тілдің қатынас құралы
ауызша жазбаша
тыңдау және түсіну сөйлеу оқу жазу
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
Амандасу - Сооd morning!
Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
Қоштасу - Gооd bуе!
Таныстыру – Тһіs is Міке.
Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday!
Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
Рұқсат сұрау - Мау I
Кешірім сұрау - I аm sorrу.
Рахмет айту - Тһаnк уou!
Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
- Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап
оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.
Ағылшын тілін оқыту мақсаттары
Мақсаттар
Тәрбиелік мақсат (ақыл – ой еңбегінің дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру, қызығушылықты дамыту, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу)
Дамытушылық мақсат (оқушының жеке басындағы ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту)
Ағартушылық мақсат (логикалық ойлауды, естегі қиалды дамыту, оқушышың білімін кеңейту, мәдениетін көтеру)
Тәжірибелік мақсат (тыңдату, сөйлеу, оқу, жазу)
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.
Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
лингвистикалық
психологиялық
әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген сұрақтар пайда болады.
Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады.
Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді.
Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда 1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.
Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.
Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.
Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.
Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін - әдістемелік компонентті құрайды.
Әдістемелік компонент - оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.
Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет, сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.
Сонымен 3 компонентті атайық:
Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.
Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.
Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.
- Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы
- Оқыту принциптерінің түрлері
- Оқытудың арнайы принциптері
- Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
- Оқыту құралдары туралы түсінік
- Оқыту құралдарының түрлері
- Негізгі оқыту құралдары
- Көмекші оқыту құралдары
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Шет тілін оқыту қағидаттары
Арнайы
Арнайы қағидаттар:
Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады.
Яғни,ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы аяқталғанша сөйлесу, әңгімелесу арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс.
Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады. Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асады
Үшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша ,барлық , грамматикалық , лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле үйретіледі.
Жалпы әдістемелік (дидадикалық ) қағидаттар. Негізгі принципі – тәрбиелеп оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде оқыту мен қатар тірбиелік мақсат та көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси –идеялық мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, ағылшын тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіруді талап етеді.
Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл бөледі, себебі пән игеруде сана оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны игеру іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип бойынша оқыту әрекеті бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады.
Белсенділік қағидаты ұғынып, түсіну принципімен тығыз байланысты. Ағылшын тілін үйрету үшін әрбір оқушының белсенділігін көтеруде бұл принциптің алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесіне әрбір оқушы бар ынтасымен, қызығушылығымен қатысуы ктиіс.
Көрнекілік қағидатында оқыту көру және қабылдау әдістері арқылы жүзеге асады. Көрнекілік принципі, әсіресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы сатысында көбірек қолданылады.
Жеңілдету қағидаты. Жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергі келтірмейтіндей , оқушылардың білім дәрежелеріне сай жеңіл түрде берілуі тиіс. Кездескен қиындықтарды өз бетімен немесе мұғалімінің көмегімен шеше алатындай тақырыптар беріледі.
Дәйектілік қағидаты. Білім жүйелі түрде өсіп тұруы тиіс. Қолданылған барлық сөздер, өз бірліктері оқушының сақтау керек, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу кезінде барлық материал дәйекті түрде алынуы керек. Берілген ақпарат оқушының есінде сақталуынан білім берудегі нәтиже аанықталады. Жеке ерекшеліктерін ескеру қағидаты бойынша мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін, білім дәрежесін керек,соған байланыстыәр оқушыға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Әсіресе, үлестірмелі материал берген кезде ескеріледі. Бірізділік қағидаты бойынша барлық материал бірін-бірі жалғастыратын негізде берілуі керек. Ана тілінде берілген материалдың негізінде беріледі.
Жүйелік қағидаты бойынша белгілі бір жүйе бойынша оқыту процесі бір мақсатты негіздейтін іс-әрекет болуы тиіс. Әрбір жаңа алынған тақырып өткен тақырыпты күрделі түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы керек. Ғылымилық қағидаты, яғни теориялық тәжірибемен байланысты. Ағылшын тілін оқытуда алынған білімді тәжірибеде дәлелдеуде үлкен көңіл бөлінеді. Іс-әрекет кезінде ғана оқушының білім және материалды меңгеру дәрежесі анықталады. Берілген материалды игерген оқушы әрі қарай басқа да ғылым салаларын пайдаланғанда, техника , өнер саласында өз білімін пайдалана алады.
Ағылшын тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
Оқушыға немесе мұғалімге арналған
Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық,мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама – бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал – мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі – оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
|
Оқыту құралдары
|
Оқушыларға арналған
|
Мұғалімге арналған
|
1.Оқытудың негізгі құралдары
|
1. Оқулық
2.Оқуға арналған кітап
3.Оқытуды тыңдау-көру құралдары – сурет жинағы,диафильм,аппликация,диапозитив,кинофрагмент,
үн таспа,лингофондық практикум,дыбысты үй тапсырмасы
(2-3сыныптар),үлестірмелі материал(2,3-сыныптар)
|
1.Бағдарлама
2.Оқулық
|
2. Оқытудың көмекші құралдары
|
Кодоскоп. Ойыншықтар,суреттер, карточкалар,сөздіктер, оқушыға арналған көмекші кітаптар
|
Әдістемелік әдебиеті: «Шет тілі орта мектеп»
журналы
|
Сұрақтар мен тапсырмалар
Оқытудың қағидаттары дегеніміз не?
Шет тілінде оқытудың әдістемелік қағидаттарын білу не үшін керек?
Арнайы қағидаттарға қандай принциптер жатады?
Жалпы диалектикалық қағидаттарға қандай принциптер жатады?
Бағдарламаның «Түсініктеме» бөлімін қарап шығып шет тіліне оқытудың қандай қағидаттарын орындау керек екенін атаңыз.
Оқу әдістемелік кешенін талдап шығыңыз, оның авторлары қарым – қатынас жасауға бағытталған қағидатты, ана тіліне сүйене отырып оқыту, тәрбиелеп оқыту, ұғынып түсіну қағидаттарын қалай жүзеге асырғанын анықтаңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000
Дәріс № 5
Тақырыбы: Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Шет тілін оқытудағы көрнекілік және аударма әдісі
Мақсаты:
Әдістеменің негізгі мәселелері
Әдістеменің педагогика ғылымымен байланысы
Әдістеменің лингвистика ғылымымен байланысы
Әдістеменің психология ғылымымен байланысы
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Шет тілін оқыту әдістемесі – шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
Шет тілін оқытудың мақсаттары
Шет тілін оқытудың мазмұны
Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
Оқыту құралдары
Әдістеменің негізгі қағидалары
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер – дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті.
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі – сөйлеу әрекеті.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.
Шет тілің оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:
Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
Әр түрлі мектептерде алдңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблема көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдерді, әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Оқу шет тілінде оқытылған мектептерде ағылшын пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргізіледі.
Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.
Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.
Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбеккке қатысты мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.
Осының нәтижесінде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді.
Ағылшын пәні басқа өзге пәндермен тығыз байланысты, сондықтан мұғалім өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені 2-ші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнің басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.
Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәні мен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.
Көркем шығармалар мазмұныңдағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері тығыз байланысты бірлікте өткізіледі.
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, оқушы өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі,оқығаның, түсінгенің ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.
Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.
Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының сөздік қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу сан есімнің түрлеріне байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы байланыс арқылы табиғат, ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт – ағылшын тілінде айтылатын сөдерге екпінді дұрыс түсіріп айту, адамдардың көңіл күйін, қуанышын, ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
Ағылшын тілі мен еңбек пәні арасындағы байланыс бұйымдардың көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе білуден, ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам әзірлеу киім тігу, т.б. байланысты сөздерге жасағаннан туындайды. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғауы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру болып табылады. Әр тілді оқытуды жүйелеу, жинақтау, танымдық қарым-қатынас жасау сияқты үш түрлі қызметі болады.
Осындай функциялар негізінде оқу процессінде білім мазмұнының тұжырымдамсы жасалынады. Тұжырымдамада тәрбие процессін байыта түсудің, жаңартудың, жетілдірудің мақсаты мен келешектегі даму жолдары анықталып, болжамдар жасалынады.
Атап айтқанда, оқу процессін жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты интеграциялау жатады. Оқу-тәрбиесін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын иделар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептердегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты –шет тілің оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процессінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай тілдің болмасын механизімін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
Сол тілдің жүйесі қалай құрылғаның
Ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек.?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескеру, білімнің базалық жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
А.С.Выготский «Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі – балалардың бойында таңымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады», - дейді. Бұл жерде оқушының алдына таңымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? – деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіңе таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.
Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай. М.Махмұтов екі топқа бөледі:
Заттың бейнелік көрнекі құралы (картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
Таңбалы көрнекі құралдар (сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар т.б.).
В.Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөзбен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі», - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасайды.
Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байытқан жөн.
Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |