Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы



жүктеу 0,66 Mb.
бет1/3
Дата20.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7698
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қосымша 1

Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы
Қазақстан Республикасында үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламасының және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын (бұдан әрі - ҚР) дамытудың стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – ҚРҮ сәйкесінше ҚРҮҚ) 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) дамыту жөніндегі бағдарламасы әзірленді.

1-ші мақсаты. Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі.

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, цифрлық телерадио хабар таратуды және Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті, сондай-ақ «электрондық үкімет» пен электрондық қызметтердің дамуын жаңғырту және дамыту мақсатында былтырғы жылы әрбір тапсырма бойынша мынадай мақсатты индикаторлар мен нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қатары жүргізілді:

1) АКТ секторының ЖІӨ-дегі үлесі 2014 жылы – 3,4%;

2) телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрландыру деңгейі

- қала – 93,0%,

- ауыл – 92,4%;

3) Интернеттің кеңжолақты желісі абоненттерінің тығыздығы – 100 тұрғынғы 6,1;

4) Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 тұрғынға 133,6%;

5) Халқының саны 1 000 және одан көп адамы бар барлық елді мекендерді ұтқыр байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету - 68%;

6) Халықтың компьютерлік сауаттылығын (2010 жылғы) - 43,7%;

7) Әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50 %-ын электрондық нысанға көшіруді қамтамасыз ету -17,5%;

«Әлеуметтік маңызды қызметті» анықтайтын «халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Осы Заңды жүзеге асыру барысында бұдан әрі әлеуметтік маңызды қызметтердің критерийлері әзірленетін болады, содан соң пайыздық мөлшер есептелетін болады.

8) Қазақстанның аумағын эфирлік цифрлық телехабарлармен қамту –орындалуы 2012 жылдан бастап жоспарланған;

9) Қазақстанның аумағын спутниктік цифрлық телехабарлармен қамту – 100 %;

10) Пошта байланысының 560 ауылдық бөлімшелерін құру және жаңғырту – 38 бірл.;

11) ЖІӨ телекоммуникациялар секторының үлесі – 2,7%;

12) Тіркелген байланыс желілерінің тығыздығы - 100 тұрғынға 25,1;

13) Мерзім шеңберінде келген хаттардың және жөнелтімдердің үлес –

- хаттар - 99,5,

- сәлемдеме – 100;

14) Пошта байланысының автоматтандырылған бөлімшелерінің үлесі – 31;

15) Ауылдық жерлерде электрондық сауда желісімен қамту - Қазіргі кезде «Электрондық ақшалардың мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын ҚР Парламентінің палаталары қолдады және ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолданды.

Сонымен бірге, ҚРҮ 2011жылғы 18 наурыздағы №267 қаулысымен бекітілген 2012 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының Перспективалы жоспарына сәйкес «Электрондық сауда саласындағы заңнамаларды жетілдіре түсудің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын әзірлеу алдын ала қарастырылған, атқаруға жауапты болып ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі анықталған;

16) Интернет пайдаланушыларының тығыздығы – 100 тұрғынға 29,3;

17) Салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілген және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негіз қалыптастырылған (үйлестірілген стандарттардың саны ақпараттық- коммуникациялық технология- лар стандарттарының жалпы санынан 76%) – 67%.

18) Ұлттық және коммерциялық ресурстарды алға жылжыту - ҚР БАМ «Қазконтентпен» АҚ бірлесіп тұрақты түрде Қазнеттің әлеуметтік-маңызды, жаңа және болашағы зор интернет-қорларына ақпараттық қолдау жасайды.

Ағымдағы жылдың қаңтарынан АҚ «Қазконтент» порталдарында баннерлер орналастырылып, келесі порталдардың мамандандырылған беттері ашылды:

www.bff.kz (интернет-дүкен, түсіндіріп тарату нәтижесінде оның дамуы үшін инвесторлар табылды)

www.abai.kz (қазақ тілді портал)

www.ois2011-2012.kz

www.e.gov.kz

www.bsk.kz

www.edu-cip.kz

www.khabar.kz

www.elarna.kz

www.xit.kz

www.caspionet.kz

www.pm.kz

www.1in.kz

т.б.


Порталдарда 30-дан астам Қазақстанның интернет-қорларына сілтемелер мен сілтемелерге баннерлер орнатылды.

Семинарлар мен конференциялар өткізу кезінде, сондай-ақ БАҚ-пен сұхбат жүргізу барысында Қазнеттің әлеуметтік-маңызды жобалары түсіндірілді. www.yvision.kzwww.on.kzwww.tengrinews.kzwww.bff.kzwww.bsk.kz және т.б. сияқты сәтті жобалар, Қазнеттегі сәтті инвестициялар мен болашақта интернет жобаларды одан әрі дамыту мүмкіндігі мысалға келтірілді.



1.1-ші міндет. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту.

5-тармақ «Әлемдік тәжірибені есепке алып әмбебап қызмет көрсету үлгісіне талдау жүргізу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

ҚР БАМ 2011 жылғы 4 маусымдағы № 14-1-08/Д-1831 әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, әмбебап қызмет көрсету моделіне аралық талдау ҚРҮ енгізілді. ҚРҮ 2011 жылғы 10 маусымдағы № 17-42/009-904 (1.5-т.) тапсырмасына сәйкес жарты жылдың қорытындысы бойынша ақпарат 2011 жылдың аяғына дейін ұсынылуы қажет.

Әмбебап қызмет көрсетудің ағымдағы жағдайы мен байланыс саласындағы қолданыстағы заңнама алдын ала жүргізілген талдаумен қарастырылды.

Қазақстанда әмбебап қызмет көрсету бойынша талдау өткізу барысында оң нәтижелер байқалуда:

- барлық перспективті және электр қуатымен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілген;

- тұрғындарының саны 3000 және одан да асатын елді мекендерде Интернет желісіне қосылудың жылдамдығы 256 Кбит/с кем емес ұжымдық қол жетімділік қамтамасыз етілген;

- жергілікті (тіркелген) телефон байланысы абоненттер санының екі есе артқанын (2005 жылда 2 700 900 абонент болса, 2010 жылда 4 011 400 абонентті құрады) атап өту қажет.

2015 жылға ҚР БАМ келесі көрсеткіштерге жету жоспарланған:

- Қазақстанда телекоммуникация желілерін 100% цифрлық станцияларға көшіру;

- Қазақстанның үй шаруашылығын Интернет желісіне кеңжолақты қол жетімділік қызметтерімен 100%-ға қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта қолданыстағы әмбебап қызмет көрсету моделі өзекті болып табылады.

2011 жылдың ІІ-ші жарты жылдығында әмбебап қызметтерін көрсетудің әлемдік тәжіребесін қарастыру және ұсыныстармен бірге түпкілікті талдауының нұсқасын дайындау жоспарлануда.

48-тармақ «Трафикті қосу және өткізу бойынша қызметтерді табиғи монополиялар саласынан шығару, сондай-ақ трафикті қосу және өткізу құнын реттеудің қазіргі заманғы халықаралық тәжірибесін енгізу мүмкіндігінің мәніне Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жасаған талдаудың қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу» (орындаушы ҚР БҚА) орындалу мерзімі 2011 жыл, 2012 жылғы І-ші тоқсан.

ҚР БҚА ҚРҮ 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010- 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10.21-ші тармағын, Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның 48-тармағын орындау шеңберінде трафикті қосу және өткізу қызметтер нарығына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижелері бойынша ҚР БҚА ҚРҮ «Табиғи монополиялар субъектiлерiнің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» ҚРҮ 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 (бұдан әрі – № 155 қаулы) қаулыға өзгерістер енгізу арқылы табиғи монополиялар субъектiлерiнің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнің тiзбесiнен байланыс операторлардың трафикті қосу және өткізу қызметтерін алып тастаудың қажеттілігі туралы ұсыныстар жіберді.

ҚР БАМ трафикті қосу және өткізу қызметтерін табиғи монополиялар саласынан алып тастау бөлігінде ҚРҮ № 155 қаулының жобасына ҚР БҚА бұрыштама қойды (ҚР БҚА 2011 жылғы 2 шілдедегі № 05-1/П-165 хаты).



76-тармақ «3G ұялы байланысының жаңа стандарттарын енгізу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2011-2014 жылдар.

Үшінші буындағы 3G ұялы байланыс стандартын енгізу үшін (UMTS 2100 MHz) ҚР БАМ «GSM Қазақстан ААҚ Қазақтелеком» ЖШС және «КаР-Тел» ЖШС ұялы байланыс операторларына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат құжаттары берілді.

Ұялы байланыс операторларымен үшінші буындағы 3G желілері Астана, Алматы қалаларында пайдалануға енгізілді.

Қазіргі уақытта үшінші буындағы 3G желілерін пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар республиканың облыстық орталықтарында жүзеге асырылуда.

Мобильді технологиялар Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне қол жетімділікті және енуді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ілеспе қызметтердің ауқымын кеңейтуге (мобильді ТВ, сұрау бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін көтеруге және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді.

79-тармақ «Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігінде (бұдан әрі - АҚ) талаптарын ескере отырып, хостинг қызметтерін ұсыну үшін серверлік интернет-платформаны құру» (орындаушы ҰАТ АҚ) орындалу мерзімі 2010 - 2012 жылдар.

Өндірістік пайдалануға 2012 жылы өткізу жоспарлануда.
1.2-ші міндет Цифрлық телехабар таратуды дамыту.

84-тармақ «Қазақстан Республикасының аумағында эфирлік цифрлық хабарлар таратуды іске қосу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

2011 жылдан бастап, эфирлі цифрлы хабар тарату Қарағанды қаласында тесттік режимде, келесі кезеңде Астана және Алматы қалаларында енгізу жоспарланып отыр.

Орындалуы 2012 жылдан бастап жоспарланған.

1.3-міндет Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту.

86-тармақ «Зияткерлік іздестіру жүйесін техникалық сүйемелдеу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар.

2011 жылғы 29 шiлдеде зияткерлiк iздестiру жүйесін ақпараттық сүйемелдеу қызметінің конкурсы бойынша конверттердiң ашылуы өттi. Қазіргі уақытта конкурстың қорытындылары жүргізілуде.


1.4 міндеті Электрондық қызметтер мен Электорондық үкіметті дамыту.

100-тармақ «ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйелерінің дамуы» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

2011 жылдың желтоқсан айында ХҚКО ЫАЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда.



101-тармақ «Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігіндегі АҚ талаптарын ескере отырып, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Қазіргі уақытта мынадай ақпараттық жүйелердің жұмыс жасауы қамтамасыз етілуде:

- «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;

- электрондық құжат айналым бірыңғай жүйесінің куәландіруші орталығы;

ҚР Ұлттық куәландіруші орталықтың және тіркеу орталықтарының ашық кілттерінің инфрақұрылымын сүйемелдеу;

- «мекенжай тіркелімі» Ақпараттық жүйесінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;

- мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі;

- мемлекеттік органдардың интранет-порталы;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

- электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі;

- бағдарламалық кодтар мен нормативтік техникалық құжаттаманың депозитариі;

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік жүйесі.



106-тармақ «Бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйе» автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру» (орындаушы ҚР БП) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

«Бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйе» (бұдан әрі – БАТЖ) ҚР БП 2010 жылғы 1 ақпандағы № 8 бұйрығына сәйкес тәжірибелік пайдалануға енгізілген:



  • Аудандық және оларға теңестірілген құрылымдарда БАТЖ жүйесін енгізуді аяқтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде;

  • Прокурорлық есептердің БАТЖ арқылы автоматтандыру жұмыстары;

  • Call-орталығы арқылы түскен жүгіністерді, БАТЖ жүйесіне автоматты түрде жіберу мүмкіндігін жүйеге асыру.

  • 115.kz порталы арқылы түскен жүгіністерді, БАТЖ жүйесіне автоматты түрде жіберу мүмкіндігін жүйеге асыру. 115.kz порталын байланыстыру.

ҚР БП бөлімшелері, тәуелді ведомствалық мекемесі және төмен орналасқан прокуратуралардың өзара ақпараттық байланысының деңгейі

108 тармақ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ДБЖ-сын жаңғырту және дамыту» (орындаушы ҚР ІІМ) орындалу мерзімі 2010-2012 жылдар.

ҚР ІІМ «Ішкі істер министрлігінің жерсеріктік деректер беру жүйесі мен телефониясын жаңғырту және дамыту» инвестициялық жобасының шеңберінде корпоративті деректер беру желісін құру үшін ІІО бөліністерінде жерсеріктік құрал-жабдықтарды сатып алды және орнатты. Жерсеріктік терминалдарды сатып алу шалғайда орналасқан ІІО бөліністерімен және жетуге жолы қиын орналасқан «Шеп» бекеттеріне деректер беру және дауыстарды жеткізу арналарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, сондай-ақ олардың республикалық біріктірілген деректер банкіне қосылуына мүмкіндікті қамтамасыз етті. Жерсеріктік деректер беру желісін және телефонияны қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларында және облыстардағы ІІД, ірі қалалық, аудандық органдарда және «Шеп» бекеттерінде орналасқан 197 жерсеріктік терминал қамтамасыз етеді. Жалпы саны аймақтық ІІД Жедел басқару орталықтарынан ІІМ-нің Ахуалдық орталығына (бұдан әрі – ІІМ АО) бейнекамераларынан бейнелерді беруге арналған 15 станция, ол ІІМ АО-дан облыс орталықтарында кенеттен туындаған жағдайларды бақылауға және бекітуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы деректер берудің жоғары жылдамдықты жаңа «SkyEdge» 40 жерсеріктік терминалдары және ІІО бөліністері үшін 40 резервтік электржабдықтау агрегаттарын сатып алуға 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 244 келісім-шарт жасалды. «Жабдықтаушы» тауарлар мен қызметті тікелей аймақтарға жеткізуді жүзеге асырады. Жеткізу мерзімі – 2011 жылғы 30 қараша.



112-тармақ «Ауылдық (селолық) жердің денсаулық сақтауында телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» (орындаушы ҚР ДСМ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

ҚР ДСМ 2011 жылы «Ауылдық жерлерде мобильді және телемедицинаны дамыту» бюджетік инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтайды. 2011 жылға арналған Жобаны іске асырудың шеңберінде мынадай іс-шаралар жоспарлан:



  1. Ұлттық телемедицина желілерін басқару және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

  2. Телемедицинаны Ақтөбе облысының 2-і ауданына енгізу жөніндегі іс-шаралар.

  3. Бейнеконференцбайланыс пен қосудың, өңдеу мен аудио және бейнеақпараттарды таратудың интегрирленген кешені жеткізіп беру жөннідегі іс-шаралар.

  4. Телемедицинаның бағдарламалық қамтамасыз етулерін жаңарту жөніндегі іс-шаралар.

  5. Ұлттық телемедицина желілерінің телемедицина орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

  6. Телемедициналық, оның ішінде шетелдік клиникалармен кеңес өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

Қазіргі кезде техникалық спецификалар әзірленді және ол ҚР БАМ-ға келісуге жолданды. Мемлекеттік сатып алудың үдерістерін өткізу мен келісім-шарттарды жасасу 20011 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

113-тармақ «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту» (орындаушы ҚР ДСМ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

ҚР ДСМ 2011 жылы МЗ РК в 2011 году в рамках реализации проекта «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының Бірыңғай ақпараттық жүйесін құру» (бұдан әрі - ДСБАЖ) жобасын іске асырудың шеңберінде мынадай іс-шаралар жоспарланған.:



  1. ДСБАЖ-ны Қарағанды облысында енгізу.

  2. Бұдан кейін ДСБАЖ-ны енгізу үшін Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Алматы қаласының денсаулықсақтау ұйымдарында МИ-инфрақұрылымдарын құру Қарағанды облысында енгізу.

  3. Астана қаласындағы денсаулық сақтау объектілерге серверлік жабдықтарға техникалық қолдау көрсету.

  4. Ақмола облысы мен Астана қаласындағы ДСБАЖ-ны бағдарламалық-аппараттық құралдарына, ақпараттық жүйелері мен тәжірибелі іске қосуды автоматтандыру нысандарының мәлімет базаларына жүйелі-техникалық қызмет көрсету.

  5. Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерге сәйкес бағдарламалық кодтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтай түсуге техникалық қолдау көрсету.

  6. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық қолдау көрсетілуіне арналған шығыстар.

  7. АИС «ТЭП» пен АИС «Стационар» жұмыс істеу ауқымын кеңейту.

  8. Қазіргі кезде Ақмола облысы мен Астана қаласындағы ДСБАЖ-ны бағдарламалық-аппараттық құралдарына, ақпараттық жүйелері мен тәжірибелі іске қосуды автоматтандыру нысандарының мәлімет базаларына жүйелі-техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі кезде техникалық спецификалар әзірленді және ол ҚР БАМ-ға келісуге жолданды. Мемлекеттік сатып алудың үдерістерін өткізу мен келісім-шарттарды жасасу 20011 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

115-тармақ «Мәдени мұра» веб-порталын дамыту» (орындаушы ҚР ММ) орындалу мерзімі 2011 жыл.

«Мәдени мұра» веб-порталы» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және дамыту қызметін «Инновация және технологиялар орталығы» қоғамдық қоры көрсетеді.

2011 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша портал пайдаланушылардың саны 14 мың. адамды құрап отыр.

Сонымен қатар, қазіргі таңда техникалық сүйемелдеу, контентті толықтыру және редизайн бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.



116-тармақ «Ұлттық мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталын дамыту» (орындаушы ҚР ММ) орындалу мерзімі 2010-2013 жылдар.

Республикалық бюджеттік комиссия отырысында аталған іс-шараға қаржы бөлу мәселесі қолдау таппады.



117-тармақ «Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау» (орындаушы ҚР Еңбекмині) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

2009 жылдан бастап ҚР Еңбемині «Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау» (бұдан әрі - ӘЕСБАЖ) инвестициялық жобасын іске асыруда. Бұл жоба әлеуметтік-еңбек саласының автоматтандырылған барлық ақпараттық жүйелерінің өзара байланысын және олардың арасында нақты уақыт режимінде жылдам ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде мынадай: «Еңбек нарығы» - «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау «Шетелдік жұмыс күшін әкелу және пайдалану» - Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ «Е-собес» жаңа ақпараттық жүйелері құрылды және ҚР Еңбемині қолданыстағы ақпараттық жүйелеріне кіріктірілді. Бұл ақпараттық жүйелердің дерекқорларын ҚР Еңбемині жергілікті атқарушы органдарды мен аумақтық департаментері өзекті мәліметтермен толтыруды жүзеге асырады

Қазіргі уықытта ӘЕСБАЖ өндірістік пайдалануға қабылдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.



120-тармақ «Электрондық үкімет» шеңберінде заманауи ақпараттық технологиялардың базасында ҚР жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін (ББМЖ) құру» (орындаушы ҚР МГМ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

2010 жылғы № 28 тамыздағы № 19 Республикалық бюджеттік комиссияның хаттамасына сәйкес ҚР ЭДСМ ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ-нің техникалық-экономикалық негіздемесіне оң қорытынды бермеуіне байланысты ол 2011 жылға арналған бюджетте қолдау таппады.

Бұл ретте, ҚРҮ 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысымен бекітілген Мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу ережесінің 4-тармағына сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап «мұнайды өндіру мен оның айналымы бойынша ақпаратты жер қойнауын пайдаланушылар ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру арқылы береді».

Сондай-ақ, ҚРҮ 2011 жылғы 10 ақпанындағы № 117 қаулысымен бекітілген Келісімшарттар талаптары орындалуының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру ережесінің 9-тармағына сәйкес «жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру арқылы келісімшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайын есеп береді».

Қазіргі уақытта ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ-ды жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдары пайдалануда.

Экономикалық сараптаманы алу үшін ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ-нің пысықталған ТЭН-ін ҚР СЭДМ-ге жібергендігін хабарлаймыз (ҚР МГМ 2011 жылғы 12 сәуірдегі №14-02-1082 шығыс нөмірі).

121-тармақ «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау» (орындаушы ҚР Қаржымині) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

ҚРҮ 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысына сәйкес «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ЭКО» ЖШС) ақпараттандыру саласындағы қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар жөніндегі Ұлттық оператор ретінде айқындалды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізінде ҚР Қаржымині мен «ЭКО» ЖШС «е-ҚаржыМин» ИААЖ құру» жобасын іске асыру бойынша қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жөнінде 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 241 шарт жасасты (бұдан әрі – № 241 шарт).

«е-ҚаржыМин» ИААЖ құру» жобасын іске асыру № 241 шартқа сәйкес үш кезеңге бөлінген (2010-2012жж.). Бірінші кезеңде (2010 жыл): «ҰСИ қоса алғанда Деректер қоймасы, тарихи деректер мұрағаты», «Интеграциялық шина», «е-ҚаржыМин» ИААЖ Web-Порталы», «Талдау орталығы» компоненттерін іске асыруға байланысты қызметтер орындалды.

Бекітілген 2011 жылға арналған жұмыс кестесі-жоспарына сәйкес, «Бухгалтерлік есеп», «РБ атқарылуы, жергілікті бюджеттің, ҰҚ атқарылуына қызмет көрсету, атқарудың алдын ала және ағымдағы бақылауды қоса алғанда» «е-ҚаржыМин» ИААЖ интеграциялау бөлігінде, «Қаржылық бақылау. Тәуекелді басқару жүйесі», «Кадрлық әлеуетін басқару, ҚР Қаржымині кадрлар құрамының есебін қалыптастыру мен беру», «Мемлекеттік қаражаттың есептілігін және статистикасын қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау» жүйелілік және функционалдық компоненттерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қамтитын «е-ҚаржыМин» ИААЖ жобасының екінші кезеңін іске асыру бойынша қызмет көрсетулер басталды.

«Талдау орталығы», «Web-Портал», «Интеграциялық шина», «Деректер қоймасы» компоненттерін одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ҚР Қаржымині сапаны сырттай бақылау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін «Эрнст энд Янг – консультациялық қызмет көрсетулер» ЖШС 2011 жылғы 30 наурыздағы № 67 шарт жасасты.

«е-Қаржыминi» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жасау» инвестициялық жобаның шеңберінде ҚР Қаржымині Қаржы мониторингі комитетінің (әрі қарай – Комитет) Бірыңғай ақпаратты талдамалық жүйесін құру жұмыстары жүзеге асырылады:

1) 2010 жылдың 14 қазанында ҚР Қаржымині Қаржы мониторингі комитетінің Бірыңғай ақпаратты талдамалы жүйесінің ақпараттық талдамалық қосалқы жүйесін – 1 кезегін құру бойынша сатып алу шарты жасалынды.

2011 жылдың 10 ақпанында Комитеттің келесі ішкі үдерістерін қолдауға және БАТЖ-ң функцияларын автоматтандыруға арналған «Комитеттің БАТЖ – 1 кезек» бағдарламалық қамсыздандыруы кабылданды:

  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау