5 Бөлім.
Нәрестелерге стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Нәрестелерге стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсету:
Балалардың қалалық, облыстық ауруханаларының перинаталдық орталықтарының (перзентханалардың) құрамындағы неонатальдық хирургиялық жатын орындарында немесе хирургиялық бөлімшелердің құрамындағы неонатальдық жатын орындарында;
Қалалық және облыстық деңгейдегі перинаталдық орталықтардың, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының негізіндегі стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы нәрестелердің хирургия орталығында (бөлімшесінде) жүзеге асырылады.
Нәрестелерге хирургиялық көмекті неонатальдық хирургиялық көмек мәселелері бойынша біліктілігін арттырған балалар хирургы (бұдан әрі – балалар хирургы (неонатальдық)) көрсетеді.
Шарананың дамуында туа-біткен кінәрәт цитогенетикалық қорытындымен расталған жағдайда, балалар хирургы (неонатальдық) әйелдің жүктілігін жалғастыру немесе тоқтату туралы мәселені шешу кезіндегі дәрігерлер консилиумына қатысады.
Антенатальдық кезеңде ТБК-нің алдын-алу және ерте диагностикалау бойынша шаралар № 704 Бұйрыққа сәйкес, әйелдер консультациясы деңгейінде ультрадыбыстық диагностика өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Жүктілік жалғасқан жағдайда, босанушы әйел босану үшін (қалалық және облыстық деңгейдегі) перинаталдық орталыққа немесе жүкті, босанушы әйелдерге, нәрестелерге көмек көрсететін денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарына жіберіледі, бұл болса, ТБК бар нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің түпкі нәтижесіне кері әсер ететін бірқатар жағымсыз факторларды жоюға мүмкіндік береді.
ТБК бар нәресте туған жағдайда, оған медициналық көмекті балалар хирургымен (неонатальдық) бірлесіп, неонатолог-дәрігерлер, неонатолог-реаниматологтар, балалар анестезиолог-реаниматологтары көрсетеді.
ТБК бар нәресте туып, оған ота жасауға шұғыл себептер болмаған жағдайда, баланы босануға рұқсат берген денсаулық сақтау ұйымында неонатолог пен балалар хирургы (неонатальдық) қарайды.
Нәрестеге ота жасау қажет болып, жүкті әйел босанатын денсаулық сақтау ұйымында балалар хирургы (неонатальдық) болмағандықтан, ТБК және хирургиялық кеселі бар нәрестеге туған кезінен бастап, мамандандырылған бөлімшеге немесе осы өңірдегі нәрестелер хирургиясы орталығына, ал ол болмаған жағдайда, жақын орналасқан көпсалалы аурухананың, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің, денсаулық сақтау саласындағы республикалық ұйымның балалар хирургиясы бөлімшесіне ауыстырылғанға дейінгі медициналық көмекті неонатолог-дәрігерлер немесе неонатолог-реаниматолгтар көрсетеді.
Перинаталдық орталық жағдайында бөлімшенің (орталықтың) хирургиялық жатын орындарына шала туған және мерзімінде туған нәрестелер постконцептуалдық жас – 41 апта+28 күнге толғанша госпитализацияланады.
ТБК бар немесе өзге де хирургиялық патологиялары (некротиялық энтероколит, ашық артериалды өзек, ретинопатия, окклюзионды гидроцефалия және т.б.) бар нәрестелерге хирургиялық көмек туғанынан бастап, толық айыққанша шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.
Нәрестеде ота жасауға қарсы көрсетілім болған жағдайда, оны отаға балалар хирургы (неонатальдық) мен анестезиолог-реаниматолог, ал перинаталдық орталық негізінде нәрестелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің неонатлогы бірге дайындайды. Ота жасар алдында міндетті түрде анестезиолог-реаниматолог дәрігер қайта қарауы тиіс.
Нәрестелерге стационарлық деңгейде көрсетілетін хирургиялық көмек мыналарды қамтиды:
Дәлелді медицина негізінде қажетті диагностикалық зерттеулер мен емдеу әдістерін қолдана отырып, білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялы, медициналық көмекті уақытылы көрсету мен диагностикалау;
Бөлімше меңгерушісінің қатысуымен неонатологтың, неонатальдық хирургтың пациенттерді күнделікті қарауы;
КЖ сәйкес диагностика (зертханалық және құралдық зерттеу) мен емдеу (консервативтік және хирургиялық);
Сабақтас мамандық дәрігерлерінің пациенттерге консультация, ұйымдастыруы, консилиумдер ұйымдастыруы;
Медициналық ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне негізделген емдеудің, диагностиканың және алдын-алудың заманауи әдістерін меңгеру, тәжірибеге енгізу;
Балаларға көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыру;
Балаға медициналық көмек көрсетудің, күтім жасаудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін дамыту мен жетілдіру;
Емдік-қорғау тәртібін қалыптастыру, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мен эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
Өз саласы бойынша сырқаттануға талдау жүргізу және оны төмендету бойынша шаралар қабылдау;
Патологоанатомиялық және клиникалық конференциялар өткізу;
№ 907 Бұйрыққа сәйкес, медициналық құжаттаманың дұрыс ресімделуі мен жүргізілуін қамтамасыз ету.
Ота жасалған соң, бала нәрестелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болады.
Нәрестелердің хирургия орталығында нәрестелерге хирургиялық көмек туғанынан бастап, толық айыққанша немесе организмнің бұзылған функциялары тұрақталғанша шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.
Нәрестелердің хирургия орталығы стационардың өзге функционалдық бөлімдерімен және қызметтерімен байланысы жоқ, 15 жатын орны бар, бірыңғай оқшауланған блоктан тұрады.
Нәрестелердің хирургия орталығы (бөлімшесі) құрылымына мыналар кіреді:
Ота жасау блогы;
Нәрестелердің анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі;
интенсивті терапия және реанимация палаталары (жатын орындары);
нәресте туғанға дейін және туған соң, оған күтім жасаудың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін ана мен балаға арналған палата;
дәрігерлерге арналған палата (ординаторлық палата);
орта медициналық персоналға арналған палата;
қосымша жайлар.
Нәрестелердің хирургия орталығында (бөлімшесінде) штат саны осы бұйрықтың 3-Қосымшасының ұсынылып отырған штаттық нормативіне сәйкес, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен жатын орындардың санына сүйеніп анықталады.
Осы Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес, нәрестелер хирургиясын 5 жатын орынға жабдықтаудың ең төменгі тізбесі.
Нәрестелер хирургиясы орталығы мыналарды жүзеге асырады:
Диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес, тәулік бойғы шұғыл және жоспарлы мамандандырылған неонатальды-хирургиялық, интенсивті және реанимациялық терапияны;
Нәрестелердің аурухана ішілік инфекциялармен сырқаттануының алдын-алу және төмендету бойынша шаралар ұйымдастыру;
Дәлелді медицина және ғылыми-техникалық жетістіктер қағидаларының негізінде нәрестенің ТБК диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін зерттеу және клиникалық тәжірибеге енгізу;
Қажетті заманауи медициналық құралдары бар, автокөлікпен жабдықталған, қажет болған жағдайда, хирургиялық емді қажет ететін ТБК немесе өзге де патологиялары бар нәрестені тасымалдау үшін санитарлық авияцияны қолдана алатын, құрамында хирург-неонатолог бар дәрігерлердің мобильді неонатологиялық бригадаларын құру арқылы жергілікті жерлерде шұғыл неонатологиялық көмек көрсету;
Қызмет көрсетіп жатқан өңірдегі ТБК бар нәрестелереге медициналық көмек көрсетудің сапасына клиникалық-сараптамалық бағалау және ТБК-дан перинаталдық және нәрестелік сырқаттанудың себептеріне талдау жүргізу;
Телемедицинаны қолдану арқылы диагностика мен емдеу тактикасы мәселелері бойынша жетекшілік етіп отырған өңірдегі неонатологиялық-хирургиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару мен үйлестіру;
№ 907 бұйрыққ сәйкес, есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу;
Тіркелім үшін мәлімметтер жинау мен жинақтау, белгіленген тәртіппен есептілік ұсыну;
неонатолог мамандарды, балалар хирургтарын (неонатальдық), неонатолог-реаниматологтарды, балалар анестезиолог-реаниматологтарын, мейірбикелерді оқыту.
Стационардан шыққан соң, бала тіркелген жері бойынша балалар хирургы дәрігерінде қаралады.
Хирургиялық кеселдері және туа-бітті кінәрәттары бар нәрестелер мен жас балаларға (3 айға дейінгі) медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстың сапасы келесі индикаторлармен бағаланады:
хирургиялық белсенділік;
отадан кейінгі асқыну;
Емнің орташа ұзақтығы;
госпиталь ішілік инфекцияның тіркелуі;
ТБК-тан болған неонатальдық өлім;
Жалпы өлім-жітім;
Отадан кейінгі өлім-жітім;
патологоанатомиялық диагноздармен айырмашылықтар.
6 бөлім. Балаларға стационарлық деңгейде хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Шұғыл хирургиялық патологиясы бар балалар жедел жәрдем бойынша немесе өзі жүгінген жағдайларда, АМСК мамандарының жолдамасының бар-жоқтығына қармастан госпитализацияланады.
Сондай-ақ, шұғыл хирургиялық патологиясы бар балаларға хирургиялық көмек, бала басқа медициналық ұйымнан әкелінген жағдайда, бала әкелінген медициналық ұйымның балалар хирургы қараған соң және мекеме басшысының (хирургия бөлімшесінің меңгерушісінің, бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша орынбасарының, бас дәрігердің) келісімімен көрсетіледі. Ауыр хирургиялық кесел бейінді емес стационардан хирургиялық бөлімшеге шұғыл ауыстыруға негіз болып табылады.
Хирургиялық кеселдері бар балаларға жоспарлы мамандандырылған хирургиялық көмек пен жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету госпитализациялау бюросының Порталы арқылы кезектілік бойынша көрсетіледі.
Балаларға хирургиялық көмек жалпы бейінді хирургия бөлімшелерінде немесе мамандандырылған бөлімшелерде (мамандану саласы бойынша: жалпы хирургия, травматология мен ортопедия, урология, жақсүйегі, отоларингология, офтальмология, кардиохирургия және т.б.) көрсетіледі.
Кезекші хирург дәрігер стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсеткен жағдайда:
Пациент келіп түскен сәттен бастап 10 минуттан кешіктірмей, ал өмірге қауіп төнген жағдайда бірден қарайды;
Пациенттің жалпы жағдайын, объективті жай-күйін бағалап, жедел медициналық жәрдем береді, диагнозды нақтылау үшін қосымша зертханалық және құралдық зерттеулерді жүргізу қажеттілігін анықтайды және пациентті госпитализациялау немесе амбулаторлық жағдайда емдеу туралы шешім қабылдайды;
Пациент сәйкес бөлімшеге госпитализацияланған жағдайда, пациенттің жалпы жағдайы бағаланып, оның шағымдары, сырқаты мен өмірінің анамнезі, объективті зерттеудің мәліметтері, анықталған патология, жүргізілген зертханалық және функционалдық зерттеулердің нәтижелері, алдын-ала қойылған диагноз, диагностикалық және емдік шаралар толық жазылған емдеу қағазы бар медициналық карта ресімдейді;
Келешекте қабылдануы қажет емдік-диагностикалық шараларды атқаруға пациенттің заңды өкілінің жазбаша ерікті келісімін алу туралы әңгімелеседі (пациенттің қазіргі уақыттағы жай-күйін ескере отырып);
Медициналық көмектен бас тартқан жағдайда, оны Кодекстің 93-бабына сәйкес ресімдейді (Кодекстің 94-бабына көрсетілген жағдайларды есепке алмағанда).
Пациенттің заңды өкілі болмаған жағдайда, медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум, ал консилиум құру мүмкін болмаса, медициналық ұйымның лауазымды тұлғаларын хабарландыра отырып, медициналық қызметкердің өзі қабылдайды.
Балаларды (оның ішінде нәрестелерді) госпитализациялау кезінде стационардың қабылдау бөлімшесінде кезекші хирург пен жауапты хирург шұғыл қарайды, көрсетілімдер бойынша хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, бас дәрігердің хирургиялық қызмет бойынша орынбасары, хирургия кафедрасының профессоры немесе доценті, ал күрделі жағдайларда бейінді және сабақтас мамандардың қатысуымен консилиум қарайды.
Нақты диагноз қою үшін динамикалық бақылау мен жедел емдеу-диагностикалық шараларды толық көлемде жүргізу қажет болса, пациент стационардың қабылдау бөлімшесінде 2 сағатқа дейін бола алады.
Балалар стационарға жоспарлы хирургиялық көмек алу үшін ТМККК аясында АМСК немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша госпитализацияланады.
Балаларға стационарлық көмек Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі «Стационарлық көмек көрсетудің Ережелерін бекіту туралы» № 761 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тіркелімінде № 12204 болып тіркелген.
Балалар хирургиялық бөлімшесі (бұдан әрі-Бөлімше) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Бөлімше құрамына мыналар кіреді:
Процедуралық кабинет;
Жараны таңу кабинеті (таза және іріңді кабинеттер бөлек);
Гипс салу кабинеті (қажет болса);
Балаларға арналған палаталар, оның ішінде бір орындық (оқшаулағыш);
Дәрігерлерге арналған палата;
Орта медициналық білімі бар қызметкерлерге арналған палата ;
Меңгерушінің кабинеті;
Мейірбикенің кабинеті;
Медициналық жабдықты сақтауға арналған палата;
Шаруашылық істері қызметкерінің жайы;
буфет пен үлестіру бөлмесі;
асхана;
кір жинауға арналған жай;
медициналық қызметкерлерге арналған душ пен дәретхана;
балаларға арналған душ пен дәретхана;
ана сүтін сүзуге арналған жай (нәрестелерге арналған жатын орын болған жағдайда);
кереуеттерді санитарлық тазалауға арналған жай (нәрестелерге арналған жатын орын болған жағдайда);
санитарлық бөлме;
ойын бөлмесі;
оқу сыныбы;
ата-аналардың демалысына арналған бөлме.
Бөлімшені құрамына бөлімше кіретін медициналық ұйымның басшысы тағайындап, босататын меңгеруші басқарады.
Бөлімше меңгерушісі лауазымына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен (Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың Номенклатурасын бекіту туралы» № 774 Бұйрығы) бекітілген «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін маман тағайындалады.
Бөлімше дәрігері лауазымына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен (Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың Номенклатурасын бекіту туралы» № 774 Бұйрығы) бекітілген «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін маман тағайындалады.
Балаларға стационарлық деңгейдегі хирургиялық көмек мыналарды қамтиды:
Заманауи диагностика мен мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету;
Дәлелді медицина негізінде қажетті диагностикалық зерттеулер мен емдеу әдістерін қолдана отырып, мамандандырылған, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету;
Бөлімше меңгерушісінің қатысуымен пациенттерді күнделікті қарау;
КЖ сәйкес диагностика (зертханалық және құралдық зерттеу) мен емдеу (консервативтік және хирургиялық);
Сабақтас мамандық дәрігерлерінің пациенттерге консультация, ұйымдастыруы, консилиумдер ұйымдастыруы;
Медициналық ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне негізделген емдеудің, диагностиканың және алдын алудың заманауи әдістерін меңгеру, тәжірибеге енгізу;
Балаларға көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыру;
Балаға медициналық көмек көрсетудің, күтім жасаудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін дамыту мен жетілдіру;
Аталған стационарда медициналық көмек көрсету мүмкін болмауына байланысты, аймақтандыру қағидасына сәйкес, диагностика мен емдеуде қиындық тудыратын хирургиялық патологиясы бар пациентті басқа деңгейдегі медициналық ұйымға, оның ішінде, республикалық маңыздағы хирургия орталықтарына уақытылы жіберу;
Емдік-қорғау тәртібін қалыптастыру, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мен эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
Өз саласы бойынша сырқаттануға талдау жүргізу және оны төмендету бойынша шаралар қабылдау;
Патологоанатомиялық және клиникалық конференциялар өткізу;
№ 907 Бұйрыққа сәйкес, медициналық құжаттаманың дұрыс ресімделуі мен жүргізілуін қамтамасыз ету.
Жалпы анестезияның әсерімен жасалған отадан соң бала есжию палатасында немесе реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде медициналық персоналдың бақылауында болады.
Госпитализацияланған немесе хирургия бөлімшесіне (немесе болған жағдайда, саласы бойынша мамандандырылған ) ауыстырылған баланы стационардан шыққанға дейін осы бөлімшенің дәрігері бақылайды.
Стационардан шыққан соң, баланы тұрғылықты жері бойынша балалар хирургы қарайды.
Бөлімшенің штат саны осы Стандарттың 5-Қосымшасында көрсетілген ұсынылып отырған штаттық нормативті ескере отырып, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен жатын орындардың санына сүйеніп анықталады.
Осы Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес, балалар хирургиясы бөлімшесін (30 жатын орынға) жабдықтаудың ең төменгі тізбесі.
Бөлімше өз қызметін қамтамасыз ету үшін, құрамында өзі құрылған медициналық ұйымның емдеу-диагностикалық және қосымша бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланды.
Бөлімшені орта, жоғары және қосымша кәсіби білім беру мекемелерінің, сондай-ақ, ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасындағы
балаларға (неонатальдық)
хирургиялық көмек көрсетуді
ұйымдастырудың
Стандартына № 1 қосымша
Балалар хирургы кабинетін жабдықтаудың ең төменгі тізбесі
№
р/с
|
Құрылғының (жабдықтың) атауы
|
|
саны, данасы
|
1.
|
Жұмыс үстелі
|
|
2
|
2.
|
Жұмыс орынтағы
|
|
2
|
3.
|
Орындықтар
|
|
2
|
4.
|
Кушетка
|
|
1
|
5.
|
Жаялық ауыстыруға арналған үстел
|
|
1
|
6.
|
Жараны таңуға арналған заттар мен дәрілерді сақтау шкафы
|
|
1
|
7.
|
Медициналық құжаттарға арналған шкаф
|
|
1
|
8.
|
бойөлшегіш
|
|
1
|
9.
|
Үстел шамы
|
|
1
|
10.
|
Резекция (кесу) мен коагуляцияға (ұйыту) арналған лазерлік аппарат
|
|
Талап ету бойынша
|
11.
|
Амбу қабы
|
|
1
|
12.
|
Хирургиялық аспиратор
|
|
Талап ету бойынша
|
13.
|
Бір жасқа дейінгі балаларға арналған көмкермесі бар тонометр
|
|
1
|
14.
|
стерильді құралдарды сақтауға арналған контейнер
|
|
Талап ету бойынша
|
15.
|
Ота жасау үстелі
|
|
1
|
16.
|
Жараны таңу үстелі
|
|
1
|
17.
|
Құралдарға арналған үстел
|
|
2
|
18.
|
Манипуляциялық үстел
|
|
2
|
19.
|
Хирургиялық кіші жиынтық
|
|
3
|
20.
|
Медициналық құралдарға арналған стерилизатор
|
|
1
|
21.
|
Медициналық құралдарды стерилизациялауға арналған құрғақ шкаф
|
|
1
|
22.
|
Тоңазытқыш
|
|
1
|
23.
|
Негатоскоп
|
|
1
|
24.
|
Бактерицидті ауа сәулелендіргіш
|
|
Талап ету бойынша
|
25.
|
Көлеңкесіз шам
|
|
1
|
26.
|
1 жасқа дейінгі балаларға арналған электронды таразы
|
|
1
|
27.
|
Таразы
|
|
1
|
28.
|
Дәрілік препараттарды сақтауға арналған сейф
|
|
1
|
29.
|
Сәулелі жылу шамы
|
|
1
|
30.
|
Ғаламторға қосылған, принтері бар жеке компьютер
|
|
1
|
31.
|
Стетофонендоскоп
|
|
Дәрігерлердің саны бойынша
|
32.
|
Бұғананың зақымдануын емдеуге арналған таңғыш қалақ
|
|
1
|
33.
|
Буын мен саусақтарды бекітуге арналған таңғыш қалақ
|
|
2
|
34.
|
Аяқ пен қолға арналған сымнан жасалған таңғыш қалақ
|
|
2
|
35.
|
Аяққа арналған таңғыш қалақ
|
|
1
|
36.
|
Басты қозғалтпай ұстап тұрғыш (Шанц жағасы)
|
|
1
|
37.
|
Реанимациялауға арналған жылжымалы жиынтық
|
|
1
|
38.
|
Қалақша
|
|
3
|
39.
|
Сантиметрлік таспа
|
|
1
|
40.
|
Медициналық термометр
|
|
3
|
41.
|
Құралдарды дезинфекциялауға арналған ыдыстар
|
|
Талап ету бойынша
|
42.
|
Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар
|
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |