Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi



жүктеу 2,46 Mb.
бет6/9
Дата04.12.2017
өлшемі2,46 Mb.
#3130
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Ескерту. 5-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.23 № 1596 Қаулысымен.



      5.1. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстың негiзгi бағыттары
      Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
      1-бағыт. Тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту:
      ТШИ тарту үшiн жағдай жасау;
      Қазақстанның инвестициялық имиджiн жылжыту;
      шетелдiк инвесторлармен жүйелi жұмыс жасау;
      2-бағыт. АЭА мен ИА дамыту және құру:
      АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру;
      3-бағыт. Экспортты жылжыту:
      экспорттаушыларды сервистiк қолдау;
      экспорттаушыларды қаржылай қолдау.
      5.2. Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу құралдары мен тетiктерiнiң тiзбелерi
      1-бағыт. Тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту
      ТШИ тарту үшiн жағдай жасау (2010 – 2012 жылдар)
      Инвестициялық ресурстар үшiн өткiр бәсекелi күрес жағдайында Қазақстанда инвестициялар үшiн бәсекелес - көршi елдерге қарағанда анағұрлым тартымды болатын инвестициялық ахуал жасалуы тиiс.
      Осы Бағдарламаның шеңберiнде бизнес ахуалды жетiлдiру жөнiндегi Үкiмет өткiзетiн шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау бойынша iс-шаралар көзделетiн болады. Атап айтқанда, тұрақты негiзде қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау үшiн бәсекелес елдерде инвестициялар үшiн жағдайдың салыстырмалы мониторингi жүргiзiлетiн болады.
      Бұдан өзге, тiкелей инвестициялардың түсiмдерi бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткiзудi, осы бағдарламаға 1-қосымшада келтiрiлген, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жарты жылда бiр рет берiлетiн ақпаратты қамтамасыз ету қажет. Тiкелей шетелдiк инвестициялардың түсiмдерi бойынша индикаторлар ТШИ тарту саласындағы Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, орталық атқарушы органдардың және ұлттық компаниялардың (бақыланатын салалар аясында), жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысына объективтi бағалау жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
      Атап айтқанда, отандық және шетелдiк тiкелей инвестициялардың көлемi 2014 жылға қарай 2009 жылдың көрсеткiшiне қарағанда кем дегенде 15%-ға өсуi тиiс. Аталған көрсеткiшке қол жеткiзу үшiн 2011 – 2014 жылдары инвестициялардың жыл сайынғы өсу қарқыны кемiнде 4% деңгейде ұстануы тиiс.
      Қызметiн экономикалық қызметтiң басым түрлерiнде жүзеге асыратын инвесторлар үшiн базалық ынталандыру пакетi.
      Ынталандырудың осы түрi Қазақстанның, оның iшiнде шетелдiң қатысуымен, өз режимi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтарды қоспағанда, Қазақстан аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын барлық резиденттерi үшiн қолданылатын болады.
      Қазiргi уақытта базалық ынталандыру пакетi инвесторларға арналған мынадай кепiлдiктер мен преференцияларды қамтиды:
      1) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес кедендiк баж салықтарын төлеуден босату;
      2) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк заттай гранттар;
      3) Салық кодексiне сәйкес салық преференциялары.
      Сонымен бiрге, бұдан әрi инвестицияларды ынталандыру, заңнаманың тұрақтылығы мәселелерi, сондай-ақ барынша маңызды инвестициялық жобалар үшiн қосымша шаралар (Арнайы режим) бойынша әлемдiк тәжiрибенi зерделеу көзделуде.
      Әдетте, ғылыми және технологиялық жобалар шикiзатты өндiру жобаларымен салыстырғанда көп инвестициялық қатерлер әкеледi. Тиiсiнше, осындай жобаларға инвесторлар тарту үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық қатерлердi төмендету қажет.
      Осылайша, арнайы салықтық жеңiлдiктер арқылы стратегиялық жобалар үшiн өндiрiстердiң Қазақстан үшiн жаңа түрлерiн құратын және/немесе кеңейтетiн және кейiнмен жоғары қайта бөлулер үшiн технологиялық мүмкiндiктер ашатын жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру қажет.
      Инвестициялық стратегиялық жобалар «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген қызметтiң басым түрлерiне сәйкес келуi және сонымен бiр мезгiлде өлшемдердiң бiрiне сәйкес келуi қажет:
      1) инвестициялардың көлемi 5 миллион АЕК-тан (51 млн. АҚШ долларына жуық) астам болуы қажет;
      2) «Индустриялық-инновациялық дамуды мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген жоғары технологиялық өнiмдер тiзбесiне сәйкес болу тиiс.
      Инвестициялық жобаны стратегиялық жобаға жатқызу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалатын болады және инвестордың кепiлдiк тапсырысын, өнеркәсiптiк жеңiлдiктердi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша преференциялар алуын көздейдi.
      Кепiлдiктi тапсырыспен қамтамасыз ету өнiмнiң өндiрiсiне болжанатын өткiзу нарығына кепiлдiк беру жолымен инвесторларға инвестициялық қатерлердi төмендету үшiн қажет.
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекеттiк органдармен, ұлттық компаниялармен және ұлттық холдингтермен кепiлдiк тапсырысын орналастыру мүмкiндiгi мәселесiн қарастыратын болады.
      Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен өңiрлердегi стратегиялық инвесторлар үшiн көрсетiлген жеңiлдiктерден басқа өнеркәсiптiк жеңiлдiктердi беру мүмкiндiгi қарастырылатын болады. Қазақстанның 44% жуық халқы ауылдық жерде өмiр сүредi. Ауылдық жерде жұмыспен қамту және жастардың қалаларға ағылуы мәселесi ерекше өткiр мәселе екенi белгiлi.
      Экономиканың шикiзаттық емес секторына инвестициялар тартуды өрiстету мақсатында әрбiр әлеуеттi iрi инвестормен жеке келiссөздер жүргiзiлетiн болады.
      Тiкелей шетелдiк инвестициялар тарту бойынша жеке тәсiлдi iске асыру мынадай iс-шаралар жүргiзудi қамтиды:
      1) мақсатты әлеуеттi инвесторларды, ең алдымен ТҰК арасынан iздестiру және айқындау;
      2) мыналарды қоса алғанда, әрбiр мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнiнде «жол карталарын» әзiрлеу және iске асыру;
      3) Қазақстанда бизнес ашуға және жүргiзуге байланысты қажеттi формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесудi;
      4) Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекшi компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;
      5) инвестициялық жобаны әзiрлеу сатысында да, оны iске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;
      6) инвестициялық қолдауды.
      Сондай-ақ ТШИ тарту үшiн маңызды шарт болып Қазақстандағы шетелдiк инвесторлардың шығуы және болуы қолайлылығына бағытталған, мыналарды қамтитын, шараларын енгiзу болып табылады:
      1) Бизнес-иммигранттар үшiн визаның жаңа санатын енгiзудi қоса алғанда, шетелдiк инвесторлар үшiн визалық режимнiң шарттарын оңайлату;
      2) Кедендiк және шекаралық қызметтердiң қызметiн жақсарту;
      3) Шетелдiктердiң Қазақстан аумағында болуы шарттарын жақсарту шараларын енгiзу ТШИ тарту үшiн маңызды шарт болып табылады.
      Шетелдiк инвесторлар үшiн визалық режимнiң жағдайларын оңайлату:
      Негiзгi инвестор елдерден келген инвесторлар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ЭЫДҰ елдерiмен визасыз режим енгiзу мүмкiндiгi қарастырылатын болады.
      Сондай-ақ, шетелдiк азаматтарға визалық қолдауды ресiмдеу шараларын салықтық берешектiң барлығы/жоқтығы туралы анықтама берудi жою жолымен оңайлату жоспарлануда. Көрсетiлген шаралардың қабылдануымен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi артады.
      Кедендiк және шекаралық қызметтердiң қызметiн жақсарту:
      Шетелдiк азаматтың жүгiнуiне жедел және дұрыс ықпал етудi, тiлдiк кедергiнi жоюды қамтамасыз ету үшiн кедендiк және шекаралық  қызметтердiң қызметкерлерiн базалық ағылшын тiлiн бiлуге үйрету жоспарланып отыр.
      Сондай-ақ, кедендiк және шекаралық қызметтер қызметкерлерiн шетелдiк азаматтарға қызмет көрсету мәдениетi бойынша оқыту тренингтерiн жүргiзу және iскерлiк этиканы сақтау бойынша инструктаж жүргiзу қамтамасыз етiлетiн болады.
      Шетелдiктердiң Қазақстан аумағында болуы жағдайларын жақсарту:
      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң болуын жеңiлдету үшiн шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ тұлғалардың төлқұжаттарын тiркеу жүзеге асырылатын қонақүйлердiң санын арттыру шараларын қабылдау, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-үдерiстерiн оңтайландыру жоспарлануда.
      Сондай-ақ, шетелдiктердiң қажеттi мекенжайды iздеуiмен байланысты қолайсыздықтарды болдырмау үшiн Қазақстанның елдi мекендерiн, орыс және ағылшын тiлдерiнде транслитерациясын көрсете отырып, мемлекеттiк тiлдегi физикалық-географиялық нысандардың (аудандар, көшелер, алаңдар), сондай-ақ қоғамдық инфрақұрылым нысандарының (вокзалдар, кiтапханалар, сауда орталықтары және т.б.) атаулары бар сiлтемелермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Бұдан өзге, анықтамалық қызметтерi мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде ақпарат берудi қамтамасыз ететiн болады.
      Сондай-ақ, қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын жетiлдiру мақсатында, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз қызмет саласы бойынша басшылардың, мамандардың және басқа да мекеме қызметкерлерiнiң лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын, кәсiптiк стандарттарды жасау жоспарланып отыр.
      Қазақстанның инвестициялық имиджiн жылжыту (2010 – 2014 жылдар)
      Имидждi жылжытуда тиiмдi коммуникациялық стратегия жасау екi негiзгi кезеңдi көздейдi:
      1. Инвестордың қабылдауын сәйкестендiру және имидждiк науқанның мақсаттарын анықтау.
      2. Жарнамалық құралдарды таңдау және әзiрлеу, бiрыңғай РR стратегиясын әзiрлеу.
      Негiзгi жарнамалық құралдар:
      1) инвесторлар үшiн бiрыңғай тұрақты жаңартылатын көп тiлдi ақпараттық интернет-портал;
      2) ақпараттық-талдау және тұсаукесер баспа материалдарын даярлау және тарату, соның iшiнде ақпараттық-сараптамалық анықтамалықтарды – Үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаға (ҮИИДМБ) сәйкес экономиканың басым секторлары бойынша инвесторлардың жолсiлтемелерiн шығару;
      3) шетелдiк жетекшi БАҚ-тарда тұрақты ақпараттық хабарламаларды, тақырыптық мақалалар мен жарияланымдарды, таныстыру бейнероликтердiң прокатын қамтитын Қазақстанның iлгерiндi инвестициялық имиджiн iлгерi жылжыту жөнiнде шетелдiк БАҚ-пен жоспарлы жұмыс. БАҚ-пен жұмыс барлық нысаналы аудиторияларға кешендi ақпараттық ықпалын қамтамасыз ете отырып, барлық мазмұнды бағыттар – саясат, экономика, туризм, мәдениет және тағы басқалары бойынша ұйымдастырылуы тиiс;
      4) халықаралық бизнес қоғамдастықта жария экономикалық және инвестициялық iс-шаралар - бизнес-форумдар, роуд-шоу, семинарлар, конференциялар, көрмелер өткiзу және белсендi iлгерiлету. Өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн рейтингтер беру жүйесiн құру қажет;
      5) халықаралық жария инвестициялық және экономикалық iс-шараларға белсендi қатысу;
      6) шетелде де, ел iшiнде де «КAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi» АҚ (бұдан әрi — «КAZNEX INVEST») — инвестиция тарту жөнiндегi ұлттық мамандандырылған компанияның қызметiн кеңiнен жариялау;
      7) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң келу елiндегi әлеуеттi инвесторлар қатысатын жоспарланып отырған iс-шаралар туралы хабарлап отыруы және Қазақстан туралы ақпараттық-таныстыру материалдарының iс-шаралары шеңберiнде оны тарату.
      Брендтеу жұмыстары (Қазақстанның және/немесе елдiң инвестициялық әлеуетiнiң және/немесе «KAZNEX INVEST» АҚ) бiрнеше бағыттарда жүргiзiлетiн болады:
      1) кейiннен 2012 – 2014 жылдары әлемдiк телеарналарда бейнероликтердiң және/немесе телебағдарламалардың циклдарын құра отырып 2011 жылы Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерi туралы бейнероликтердi әлемдiк телеарналарға (ВВС, CNN және басқалары сияқты) орналастыру;
      2) Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi туралы мақалаларды және жарнамалық модульдi орналастыру:
      нысаналы аудиторияны барынша қамти отырып әлемдiк мерзiмдi басылымдарда;
      мамандандырылған халықаралық салалық басылымдарда;
      халықаралық iрi әуе желiлерiнiң борттық журналдарында Қазақстан Республикасының бес жұлдызды қонақ үйлерiнде орналастыру;
      3) әуежайларда және басқа қоғамдық орындарда биллбордтарды орналастыру осы жұмыстағы жаңа құралдардың бiрi болады.
      Әлемдiк тәжiрибе елге ауқымды инвестицияларды тартудың түрлi әдiстерi бар екендiгiн көрсетедi. Мысалы, инвестицияларды тартуға жоғары деңгейлi шетелдiк бұрынғы ресми тұлғаларды «жалдау» тәжiрибесi қолданылады. Бұл – бұрынғы президенттер, премьер-министрлер, беделдi министрлер, iрi компаниялардың басшылардың, сондай-ақ ТҰК-тың бұрынғы саясаткерлерi мен басшыларының арасынан беделдi және танымал мүшелерi бар бейресми ұйымдар. Шартты түрде оларды «инвестициялық кеңесшiлер» деп атауға болады.
      Бұл адамдар әлемдiк қауымдастықта үлкен беделге ие және Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк iрi компанияларды тарту үдерiсiнде өзiндiк «кепiл» бола алады.
      Шетелдiк инвесторлармен жүйелi жұмыс жасау (2011 – 2014 жылдар)
      Шетелдiк инвесторлармен жүйелi жұмысты ұйымдастыру үшiн шетелдiк инвесторлар үшiн «алғашқы өтiнiш жасау терезесi» және «бiрыңғай консультант» қағидаты бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Инвестициялар комитетiн (Инвестициялар комитетi) шетелдiк инвесторлармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай үйлестiрушi орган ретiнде күшейту.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi инвесторлармен жүргiзiлетiн барлық жұмысқа тұрақты мониторинг жүргiзу үшiн осы жұмысқа тартылған барлық құрылымдардың инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат беруi қажет болады.
      Сондай-ақ жыл сайын 2011 – 2014 жылдар аралығында жоғарыда анықталған мақсатты елдерде «КAZNEX INVEST» АҚ-ның екi-үштен өкiлдiктерiн құру ұсынылады. Келешекте өкiлдiктердiң табысы расталған жағдайда, олардың желiсi, сондай-ақ штаты «КAZNEX INVEST» АҚ қызметкерлерiнiң негiзгi контингентi әлеуеттi инвесторлар орналасқан елдерде болуы үшiн (мысалы, Аustrade австралия агенттiгiнiң - штатының 80%, KOTRA корей агенттiгiнiң - штатының 70%) кеңейтiлетiн болады. Сондай-ақ, «КAZNEX INVEST» АҚ өкiлдiктерiнiң аталған агенттiктерiнiң мысалы бойынша экспортты жылжыту бойынша функциялар жүзеге асырылатын болады.
      Басым салаларда iрi инвестор компаниялардың белгiленген тiзiмi бойынша Инвесторлармен жұмыс кестесiн әзiрлеу қажет.
      Шетелдiк инвесторлармен жүйелi жұмыс жасау үшiн өнеркәсiптiң басым секторлары белгiленген болатын, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгi және инвестициялық тартымдылық негiзiнде және iрiктелген секторлар негiзiнде осы салаларға әлемдiк салымдардың мөлшерлерi бойынша 20 басым инвестор-елдер анықталды. Қазақстандағы бәсекелестiк саланы дамыту болашағын және компаниялардың стратегияларын талдау (20 iрiктелген елдiң iшiнен) негiзiнде әр салада Қазақстанға ТҰК тартудың шамамен алғандағы уақытша кезеңдер белгiлендi (2010 – 2014 жылдары 78 ТҰК және 2015 – 2020 жылдары 81 ТҰК).
      Компаниялардың жоғарыда көрсетiлген тiзiмi негiзiнде жауапты орындаушылар (Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi, ҮАК, iскерлiк кеңестер, орталық атқарушы органдар, мемлекеттiк холдингтер, ұлттық компаниялар, әкiмдiктер және олардың ведомствоға қарасты мекемелерi) өз құзыретi шегiнде Инвесторлармен жұмыс кестелерiн ұсынуы қажет, онда инвестор-компанияларды тарту бойынша нақты орындау мерзiмдерi бар iс-шаралар белгiленетiн болады. Жұмыстардың қосарлануын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен осы құжаттарды келiсу қажет.
      Инвестициялар iздеу және тарту мәселелерiнде үкiметаралық комиссиялардың (ҮАК) рөлi:
      1) оларды болашақ инвесторлар ретiнде тарту үшiн перспективалық елдермен сауда-экономикалық мәселелер бойынша ҮАК құру;
      2) ҮАК отырыстарында, инвестициялық қызметтi жүзеге асырумен және экспортты жылжытумен байланысты өзектi мәселелердi қарастыру;
      3) ҮАК жұмыс жоспарларын құру және Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсу;
      4) ҮАК сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есептердi Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жолдау;
      5) басым салалардағы iрi инвестор-компанияларды ҮАК құрамына тарту жұмыстарын жүргiзу жолымен күшейтiлетiн болады.
      Аталған мәселелер бойынша үйлестiрушi орган Инвестиция комитетi болады. Тиiстi елден тартылған инвестицияның нақты көлемiнен көрiнетiн, осы бағдарламаға 1-қосымшада келтiрiлген мақсатты индикаторларға қол жеткiзу ҮАК қазақстандық бөлiгi жұмысының көрсеткiшi болады. Жұмыстың нәтижесiн бағалау бойынша ұқсас тәсiл Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелердiң қызметiне де қолданылатын болады.
      ҮАК-тың қазақстандық тарапынан тең төрағалары Инвестицияларды тартуда мақсатты көрсеткiштердiң жетiстiктерi бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдауы қажет. Қазақстан Республикасының елшiлерi шетелде 2014 жылдары 15% төмен емес тiкелей шетелдiк инвестициялардың көлемiн ұлғайтуда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және өкiлеттi органдарына қажеттi жәрдем көрсетедi.
      Сондай-ақ ТШИ тартуда iскерлiк кеңестер маңызды рөл атқарады, соған байланысты, мына мәселелерiн қоса алғанда, ТШИ тарту саласында iскерлiк кеңестер қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi қарастырылатын болады:
      1) iскерлiк кеңестердiң қызметiн үлгiлiк ережемен регламенттеу;
      2) iскерлiк кеңестердi басқару органдарын құру, «Атамекен» одағы» ҰЭП» ЗТБ жанынан iскерлiк кеңестердi жалпы үйлестiру бойынша консультациялық кеңес құру;
      3) ҮАК құрамында қазақстандық iскерлiк кеңестердiң тең төрағаларының қатысуы мәселелерiн қоса алғанда, ТШИ тарту саласында iскерлiк кеңестер қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi қарастырылатын болады.
      Бұдан өзге, Қазақстанның салалық тауашаларына түбегейлi талдау жүргiзу бойынша қажеттi шаралар қабылдау және қаржыландыруды қажет ететiн инвестициялық жобаларды анықтау қажет.
      Түбегейлi талдауды қорытындылаудың маңызы нақты инвестициялық өнiмдi құрудан, яғни тауар жасаудан көрiнедi. Салалық тауашаларды түбегейлi талдау оларды әрi қарай әзiрлеу және жылжыту (жарнама) үшiн барынша қызықты және перспективалы жобалардың тiзбесiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
      ТШИ тарту мақсатында және Қазақстанның инвестициялық әлеуетi мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне инвестициялық жобалар туралы аса сапалы және толық ақпаратты ұсыну үшiн әлеуеттi шетелдiк инвесторларында кеңейтiлген тiзбе, сондай-ақ қызықты жобалар туралы, әсiресе елдiң өңiрлерiндегi, қажеттi ақпарат болуы қажет.
      Жергiлiктi басқарудың барлық өңiрлiк органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн шетелдiктерге әлеуеттi қызықты жобалардың барлығы туралы хабардар етуi және сұратуына қарай толық ақпарат (яғни топталған өнiм) беруi қажет.
      Инвестормен жұмыс жасаудың маңызды сәтi оны Қазақстанның өңiрлерiнде сүйемелдеу болып табылады. Өңiрлерде шетелдiк инвесторлармен тiкелей жұмысты жергiлiктi атқару органдары жүргiзетiн болады. Бұл үшiн әрбiр өңiрде Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары (ИҚО) құрылатын болады. ИҚО инвесторларға жедел қызмет көрсетуге арналған фронт-офистерге айналады және клиентпен тiкелей қарым-қатынасты жүзеге асыратын болады: бастапқы құжаттарды, қажеттi контактыларды және жобаны жылжытуды бастауға арналған басқа ақпаратты алу, сондай-ақ жер-жердегi шетелдiк инвесторлардың жүгiнуiне жедел әрi дұрыс ықпал етудi қамтамасыз етедi, әрi шын мәнiнде «KAZNEX INVEST» АҚ өңiрлiк өкiлдiктерi ретiнде жүредi.
      Сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi жанындағы инвестициялық ахуал бойынша үйлестiру кеңестерiн құрудың орындылығы қарастырылатын болады. Инвесторлардың өзектi мәселелерiн, соның iшiнде мемлекеттiк және билiк құрылымдарымен, шешу Үйлестiру кеңестерiнiң басты мақсатына айналады.
      Қазақстан Республикасында инвестициялардың барлық аспектiлерi бойынша сапалы және жүйелi жаңартылып отыратын ақпарат беру мақсатында, 2010 жылы Қазақстан Республикасының 12 тiлдегi ұлттық инвестициялық веб-сайты www.invest.gov.kz жасалды.
      Жасалған веб-сайт ақпарат iздеудiң негiзгi құралы ретiнде интернеттi пайдаланатын шетелдiк азаматтар үшiн инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпараттың алғашқы көзi және Қазақстан Республикасының имиджiн қалыптастырудың құралы болмақ.
      Ұлттық инвестициялық веб-сайтта Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi, Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы, ҮИИДМБ шеңберiнде елдiң экономикасына инвестициялар тарту туралы, елде бизнес жүргiзудiң ерекшелiктерi туралы, қазақстандық бастамашылардың инвестициялық жобалары туралы ақпарат, мемлекеттiк органдардың байланыс ақпараты, Қазақстанның аумағындағы инвесторлардың жұмысын жеңiлдететiн анықтамалық ақпарат және т.б. болады. Осылайша, ұлттық инвестициялық веб-сайт республикаға инвестиция тартумен байланысты ұйымдастырушылық үдерiстердiң ашықтығын қамтамасыз етуге, шетелдiк инвесторлармен өзара iс-қимыл бойынша жұмысты жүйелеуге және оңайлатуға, инвестордың шығындарын төмендетуге, сондай-ақ Қазақстанға инвестиция тартуды қосымша ынталандыруға мүмкiндiк бередi.
      Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн барлық мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар ұлттық инвестициялық веб-сайттың тарауларын тұрақты жаңарту үшiн сапалы және өзектi ақпарат берiлуiн қамтамасыз етуi қажет.
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi инвесторлармен жүргiзiлiп жатқан жұмыстың тұрақты мониторингiн жүргiзетiн болады, осыған байланысты бұл жұмысқа тартылған барлық құрылымдар www.baseinvest.kz Шетелдiк инвесторлардың және инвестициялық жобалардың деректер қорына ақпарат енгiзу жолымен шетелдiк инвесторлар қол жеткiзген уағдаластықтар және жоспарланып отырған, әрi өткiзiлген кездесулер туралы Министрлiктi хабардар етiп отыруы тиiс.
      Инвестициялық жобалардың және шетелдiк инвесторлардың деректер қоры Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды көрсететiн, сондай-ақ алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар негiзiнде, Қазақстан Республикасының аумағындағы әлеуеттi және жұмыс iстейтiн инвесторлар туралы ақпаратқа қол жеткiзудi ұйымдастыру үшiн құрылымдалған онлайн ресурс болады.
      Барлық мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар дерекқорының өз құзыретi шегiнде уақытылы және сапалы толықтырылуын қамтамасыз етуi қажет.
      Осыған байланысты жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдар үшiн дерекқорын толықтыру бойынша оқыту семинарлары өткiзiлетiн болады.
      Инвестициялық жобалардың дерекқорындағы ақпарат 12 тiлде орналастырылған: қазақ, орыс, ағылшын, немiс, француз, кәрiс, жапон, итальян, испан, түрiк, араб, қытай.
      Қазақстанда инвестициялық омбудсмен ретiнде Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, инвесторлардың ағымдағы қызметi, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет үшiн қолайлы жағдай жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұлттық холдингтердiң қызметтерiн үйлестiру және бақылау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болатын Инвестиция жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құру ұсынылады.
      2-бағыт. АЭА мен ИА дамыту және құру: АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру (2011 – 2012 жылдар)
      Қазақстанның аумағында АЭА санын арттыру қажет. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген АЭА құру шарасына сәйкес Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарына АЭА-ны құру мүмкiндiгiн қарастыру ұсынылып отыр.
      Бұдан өзге, индустриялық аймақтардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт жасау қажет. Индустриялдық аймақтарды құру, жұмыс iстеу және тарату тәртiбi мен индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттiк қолдаудың ықтимал шаралары осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеу шеңберiнде көзделетiн болады.
      3-бағыт. Экспорттаушыларды сервистiк қолдау (2010 – 2014 жылдар)
      Экономиканың жетi басым салаларына - жоғары өңдеуден өткен металлургия, химия және мұнай-газ-химия, жеңiл, фармацевтика және медицина өнеркәсiптерi, машина жасау, агроөнеркәсiп кешенi, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндiрiсi сай келетiн өңделген тауарларды, қызметтердi жұмыс iстеп тұрған және әлеуеттi экспорттаушы кәсiпорындар экспорттаушыларды сервистiк қолдауға қатысушылар болады.
      Тұрақты негiзде отандық өңделген тауарларды, қызметтердi сыртқы нарыққа экспорттауды жылжытуға бағытталған iс-шаралар өткiзiлетiн болады, соның iшiнде:
      Шетелдерде сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу;
      «Сатушылар мен Сатып алушылардың кездесулерiн» өткiзу;
      Отандық тауарлық белгiлердi сыртқы нарыққа жылжыту;
      «Қазақстанның экспорттық өнiмi» анықтамалығын шығару және тарату;
      Кәсiпорындардың шетелдiк салалық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;
      Қазақстандық өндiрушiлердiң бiрыңғай ұлттық стендi форматындағы халықаралық көрмелерде экспорттық әлеуеттi көрсету;
      Электрондық сауда алаңқайлары арқылы шетелдiк нарықтарға қазақстандық өнiмдердi жылжыту;
      Салалық (зондтық) брендтердi iлгерiлету;
      Шетелде қазақстандық экспорттық өнiмдердi әлеуеттi сатып алушыларды iздеу;
      «Қазақстандық өнiмдi сатып ал» акцияларын өткiзу;
      Шетелде Қазақстандық бизнестiң сауда үйлерi желiсiн құру.
      Қазақстандық кәсiпорындардың экспорттық әлеуетiн жүйелi дамыту мақсатында экспортқа бағдарланған кәсiпорындарды қолдаудың мынадай шаралары көзделетiн болады:
      Экспорттық қызмет мәселелерi бойынша кәсiпорындардың мамандары үшiн оқыту тренингтерiн өткiзу;
      Арнайы әдебиеттi шығару және тарату: «Шет елдерi бойынша экспорттың жолсiлтемесi»; «Экспорттаушыға көмек» нұсқамалық материалдары»; «Оңтайлы экспорттық бағдарларды анықтау бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар»;
      Қазақстандық кәсiпорындардың экспорттық дайындығына бағалау жүргiзу;
      Отандық өнiмдердi сыртқы нарыққа жылжыту бойынша стратегиялық маркетингтiк жоспарлар жасау.
      «Қазақстан экспортының тауарлық және географиялық әртараптануының деңгейiн бағалау мақсатында 2 жылда 1 рет, мүдделi тараптар арасында талдау нәтижелерiн тарата отырып, әлемдiк тауарлық нарықтардың даму қарқынына, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда ахуалына талдау (Trade Performance Index) жүргiзiлетiн болады.
      Бәсекелестiк ұстанымдарды талдау және қазақстандық экспорттың тауарлық ұстанымдарына тұтынушылық трендтi өзгерту мақсатында, әлем елдерiнiң және өңiрлiк экономикалық бiрлестiктердiң нарықтарына шолу (елдер бойынша шолу) жүргiзiлетiн болады.
      Қазақстандық экспорттаушыларды жаңа әлеуеттi өткiзу нарықтары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн нақты тауарлар бойынша тартымды нарықтар, бәсекелi басымдықтар, қол жеткiзу шарттары және экспортқа шығу үшiн басқа да әлеуеттi мүмкiндiктер туралы ақпаратты қамтитын ауқымсыз нысаналы талдаулар (бриф-талдаулар) өткiзiлетiн болады.
      Өңделген экспорттың нақты көлемiн бағалау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестиция комитетiнiң сыртқы сауда қызметiнiң мәселелерi бойынша ақпараттық өзара iс-қимыл тәртiбi әзiрленiп, қабылданатын болады.
      «Экспорттық бағдарлылық» идеологиясын қалыптастыру үшiн жеке және мемлекеттiк секторларды тарта отырып, экспортқа бағыттау насихаты жүргiзiлетiн болады.
      Экспорттаушыларға мақсатты нарықтардағы дистрибуция арналарына қол жеткiзуге жәрдемдесу. Экспорттаушыларға мақсатты нарықтардағы дистрибуция арналарына қол жеткiзуге жәрдемдесу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелердiң ресурстарын пайдалану есебiнен халықаралық желi, сауда өкiлдiктерiн, құрметтi консулдар институтын құру;
      2) экспорттық ораманы дамыту үшiн әлемнiң үздiк тәжiрибесiнiң үлгiсiнде экспортты қолдау жүйесiнiң басты элементтерiнiң бiрi ретiнде мамандандырылған ұйымдар құру көзделiп отыр.
      Елде қазақстандық өндiрушiлерге тiкелей кешендi жәрдемдесу мақсатында, 2010 – 2014 жылдары Экспортты дамыту және жылжыту жөнiндегi ұлттық ұйымның (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң «КAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi» АҚ», ол экономиканың өңдеушi секторының экспортын дамыту мен жылжыту жүйесiнiң операторы болып табылады) шетелдiк өкiлдiктер желiсi ашылатын болады.
      Бiрлескен стратегия әзiрлеу және экспортты дамыту мен жылжытуға жәрдемдесу, сондай-ақ экспорттың дамуы мен iлгерiлеуiне кедергi болатын әкiмшiлiк және бюрократиялық шараларды жою мен бизнестiң қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың iс-қимылын үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Экспорттаушылар кеңесiнiң, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша, қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерiн қорғау мен проблемаларын шешу бойынша үкiметаралық комиссиялардың жұмыстары жандандырылатын болады, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi жанынан экспорттаушылардың өңiрлiк кеңестерi құрылатын болады.
      Мемлекеттiң қазақстандық экспорттаушылар үшiн пәрмендi шаралармен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап гуманитарлық көмек шеңберiнде Қазақстанның өнiм жеткiзушiлер қатарына кiрiгуi жүргiзiлетiн болады.
      Отандық өндiрушiлер мен әлеуеттi шетелдiк сатып алушылар арасындағы тiкелей байланыстарды жолға қоюға жәрдемдесу, өнiмнiң сапалық және бағалық көрсеткiштерi бойынша ақпарат алмасу, экспорттық келiсiмшарттардың бөлiктерiн талқылау үшiн шетелдерде Қазақстан Республикасының тұрақты сауда миссиялары, елдiң әртүрлi өңiрлерiнде «Сатушылар мен Сатып алушылар» нысанындағы кездесулер, нақты тауарларды мақсатты жылжытудың iс-шаралары ұйымдастырылатын болады.
      Жоғарыда көрсетiлген үдерiсте шетелдегi Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi маңызды рөл атқаруы тиiс. Шетелдiк мекемелер:
      1) сатушылар мен сатып алушылар арасында кездесулердi ұйымдастыруға жәрдемдесудi;
      2) қазақстандық сауда миссияларының және делегациялардың болу елiне сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесудi;
      3) келу елдерiнде экспорттық әлеует және Қазақстанның экспорттық кәсiпорындары туралы ақпаратты таратуды;
      4) қазақстандық компанияларға оларды шетелдiк кәсiпкерлiк көрмелерге қатысу мәселелерiне, сондай-ақ келу елдерiнде шетелдiк серiктестермен келiссөздер жүргiзудi ұйымдастыруға ықпал етудi қамтамасыз етуi қажет.
      Ресей Федерациясымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту үшiн Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi өткiзетiн Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастықтағы сауда және инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерiн өткiзу жөнiндегi iс-шараларды бюджеттiк қамтамасыз етiлетiн болады.
      Қазақстанның экспорттық әлеуетiн дамытуда «Ұлттық чемпиондар» маңызды рөлдi атқаруы тиiс. «Ұлттық чемпиондарды» iрiктеу белгiлерiн жасау, «ұлттық чемпиондар» тiзiмiне енгiзу үшiн бақыланатын салалардағы және өңiрлердегi үмiткер-компанияларды анықтау жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ осындай компанияларды қаржыландыруда тiкелей инвестициялар қорларының (ТИҚ) үлесiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жоспарлануда.
      Жоғарыда көрсетiлген барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, осы бағдарламаға 2-қосымшада келтiрiлген, шикiзаттық емес экспорт бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi қажет, олардың нәтижелерi бойынша жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне Есеп жолданатын болады.
      Бұл экспортты iлгерiлету индикаторлары 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейiн алдыңғы 5 жылдық кезеңде өңделген өнiм экспортының орташа жылдық өсiмiне негiзделген, орташа жылдық өсiм 10 пайызды (жыл сайын) құрайды. Соған байланысты, осы серпiндi қатарды жалғастыра отырып, өңделген өнеркәсiптiң өсуi бойынша 2014 жылға дейiн көрсетiлген болжамдық деректер алынған болатын.
      Шығындарды өтеу бағдарламасы.
      Экспорттаушылардың шығындарын өтеу. Мемлекеттiк қолдау экономиканың өңдеушi секторының қазақстандық өнiмдерiн экспорттаушылардың тауарларды, қызметтердi сыртқы нарықтарға шығару кезiнде шеккен шығындарын өтеу жолымен көрсетiлетiн болады. Бiр шығынды өтеу шеңберiнде экспорттаушыға шығынның бiр немесе бiрнеше түрiн, бiрақ шектеулердi ескере отырып, негiзделген және құжатпен расталған шығындардың 50 % көп емес өтенуi мүмкiн.
      Экспорттаушылардың отандық өңделген тауарларды, қызметтердi сыртқы нарыққа жылжыту бойынша шығындарының бөлiгiн өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi болып белгiленген, ол шығындарды өтеуге бағытталатын бюджет қаражатын бөлетiн болады. Шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанынан құрылатын Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiлетiн болады.
      Қазақстандық өнiмнiң шикiзаттық емес экспортының көлемдерiн ұлғайтуды мемлекеттiк қолдау шеңберiнде Көлiк-экспорттық сертификат (КЭС) енгiзу жолымен де жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Бұл сертификат өңделген өнiмдi экспорттаушылардың көлiк шығындарын 30% дейiн жабуға мүмкiндiк бередi. КЭС экспорттаушы «KAZNEX INVEST» АҚ-ға экспорттық келiсiмшартты және тасымалдау төлем-шотын ұсынуына қарай берiлетiн болады және көлiк пен экспедиторлық компаниялар қызмет үшiн төлем ретiнде қабылдайтын болады, содан кейiн «KAZNEX INVEST» АҚ көлiк компанияларына өтелетiн болады.
      Экспорттаушының қарызды өтеуiнiң екi тәсiлiн ұсыну жоспарланып отыр:
      1) үш жыл iшiнде 100% өтеу;
      2) экспорттаушының өтеуi мүмкiн болмаған жағдайда – мемлекет 3 жыл мерзiмге экспорттаушының жарғылық қорына кiредi.
      Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистiк қолдау көрсету және экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөнiндегi базалық шарттарды, қаражат бөлу тетiктерiн, экспорттың өсуi және шикiзаттық емес секторлардағы өнiмдiлiк жөнiндегi нысаналы көрсеткiштердi Үкiмет айқындайды.
      Экспорттық сауда операцияларын қаржыландыру. Экспортты сақтандыру және экспорттық сауда операцияларына кредит беру, сонымен қатар бiрқатар жанама қызметтердi қамтитын экономиканың өңдеушi секторының шағын және орта бизнес өкiлдерiнiң экспорттық сауда операцияларын қаржылай қолдауды жүзеге асыру үшiн «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттiк сақтандыру корпорациясы» АҚ (Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы» АҚ негiзiнде) құрылды – бұдан әрi «ҚазЭкспортГарант».
      «ҚазЭкспортГарант» саудалық қаржыландыру құралдарын (экспорттық аккредитивтер) пайдалану көзделетiн экспорттық мәмiлелердi сақтандыру арқылы экспорттық операцияларды қолдауды жүзеге асыратын болады.
      Шикiзаттық емес сектордың қазақстандық экспорттық өнiмдерiн сатып алушыларға кредит беру «ҚазЭкспортГарант» жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен транштық қаражат бөлу есебiнен осы мәмiленi қорландыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қаражат жаңартпалы пайдаланылатын болады, ол көп қамтуды және экспорттың географиясын кеңейтудi қамтамасыз етедi.
      Кредиттiк сақтандыруды қолдау «ҚазЭкспортГарант», экспорттаушылар, импорттаушылар және оларға қызмет көрсететiн банктер арасында мемлекеттiк – жеке әрiптестiк принципiнде iске асырылатын болады, бұл ретте қаржы ресурстарының құны өзiнiң ұлттық экспортын қолдау кезiнде әлемдiк экспорттық-кредиттiк агенттiктерiмен бейiмделген тетiктер мен құралдарды пайдалану есебiнен төмендейтiн болады.
      Кредиттiк-сақтандыруды қолдаудың әлеуеттi қатысушылары жұмыс iстеп тұрған немесе жаңадан құрылған экономиканың өңдеушi секторының экспортқа бағдарланған кәсiпорындары (басымдық — КОБ), қазақстандық өнiмнiң шетелдiк импорттаушылары, саудалық қаржыландыруды жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдiк банктер болады.
      Сақтандыру, қазақстандық экспорттаушының Банкiн, сатып алушының тапсырмасымен экспорттаушының пайдасына қайтарып алынбайтын құжаттамалық аккредитив ашқан шетелдiк Сатып алушының Банкi тарапынан төлемнiң төленбеу қаупiнен қорғау үшiн жүзеге асырылатын болады.
      Саудалық экспорттық операцияларды қаржыландырудың артықшылықтары:
      1) кепiлсiз кредит беру (жүктi тиеп жөнелту құжаттары берiледi және Импорттаушы Банктiң кредиттiк мiндеттемелерi күшiне енедi);
      2) кредит беру мөлшерлемесiн екi есе азайту;
      3) жүктi тиеп жөнелту фактiсi бойынша бiрден экспорттық түсiмнiң түсуi;
      4) қазақстандық өнiмдердiң сұранысын ынталандыру.

жүктеу 2,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау