Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 285 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға
тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және
жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық бөлімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) республикалық мүлікті қабылдау бөлігінде – Комитет, Комитеттің аумақтық бөлімшелері арқылы;
2) коммуналдық мүлікті қабылдау бөлігінде–коммуналдық мүлікті есепке алу саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті ЖАО-лардың құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай;
мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде – 5 (бес) ай;
болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай;
мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде, болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай;
болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай;
2) кезекте күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі– жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижиелерін беру кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);
берілетін мүлікке құны туралы деректер (теңгерімнен үзінді немесе бағалау туралы есеп);
мемлекеттік емес заңды тұлғалар:
құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық, маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудандардың аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдердің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, тиісті жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - әкімдік) басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда некөрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің, әкімдіктің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің, әкімдіктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған.
13.Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты
бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын
Қазақстан Республикасының қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
1-нысан
Сыйға тартудың үлгі шарты
________қ. «___»___________ 201__ ж. № _________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және
нөмірі,
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні, тұрғылықты жері, ЖСН)
бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын ________________________атынан
______________________________________________негізінде әрекет ететін
(«___»_________ 201__ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың №____ )
_______________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе
Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері және облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы
органдары)
____________________________________________________________________
(«___»_________ ___ ж. №____ ереже) негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы) көрсетілетін қызметті
берушінің «___»_________ 201__ж. №____ бұйрығына сәйкес төмендегілер
туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың нысанасы
1. Сыйға тартушы ______________________________________________
(мүліктің атауы)
(бұдан әрі – мүлік) мемлекеттік республикалық меншікке өтеусіз беруге
міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сыйға тартушы осы шартқа қол қойылған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде сыйды алушыға қабылдау-беру актісі бойынша мүлікті беруге міндеттенеді.
2. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған болып есептеледі.
Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.
3. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
4. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге құқылы.
3. Өзге де шарттар
1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.
2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тарапының әрқайсысы үшін екі данада жасалған.
3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.
4. Осы шартқа тараптар қол қойғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мүліктің қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол қойылады.
5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшалыққа алады.
4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері
сыйды алушы
|
сыйға тартушы
|
_______________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы
_______________________________
ММ орналасқан жері
ЖСК___________________________
БСК___________________________
ЖСН _________________________
БСН__________________________
|
_______________________________
Мемлекеттік емес заңды немесе
жеке тұлғаның атауы
_______________________________
Мүліктің меншік иесінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері
________________________________
Мемтіркеу нөмірі және күні, жеке
куәліктің нөмірі және күні
ЖСН___________________________
|
Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
|
Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
|
2-нысан
Болашақта сыйға тартудың үлгі шарты
________қ. «___»___________ 201__ ж. № ______
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және нөмірі,
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні, тұрғылықты жері, ЖСН)
бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(«___»_________ 201__ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың №____ )
_______________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары)
____________________________________________________________________
(«___»_________ ___ ж. №____ ереже) негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы) көрсетілетін қызметті
берушінің «___»_________ 201__ж. №____ бұйрығына сәйкес төмендегілер
туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың нысанасы
1. Сыйға тартушы_______________________________________________
(мүліктің атауы)
(бұдан әрі – мүлік) болашақта мемлекеттік меншікке өтеусіз беруге
міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған болып есептеледі.
Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге құқылы.
3. Өзге де шарттар
1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.
2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тараптарының әрқайсысы үшін екі данада жасалған.
3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.
4. Сыйға тартушы мемлекеттік меншікке мүлікке құқықтарын нақты бергеннен кейін тараптар он бес жұмыс күні ішінде мүліктің қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол қояды.
5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшалыққа алады.
4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері
сыйды алушы
|
сыйға тартушы
|
_______________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы
_______________________________
ММ орналасқан жері
ЖСК____________________________
БСК____________________________
ЖСН ___________________________
БСН____________________________
|
_______________________________
Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғаның атауы
_______________________________
Мүліктің меншік иесінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері ________________________________
Мемтіркеу нөмірі және күні, жеке куәліктің нөмірі және күні
ЖСН___________________________
|
Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
|
Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
|
3-нысан
Үлгілік қабылдау-беру актісі
БЕКІТЕМІН:
_________________________________
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті немесе
оның аумақтық бөлімшелері)
__________________________________
___________________________________
«___» _____________ 201 _ жыл
М.О.
Қабылдау-беру актісі
«___»_____201_ жыл ________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар,____________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік емес заңды немесе жеке адамның атауы)
атынан ________________________________________________ бір тараптан
(қабылдау-беру актісіне қол қоюшы тұлғаның Т.А.Ә.)
және_________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы) атынан
_____________________________________________________________________
(қабылдау-беру актісіне қол қоюшы адамның Т.А.Ә.) екінші тараптан, №___ «___»_______201 _ жылғы сыйға тарту шарты негізінде мемлекеттік меншікке
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
қабылдау-беру жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.
Акт заңдық күші бірдей 4 (төрт) данада қазақ және орыс тілдерінде, тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды.
Тараптар осы актіге қол қою арқылы бір-біріне кінәрат-талаптардың жоқ екендігін растайды.
қолдар:
берді:
______________________________
______________________________
Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғаның атауы
Лауазымы
________________________ Т.А.Ә.
«___»__________201_ жыл
|
қабылдады:
_______________________________
_______________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы
Лауазымы
________________________ Т.А.Ә.
«___»_________201_ жыл
|
Достарыңызбен бөлісу: |