Ќазаќстан республикасы



жүктеу 2,18 Mb.
бет4/5
Дата17.11.2017
өлшемі2,18 Mb.
#495
1   2   3   4   5

AC=TC/Q

Орташа тұрақты шығынды (AFC)- тұрақты шығындардың өнім көлеміне қатынасы.

AFC=FC/Q


Орташа өзгермелі шығындар( AVC)- өзгермелі шығындарды өнім көлеміне

бөлу арқылы табылады.

AVC=VC/Q

Шекті шығындар (МС-marginal costs) қосымша бір өнім бірлігіне өндіруге жұмсалған шығын.

MC- TC/ Q





Ұзақ мерзімдегі орта шекті шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзім ұғымын аңықтап алайық.Ұзақ мерзім- бұл барлық фактор өзгеріссіз қалатын уақыт аралығы.

Ұзақ мерзімде фирманың ғимарат не құрылыстың жалпы көлемін қолданылатын құрал жабдық пен машина санын өзгертуге ал салада өзіндегі әрекет ететін фирмалар санын өзгертуге мүмкіндік береді.Ұзақ мерзімді салаға кіру не шығуға кедергілер жойылады, ұзақ мерзімде фирма өңдірістің барлық параметрлерін өзгерте алады.

Ұзақ мерзімде шығындар тұрақты және өзгермелі деп бөлінбейді. Барлық шығындар өзгермелі болып табылады. Ұзақ мерзімді фирма төменгі орта шығындармен өндірісті жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді шығындар динамикасы кемімелі өнімділік заңы ықпалымен құралған болатын.

Жалпы шығын қисығы (LTC) координат басынан басталады, себебi ұзақ мерзiмде тұрақты шығындар болмайды. LTC қисығы қысқа мерзiмдегi ТС қисықтарын жанап өтедi.



Үшiншiден, ұзақ мерзiмдегi шығындар қисығының иiлу бұрышы қысқа мерзiмдегi қисықтармен салыстырғанда азырақ болады. Ұзақ мерзiмдегi орта шығындар LAC қысқа мерзiмдегi орта шығындар қисығын қимай оған жанама болады.


С

AC1 LMC AC2

MC2

LAC


MC1

0 Q1 Q2 Q

(мың бірлік)


Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
Осыған қоса оның формасы ұзақ мерзiмде фирманың өндiрiстi кеңейтудегi масштабтан қайтымдылық сипатына байланысты әртүрлi болады. Келесi суретте LAC қисығының әртүрлi конфигурациясы көрсетiлген: ауқымнан өспелi, тұрақты, кемiмелi қайтымдылық.
С С С





а) өспелі в) тұрақты с) кемімелі

Сурет 6.2. Ауқымнан оң және теріс әсерге байланысты ұзақ мерзімді шығындар қисығы.
Осыдан келiп оң әсерлерге не жатады, терiс әсерлерге не жатады деген сұрақ орынды туады.

Оң эффектiлер:



  1. Техника (маманданған жұмысшы күшi, еңбектiң мамандануы)

  2. Капиталды тиiмдi пайдалану

  3. Басқару персоналының мамандануы

  4. Жанама өнiмдердi шығару (қалдықсыз технология).

Терiс эффектiлер:

  1. Басқару проблемасы (бюрократизмге жол берiлу)

  2. ҒТП-ке iлесе алмау.

Тұрақты жағдайда орта шығындар тұрақты болады.

Ұзақ мерзiмдегi шекті шығындар (LМС) шығындарды төмендету мақсатында фирма барлық шығын түрiн өзгерткенде қосымша өнiм бiрлiгiмен байланысты шығындардың өскенiн көрсетедi.

Ұзақ мерзiмдегi шектi шығындар сызығы (LMC) қысқа мерзiмдегi шектi шығындар сызығының АС мен LAC сызықтарының жанасу нүктесiмен абцисса өсiне түсiрiлген перпендикулярлардың қиылысу нүктесi арқылы өтедi.

Қортындылай келгенде, маркетингтiк зерттеулер негiзiнде өндiрiстiк фирмалар менеджерлерi нарыққа жеткiзетiн тауарлар мен қызметтердi өндiруiнiң шарттарын анықтайды. Бұл кезде болашақ шығындарға көп көңiл бөлiнедi.

Ұзақ мерзiмде барлық шығындар өзгермелi болады. Бұл кезде әр фирма тепе-теңдiк жағдайға жетуге ұмтылады, яғни ол максималды пайда табумен анықталады (минимум шығын болғанда). Осы жағдайда әрбiр фирма өз шығындарын ұзақ мерзiмге жоспарлау керек.

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарға анықтама беріңіз.

2. Ұзақ мерзімді шығындарды сипаттаңыз .

3. Сіз ксерокөшіру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорын ұйымдастырдыңыз. Берілген қызмет түрін жүзеге асырумен байланысты тұрақты шығындарға төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады:

а) ақ парақтарға шығын ;

ә) көшіргіш аппараттың амортизациясы;

б) ғимаратты жалдағаны үшін төлем;

в) көмекшінің кесімді жалақысы;

г) бухгалтердің еңбек ақысы;

д) күзет қызметі үшін төлем;

е) картриджді толтырғаны үшін шығындар;

ж) құрал –жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар

4. Көрсетілген жағдайлар өнеркәсіптік фирманың шекті, орташа өзгермелі және орташа тұрақты шығындары қисығына қалай әсер ететініне жауап беріңіз (әр жағдайда өзгеру бағытын графикте көрсетіңіз ).

а) мүлік салығының төмендеуі

б) электроэнергия тарифының төмендеуі

в) жұмысшылардың жалақысының өсу

Тақырып 7. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС .
7.1. Жетілген бәсеке нарығының негізгі белгілері

7.2. Нарықтағы пайданы жоғарлату шарты

7.3. жетілген бәсеке нарығындағы ұсыныс.
«Микроэкономиканың» бұл тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс- әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді женілдететін алғышарттардан туындайтын , нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезендерге түсінік береді , атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардын бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдардағы фирмалардын тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.

Сонымен,зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пйданы мейлінше арттыру. Бұл арада зерттеуді женілдету үшін фирма бір ғана өнім түрін өндіреді деп жорамалдаймыз. Біздің талдауымыздың мақсаты – осы оқу құралының алғашқы бөлімдеріндегі нұсқауларды қолдана отырып, біріншіден,бәсекелес өңдірушінің қысқа мерзімді кезенде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететідігін көрсету. Екіншіден, жеке бір фирма жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу. Үшіншіден, мемлекеттік реттеумен жүргізілген экономикалық саясаттардың нәтижелерін анықтау әдістерін қарастыра отырып бәсекелес нарықтың тиімділігің бағалау.



Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары

Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз – төмендегідей шарттар орындалатын нарық :



  1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары :

  2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан,оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдерді жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды:

  3. баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады :

  4. жаңа фирмалардың салаға кіріуіне немесе одан шығыуына тосқауылдар қойылмайды :



жүктеу 2,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау