Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет57/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83

135 
 
“БАҚ-қа  жүгінген  алқа  билердің  айтуынша,  судья  қорғаушы  тарапқа  қарсы 
өзінің қате түсінігін ашық білдірді және алқа билерді сотталушыны кінәлі деп тануға 
мәжбүрлеу  мақсатымен  кеңес  бөлмесінде  оларға  қысым  жасады.  Алқа  билердің 
айтуынша,  сотталушыны  кінәлі  деп  мойындаудан  бас  тартқаннан  кейін  судья  алқа 
билерді таратты.”
25
 
ҚР 
Қылмыстық-процестік 
кодексінің 
633-бабына 
сәйкесмемлекеттiк 
айыптаушының,  жәбiрленушiнің,  сотталушының  және  оның  қорғаушысының 
алқабилермен  белгiленген  тәртiптен  бөлек  қарым-қатынас  жасауына  тыйым 
салынады.  Сонымен  бірге,  судьяның  алқабилерге  ықпал  ету  мәселесі  заңнамамен 
реттелмейді. 
Сараптамалық  қоғамның  пікірі  бойынша,  алқабилерге  кеңес  бөлмесінің 
құпиясын  бұзуға  абсолюттік  тыйым  салу  талас  мәселе  болып  табылады,  осыған 
байланысты  судьялар  алқабилерге  қысым  жасаған  жағдайда,  кеңес  бөлмесінің 
жағдайларын  жария  ету  мүмкіндігін  қарастыру  және  судьяны  алқабилердің 
тәуелсіздігі  қағидатын  бұзғаны  үшін  жауапкершілікке  тарту  үшін  бұл  дәлелдер 
ұйғарынды деп танылуы мүмкін екенін анықтау ұсынылады. 
Алқабилердің  оларға  сот  тарапынан  жасалатын  қысым  туралы  өтініш  беру 
тетігінің,  осы  өтініштерді  қарау  және  судьяларды  бұндай  бұзушылықтар  үшін 
жауапкершілікке  тарту  процедурасының  болмауы,  сөзсіз,  азаматтардың  бұл 
институтқа деген сенім деңгейіне кері әсер етеді, асыра пайдаланушылық, жемқорлық 
және адам құқықтарын бұзушылық тәуекелін арттырады. 
Осыған  байланысты,  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігінің  жанындағы  «Адами 
өлшем  бойынша  диалогтық  алаң»  консультативтік-кеңестік  орган  мүшелері  сот 
моделін аралас модельден классикалық модельге өзгерту арқылы алқабилер сотының 
шешім қабылдау тәуелсіздігін күшейту туралы ұсыныстарға бастамашылық етті.  
Жемқорлық және судьяларға қысым жасау фактілері
Қазіргі  уақытта  заманауи  сот  жүйесін  құруға  және  әділ  сот  тиімділігін 
арттыруға  бағытталған  кең  ауқымды  түрленулер  байқалады.  Әділ  сотқа 
қолжетімділікті  жеңілдету,  татуластық  әділ  сот  саласын  кеңейту  бойынша  пилоттық 
жобаларды  жүзеге  асыру,  ақпараттық  жүйелерді  құру  және  оларды  жетілдіру 
азаматтардың оң реакцияларына лайық болды.  
Сонымен  бірге,  жемқорлық,  жекелеген  судьялардың  заңды  бұзуы  фактілері 
қоғамда жалпы барлық сот жүйесіне деген сенімсіздікті тудырады.  
Осылайша,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланған  Ақтөбе  облыстық 
соты  судьялар  тобының  сот  төрағасы  М.Әкетайдің  сот  этикасын  жүйелі  бұзуы, 
судьяларға заңсыз қысым жасауы фактілері бойынша үндеуі кең резонанс тудырды.
26
 
Сот жүйесін реформалау процесінде судьялар  корпусын іріктеу жүйесін және 
қатаң заң бұзушылықтар жіберген судьяларды лауазымынан босату тәртібін өзгертуді 
қарастыру,  судьялардың  қылмыстық  тергеу  органдары  қызметкерлерімен  процестен 
тыс  байланысу  фактілерін  жою,  шешім  қабылдағанда  судьялардың  тәуелсіздік  және 
бейтараптық қағидатын сақтау маңызды болып табылады. 
Аталған  мәселелер  қазіргі  уақытта  ҚР  Парламент  Мәжілісінде  қарастырылып 
жатқан  «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  және  судьялар  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасында көрініс табады деп ойлаймыз. 
                                                             
 
 


136 
 
Азаматтардың  соттың  істі  әділ  қарауына  құқықтарын  қамтамасыз  ету 
қазақстандық  қоғам  мен  мемлекетті  ілгерілетудің  және  дамытудың  маңызды 
индикаторы  болып  табылады,  бұл  Елбасы  бағдарламалық  құжаттарда  ұзақ  мерзімді 
перспективада  қойған  міндеттерді  жүзеге  асыру  жағдайында  осы  процесті 
стратегиялық етеді. 
Қабылданған  сот  шешімдерінің  негіздемелеріне  қарсылық  білдірмей,  әділ  сот 
процесіне  араласу  мақсатын  көздемей,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
19.09.2002ж. №947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы 
Ережелердің  25-тармағын  басшылыққа  ала  отырып,  Сізден  осы  үндеуде  аталған 
ақпаратты қарастыруды сұраймын.  
Құрметпен, 
Қазақстан Республикасындағы  
Адам құқықтары жөніндегі Уәкл   
 
 
 
          А. Шәкіров 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Бас Прокуроры 
Қ.П. Қожамжаровқа 
 
Құрметті Қайрат Пернешұлы! 
 
2018  жылғы  1  наурызда  мен  Денсаулық  сақтау  министріне  тегін 
медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  халықтың  дәрі-
дәрмектермен  жеткілікті  және  уақтылы  қамсыздандырылмауына  байланысты 
қажетті шараларды қабылдау туралы хат жолдадым. 
Ағымдық  жылғы  28  наурызда  Денсаулық  сақтау  министрі  «Время» 
газетіне берген сұхбатында бүгінгі күні мемлекет пациенттерге беруге міндетті 
дәрі-дәрмектердің 95% атауы сатып алынды деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты осы 
мекеменің  өкілдері  сондай-ақ  ағымдық  жылғы  29  наурызда  Орталық 
коммуникациялар орталығында өткен баспасөз-конференциясында да айтты.  
Мәлім  болғандай,  аз  тиімді  және  мемлекет  үшін  шығынды 
диспансеризациядан  қашықтықтан  диагностикалауды,  сондай-ақ  дәріханалар 
мен  емханаларды  дәрі-дәрмектермен  үздіксіз  жабдықтауды  қарастыратын 
амбулаторлық емдеуді қолданумен негізгі созылмалы ауруларды басқаруға өту 
денсаулық сақтау реформасы бағыттарының бірі болып табылады. 
Сонымен бірге, азаматтардың саны артып жатқан шағымдары, сондай-ақ 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялымдардың  үздіксіз  ағыны  жоғарыда 
аталған мәселе әлі күнге дейін шешімін таппағанын дәлелдейді.  
Қалыптасқан  жағдайда,  ауыр  сырқатты  амбулаториялық  пациенттерді 
өмір үшін маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз  ету елемейтін мәселе болып 
табылады.  
Аталмыш  дәрілік  заттарды  жеткізумен  іркілістереліміздің  басым 
өңірлерінде байқалады.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау