Қазақстан республикасы



жүктеу 170,32 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі170,32 Kb.
#1031

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

СЫРТҚЫ ІСТЕР

МИНИСТРЛІГІ



МИНИСТЕРСТВО

ИНОСТРАННЫХ ДЕЛ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31 ғимарат

тел.: 72-05-18, факс: 72-05-16

010000, город Астана, улица Динмухамеда Кунаева, здание 31

тел.: 72-05-18, факс: 72-05-16

2017 жылғы «_» сәуір


«_____»_______________________2017 г.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ

БАСШЫСЫ

Ә.Р. ЖАҚСЫБЕКОВКЕ

2016 жылғы 11 қарашадағы № 3516-5 ПАБ тапсырмаға орай
Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы!
Сіздің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 3516-5 ПАБ тапсырмаңызға сәйкес, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасының 87-ші қадамын іске асыру аясында Сыртқы істер министрлігі құрған «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын танымал ету туралы келесіні хабарлаймыз.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы тиісті ақпараттық науқанды жүргізді: ТВ арналарда роликтер, баспа және онлайн ақпарат құралдарында арнайы жарияланымдар жүзеге асырылды, мемлекеттік ведомстволар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ресми сайттарында Қосымша туралы веб-парақшаға сілтеме жасалған баннерлер орнатылған.

Мемлекеттік органдардың сайттарында халықтын аталған сандық Қосымшаға қол жетімділігі мен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің жұмысын ерекше атап өткен жөн.

Атап айтқанда, облыстық, өңірлік баспа және электрондық БАҚ-да және ресми сайттарында арнайы тақырыптық: «Сандық қосымша» деп аталатын айдарлар ашылған, онда егжей-тегжейлі жарияланымдар, ақпараттық есептер, аталған Қосымша және оның мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырған.

Жалпы аталған тақырыпқа 190-нан астам материалдар жарияланып, 20-ға жуық бейне сюжеттер жарық көрген. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дегенмен, жобаның әлеуеті әлі де толық ашылмағанын атап кету керек. ҚР СІМ Қосымшаны одан әрі жетілдіру және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді.

Жоба заманауи электрондық форматта тұрақты ресурс болуы тиіс, ол жаңа тілдік нұсқалар мен бөлімдерді қосу, тұрақты жаңартулар арқылы ұзақ мерзімді дамыту мен жанғыртуға арналған.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға 2017 жылғы сәуір мен қыркүйек аралығында Қосымшаны одан әрі танымал ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз. Атап айтқанда:

1) ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне елдің инвестициялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында облыстарда және Астана, Алматы қалаларында Қосымшаны танымал ету жұмысын одан әрі күшейту.

2) ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне күн сайын ТВ арналар мен радиостанцияларда роликтер жіберілімін жалғастыруды, баспа және онлайн БАҚ-да қосымша мақалалар мен сұхбаттарды жариялау.

3) ҚР Білім және ғылым министрлігіне оқу жылының соңына дейін Қосымшаны танымал ету жұмысын жалғастырып, университеттерде, колледждерде, орта мектептер мен кітапханаларда ашық сабақтар, дәрістер мен семинарлардың екінші циклін өткізу.

4) ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне мәдени және спорт мекемелерінде арнайы іс-шаралар циклін жүзеге асыру және спорттық әрі бұқаралық іс-шаралар кезінде Қосымша туралы имидждік ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету.

5) Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктеріне жергілікті баспа және электрондық БАҚ-та имидждік мақалалар мен үн қосу материалдарын жариялау жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ ресми сайттарда жаңалықтар түріндегі мақалалар орналастыру.

6) «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға көрме барысында әріптестер мен көрмеге қатысушылар арасында Қосымшаны танымал ету жұмысын күшейту.

Жоғарыда көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ү.ж. 1 мамырға дейін ҚР СІМ-ге Қосымшаны одан әрі танымал ету бойынша ауқымды жұмыс жоспарын жолдау және атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ү.ж. 8 қыркүйегіне дейін есептік материалдар ұсыну туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз. Барлық қажетті ақпарат пен имидждік материалдар қоса берілген.

Тапсырмаңызды орындау туралы есеп беру тәртібінде енгізіліп отыр.


Қосымша: аталған, _ п.

МИНИСТР Қ. ӘБДІРАХМАНОВ


Орын.: Серікханұлы М.
жүктеу 170,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау