«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы №972 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №23, 288-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «қаржыландырудың ережесі бекітілсін.» деген сөздер «қаржыландырудың ережесі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен және Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 тамыздағы
№972 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағида).
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы нысаналы топтарға арналған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне қарауға және бекітуге ұсынылады.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.
Бекітілген тізбеде кәсіптер (лауазымдар) бөлінісінде әр жұмыс беруші бойынша:
1) ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны;
2) айлық жалақы мөлшері;
3) жұмыстың ай бойынша ұзақтығы;
4) мемлекеттік бюджет қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері көрсетіледі.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына
орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкілетті органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді.
9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жіберу кезінде мыналар ескеріледі:
1) жіберілген азаматтар уәкілетті органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуға тиіс;
2) жолдама беру сәтінде жіберілетін азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына он екі айлық кезеңде бір рет қана орналаса алады және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
14. Уәкілетті орган ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударуды жүргізеді.
15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады. Аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
1-қосымша
________________ауданының,
қаласының уәкілетті органына
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Өтінім
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда азаматтарға тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с№
|
Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр
|
Жұмыс орындарының жоспарланған саны
|
Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы мөлшері, теңге
|
Өтемақы-ның жоспарлы мөлшері, теңге
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшірмесі.
Басшы Күні
М.О
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
қаржыландыру туралы
№ _______шарт
____________ с. (қ.) 201__ жылғы «___»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _________________________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) __________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және _______________________________________________________атынан (жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 201__ жылғы «___» _______ №_____ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________
(жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге ___________________________________адамды жіберуге;
(саны жазбаша)
2) жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының _____ % есебімен нақты орындаған жұмыс уақытына, алайда бір адамға жұмыс істеген толық айына _____________________________________
(сома жазбаша)
теңгеден асырмай жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы мөлшері, теңге
|
Өтемақының жоспарлы мөлшері, теңге
|
|
|
|
|
|
|
2) азаматтармен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан міндетті зейнетақы аударымдарын жүргізуге, салықтардың барлық түрлерін және әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарды ұстап қалуды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға;
5) әрбір азаматқа жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
7) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
9) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
11) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__жылғы «___» ______бастап 201__жылғы «___» _________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші Жұмыс беруші
__________________ауданының ______________________
(қаласының) уәкілетті органы ______________________
(халықты жұмыспен қамту орталығы) _____________________
мекенжайы:______________________ ЖСК
ЖСК БСН
БСН СТН
СТН Коды _____________________
Коды____________________
(Т.А.Ә., қолы)
(Т.А.Ә., қолы) М.О.
М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
3-қосымша
_________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с
№
|
Т.А.Ә.
(толық)
|
Жеке куәлігінің №,
берілген күні
|
Туған күні
|
Еңбек шартының нөмірі мен күні
|
Шарт бойынша жалақының мөлшері
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге
|
Зейнетақы қорына аударылған аударымдар сомасы
|
Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы______________
Бас бухгалтер______________
М.О
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 тамыздағы
№972 қаулысына
2-қосымша
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағида).
2. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс;
5) жолдама беру сәтінде жолданатын азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне қарауға және бекітуге ұсынылады.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі жыл сайы тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.
Бекітілген тізбеде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде әр жұмыс беруші бойынша:
1) ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны;
2) айлық жалақы мөлшері;
3) жастар практикасының ай бойынша ұзақтығы көрсетіледі.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жіберу
8. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жастар практикасынан өту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жібереді.
9. Түлектер жастар практикасына он екі ай кезеңінде бір рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
12. Жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пікір (ұсыным хат) береді.
4. Жастар практикасын қаржыландыру
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен қаражат беруді қамтиды.
14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті органдар жүзеге асырады.
15. Уәкілетті орган жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеуді ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есепшоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру
туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне облыстардың уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша есеп береді. Аталған есепте:
1) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне орталық атқарушы органға өңір бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
________________ауданының, қаласының уәкілетті органына
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Өтінім
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын Жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда жұмыссыздарға тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с№
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Талап етілетін білім деңгейі
|
Жұмыс орындарының жоспарлы саны
|
Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшірмесі;
Басшы Күні
М.О
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
2-қосымша
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын
қаржыландыру туралы
№ _______шарт
____________ с. (қ.) 201__ жылғы «___»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _________________________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) __________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және _______________________________________________________атынан (жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 201__ жылғы «__» _______ №_____ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Бастауыш, орта, ортадан кейінгі және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін олардың алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________
(жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге_________________________________адамды жіберуге;
(саны жазбаша)
2) жастар практикасына қатысушыларға жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын шегере отырып, толық жұмыс істеген айы үшін нақты орындаған жұмыс уақытына ________________________________ теңге есебімен жалақы төлеуге;
(сома жазбаша)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшін мынадай жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Кәсібі (мамандығы)
|
білімі
|
Жастар практикасының ұзақтығы, айлар
|
Айлық еңбекақының мөлшері, теңге
|
|
|
|
|
|
2) жұмыссыз азаматтармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасауға;
3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
5) жұмыссыздың әрқайсысына жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен ақысы төленетін жыл сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеуді жасалған еңбек шарттары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__жылғы «___» ______бастап 201__жылғы «___» _________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші Жұмыс беруші
__________________ауданының ______________________
(қаласының) уәкілетті органы ______________________
мекенжайы:______________________ _____________________
ЖСК ЖСК
БСН БСН
СТН СТН
Коды____________________ Коды _____________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша
_________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с
№
|
Т.А.Ә.
(толық)
|
Жеке куәлігінің №,
берілген күні
|
Туған күні
|
СТН
|
ӘЖК
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге
|
Қызмет көрсетуші банк
|
20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы______________
Бас бухгалтер______________
М.О
Достарыңызбен бөлісу: |