17-бап. Мүгедектердi оңалту
1. Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
2. Мүгедектердi оңалту медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы негiзiнде айқындалатын мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы
Ескерту. 18-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы
1. Оңалтудың жеке бағдарламасы организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды.
2. Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын төлеуге мүгедектiң өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да қамтиды.
20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту
1. Мүгедектердi медициналық оңалту:
1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
2. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
3. Санаторий-курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен ұсынылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ Заңымен.
Мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |