Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет59/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83

140 
 
Осылайша, дәрілер жетіспеушілігінің туындауы жеткіліксіз қаржыландыру, 
өңірлік емханалардың деректер қорында сенімді ақпараттың болмауы, денсаулық 
сақтау  басқармалары  органдарының  тарапынан  бақылаудың  болмауы  және 
сәйкесінше АДҚ қажеттілігін бұрыс жоспарлау себебінен болады.  
Бүгінгі  күні  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі 
шеңберінде 
Бірыңғай 
дистрибьютор191,7млрд. 
астам 
теңге 
сомасына 
немесеберілген қажеттіліктен  90% 2018 жылға амбулаторлық және стационарлық 
қамтамасыз  ету  үшін  дәрілерді  сатып  алды,  соның  ішінде  75%  астам  дәрілік 
заттар  өңірлерге  жеткізілді.  Сатып  алынған  көлемнің  негізгі  бөлігі  ағымдық 
жылғы ақпанда-ақ жеткізілді.  
Дәрі-дәрмектермен  сапалы  әрі  уақтылы  қамсыздандыру  мақсатымен  2019 
жылға  арналған  БД  Тізімін  қалыптастыру  бойынша  жұмыс  басталды,  бұл 
дәрілерді  және  медициналық  нысаналы  бұйымдарды  2018  жылғы  қыркүйектің 
соңына  дейін  сатып  алуға  мүмкіндік  береді.  Қарашада  дәрілер  БД  қоймаларына 
жөнелтіліп,  2019  жылғы  1  қаңтардан  бастап  халыққа  ары  қарай  беру  үшін 
жеткізіледі. 
Денсаулық  сақтау  министрлігі  онлайн-режимде  дәрілік  қамсыздандыру 
бойынша  жағдайды    бақылайды  (дәрілік  қамсыздандыру  ақпараттық  жүйелері  – 
ДҚАЖ,  БФАЖ,  әлеуметтік  желілер,  электрондық  пошта,  Денсаулық  сақтау 
министрлігінің интернет-ресурстары, жедел желі телефондары). 
Сондай-ақ  2018  жылдың  соңына  дейін  емханалардың  медициналық 
ақпараттық жүйелерін қолда бар дәрілік қамсыздандыру ақпараттық жүйелерімен, 
пациенттерді  тіркеушілермен  және  СК-Фармация  Бірыңғай  фармацевтикалық 
ақпараттық  жүйесімен    интеграциялауды  аяқтау  жоспарланып  жатыр,  бұл 
диспансерлік  сырқаттарға  толыққанды  есеп  жүргізуге,  электрондық  форматта 
шипашағын жазумен 100% қамтуға және онлайн режимде қалдық дәрілерге  есеп 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Сонымен  қатар,  Кодекстің  9-бабына  сәйкес  облыстар,  республикалық 
маңызы бар қалалар және астана жергілікті уәкілетті органдары дәрілік заттарды, 
мамандандырылған дәрілік өнімдерді, медициналық нысаналы бұйымдарды тегін 
амбулаторлық  емдеу  кезінде  және  жеңілдікпен  азаматтардың  жекелеген 
санаттарына қосымша беру туралы шешім қабылдай алатынын атап өткен жөн. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  30  қазандағы  №1729 
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік 
медициналық  сақтандыру  жүйесіндегі  медициналық  көмекті  көрсету  бойынша 
дәрілік  заттарды,  профилактикалық  (иммундық-биологиялық,  диагностикалық, 
дезинфекциялық)  препараттарды,  медициналық  мақсаттағы  бұйымдар  мен 
медициналық  техниканы,  фармацевтикалық  қызметтер  көрсетуді  сатып  алуды 
ұйымдастыру  және  өткізу  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қаулысына  сәйкес 
бюджеттік қаражатты және (немесе) қордың активтері оңтайлы әрі тиімді жұмсау 
мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана жергілікті 
мемлекеттік  денсаулық  сақтау  басқарма  органдары,  мекемелік  құрылымдық 
бөлімшелері  (ұйымдар)  медициналық  ұйымдар  берген  тегін  медициналық 
көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 


141 
 
жүйесінде  медициналық  көмекті  көрсетуге  арналған  дәрілік  заттар  мен 
медициналық нысаналы бұйымдар көлеміне мониторинг жасайды.   
Осыған  байланысты,  Министрлік  облыстар,  республикалық  маңызы  бар 
қалалар  және  астана  барлық  әкімдеріне  Денсаулық  сақтау  басқармасының  әрбір 
басшына  нақты  әрі  өзекті  қажеттілікті  ұсынуына  дербес  жауапкершілікті  жүктеу 
туралы жеке хаттар жолданды. 
 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым 
министрі  
Е.К.Сағадиевке  
 
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы! 
 
2018  жылдың  5  қазанында  Елдің  Президенті  өзінің  Қазақстан  халқына 
жыл  сайынғы  Жолдауында  баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуында  мектепке 
дейінгі  кезеңнің  маңыздылығын  атап  өтіп,  олардың  дамуына,  балаларға 
арналған  мекемелерде  олардың  қауіпсіздігі  мен  мазмұнды  тәрбиелеуін 
қамтамасыз етуге ерекше назарын аударды. 
Мемлекет  басшысы  дәл  бір  жыл  бұрын  Парламент  палаталарының 
бірлескен  отырысы  кезінде  әлеуметтік  саладағы  мемлекеттік-жеке  меншік 
әріптестік  шеңберінде,  мектепке  дейінгі  үйлер  желісін,  соның  ішінде 
ұйымдардың  көп  пәтерлі  үйлерде  орынжайлардың  құрылысы  мен 
орынжайларды бөлу арқылы кеңейтуге шақырды. 
Ресми  мәліметке  сәйкес,  аталмыш  салада  шағын  және  орта  бизнесті 
дамыту  үшін  қалыптасқан  тиімді  жағдайлар  жеке  балабақшалар  санын 
көбейтуге  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  2,5  есе  көбірек  орынмен 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  берді.  Бүгінгі  күні  3-6  жастағы  балалардың  95  % 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқумен қамтылған. 
Сонымен  қатар,  жоғарыда  көрсетілген,  бірінші  кезекте,  жеке 
балабақшалардың қызмет етуін талдау Мемлекет басшысының балабақшаларға 
қойылатын  талаптарға  жеткілікті  деңгейде  сәйкес  келмеуіне  қатысты 
алаңдатушығын растайды. 
Ең  алдымен  балаларға  арналған  алаңшалар  мен  серуендеуге  арналған 
орындардың  жоқтығы,  немесе  олардың  қауіпсіздік  ережелерін  ескерілмей 
орнатылуы жиі кездесетіні өзіне назар аударады. 
Тәрбиеленушілердің  денсаулығын  сақтау  мәселесі  де  өте  маңызды. 
Мәселен, Ақмола облысының Шортанды аулында балабақшаның тәрбиешісінде 
ашық нысандағы туберкулез белгілері ашылды.  
Мектепке дейінгі мекемелер персоналының олардың тәрбиеленушілеріне 
қатысты  қатігез  қарым-қатынасына  қатысты  жиілеп  кеткен  оқиғалары  ерекше 
алаңдатушылықты  тудыруда,  ол  жайлы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
әлеуметтік  желілерде  видеомен  расталған  басылымдар,  сондай-ақ  Адам 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау