Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
Мыналарға:
2. Салық кодексіне 150 % мөлшеріндегі корпоративтік табыс салығы бойынша ҒЗТКЖ-ға арналған шығындарды шегерімге жатқызу бөлігінде;
3. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына гранттардың жаңа түрлерін енгізу арқылы инновацияларды дамытуға ынталандыру бөлігінде;
4. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгерістер енгізу.
2.11 Тариф саясаты
Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында шамамен 1000 субъект өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:
552 - су кәріз жүйелері саласында;
407 — электр және жылу энергетикасы саласында;
177 - көлік саласында;
38 - мұнай мен газды тасымалдау саласында.
Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозуы және технологиялық артта қалуы, осыған байланысты тиімділіктің төмендігі мен шығындар проблемасы орын алған, бұл көрсетілетін қызметтер сапасына және тұтынушыларға арналған тарифтер деңгейіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордың барлық табиғи монополиялар салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды.
Нормативті шығындар деңгейінің жоғары болуынан басқа кәсіпорындарда нормадан тыс шығындар да орын алуда, олар тиімсіз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне алып келуде.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейі болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.
Негізгі міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген тиімді тариф саясатын жүргізу.
Нысаналы индикаторлар
1. Базалық табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) нормативтен тыс шығындарын (олар бар болса) төмендету пайызы:
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
электр желілерінде:
|
%
|
1,5
|
1,5
|
1,0
|
0,5
|
-
|
жылу желілерінде:
|
%
|
2,0
|
2,5
|
2,0
|
0,5
|
-
|
су шаруашылығы желілерінде:
|
%
|
2,5
|
1,0
|
0,5
|
0,4
|
-
|
1. Базалық ТМС-ның нормативтік техникалық шығындарын бекітілген пайыздан төмендету пайызы:
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
электр желілерінде:
|
%
|
1,3
|
1,0
|
0,5
|
0,2
|
0,1
|
жылу желілерінде:
|
%
|
1,5
|
1,8
|
1,0
|
0,3
|
0,1
|
су шаруашылығы желілерінде:
|
%
|
2,6
|
2,0
|
2,0
|
1,0
|
1,0
|
3. Реттелетін қызметтер тарифтерінің болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмір, мазут құнының тұрақтылығы мен көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгермеуі шартында).
3.1. Электр қуатына арналған босату бағаларының өзгерісі
Қызметтердің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен
|
теңге/кВт
|
10,14
|
11,09
|
12,33
|
13,48
|
14,65
|
3.2. Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау тарифтерінің болжамы
Тасымал түрі
|
Өлшем бірлігі
|
болжам
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
облысаралық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
экспорттық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
4. Реттелетін тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету:
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің саны
|
дана
|
12
|
15
|
11
|
10
|
12
|
Іс-қимылдар стратегиясы
Реттелетін нарықтар субъектілерінің тариф белгілеу жүйесін жетілдіру тарифтердің экономика салаларын дамытуға әсерін бағалау құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын болады.
Алдағы кезеңде мыналар көзделеді:
өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру - салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және қызметтер көрсету технологиясын оңтайландыруға ынталандырады;
тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
Экономика салаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді.
Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.
Заңнаманы жақсарту
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін:
«Жеке тұлғалардың су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттелетін қызметтерді тұтыну көлемінің негізделген ауқымын айқындау ережесін», «Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті есептеу әдістемесін» әзірлеу;
ӨЭК қызметі тиімділігінің дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттелетін қызметтеріне арналған сараланған тарифтер әдісін енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген, реттелетін нарық субъектілерінің баға сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған шекті бағадан асырмай шығарылатын (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны дербес түрде азайтуын және көтеруін көздейтін Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережелеріне түзетулер енгізу.
2.12. Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2009 жылдың 9 айын қоса алғанда, 1993 жылдан бергі кезеңде ел экономикасына 102,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ), оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына - 14,6 млрд. АҚШ доллары (жалпы көлемнің 14,2 %-ы) тартылды.
Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында мыналар негізгілері болып табылады:
ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;
ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;
жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;
инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.
Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА, ИА) инвестициялық тартымдылығын көтеру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) дамыту арқылы жүзеге асырылады.
1. АЭА-ның, ИА-ның ағымдағы жай-күйі
Қазақстанда барлығы 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар - «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала» (Астана қаласының ИА);
2) сервистік - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала»;
3) техникалық-енгізу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қаласының ИА-сы «Астана - жаңа қала» АЭА-ның құрамына енгізілді.
Әлемдік тәжірибе АЭА және ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, интеграциялық экономикалық процестерді тереңдету есебінен жеделдетілген экономикалық өсу факторы болып табылатынын көрсетіп отыр.
Қазақстандық АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығы қазіргі уақытта онша жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі нақты қажеттіліктерге және инвесторлар мүдделеріне толық бағдарлана қоймаған.
2. МЖӘ-нің ағымдағы жай-күйі
Қазақстанда инфрақұрылым объектілеріне және олардың сапалы қызмет көрсетуіне қоғам қажеттілігінің өсуі, негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуының ұлғаюы және мемлекетте инфрақұрылым объектілерін жаңарту мен құруға арналған жеткілікті қаржы ресурстарының болмауы жағдайында МЖӘ тетіктерін пайдалану мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алады, жеке инвесторлар әлеуетін іске асыруға және дамытуға әрі институционалдық инвесторлар қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда алғашқы концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесі МЖӘ тетігін пайдалану арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция тарту мүмкіндігінің айғағы болып отыр.
Концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, мыналар:
1) Мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларына жеке меншік инвестицияларды тарту;
2) Капиталды көп қажет ететін объектілерді (инфрақұрылымдық, энергетикалық және т.б.) инвестициялау кезінде инвесторлар мен кредиторлар үшін қолайлы жағдай жасау;
3) Жеке меншік капиталды тарту жолымен тұрғын-үй коммуналдық саланың мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімді әдістерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Негізгі міндеттер
Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту.
Нысаналы индикаторлар
1. Global - 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған мақсатты инвесторлар саны: 2010 - 2, 2011 - 3, 2012 - 4, 2013 -4, 2014 - 5.
2. Шетелдік мемлекеттермен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу. 2010 - 2, 2011 - 2, 2012 - 2, 2013 - 2, 2014-2.
3. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне қол жеткізу: «Тікелей шетел инвестицияларын реттейтін ережелердің бизнеске әсері (101-орын)» - 2010 жыл - 100-орын, 2011 - 99, 2012 - 98, 2013 - 97, 2014 - 96. «Тікелей шетел инвестициялары мен технологиялары» (104-орын) - 2010 жыл - 103-орын, 2011 - 102, 2012 - 101, 2013 - 100, 2014 - 99. «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту. 2010 жыл - 52-орын, 2011 - 51, 2012 - 50, 2013 - 49, 2014 - 48. Елдің бәсекеге қабілеттілігі бойынша Дүниежүзілік Банк индексін 2014 жылы 60 орынға дейін (2009 жылы - 67-орын).
4. АЭА-да қатысушылар санын 2009 жылғы 39-дан 2015 жылы 159-ға дейін және ИА-да 2015 жылға қарай 42-ге дейін ұлғайту.
5. АЭА аумақтарындағы экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндіріске инвестицияларды 2015 жылға қарай 1588 млрд. теңгеге дейін және ИА аумағында - 151 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.
6. АЭА аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндіру көлемін 2009 жылғы 21,9 млрд. теңгеден 2015 жылға - 718 млрд. теңгеге дейін, ИА-да 2015 жылға 719 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде өнім экспортын шығарылатын өнім көлемінің кем дегенде 50 %-ына дейін ұлғайту.
7. МЖӘ-нің жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам кем дегенде 15 жобасын 2015 жылға қарай іске асыру.
Іс-қимылдар стратегиясы
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың негізгі құралдарының бірі тікелей инвестициялар тарту болып табылады.
Жалпы қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі шаралармен қатар Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру бойынша ірі және трансұлттық компаниялар үшін арнайы жағдай жасалатын болады.
Бұл үшін тікелей инвестициялар тарту жөніндегі біртұтас жүйе құру ұйғарылып отыр, ол ынталандырушы шараларды да, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің институционалдық тетіктерін қамтитын болады.
Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі мынадай шараларды қолдану көзделеді:
1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық преференциялар;
жедел және өтеусіз негізде шетел мамандары үшін келу визаларын берудің арнайы тәртібі.
2. АЭА аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:
әлемдік үздік практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртібі.
Жеңілдіктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға ұсынылатын болады.
шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
3. Танымал шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялар қатысатын неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шаралары:
салықтық жеңілдіктер және преференциялар;
ұзақ мерзімді мемлекеттік ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;
ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары көзделетін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.
Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың осы шаралары жөніндегі шешім Үкімет деңгейінде қабылданатын болады.
Экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тартуды өрістету мақсатында әрбір әлеуетті ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.
Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:
мақсатты әлеуетті инвесторларды, ең алдымен ТӨК арасынан іздестіру және айқындау;
мыналарды:
Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге байланысты қажетті формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесуді;
Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекші компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;
инвестициялық жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;
постинвестициялық\қолдауды қоса алғанда, әрбір мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнінде «жол карталарын» әзірлеу және іске асыру.
Жеке тәсілді іске асыру үшін шетелдік инвесторларымен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдірілетін болады. Мыналар көзделіп отыр:
шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» және «бірыңғай консультант» принципі бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту. Сондай-ақ, «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС-ні Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беру ұйғарылып отыр.
Халықаралық желі құру шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының ресурстарын пайдалану, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері құрамындағы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынымы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін дипломатиялық рангтегі Кеңесші-елші және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктерінде атташе штаттық бірліктерін айқындау мәселесін пысықтау есебінен қамтамасыз етілетін болады. Олардың қызметін рейтингілік бағалау енгізілетін болады;
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін шетелдік инвестициялар жөнінде комиссия құру. Комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқаратын болады.
Комиссия жобаларды қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар үшін эксклюзивті жағдай жасауға қатысты шешімдер қабылдайтын болады. Айрықша жағдайларда жобаларды АЭА аумағынан тыс іске асыру үшін жекелеген ірі инвесторлармен белгілі бір жеңілдіктер пакеті мен преференцияларды, оның ішінде инвестициялардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін инвестициялық келісімдер жасалатын болады.
Аса ірі инвестициялық жобаларды іріктеуді және инвестициялық келісімдер шеңберінде барлық жеңілдіктер мен преференциялар жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын болады. Инвесторлармен жұмыс жүргізудің жеке ұстанымымен қатар Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмыс (жалпы ұстаным) жалғасатын болады, олар мыналарды қамтиды:
ақпараттық-таныстыру іс-шараларын өткізу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ, интернет ресурстар). Шетелдік инвесторлар үшін бірыңғай интернет-портал құру осы бағыт бойынша түйінді іс-шара болады;
инвесторларға әріптестер іздеуде, іскерлік байланыстар орнатуда, қажетті ақпарат беруде жәрдемдесу.
Күш-жігерді ТШИ тартуға шоғырландыру мақсатында үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің қызметі жүйеленеді, мұнда бұл мәселелерді Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті үйлестіретін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |