Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет55/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83

131 
 
Осылайша,  2017  жылғы  1  желтоқсаннан  2018  жылғы  1  желтоқсанға  дейінгі 
кезеңде  Уәкілге  сот  шешімдерімен  келіспеу  туралы  329  өтініш  түсті,  бұл  тіркелген 
өтініштердің  жалпы  санынан  26%-ды  құрайды.  226  шағым  сот  ісінің  қылмыстық 
нысанына тиесілі, 91 – азаматтық, 12 – әкімшілік. 
Өтініштердің  басым  бөлігі  Астана,  Алматы  қалаларынан,  Қарағанды  және 
Қостанай облыстарынан түсті.
 
Алдыңғы  жылдарда  сияқты,  өтініштердің  негізгі  бөлігін  азаматтардың,  соның 
ішінде  сотталғандардың,  қылмыстық  істер  бойынша  үкімдермен  келіспеуі,  тергеу 
және  сот  процестері  барысында  қылмыстық-процестік  нормаларды  бұзу  туралы 
шағымдары құрайды. 
Азаматтардың 
өтініштерін 
және 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
материалдарын  талдау  қылмыстық  жауапкершілікке  негізсіз  тарту  мәселесін 
көрсетті. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  азаматтарды  қылмыстық  қудалау  орбитасына  негізсіз 
тартудың  негізгі  себебі,  біздің  пікірімізше,  сотқа  дейінгі  іс  жүргізу  кезеңінде  заңды 
және  процестік  нормаларды  бұзу  болып  табылады.Сірә,  бұл  бұзушылықтарға  сотты 
бақылау өкілеттігі берілген тергеу судьялары уақтылы баға бермеген шығар.   
Өтініш берушілер өз өтініштерінде үкімнің негізіне, әдетте, қылмыстық тергеу 
органының  айыптау  актісі  алынады;  сот  тәуелсіз  сараптама  қорытындыларын  іс 
материалдарына қосу туралы өтініштерді қабылдамайды; тергеу барысында процестік 
бұзушылықтар  назарға  алынбайды;  кінәнің  жанама  дәлелдері  ұйғарынды  болып 
танылады деп жиі айтады.  
ҚР  Бас  прокуратурасының  деректері  бойынша,  2018  жылы  апелляциялық 
инстанцияларда  өзгертілген  және  жойылған  сот  актілерінің  саны  1,5  есе  артты. 
Прокуратура органдарының наразылығы бойынша кассациялық инстанция 200 астам 
сотталғанның жағдайын жақсартты  (соның ішінде 12 адам толық ақталды, ішінара – 
19,  қалғандарына  жазасын  өтеу  мерзімдеріазайтылды,  күтіп-бағу  режимдері 
өзгертілді).
21
 
Осыған  байланысты  ҚР  Жоғарғы  Соты  судьяларының  кеңейтілген  мәжілісінде 
2017  жылғы  жұмыстың  қорытындылары  бойынша  сот  ісінде  жарыспалылық 
қағидатын  дамыту  және  сот  процесінде  айыптау  бағыты  тәжірибесінен  кету 
міндеттерінің қойылғанын атап өткен жөн. 
Кінәсіздік презумпциясы қағидатын бұзу. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесіне  З.Адееваның  ұлы  Р.Адеевтің 
мүддесінде  өтініші  түсті.  Астана  қаласы  Қылмыстық  істер  жөніндегі 
мамандандырылған 
ауданаралық 
соттың 
03.04.2018ж.үкімімен 
Р.Адеевтің 
М.Нұрпейісовтың өміріне қастандық жасау фактісі дәлелді деп танылды.  
Бұл кезекте, өтініш беруші атағандай, сот жеке өзі болған ұлын тану хаттамасы 
емес,  30  жыл  бұрын  түсірілген  фотокарточка  бойынша  тану  хаттамасы  ұйғарынды 
дәлел  ретінді  қабылдады.  Заттай  дәлелдерді,  атап  айтқанда,  қудалау  органы  қылмыс 
құралын  таппады,  соның  салдарынан,  қорғау  тарабы  атап  өткендей,  соттың 
қорытындылары  тек  анық  емес  мәліметтерге  және  куәгерлердің  ұйғарынсыз 
түсініктемелеріне ғана негізделді.   
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеттің № 32 Жалпы тәртіп ескертулерінің 
30-тармағына сәйкес адам құқықтарын қорғау үшін  негіз қалаушы мәнге ие болатын 
кінәсіздік презумпциясыайыпты дәлелдеу міндетін артады;кінә ешбір күмәнсіз толық 
                                                             
 


132 
 
дәлелденбегенше  ешқандай  айыптың  тағылмауына  кепілдік  береді;  күмәнді 
айыпталушының пайдасына қарай түсіндірілуін қамтамасыз етеді. 
Көрінеу кінәсізді қылмыстық жауапкершілікке тарту. 
Омбудсменге  Қазақстандық  адам  құқықтары  және  заңдылықты  сақтау 
жөніндегі халықаралық бюродан сотталған Р.Инаятұлы мүддесінде өтініш түсті. 
Жамбыл облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 
соттың  30.09.2015ж.  үкімімен  тұлғалар  тобы  алдын  ала  келісім  бойынша  Қырғыз 
Республикасының  азаматы  Биримкуловтың  мүлкін  иелену  айыбымен  Инаятұлы, 
Байғазиев,Құралбаев және Абдраимов кінәлі деп танылды. 
Аталған  тұлғаларды  қорғауда  азаматтардан  көптеген  ұжымдық  өтініштердің 
түсуіне  байланысты  2016  жылы  ҚР  Бас  прокуратурасы  мекеме  аралық  тергеу-жедел 
тобын құрды, ол істі сотқа дейігі тергеу кезеңінде және соттың істі қарауы барысында 
қорғау  тарабының  дәлелдері  толық  зерттеп  қаралмағанын  анықтады.  Қылмыстық 
қудалау  органдарында  жәбірленушінің  кейін  бас  тартылған  айғақтарынан  басқа 
жоғарыда аталған тұлғалардың тонау кінәсін растайтын дәлелдері болмады.  
Қазіргі  уақытта  Биримкуловқа  қатысты  көрінеу  жалған  айғақтар  беру  фактісі 
қосымша  сотқа  дейінгі  тергеу  жүргізіліп  жатыр,  бұл  кезекте,оны  тергеу 
хаттамаларына сәйкес, Инаятұлы, Құралбаев және Абдраимовтың жасалған қылмысқа 
қатысы  жоғы  дәлелденеді.  Сонымен  бірге,  соңғылары  оларға  қатысты  шығарылған 
үкімнің  негіздемесіне  күмән  келтіретін  жағдайларды  мәні  бойынша  қарау 
мүмкіндігісіз үш жыл бойы жазасын өтеп жатыр. 
Жекелеген  өтініштерде  азаматтар  істі  қарау  кезінде  судьялардың 
бейтараптығына және тәуелсіздігіне күмәнданады, жергілікті атқарушы органдардың 
тарапынан қысым жасау туралы мәлімдейді. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  орталыққа  Риддер  қаласы  білім  бөлімінің 
бұрынғы есепшісі А.Баянбаева сот үкімімен келіспеу туралы өтінішпен жүгінді. 
Өтініште  білім  бөлімінің  басшысы  Д.  Ильясов  бағынышты  адамдарға  заңсыз 
қысым жасап, конкурстық іріктеу нәтижелерін бұрмалағанын мәлімделді.  
Жоспардан  тыс  өткізілген  тексерістің  барысында  Д.Ильясовтың  еңбек 
заңнамасы  талаптарын  бұзу  фактісі  расталды,  осыған  байланысты  ҚР  Мемлекеттік 
қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Шығыс 
Қазақстан  бойынша  Департаментіне  кінәлі  тұлғалардың  жауапкершілігі  мәселесін 
қоюмен  бұзушылықтарды  жою  туралы  ұсыныс  кіргізілді.  А.Баянбаеваныңөтінішінде 
Д.Ильясов Риддер қаласы әкім орынбасары Д.Дюсембаевтың жақын туысы бол тұра, 
ешқандай жазаға тартылмағаны аталды. 
Бұл  кезекте,  анықталған  қаржылық  бұзушылықтар  фактісі  бойынша  есепшіге 
қатысты  қылмыстық  іс  қозғалды.  Тергеу  нәтижелері  бойынша  Риддер  қалалық 
сотының  15.06.2018ж.  үкімімен  А.  Баянбаева  айлакерлікті  жасауда,  «Нұрбөбек» 
жекеменшік  балабақшасы  арқылы  білім  беру  қызметтерін  көрсететін  кәсіпкер 
З.Тотановадан пара алуда кінәлі болып танылды. 
Бұл  арада,  З.Тотанованың  түсініктемелеріне  сәйкес,  есепші  қылмыстық 
қызметке  қатысты  болмады,  өйткені  бюджеттік  қаражатты  ұрлау  сызбасын  Риддер 
қаласы  әкім  орынбасары  Д.Дюсембаев  әзірледі,  соның  салдарынан  З.Тотанова  ай 
сайын қаражаттың бір бөлігін беріп тұрды. 
Бірінші  және  апелляциялық  инстанция  соты  бұл  айғақты  назарға  алмады, 
сондай-ақ  Риддер  қаласының  әкім  орынбасарына  және  білім  бөлімінің  басшысына 
қатысты жеке үкімдер шығарылмады, өтініш берушінің айтуынша, олар қандай да бір 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау