Сурет 1.1. Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.
1.3. Микроэкономика әдiстемесi : теория және модель
Теория бақыланатын нәтиже түсiндiретiн себеп-салдарлы байланыстарды бекiтедi. Кез келген теория бақыланатын құбылысқа әсер ететiн факторлар жөнiнде жорамал жасап нақтылықты ықшамдайды.
Экономистерге теория да, модельдер де қажет. Экономикалық модель экономикалық айнымалылар арасындағы өзара қатынастарды бекiту үшiн қызмет ететiн алғышарттардан тұрады. Экономикалық айнымалылар – бұл өлшенетiн натуралды шамалар (жылдық өндiрiс көлемi сияқты) немесе ақшалай сома (баға, шығындар). Мысал үшiн университет қалашығындағы пәтерлер нарығын алып қарастырайық . Бұл қалашықта пәтерлердiң екi типi бар: университетке жақын орналасқан пәтерлер және одан қашықта орналасқан пәтерлер.
Бiз университет маңайында орналасқан пәтерлердi екi үлкен шеңберде алып қарасақ, университетке көршілес пәтерлер ішкі шеңберде орналасады, ал қалғандары сыртқы шеңберде болады. Бiздiң назарымыз тек iшкi шеңбердегi пәтер нарығына аударылады, ал сыртқы шеңбердi университетке жақын орналасқан пәтерлерден қоныс таба алмаған студенттер баратын орын деп қарастыруға болады. Бiздi iшкi шеңбердегi пәтерлер бағасы қалай анықталады және оның тұрғыны кiм болатыны қызықтырады.
Осы үлгiдегi көрсетiлген екi тип пәтерлерiнiң бағалары арасындағы
айырмашылықты сипаттай отырып, экономист сыртқы шеңбер пәтерiнiң бағасын экзогендi айнымалы , ал iшкi шеңбер пәтерiнiң бағасын эндогендi айнымалы деп атайды.
Экзогендi айнымалы- мәнi экономикалық модель iшiнде анықталмайтын , алайда эндогендi айнымалының мәнiн анықтау кезiнде белгiлi бiр роль атқаратын айнымалы.
Эндогендi айнымалы- мәнi экономикалық модель құрылымы iшiнде анықталатын айнымалы.
Модельдер теориядан логика, графиктер, математика көмегiмен қорытынды алу үшiн қолданылады.
Алдында бiз түсiндiрiп өткен барлық теориялар сөз түрiнде келтiрiлдi. Сөз - бұл түсiнiктi дамытудың қуатты құралы, алайда алғашқы үңгiр кескiндемешiсi жабайы жылқыларды аулауды бейнелегендей сөздердi суреттермен толықтырса олар неғұрлым әрекеттi болады. Графиктер- бұл экономистер салатын сурет.
1-дәрісті қайталауға арналған сұрақтар
1. Нарықты шаруашылықты талдаудың микроэкономикалық деңгейi не үшiн қажет?
2. Микроэкономикалық құбылыстар талдауының нормативті және позитивтi бағытына қысқаша сипаттама берiңiз.
3. Микроэкономикалық зерттеулердiң әдiстемелiк принциптары қандай?
4. Экономистер теория, график және фактiлердi өздерiнiң жұмысында қалай қолданылады?
5. Ресурстардың кей бөлiгiн толық қолданбаған кезде экономика тиiмдi бола ала ма ?
6. Адамдар күнделiктi өмiрiнде балама шығындарды пайдалана ма?
Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс теориясы.
2.1. Сұраныс және ұсыныс теориясы
2.2. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеруі
Нарық – бұл тауар және қызмет көрсетулерді сатып алушылар (сұраныс) мен сатушыларды (ұсыныс) байланыстыратын құрал немесе механизм. Нарық жағдайы сұраныс және ұсыныс шамасы қатынасымен анықталады.
Сұраныс және ұсыныс – нарықтық механизмнің өзара тәуелді элементтері, мұнда сұраныс тұтынушылардың төлем қабілетті қажеттілігімен, ал ұсыныс – сатушылармен ұсынылған тауарлар жиынтығымен анықталады. Олардың арасындағы қатынас тауарларға баға деңгейінің сәйкес өзгерісін анықтай отырып қалыптасады.
Сұраныс бағасы – ең жоғарғы баға, осы баға бойынша берілген өнімді тұтынушы сатып алуға даяр.
Барлық басқа параметрлердің тұрақтылығы кезінде бағаның төмендеуі сұраныс көлемінің өсуіне әкелуі немесе баға жоғарылаған сайын тауар көлемінің кемуі сұраныс заңын сипаттайды.
Сұраныс функциясы деп сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігін айтамыз. Оны кестелік, графиктік, алгебралық тәсілдердің біреуімен көрсетуге болады.
Сұраныс кестесі мүмкін болатын баға деңгейі мен осы баға бойынша тұтынушылар сатып алатын өнім көлемі арасындағы кері байланысты көрсетеді.
Сұраныс функциясының алгебралық формуласы былайша жазылады:
Qd = a - bP
Мұндағы, Qd – сұраныс көлемі
а - ең жоғарғы сұраныс көлемі
b - сұраныс қисығының иілу коэффициенті
P - сұраныс бағасы.
Өнім бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланысты тауар көлемін көлденең, ал оның бағасын тік жазықтықта көрсете отырып қарапайым екі өлшемді график түрінде бейнелеуге болады.
Бағаны тік осьте және сұраныс шамасын көлденең жазықтыққа орналастыру – бұл экономикалық дәстүр. Математик бағаны көлденең, ал сұраныс шамасын тік жазықтыққа орналастырушы еді, өйткені баға – тәуелсіз айнымалы, ал сұраныс шамасы – тәуелді айнымалы.
Сұраныс шамасының өзгерісі тұрақты сұраныс қисығының бір нүктесінен екінші нүктесіне қозғалысын білдіреді, яғни «баға- өнім мөлшері» комбинациясының біреуінен екіншісіне өтуі.
P D P
D1 D0 D2
10
5
0 20 30 Q 0 Q
(мың бірлік)
Сурет 2.1. Сұраныс көлемінің өзгеруі. Сурет. 2.2. Сұраныстың өзгерісі.
Баға кез келген сатып алынатын өнімнің маңызды факторы болып табылады, алайда сатып алуға ықпал ететін басқа факторлар да бар. Олар бағалық емес детерминанттар деп аталады. Бұл факторлардың әсері кезінде сұраныс қисығы орнын ауыстырады. Сондықтан оларды сұраныстың өзгерісі факторлары деп атайды. Осы бағалық емес детерминанттар ықпалын қарастырайық.
1.Тұтынушылардың талғамы.
2.Сатып алушылар саны.
3.Табыс.
4.Өзара алмастырылатын және толықтырылатын тауарлардың бағасы. 5.Тұтынушылардың күтуі.
Нарықта өндірушілер сатуға тілек ететін тауар мөлшері ұсынылған тауар көлемі деп аталады.
Ұсыныс бағасы – бұл сатушы берілген тауардың белгілі мөлшерін сатуға келіскен минималды баға.
Ұсыныс заңы тауардың бағасы жоғары болған кезде өндірушілер осы тауарды өндіру үшін ресурстарды көп жіберуі тиімді деп санайтынын айтады.Ұсынылған тауар көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі ұсыныс функциясын білдіреді. Сұраныс сияқты ұсыныс функциясын кесте, график не алгебралық формула түрінде көрсетуге болады.
Ұсыныс кестесі мүмкін болатын бағалармен осы баға бойынша өндірушілер нарықта ұсынатын өнім көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл тәуелділік тура немесе оң болып табылады.
Ұсыныс функциясын алгебралық формула түрінде былайша жазып көрсетуге болады.
Qs = -a + bP
Мұндағы, Qs – ұсыныс көлемі
а – ең төменгі ұсыныс мөлшері
b - ұсыныс қисығының иілу коэффициенті
P - ұсыныс бағасы.
P S P S1 S0 S 2
0 Q 0 Q
Сурет 2.3. Ұсыныс көлемінің Сурет 2.4. Ұсыныстың өзгеруі.
өзгеруі
Тауардың бағасы өзгеруі нәтижесінде өндірушілер сатуға даяр өнімнің мөлшерінің өзгеруі ұсыныс қисығы бойындағы өзгеріспен көрсетіледі(сур. 2.3). Ал бағалық емес факторлар өзгеруі нәтижесінде өндірушілер сатуға даяр өнімнің мөлшері өзгерісі ұсыныс қисығының орнын ауыстырумен көрсетіледі(сур.2.4). Бағалық емес факторлардың ықпалы келесідей:
Технологияның әсері.
Ресурстардың бағасы.
Салық, дотациялар әсері.
Бәсекелестік деңгейі.
Жарнама, маркетинг және тағы басқа факторлардың есебінен сату жағдайын жақсарту сұранысты көбейтеді. Ал сұраныс ұсынысты тудыратыны айқын.
Егер нақты нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, берілген бағада сұраныс шамасы ұсынылған тауар көлемінен артық болады, онда екеуінің арасындағы айырма артық сұраныс немесе тапшылық деп аталады.
2. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеруі. Мемлекет баға белгілеуі , салықтардың әсері
Егер нақты нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артып нарықта артықшылық орнайды. Сатушылар тауар қорының көбеюіне өздерінің жоспарларын өзгерте отырып жауап береді. Біреулері өнім шығаруды қысқартады, басқалары сатып алушыны тұтынуын жоғарлатуды бағаны төмендету арқылы ынталандырады.
Кесте. 2.1. Нарықтық жағдайлар .
Баға,
Тенге
|
Ұсыныс көлемі
|
Сұраныс көлемі
|
Тапшы-лық
|
Артық-шылық
|
Бағаға қысым бағыты
|
8
16
24
32
40
|
10
30
50
70
90
|
70
60
50
40
30
|
60
30
0
-
-
|
-
-
0
30
60
|
Жоғары
Жоғары
Төмен
Төмен
|
Жоғарыда қарастырылған (2.1сұрағында ) ұсыныс және сұраныс факторлары тепе-теңдік шамалар Р0 және Q0 қалай ықпал ететінін айта кеткен жөн.
Сұраныс және ұсыныстың өзгеруінің төрт ережесі анықталады.
Сұраныстың артуы тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемінің өсуіне әкеледі.
Сұраныстың кемуі тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
Ұсыныстың артуы тепе-теңдік бағаның төмендеуіне және тепе-теңдік көлемнің жоғарлауына әкеледі.
Ұсыныстың қысқаруы тепе-теңдік бағаның жоғарлауына және тепе-теңдік көлемнің төмендеуіне әкеледі (сурет 2.6).
Р,тг D1 D2 S P D S2 S1
E2 E2
E1 E1
0 Q Q
Сурет 2.6. Тепе-теңдік нүктенің қозғалуы.
Мемлекет баға түзудің нарықтық механизміне араласуға және әйтеуір бір тауарға бағаның не төменгі, не жоғарғы шектерін бекітуге қабілетті. Яғни, үкімет тепе-теңдік бағадан жоғары жататын қолдау бағасын, ал басқа нарықтарда тепе-теңдік нүктеден төмен баға «төбесін» бекітеді.
Бағаның төменгі шегі - үкіметпен бекітілген тепе-теңдік бағадан жоғары ең төменгі баға. Мысалдар: ең төменгі жалақы, ауыл шаруашылық өнімдеріне қолдау бағасы.
Бағаның жоғарғы шегі –сатушыға өзінің тауар не қызмет көрсетуіне сұрауға рұқсат етілетін үкіметпен бекітелген ең жоғарғы баға. Мысалы: тұрғын үй рентасына бақылау жасау.
Р,тг D S P D S
Р2
Р0 E1 Р0 E1
Р1
0 Q 0 Q
Сурет 2.7. Бағаның төменгі шегі Сурет 2.8. Бағаның жоғарғы шегі
Қайталауға арналған сұрақтар
Сұраныс және ұсыныс заңдарын түсіндіріңіз.
Өзара алмастырылатын және толықтырылатын тауарларға сипаттама беріңіз.
Өндіріс технологиясы өзгеруі ұсыныс қисығының қандай қозғалысына әкелетінін график жүзінде көрсетіп түсіңдіріңіз.
Сұраныс және ұсыныстың келесі өзгерістері кезінде баға қалай өзгереді?
◊ ұсыныс төмендейді, сұраныс өзгермейді
◊ ұсыныс артады, ал сұраныс кемиді
◊ сұраныс та, ұсыныс та кемиді
◊ ұсыныс көбейеді, ал сұраныс өзгеріссіз қалады.
Тақырып 3. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕ МДІЛІГІ
Сұраныстың бағалық икемділігі
Сұраныстың қиылысқан және табыс бойынша икемділіктері
Ұсыныс икемділігі
Сұраныс икемділігі – бағаның өзгеруіне байланысты экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен берілген тауарға сұраныс көлемінің өзгеруі. Бағалық икемділік немесе икемсіздік дәрежесін икемділік коэффициенті (Еd) арқылы анықтайды.
∆Q, % (Q2-Q1)/ Qop dQ P
Ed = --------- = ---------------- = ----- * ----- ;
∆P,% (P2 –P1)/ Pop Q dP
Мұндағы, ∆Q – пайыздық шамадағы сұраныс көлемінің өзгеруі,
∆P – бағаның өзгеруі, пайызбен.
Егер сұраныстың бағалық икемділігінің коеффициенті Еd›1 болса, онда сұраныс икемді, яғни, бағаның 1%-ға өзгеруі сұралатын көлемнің 1%-дан артыққа өзгеруіне әкеледі.
Еd ‹1 болса, икемсіз – бағаның 1 %-ға өзгеруі сұралатын көлемнің 1%-дан кем шамаға өзгеруіне әкеледі.
Еd═1 болса, бірлік икемді - бағаның 1 %-ға өзгеруі сұралатын көлемнің де 1%-ға өзгеруіне әкеледі.
Егер Еd =0, ∆Q=0 болса, өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгерісі сұралатын көлемнің ешқандай өзгерісіне әкелмейді. Мысалы: қант диабетімен ауыратындардың инсулинға сұранысы .Графикте бұл тік сызық.
Егер Еd =ω, ∆P=0 болса, сұраныс өте икемді- бұл тауарға сұраныстың баға өзгерісіне тәуелді болмайтынын білдіреді.Осы жағдайда сұраныс қисығы көлденең сызық және икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады.
Сұраныстың бағалық икемділігінің факторлары.
Алмастырғыштық. Берілген өнімнің неғұрлым көп жақсы алмастыр-ғыштары болса, соғұрлым оған сұраныс икемді. Және керісінше, алмастырғыштары аз болса , cұраныс аз икемді болады.
Тұтынушы табысындағы үлестік салмақ. Өнім тұтынушы бюджетінде неғұрлым көп орынды алса, оған сұраныс соғұрлым икемді болады. Айталық, қарындаш және жеңіл автокөліктің бағаларының 10 %-ға жоғарлауы қарындашты тұтынудың сәл азаюына, ал автокөлікті сатып алудың біршама кемуіне әкеледі, себебі бірінші жағдайда бағадағы өзгеріс бюджеттің аз үлесін құрайды.
Сән-салтанат тауарлары және күнделікті қолданылатын заттар. Әдетте күделікті қолданылатын заттарға (нан, электроэнергия) сұраныс икемсіз, ал сән-салтанат таарларына икемді болады.
Уақыт факторы. Шешімдерді қабылдау үшін уақыт кезеңі неғұрлым ұзақ болса ,өнімге сұраныс соншалықты икемді.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі
Сұраныстың қиылысқан икемділігі басқа өнім (Ү өнімі) бағасының өзгерісіне қандай да бір өнімнің (Х өнімі) тұтынушылық сұранысы қаншалықты сезімтал екендігін өлшейді.
∆Qх, % dQх P ү
Eхү = --------- = ----- × ----- ;
∆Pү,% Qх dPү
Сұраныстың қиылысқан икемділігі тауар-субститут және тауар-комплемент ұғымдарымен байланысты.
Егер Х және Ү тауарлары өзара алмастырылатын болып табылса, онда қиылысқан сұраныс икемділігі оң шамада (Еxy>0), яғни, Ү тауарының бағасының түсуі Ү тауарына сұранысты арттырады, сәйкесінше Х тауарына сұраныстың кемуіне әкеледі, өйткені Ү тауары Х-ті алмастырады (сиыр еті↔шошқа еті, сары май↔ маргарин).
Егер тауарлар бірін-бірі толықтырса, онда Ехү<0, яғни, Ү тауарының бағасының жоғарлауы Ү тауарына сұранысты төмендетеді, сәйкесінше Х тауарына сұраныста кемиді (теннис ракеткалары мен теннис добы, фотоаппарат пен пленка).
Егер Х және Ү өнімдері өзара тәуелсіз тауар (май мен фотоаппарат) болса, онда Еxy=0 болады.
Табыс бойынша сұраныс икемділігі
Табыс бойынша сұраныс икемділігі табыстың өзгерісіне тұтынушылық сұраныс қаншалықты сезімтал екенін өлшейді.
∆Q, % dQ І
Eі = --------- = ----- × ----- ;
∆І ,% Q dІ
Табыс бойынша икемділіктің сандық мәні сапалы және төмен санаттағы тауарлар түсінігімен тығыз байланысты.
Егер Еі > 0 болса, табыстың өсуі сапалы не жоғарғы санаттағы тауарларға сұранысты арттырады. Күнделікті қолданылатын тауарларға сұраныс (0 ‹ Еі ‹1, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан кем шамаға өзгереді) әдетте сән-салтанат тауарларына (1‹ Еі ‹ω, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан артық шамаға өзгереді) қарағанда төмен икемділік коэффициентінде болады.
Егер Еі < 0 болса, тауар төменгі санаттағы (ұсталынған тауарлар, автобус билеттері тағы басқалар) болып саналады, яғни табыстың азаюы сол тауарларға сұранысты жоғарлатады немесе табыстың өсуі оларға деген сұранысты төментеді.
Нақты тауарларға сұранысты зерттеудің экономикалық әдістері икемділіктің барлық үш түрін баға бойынша, табыс бойынша, қиылысқан сұраныс икемділіктері қарастырады. Икемділік түсінігі тек сұраныс сияқты экономикалық түсінікке таралмайды, оны сонымен қатар бағаның өзгеруіне ұсыныс көлемі сезімталдығын анықтау үшін де қолдануға болады. Баға бойынша ұсыныс икемділігін ұсынылатын өнім көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы арқылы есептеуге болады.
Қайталауға арналған сұрақтар
Сұраныс қисығы икемді ме әлде икемсіз бе?
Р
D
3
1
0
5 10 Q
2. Сары майдың бағасы төмендейді. Бұл маргариннің сұранысына қалай ықпал етеді. График түрінде көрсетіңіз. Маргариннің икемділігі қандай болады?
3. Сұраныс икемділігіне әсер ететін негізгі факторлар қандай? Осы факторларға сүйене отырып келесі өнімдерге сұраныстың икемді немесе икемсіздігі туралы түсіндіріңіз: а) тұз; ә) автокөлік; б) футбол ойынына билет; в) бензин; г) темекі.
4. Сән-салтанат тауарлары және күнделікті қолданылатын заттарының табыс бойынша икемділік коэффициентінің айырмашылығы қандай?
Тақырып 4. ТҰТЫНУШЫ ТӘРТІБІ ТЕОРИЯСЫ
4.1. Шекті пайдалылық теориясы
4.2. Талғамсыздық қисығы және оның қасиеттері
4.3. Тұтынушы тепе-теңдігі
Нарықтық сұраныс көптеген жекелеген тұлғалармен алынатын шешім негізінде қалыптасады. Әр түрлі қажеттіліктердің арасындағы өзіндік құралдарын білу үшін белгілі бір салыстыру негізі болуы қажет. Осындай негіз ретінде экономистер 19 ғ. аяғында пайдалылықты енгізді.
«Пайдалылық» термині ағылшын философы И. Бентаммен енгізілді. Экономистер утилистаристтік доктринасын қабылдап, әртүрлі игіліктерді салыстыру гипотезасына негізделген тұтынушылардың тәртіп теориясын жасауға мүмкіндік алды. Ол бойынша, берілген бағаларда тұтынушы әр түрлі игіліктерді тұтынуда ең үлкен пайда немесе тұтынудан қанағат алуға тырысады.
Бұдан біз пайдалылықтың өзіндік, субьективті мінезде екенін көреміз. Мысалы, шылым шегетін адам, темекінің денсаулыққа зиян келтіретінін біле тұра, оны өте жоғары бағалайды.
Қанағат пен пайдалылықты максимумге жеткізу үшін тұтынушы тауарларды салыстыра алуы мүмкін екендігі мәлім. Бұл мәселені шешудегі екі негізгі бағытты көрсетеді:
Мөлшерлік (кардиналистік)
Реттік (ординалистік)
19 ғ. соңғы үштігінде Уильям Джевонс, Карл Менгер, Леон Вальрас бір мезетте және бір-бірін танымай мөлшерлік пайдалылық теориясын ұсынды. Оның негізінде әр түрлі игіліктердің пайдалылығын өлшеу мүмкіндік гипотезасы жатты. Бұны Альфред Маршалл да айтты. Бұл теория үлкен сынмен кездесті. Ф. Эджуорт, В. Парето, И. Фишер мөлшерлікке альтернативті пайдалылық теориясын ұсынды.
Мөлшерлік бағыт әр түрлі игіліктерді пайдалылықтың болжамдық бірліктерде-ютилдерде (ағылшын сөзінен utility - пайдалылық) - өлшеу мүмкіндіктерін көрсетуде негізделген.
Мысалы, тұтынушы күнделікті 1 алмадан қанағаты 20 ютил десек, 2 алманы күнделікті тұтыну - 38 ютил, 1 темекі мен 2 алманы тұтыну - 50 ютил, 2 алма, 1 темекі, 1 апельсинді күнделікті тұтыну – 63 ютил т.с.с
Бір тауар немесе тауар жиынтығының пайдалылықтың мөлшерлік бағалануының индивидуалды, субъективті мінез бар екенін айтып кету қажет. Мөлшерлік бағыт тауардың ютилде пайдалылығын объективті өлшеу мүмкіндігін ұйғармайды.
Бір тауар бір тұтынушы үшін үлкен рөл алады, ал екінші тұтынушыға – ешқандай. Жоғарыда айтылған мысалда шылым шегетін адамның 1 алмаға 1 темекі қосуы оның темекіні жақсы көретіндігін білдіреді.
Сонымен, тауар жиынтығының кез келген тұтыну пайдалылығына ютилде тұтынушы мөлшерлік баға бере алады. Бұл мөлшерлік пайдалылық теориясында айтылады. Оны жалпы пайдалылықтың функциясы ретінде жазуға болады.
TU=F (Qa, Qb …, Qz),
Мұндағы, TU – тауар жиынының жалпы пайдалылығы;
Qa, Qb…, Qz – уақыт бірлігінде А, В... тауарларын тұтыну көлемдері.
TU
S
K
0 Q
Сурет 3.1. Жалпы пайдалылық функциясы.
Мөлшерлік бағытта TU функциясы өспелі және жоғарыға дөңесті. Негізінде бұл функцияда максимум нүктесі (S) бола алады, одан кейін ол кемімелі болады.
Игіліктердің кез келген мөлшерінің жалпы пайдалылығын шекті пайдалылық көрсеткіштерін қосу жолымен табуға болады.
Шекті пайдалылық – бұл берілген тауарды тұтыну көлемін бір бірлікке көбейткен кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі.
∆TU
Достарыңызбен бөлісу: |