Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы


-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту



жүктеу 57,02 Kb.
бет9/18
Дата20.01.2023
өлшемі57,02 Kb.
#40979
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
39 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаның бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаның бірінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ Заңымен.

4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.


Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ Заңымен.

4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін жылына алпыс сағатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды;


5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



жүктеу 57,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау