Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 117,84 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі117,84 Kb.
#14434
түріКодекс


Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік архив мекемелері қызметкерлерінің кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін, іскерлік қасиетін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 05 тамызда № 8606 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 17 тамыздағы № 192 (28131) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Мұрағат ісі және құжаттама департаменті (Д.С. Мұқатаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         А.Мұхамедиұлы  

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы 
№ 411 бұйрығымен     
бекітілген     

Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары  

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген.


      2. Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелерінде және олардың филиалдарында (бұдан әрі – мемлекеттік архивтер) жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.
      3. Мемлекеттік архивтердің басшыларын және олардың орынбасарларын (бұдан әрі – басшылар), мемлекеттік архивтердің мамандарын (бұдан әрі – жұмыскерлер) аттестаттаудан өткізу – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының деңгейін, іскерлік қасиеттерін анықтау, біліктілік санаттарын белгілеу бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылатын процедура.
      4. Басшыларды аттестаттаудан өткізуді тағайындаған архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе архив саласының жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
      Жұмыскерлер жұмыс орындары бойынша аттестаттаудан өтеді. Аудандық архивтерде жұмыскерлердің саны 10 адамнан кем болса, тиісті облыстың мемлекеттік архивінде аттестаттаудан өтеді. Бұл жағдайда, аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті аудан архивтерінің өкілдері енгізіледі.
      5. Аттестаттаудан өткізу кезінде бағалаудың негізгі өлшемі болып жұмыскерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
      6. Жүкті әйелдерден, сонымен қатар архив саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған тұлғалардан басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.
      7. Біліктілік санаттары (разрядтар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, сонымен қатар ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.
      8. Жұмыскерлер азаматтық қызметте болған уақыттың әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi. Аттестаттау белгіленген мерзім келген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізілуі тиіс. Бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан соң аттестаттаудан өтеді.
      9. Жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізу олардың берген өтініштері негізінде мерзімінен бұрын өткізуге жол беріледі.
      10. Аттестаттаудан өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
      1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;
      2) жұмыскерлерді тестілеу;
      3) аттестаттау комиссиясының жұмыскерлермен сұхбаттасу жүргізу;
      4) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.

2. Аттестаттауды өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру 

      11. Басшының тапсырмасы бойынша персоналмен жұмыс жүрізу бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - кадр қызметі) жұмыскерлерді аттестаттауды ұйымдастырады.
      Аттестаттаудан өткізуге дайындыққа мынадай:
      1) аттестатталанушыға қажетті құжаттарды дайындау;
      2) аттестаттау кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;
      4) аттестаттауды өткізу мақсаты мен тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары кіреді.
      12. Кадр қызметі осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлерді жарты жылда бір рет айқындайды.
      13. Басшы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестаттаудан өтетін жұмыскерлер тізімін, аттестаттауды өткізу кестесін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітеді.
      14. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімі туралы, оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда жұмыскерлерге жазбаша хабарлайды.
      15. Аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдеп, оны кадр қызметіне тапсырады.
      Басшыларға қызметтік мінездеме архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе архив саласының жергілікті атқарушы органмен дайындалады.
      16. Қызметтік мінездемеде аттестатталанушының кәсіби және біліктілік дайындығына, іскерлік қасиеттері мен қызметтік жұмысының нәтижелеріне негізделген, объективті бағасын қамтиды.
      17. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын жұмыскерді оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
      18. Жұмыскер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне ұсынуға құқылы.
      19. Аттестатталанушы жұмыскерге кадр қызметі осы Қағиданың  1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес Аттестаттау парағын ресімдейді.
       20. Кадр қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

3. Аттестаттау комиссиясы

      21. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) басшымен құрылады, мүшелерінің тақ санынан және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері енгізіледі. Төраға және төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің ішінен тағайындалады.
      22. Басшыларды аттестаттайтын комиссия архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе архив саласындағы жергілікті атқарушы органымен құрылады.
      23. Комиссия төрағасы комиссия қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілік атқарады.
      24. Комиссияның құрамына мемлекеттік архив бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді, ал басшыларды аттестаттайтын комиссияның құрамына архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе архив саласының жергілікті атқарушы органының бөлімше басшылары мен жұмыскерлері кіреді.
      25. Комиссияның болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      26. Кадр қызметінің жұмыскері комиссияның хатшысы болып табылады. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және комиссияның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттама рәсімдейді және дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
      27. Комиссия мүшелері аттестаттаудан жалпы негіздерде өтеді, комиссия құрамына кіретін жұмыскер өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.
      28. Егер комиссия құрамының үштен екi бөлiгi қатысса оның отырысы құқықты болып есептеледi.
      29. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс берудің нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      30. Комиссия аттестатталанушы жұмыскерді аттестаттауды оның қатысуымен жүргiзедi.
      Аттестатталанушы жұмыскердің комиссия отырысына дәлелді себептермен (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк, демалыста болуы, кәмелетке толмаған баланың сырқаты, жақын туыстары қайтыс болуы, іссапарда болуы) келмеу жағдайынан басқа орынсыз себептермен қатыспағанда, аттестаттаудан өтпеді деп танылады. Аттестатталанушы жұмыскер дәлелдi себеп бойынша комиссияның отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия белгілеген кейінірек мерзiмге ауыстырылады.

4. Тестілеу

      31. Тестілеу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Басшылар үшін тест сұрақтарының саны 80, ал жұмыскерлер үшін – 60 сұрақты құрайды.
      32. Тест сұрақтары жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей жұмыскерлер үшін мемлекеттік архивтің басшысымен, ал басшылар үшін архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органымен немесе архив саласының жергілікті атқарушы органымен әзірленеді және бекітіледі. Тест сұрақтары жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.
      33. Тестiлеу нәтижелерi балмен бағаланады және сол тапсырылған күнi хабарланады. Әрбiр тест сұрақтарының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
      34. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттерде қамтылған сұрақтар санынан басшылар үшін 80 %, ал жұмыскерлер үшін 70%-ды құрайды.
      Тестілеу кезеңінің шекті деңгейіне жетпеген жұмыскерлер сұхбаттасуға өткізілмейді және қайта аттестаттаудан өтуге жатады.

5. Сұхбаттасуды және қайта аттестаттауды өткізу

      35. Атқаратын лауазымына сәйкестігіне және функциональдық міндеттерін орындағанда құзыреттілігіне сұхбаттасу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.
      36. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді және аттестатталанушы жұмыскердің жауаптарын тыңдайды. Аттестатталанушы жұмыскердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайылық және тілектестік жағдайында өтуі қажет.
      37. Ұсынылған материалдарды зерделеу, тестілеу нәтижелері және аттестатталанушы жұмыскермен сұхбаттасу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) қайта аттестаттауға жатады.
      Комиссия оң шешім шығарғанда жұмыскердің тиісті біліктілік санатын (разрядын) белгілейді (растайды), не оны белгілеуге негіз жоқ екендігін көрсетеді.
      38. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін, осы Қағидада анықталған тәртіпте өтеді. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
      Атқаратын лауазымына сәйкес болған жағдайда комиссия осы Қағиданың 37-тармағы екінші абзацын ескере отырып шешім қабылдайды.
      Комиссиямен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады. Басшылар мен жұмыскердің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, жұмыстан босату үшін негіз болады.
      39. Комиссияның бағалары мен ұсынымдары отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылатын аттестаттау парағында белгіленеді.
      40. Комиссияның шешімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.
      Комиссия шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айлық мерзімде басшымен бекітіледі.
      41. Комиссия хатшысы аттестатталанушыны комиссияның шешімімен таныстырады. Жұмыскер аттестаттау парағымен таныстырылған соң қол қоюдан бас тартса, комиссия хатшысымен күні және қолы қойылған тиісті жазу қалдырады.
      42. Аттестаттау парағы, қызметтік мінездеме, комиссияның шешімі аттестатталанушының жеке ісінде сақталады.

6. Комиссия шешіміне шағымдану

      43. Жұмыскер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
      44. Осы Қағида талаптарының бұзылғандығы анықталған жағдайда басшы бұйрықты өзгертуге және қайта аттестаттау тағайындауға құқығы бар. Қайта аттестаттау осы Қағиданың 38-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы     


мемлекеттік архив мекемелерінің 
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан
өткізу қағидаларына      
1-қосымша           

нысан


Аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті ____ қайтадан өту ___(керегін Х


белгісімен белгілеңіз).
      1. Аты-жөні, тегі _____________________________________________
____________________________________________________________________
      2. Туған күні «___»_______________________жылы.
      3. Білімі, біліктілігін арттыру мен қайта даярлануы туралы
мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша
мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру және қайта даярлану
туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, олардың берілген
күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Атқаратын лауазымы мен тағайындалған күні, біліктілік
санаты(разряды)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      5. Жалпы еңбек өтілі - ________________________________________
      6. Осы лауазымдағы жалпы еңбек өтілі: _________________________
      7. Аттестатталанушы тікелей басшысының қызметтік сипаттамасы
негізінде қызметін бағалау _________________________________
____________________________________________________________________
      8. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _______ мүшесі қатысты.
      9. Дауыс беру нәтижесі бойынша, аттестатталанушының қызметін
бағалау:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес __________________________;
                                       (дауыстар саны)
      2) аттестаттаудан қайтадан өтуге тиіс ________________________;
                                            (дауыстар саны)
      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес _____________________;
                                        (дауыстар саны)
      10. Біліктілік санатын беру:
      1) ________________ (жазбаша) біліктілік санатына сәйкес;
      2) ________________ (жазбаша) біліктілік санатын беру үшін
негіз жоқ.
      11. Аттестатталанушының пікірі: _______________________________
      12. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олардың қай
себептермен берілгенін көрсете отырып): ____________________________.
      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)
      Аттестаттауды өткізу күні 20___ жылғы «___» __________
      Аттестаттау парағымен таныстым: _________________________
      ______________________________(азаматтық қызметшінің қолы мен
                                          қол қойған күні).

Қазақстан Республикасы    


мемлекеттік архив мекемелерінің 
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан
өткізу қағидаларына      
     2-қосымша          

нысан


Аттестаттаушы ұйымның
басшысымен
бекітілген
___________________қолы
(қолының мағынасын ашу)
20___жылғы «___»___________

______________________________________________________________


(мемлекеттік архивтің атауы)

_____хаттама

Өткізілген орны                                       Өткізілген күні

Комиссия төрағасы:


Комиссия хатшысы:
Комиссия мүшелері:
Қатысқандар: (аттестатталанушылар жұмыс істейтін
бөлімшелердің басшылары мен басқа да шақырылғандардың аты-жөні, тегі)
_________________________________________ Аттестаттау материалдары
қаралды (аты-жөні, тегі, лауазымы, құрылымдық бөлімше)
Аттестатталанушыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары_____________
_______________________________________________________________
Аттесттау комиссиясы мүшелерінің өз шешіміне негіздеме:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Дауыс берушілер саны: қолдады _______; қарсы_______.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)


      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)
20___ жылғы «___» ____________


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 117,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау