Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама



жүктеу 396,7 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі396,7 Kb.
#11678


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы _________

№____ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге

қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Астана, 2018 жыл



1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама)


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Конституциясы 66-бабының 1) тармақшасы;

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының ІІІ бөлімі;


«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 422 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 63-тармағы





Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган


Қазақстан Республикасының Ұлтық қауіпсіздік комитеті

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Мақсаты

Діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Міндеттері

  1. Қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру.

2. Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпал етуін төмендету.

3. Діни экстремизм мен терроризм фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру.

4. Діни экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жүйесін жетілдіру


Іске асыру мерзімдері

(кезеңдері)




2018 – 2022 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1. Діни өшпенділікті немесе алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды бөлісетін адамдар санын азайту.

2. Алды алынған және уақтылы жолы кесілген (ой-ниетті қалыптастыру, дайындау, шабуылдау сатыларында) экстремистік сипаттағы террористік және өзге де зорлық-зомбылық акцияларының үлесі.

3. Қазақстан Республикасының аумағында терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою дайындығының деңгейі


Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға 2018-2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 270 148,8 млн. теңгені құрайды (РБ – 209 361,3 млн. теңге; ЖБ – 60 787,5 млн. теңге).

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге бюджет қалыптастырылатын кезде нақтыланатын болады



2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді.

Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сындар мен тәуекелдердің жаңа спектрін бастамашылдық етеді. Осымен діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі негізделген.

Осы жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесі жеке адамды, қоғамды және мемлекетті экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерінен сенімді қорғау тетігін құру аясында одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Осы бағдарлама бесжылдық кезеңге әзірленді және 2013 – 2017 жылдарға арналған бағдарламаның қисынды жалғасы бола тұрып, оны іске асыру тәжірибесін және қорытындысын ескереді.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірисі зерделенді және назарға алынды.

Осы елдердің жасағандарын ескере отырып, Бағдарлама экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністері мен терроризмге, радикалдық көзқарастардың ұстанушыларына мақсатты түрде қарсы тұруға бағытталған. Бағдарламада дін мен радикалдану теңестірілмейді, бұл мемлекеттің, қоғам мен діни бірлестіктердің дінге тиесілігіне қарамастан экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимылда бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді. Адамдардың радикалдану дәрежесіне байланысты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу түрлері мен әдістері жіктелді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үкіметтік емес сектордың мүмкіндіктерін белсенді түрде тарту үшін жағдай жасалды.

«Хедая» зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық орталықтың ұсынымдарына сүйене отырып, Бағдарламада нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің шынайы қол жеткізілетін коэффициенттері белгіленді.

Бағдарлама экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлерін болдырмау саласындағы өзекті міндеттер мен орын алған проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.

Бағдарламаның ережелері азаматтардың ар-ождан бостандығына және олардың діни сенімдерін құрметтеу құқығына Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген қолсұғылмаушылықты ескере отырып, әзірленді.

Мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың күш-жігері осы Бағдарламаны іске асыру арқылы қоғамда дін саласындағы радикалдық көзқарастарды қабылдамауға, радикалдық пиғылды адамдар санын азайтуға және олардың пайда болуына ықпал ететін факторларды жоюға, терроризм қатерлерінің алдын алу және халықты терроризмге қарсы қорғау деңгейін көтеруге қажетті және жеткілікті жағдай жасауға, оны қалыпта ұстау және дамытуға бағытталатын болады.

Қоғамның жекелеген өкілдері арасында радикалдық көзқарастардың қалыптасуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторларды бейтараптандыру Қазақстан Республикасының әлемнің анағұрлым дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылуы үшін жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.


3. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы сындар мен тәуекелдерді бейтараптандыру, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің алдын алудың жалпымемлекеттік жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды шараларды іске асыруда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылды.

Жақын мерзімдегі болашақта Қазақстанның дамуын айқындайтын негізгі жүйелі құжат кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, Заң үстемдігін қамтамасыз етуге, еліміздің индустрияландырылуы мен экономикалық өсімі үшін жағдай жасауға бағытталған бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспары болып табылады.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламалары, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды түбегейлі жоюға арналған.

Өскелең ұрпақты моральдық-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуді жетілдірудің жүйелі шаралары Білім және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында қамтылған.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда негізгі рөл атқаратын, қоғамда тұрақтылық пен келісімге өз үлесін қосатын конституционалдық орган болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы институты табысты жұмыс атқаруда. «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын іске асыру қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады.

Халықтың діни сауаттылық және конфессияаралық қарым-қатынастың үйлесімділігі деңгейін арттыруға Дін саласында 2020 жылға дейінгі мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру ықпал етеді.

Қабылданған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңдарымен негізгі түсіндіру аппараты және мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ азаматтардың осы саладағы құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі принциптері айқындалды.

2013 – 2017 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесін дамытуға мүмкіндік берді.

Халықта экстремизм мен терроризм идеяларын қолданбайтын сананы қалыптастырудың кешенді шаралары жетілдірілді.

Мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде экстремистік және террористік көріністердің алдын алу, терроризм қатерлеріне ден қою, терроризм актілерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою кезіндегі өзара іс-қимыл жасау механизмдері қалыптастырылды және нормативтік құқықтық актілермен регламенттелді.

Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының діни экстремизмге және терроризмге қарсы күресудегі іс-қимылын үйлестіру үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Қуатты құрылымдардың әлеуеті үздіксіз жалғастырылуда.

Халықты және аса маңызды объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесінің негізгі элементтері қалыптастырылды.



Діни экстремизм мен терроризм алғышарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қару-жарақ айналымы және күзет қызметі, көші-қонды реттеу саласындағы заңнамалық нормалар жандандырылды. Террористік және экстремистік әрекеттер үшін қылмыстық жазалау шаралары қатайтылды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы күрес жөніндегі 19 қарары мен басқа да құжаттарының 15-і ратификацияланды.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы алдағы екіжылдық кезеңге тұрақсыз мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына кірісті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше мемлекеттерге саяси үндеуін іске асыру шеңберінде Бейбітшілікке, терроризмнен бостандыққа қол жеткізу бойынша тәртіп кодексінің жобасы әзірленді.

Кодекс Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Жаһандық терроризмге қарсы коалицияны (желіні) құруға негіз болады.

Қазақстан Республикасының 1267 және 1988 санкциялық комитеттерге төрағалық етуі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің «ДАИШ», «Әл-Каида» және «Талибан» террористік ұйымдарына қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерін нығайтуға себепші болады.


Өңірлік қауіпсіздік арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроизмге қарсы құрылымымен, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен және Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасының, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ мүшелерімен белсенді өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілген.


Дей тұрғанмен, азаматтардың экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық акциялары мен терроризмге әкелетін радикалдану проблемасы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіптілігін сақтауда.

Сирия-ирак аймақтарындағы жеңілістен кейін экстремистік және террористік әрекет субъектілерінің өз қатарларын жаңа рекруттармен толтыруға, қосымша қаржыландыру арналарын және көмекші инфрақұрылым қалыптастыруға аса қажеттілігі бар.

Соңғы төрт жылда террористік белсенділік аймағына 440 қазақстандық-рекруттың баруына жол берілмеді (2014 жылы – 136, 2015 жылы – 151,
2016 жылы – 91, 2017 жылы 62). Қабылданған шараларға қарамастан біздің елдің азаматтарының шетелде террористік әрекеттерге қатысу проблемасы өзекті болып қалуын жалғастыруда.

Жауынгерлердің шыққан елдеріне қайтып оралу процестері аса қауіп төндіруде. Халықаралық террористік ұйымдардың лагерьлерінен, сондай-ақ үшінші елдерде тірек және транзиттік инфрақұрылымынан Қазақстанның 125 азаматы қайтарылды не болмаса өздері оралды, олардың 57-сі террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазақстандық қоғам санасында конфессияаралық өшпенділік пен алауыздықты ушықтыруға алып келетін, террористік сипаттағы зорлық-зомбылық экстремистік акцияларды бастамашылдық етуге қабілетті радикализм мен терроризм идеяларын қарқынды насихаттау мақсатты түрде қалыптастырылуда.

Интернетте орналастырылатын террористік ұйымдардың ақпараттық-насихат материалдарының техникалық, көркемдік және психологиялық қамтылу сапасының артқаны байқалады. Әлеуметтік желілерді пайдалану халықаралық террористік ұйымдардың эмиссарларына өз аудиториясын айтарлықтай кеңейтуге, жүргізілетін үгіт-насихатты жүйелі негізге ауыстыруға мүмкіндік береді.

Интернеттің және әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын терроризмді насихаттау әсерінен оқшаулау мақсатында ақпараттық кеңістікке Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына қатысты мониторинг жүргізіледі.

Интернетте және әлеуметтік желілерде терроризм мен экстремизмді насихаттайтын 620 мыңнан астам материал (2015 – 150 мың, 2016 – 700 мың) бұғатталды.



Жекелеген санаттағы отандастарымыздың санасына радикалдық идеялар мен экстремистік көзқарастарды енгізу агрессияның шекті түрлерінің көрініс табуына, сондай-ақ олардың патриоттық сезім мен ұлттық ауызбіршілік, мәдени-адамгершілік және отбасы құндылықтарын жоғалту алғышарттарының пайда болуына себепші болды. Бұл процестердің бақылаусыз дамуы радикалдық идеяларды бөлісетін адамдар санының көбеюіне, қоғамда зорлық-зомбылықтың ушығуына алып келеді.

Халықаралық террористік ұйымдар радикалдық идеяларды енгізе отырып, қоғамға қарсы көңіл-күйді, қазақстандық қоғамды конфессионалдық белгісі бойынша жіктеуге, ұлттық және діни ауызбіршілікті «ажыратуға» арандатады. Аталғандар 2016 жылы Ақтөбе және Алматы қалаларында орын алған қайғылы оқиғалармен расталады.

2014 жылдан бері 30 террористік акцияның дайындалу кезеңінде жолы кесілді және жүзеге асырылмады (2014 жылы – 3, 2015 жылы – 4, 2016 жылы – 12, 2017 жылы 11).

Радикалдық идеологияны тарату көздері күдікті шетелдік теологиялық оқу орындарында оқыған Қазақстанның азаматтары болып қала беруде. Жастар арасында діни, оның ішінде бейресми негізде оқудың белең алу үрдістерінің азаймауын ескеріп, жастарды отандық теологиялық немесе зайырлы оқу орындарында оқуға бағдарлау бойынша шараларды жетілдіру қажет.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары

мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты: діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсатына жету мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:






Нысаналы индикаторлар

Өл-шем бір-лігі

Ақпа-рат көзі

Жауап-ты орындау-шылар

2017

жыл

(факт)

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

2022

жыл

1.

Діни өшпенділікті немесе алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды бөлісетін адамдар санын азайту (2017 жылғы деңгейге)

%

ҰҚК әкімшілік

деректері



ҰҚК (келісім бойынша),

ІІМ,


ДІАҚМ,

АКМ,


БҒМ,

ЖАО


-

10

20

35

50

65

2.

Алды алынған және уақтылы жолы кесілген (ой-ниетті қалыптастыру, дайындау, шабуылдау деңгейінде) террористік және өзге де экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық акцияларының үлесі

%

ҰҚК әкімшілік деректері

ҰҚК (келісім бойынша),

ІІМ,


БП (келісім бойынша)

100

100

100

100

100

100

3.

Қазақстан Республикасының аумағында терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ терроризм актілерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою дайындығының деңгейі

%

ҰҚК әкімшілік деректері

ҰҚК (келісім бойынша),

ІІМ,


АКМ,
ҚМ,

ЭМ,


МКҚ (келісім бойынша),

БП (келісім бойынша)



89,1

90,9

91,8

92,8

93,8

94,8

Бағдарлама мақсатына мынадай міндеттерді шешу жолымен қол жеткізіледі:

1) қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру:




Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бір-лігі

Ақпа-рат көзі

Жауап-ты орындау-шылар

2017

жыл

(факт)

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

2022

жыл

1.

Радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен діни топтар мен қауымдарды қамту

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ЖАО,

ДІАҚМ,


АКМ,

ІІМ,


ҰҚК (келісім бойынша)

72

75

78

80

82

85

2.

Радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және радикалданудан бас тартуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмысымен қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде отырған сотталған адамдарды қамту

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ІІМ,

ЖАО, ДІАҚМ




100

100

100

100

100

100

3.

Ақпараттық-түсіндіру топтарының теолог-мамандармен толықтырылу дәрежесі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ЖАО, ДІАҚМ

50

55

70

80

90

100

2) Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпал етуін төмендету:






Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бірлігі

Ақпа-рат көзі

Жауап-ты орындау-шылар

2017

жыл

(факт)

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

2022

жыл

1.

Тиісті сараптамалық зерттеулермен мазмұнында экстремизм мен терроризмді насихаттау және (немесе) ақтау белгілері анықталған ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында таратудың жолын кесу тиімділігінің деңгейі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

АКМ,

БП (келісім бойынша),

ІІМ,

ҰКК (келісім бойынша),



ДІАҚМ

85

87

88

89

90

91

2.

Шетелдік теологиялық оқу орындарында бейресми негізде оқып жатқан адамдар санының үлесі (2017 жылдың деңгейіне)

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ҰҚК (келісім бойынша),

СБҚ (келісім бойынша),

ДІАҚМ,

СІМ


-

95

90

80

70

60

3.

Шетелдік қарулы қақтығыстарға, шетел мемлекетінің аумағында экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысу салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдардың Қазақстан Республикасына кіруінің (оралуының) жолын кесуді қамтамасыз ету деңгейі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ҰҚК (келісім бойынша),

СБҚ (келісім бойынша),

СІМ,

ІІМ


100

100

100

100

100

100

3) діни экстремизм мен терроризмнің фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру арқылы анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру:






Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бірлігі

Ақпа-рат көзі

Жауап-ты орындау-шылар

2017

жыл

(факт)

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

2022

жыл

1.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын, біліктілік талаптарына сәйкес келетін арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үлесі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ҰҚК (келісім бойынша),

МКҚ (келісім бойынша),

ІІМ




84,8

86

87

88

89

90

2.

Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға арналған заманауи техникамен, қару-жарақпен қамтамасыз етілу үлесі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ҰҚК (келісім бойынша),

МКҚ (келісім бойынша),

ІІМ




30

35

40

45

50

55

3.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін осы мекемелерде радикалдық діни идеологияның таралуын болдырмауға және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралармен қамту

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ІІМ,

ҰҚК (келісім бойынша)




100

100

100

100

100

100

4.

Елді мекендердегі бақылау орындарын ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының көшелік бейнебақылау камераларымен қамтуды ұлғайту (2017 жылдың деңгейіне)

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ЖАО,

ІІМ


-

5

10

15

20

25

4) діни экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жүйесін жетілдіру:






Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бірлігі

Ақпа-рат көзі

Жауап-ты орындау-шылар

2017

жыл

(факт)

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

2022

жыл

1.

Терроризм актісінің (актілерінің) жолын кесу бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізуге терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың (облыстық, аудандық/қалалық) дайындық деңгейі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ҰҚК (келісім бойынша),

МКҚ (келісім бойынша),

ІІМ,

ҚМ,

ДСМ


92

93

93,5

94

94,5

95

2.

Терроризм актісі (актілері) салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатыстырылатын, осы саладағы міндеттерді толық көлемде шешуге дайын мекемелер мен ұйымдардың үлесі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ЖАО

90

93

93,5

94

94,5

95

3.

Террористік тұрғыдан осал, тексерілген және терроризмге қарсы қорғалуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін объектілер үлесі

%

ҰҚК әкімшілік дерек-тері

ІІМ,

ҰҚК (келісім бойынша),



МКҚ (келісім бойынша),

ҚМ,

ЭМ,

АШМ,

БҒМ,

ДСМ,

МСМ,

АКМ,

ИДМ,

ЖАО


40

50

60

70

80

90

Мақсаттар, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштеріне Бағдарламаға


1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.


5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша қамтамасыз етілетін болады:

1. Қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіруге:

1) жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының сапасын:

радикалдық идеологияға деген иммунитетін қалыптастырудың тиімді түрлері мен әдістерін барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары субъектілерінің қызметіне енгізу;

ақпараттық-түсіндіру жұмыстары субъектілері жұмыскерлерінің ақпараттық ықпал ету технологияларына кәсіби құзыреттерін арттыру;

ақпараттық-түсіндіру жұмыстары субъектілерін теолог-мамандармен толықтыру;

діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмысында пайдаланылатын қарсы насихат және әдістемелік материалдардың электрондық базасын құру және дамыту;

діни ахуалды жақсарту мәселелерінде нақты қол жеткізулерді көрсете отырып жүргізілетін профилактикалық жұмысты бағалау есебінен арттыру;

2) тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және діни араздықты немесе алауыздықты өршітуге жол бермеуге бағытталған діни бірлестіктерді тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

3) бұқаралық іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, семинарлар), ғылыми-қолданбалы, талдамалық, әлеуметтік зерттеулерді, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің және өзге де ақпараттық материалдарды сараптамалық зерттеулерді өткізуді, сондай-ақ ақпараттық материалдарды дайындауды (топиктер, буклеттер, роликтер) көздейтін терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

4) орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарды рухани-адамгершілікке, оның ішінде үкіметтік емес секторды тарта отырып тәрбиелеу бойынша іс-шараларды өткізу;

5) Интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға деген иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мынадай жолдармен:

діни алауыздықты немесе араздықты қоздыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау түрлерін, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ діни бірлестіктер арқылы үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

жаңалықтарды жариялайтын порталдарда және әлеуметтік желілерде, оның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарын тарату;

жастар үшін ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарының көрнекі әдістерін (роликтер, бейнематериалдар), ойын элементтері мен интерактивтік әдістерді пайдалану;

әлеуметтік желілерде аккаунттарды сүйемелдеуді және экстремизмге қарсы тақырып бойынша мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктер өкілдерінің сөздерін бейнехостингтерге орналастыруды ұйымдастыру;

6) «Журналистика», «Тарих», «Саясаттану» және «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша оқу бітірген студенттерде ақпараттық-түсіндіру мен қарсы насихат жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

7) діни экстремизм мен терроризм профилактикасын жетілдіру, оның ішінде Интернет желісін пайдалана отырып мынадай мәселелер бойынша:

Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты бағалауы;

қоғамдық санада экстремизм қаупінің, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясын қарсы насихаттау тиімділігі дәрежесінің көрініс табуын әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

8) халыққа діни қатынастар саласында консультативтік көмек көрсету бойынша бірыңғай республикалық «114 - қауырт желісінің», радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталған адамдармен және олардың жақын ортасымен жұмыс жүргізу үшін өңірлерде оның өкілдіктерін құру;

9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшенің қызметін жетілдіру және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

10) экстремистік және террористік идеологияның құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет өткеретін әскери қызметшілер ортасына енуінің алдын алу, оның ішінде:

құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, сондай-ақ әскери бөлімдердің аумақтарында және әскери қалашықтардың тұрғын аймақтарында діни іс-әрекет пен діни әдебиеттің және діни сипаттағы өзге де ақпараттық материалдардың таралуының жолын кесу;

экстремистер мен террористердің өз іс-әрекетіне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ әскери қызметшілерді тарту әрекеттерін анықтау және жолын кесу;

әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған тәрбиелік және идеологиялық жұмысты күшейту жолымен қол жеткізілетін болады.


2. Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпал етуін төмендетуге:

1) Интернет желісінде терроризм мен діни экстремизмді насихаттау фактілерін анықтау және бейтараптандыру үшін техникалық құралдар мен шараларды жетілдіру;

2) экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, оның ішінде әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеуді қамтамасыз ету және олардың таралуына заңмен белгіленген тәртіпте сот және соттан тыс шаралар қабылдау (уәкілетті органдардың ұйғарымы бойынша);

3) қазақстандық азаматтарды олардың шетелде жүрген кезеңінде радикалдық көзқарастағы уағыздаушылардың насихаттық іс-әрекетінен оқшаулау жұмыстарын жүргізу;

4) бейресми негізде шетелдік теологиялық оқу орындарында оқу қауіпсіз еместігі және перспективті еместігі туралы қоғамда ой-пікірді қалыптастыру;

5) шекаралық бақылауды күшейту, сондай-ақ діни экстремистер мен террористердің ел аумағына кіруінің не болмаса тыйым салынған материалдарды, оның ішінде заңсыз көші-қон арналары мен жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағына әкелудің арналарын (бағыттарын) және тәсілдерін анықтау және жолын кесу;

6) мемлекеттік шекара учаскелерінде инфрақұрылымды күшейту, сондай-ақ шекаралық бақылауды техникалық құралдармен жасақтау;

7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік содыр-террористердің кіруін немесе транзиттік өтуін болдырмау мақсатында БҰҰ ҚК терроризмге қатыстылығы бар адамдардың санкциялық тізімдерін ұлттық деректер базасына біріктіру;

8) БҰҰ алаңында Бейбітшілікке, терроризмнен бостандыққа қол жеткізудің тәртіп кодексін әзірлеу және қабылдау;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияға және БҰҰ әуе кемелерінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі хаттамаларына, сондай-ақ теңіз кемелеріндегі қауіпсіздікке қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттамасына қосылу жолымен қол жеткізілетін болады.
3. Діни экстремизм мен терроризмнің фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру арқылы анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыруға:

1) ведомстволық курстарда, шет мемлекеттердің оқу орталықтары мен мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл субъектілерінің кадрлық құрамының кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;

2) ішкі істер органдарының жоғары оқу орындары жедел және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларына террористік сипаттағы қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеу мәселелері жөніндегі оқу бағдарламаларын енгізу;

3) экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға тартылған ішкі істер органдары бөлімшелерінің штаттық санын көбейту жөнінде шаралар әзірлеу;

4) кинолог-инспекторларды және қызметтік-іздестіру иттерін жарылғыш заттар мен қару-жарақты табу бойынша даярлау бөлігінде кинологиялық қызметті дамыту, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы базасында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның кинолог мамандарын және қызметтік иттерін даярлау мен қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және жүргізу арқылы;

5) сотталған адамдарды (дактилоскопиялық, геномдық және фото есептер) криминалистік есепке алуды қалыптастыру;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланының және Ішкі істер министрлігінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын бөлімшелерін заманауи қару-жарақпен, арнайы техника және құралдармен жарақтандыру, оның ішінде материалды-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;

7) учаскелік полиция инспекторлары бөлімдерін материалды-техникалық жарақтандыру және инфрақұрылымдарын нығайту;

8) экстремистік және террористік іс-әрекетті қаржыландыру фактілерін анықтау және жолын кесу кезінде уәкілетті, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл деңгейін арттыру;

9) қоғамдық тәртіпті елді мекендер аумағын ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесімен қамту және интеграциялау есебінен қамтамасыз етудің жекелеген тетіктерін жетілдіру;

10) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мақсатты жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жолымен қол жеткізіледі.
4. Экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жүйесін жетілдіруге:

1) терроризмге қарсы операцияларды өткізуге, терроризм актісінің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары бөлімшелерінің күштері мен құралдарының дайындығын түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, машықтанулар мен эксперименттер өткізу арқылы қамтамасыз ету;


2) терроризмге қарсы операцияларды дайындау мен өткізуге тартылатын күштермен өзара іс-қимыл және басқару тетіктерін жетілдіру,

3) дағдарыстық жағдайларда тұрғындарды шұғыл хабарландырудың техникалық іске асырылуын, шұғыл қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

4) терроризм актісі көріністерінің салдарын барынша азайту және (немесе) жою аясындағы жұмыстың тиімділігін арттыру;

5) терроризм актісі (актілері) көріністерінің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың бөлімшелерін материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру;

6) террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – ТТО объектілер) қауіпсіздік жүйелерін:

ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ТТО объектілердің терроризмге қарсы қорғалу шараларын қамтамасыз ету қызметін ұйымдастыру мәселелері жөнінде әдістемелік әдістер әзірлеу;

мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ТТО объектілерді Терроризмге қарсы қорғалуға қойылатын талаптарға сәйкес техникалық күшейту жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың терроризмге қарсы қорғалу жағдайына бақылау жүргізу;

террористік тұрғыдан осал объектілердің, сондай-ақ оларды күзетуді қамтамасыз ететін күзет қызметі субъектілерінің жеке меншік иелерін, иелерін және басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту практикасына талдауды жүзеге асыру;

ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың, иондаушы сәуле шығару көздері мен сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйін бақылау және қадағалау жүргізу;

ТТО объектілердің басшыларымен (меншік иелерімен, иелерімен) және қызметкерлерімен, сондай-ақ күзет қызметінің субъектілерімен осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы нығайту;

7) әскери объектілер мен мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін:

оқ-дәрілерді және қару-жарақтарды сақтау орындарын күзетуді инженерлік жабдықтау және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

әскери бөлімдердің кезекші қызметтерін, нарядтарын және қарауылдарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету арқылы күшейту;

8) терроризм актісі жасалған кездегі терроризмге қарсы іс-әрекет пен іс-қимылды әзірлеу бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары мен оқытушыларының қатысуымен оқу және практикалық сабақтар өткізу;

9) адамдар көп жиналатын орындарда халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін профайлинг технологиясын дамыту;

10) терроризм актісінің алдын алуға және жолын кесуге көмектесетін ақпаратты арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына хабарлаған азаматтарды материалдық көтермелеу туралы заңнамалық ережелерді халық арасында түсіндіру жолымен қол жеткізілетін болады.



6. Қажетті ресурстар
Мемлекеттік бағдарламаны қабылдау мен іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар.

Мемлекеттік бағдарлама бес жылға есептелген және қаржылық қаражат бөлуді талап етеді.






Қаржыландыру көзі

2018 жыл

2019

жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Барлығы

1.

Республикалық бюджет (млн. теңге)

52

306,6


49

939,0


37

340,5


34

930,7


34 

844,5


209

361,3


2.

Жергілікті бюджет (млн. теңге)

23

984,7


14

736,8


11

636,0


6

097,6


4

332,4


60

787,5





БАРЛЫҒЫ:

76

291,3


64

675,8


48

976,5


41

028,3


39

176,9


270

148,8



Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге бюджеттер қалыптастырылатын кезде нақтыланатын болады.
жүктеу 396,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау