын, 
сондай-ақ  арнайы  білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен 
жарақтандыру  нормаларын»(ҚР  Білім  және  ғылым  Министрінің  2016  жылғы 
22 қаңтардағы № 70 бұйрығы)да басшылыққа алады. 
Министрлік  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  өміріне  қауіп 
тудыратын,  денсаулығына  нұқсан  келтіретін  жағдайларды  болдырмас  үшін 
жергілікті  атқарушы  органдармен  бірлесе  отырып,  бірқатар  жұмыстарды 
атқаруда: 
-  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  реттейтін  нормативтік-
құқықтық  актілердің  жобалары  міндетті  түрде  ЖАО-мен  келісіледі  және 
бекітілгеннен кейін басшылыққа алу үшін өңірлерге хабарланады; 
-  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру  мақсатында  біліктілікті  арттыру  курстары,  сонымен  бірге 
республикалық 
деңгейдегі 
іс-шаралар 
(конференциялар, 
семинарлар, 
тренингтер, дөңгелек үстелдер)өткізіледі; 
-  қазіргі  уақытта  3589  (57,9%)  мектепке  дейінгі  ұйымда  40452 
бейнебақылау  камералары  (топ  бөлмелерінде,  ұйықтау  бөлмелерінде, 
дәліздерде)  орнатылған,  сондай-ақ  15424  мектепке  дейінгі  ұйымда  сырттай 
бақылау жүргізіледі; 
-  мектепке  дейінгі  ұйымдар  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға 
сәйкестігі 
туралы 
санитариялық-эпидемиологиялық 
қорытындысы, 
медициналық  кабинетке  лицензиясының  болуы  немесе  емханамен  жасалған 
қызмет  көрсету  туралы  шарты,  тәрбиешілердің  білімі  туралы  мемлекеттік 
үлгідегі құжаттары болған жағдайда, яғни балалардың мектепте дейінгі ұйымда 
болуы үшін барлық тиісті жағдайлар жасалғанда ғана ашылады; 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау