сомасы. Қарыз бірыңғай сомамен де, бөліктермен (транштармен) де берілуі
мүмкін;
13) қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» Қазақстан
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
14) микрокредит беру ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы»
акционерлік қоғамы;
15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын,
ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен және есептік
тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi,
сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды
тұлға;
16) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредит берушіге
кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде бір жылды құрайтын
Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;
17) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс табу үшін тауарлар
өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке
айналысатындар,
өндірістік
кооперативтер
мүшелері,
отбасылық
кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің
еңбегін
пайдаланушы
жұмыс
берушілердің
еңбекақы
төленбейтін
жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;
18) үміткер – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының
1-тармағына
сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған
жұмысшы, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне
қарамастан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер, ісін жаңа
бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың
мүшелері, шаруа және фермерлік қожалықтар, қызмет мерзіміне
қарамастан зәкірлік кооперацияларға қатысушылар;
19) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы
органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғауды ұйымдастырудың белсенді шараларын және «Халықты жұмыспен
қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік
мекеме;
20) шағын қала – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың
2020 жылға дейінгі бағдарламасына 2-қосымшада көрсетілген халқының саны
50 мың адамға дейінгі қала;
21) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – «АШҚҚҚ» АҚ-ға/МҚҰ-ға/КС-ға
кредит/микрокредит алу үшін өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аз кәсіпкер;
22) зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік)
қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің
ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімдерді кепілді өткізу
мақсатында АӨК орта және ірі субъектілерімен әріптестігі.
2-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру
және микрокредит беру талаптары
3. Кредиттер/микрокредиттер шағын қалаларда және ауылдық
елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл
шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға
қатысушылардың қызметін дамыту үшін республикалық бюджет
және/немесе
жергілікті
бюджет
қаражаты
есебінен
Бағдарлама
Қатысушыларға беріледі.
Бағдарлама қатысушыларға кредит беру/микрокредит беру
мақсатында ЖАО мынадай талаптармен бюджеттік кредит беріледі:
1)
мерзімділік,
ақылылық,
қайтарымдылық,
нысаналы
пайдалану қағидаттарын ескере отырып, 0,01 %жылдық
сыйақы
мөлшерлемесімен 7 жылға;
2)
негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең бюджеттік
кредит мерзімінің үштен бір бөлігінен аспайды;
3)
бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және ЖАО
бюджеттік кредитті аудару сәтінен саналады.
4. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО микрокредит
беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға
кредиттік келісімдер бойынша
бюджеттік кредит қаражатын береді және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай
талаптармен қарыз шарттарын жасасады:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%;
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен «АШҚҚ» АҚ
үшін - 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – «АШҚҚҚ» АҚ үшін – Бағдарлама
шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру
ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит
беру/микрокредит беру үшін МҚҰ-ны/КС-ны қорландыру.