Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Mинистрліктің Индустриялық даму және өнеркәсiптік қауіпсіздік комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
химиялық өнімді қайта тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
2) порталға:
тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес деректері бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
химиялық өнімді қайта тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес деректері бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
Порталда электронды сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні мен уақыты берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 50 29 53, 50 30 77. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
_______________________
«Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
_________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы_______________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері ____________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №, БСН, ЖСН)
Химиялық өнімді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алуға арналған
ӨТІНІШ
«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беруді сұраймыз.
Басшы__________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |