Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
жалпы конкурс жариялайды:
090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй,
анықтама телефоны (87112) 50-95-25,
факс 50-95-25 электронды мекенжайы filial.uralsk@statdata.kz
Құрылымдық статистика басқармасының жетекші маманы («С-О-6» санаты, 1 бірлік), (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 11 тамызға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне)
Функционалдық міндеттері: статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; АСБ және респонденттермен жұмыс басқармасынан алынған бастапқы статистикалық деректер қорының негізінде құрылымдық статистика бойынша (2-ШК (жылдық),
2-ШК (тоқсандық)) статистикалық байқаулар деректер қорын қалыптастыру; статистикалық байқаулар әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді түзету және бақылау; статистикалық деректерге зерттеу, қорытындылау және талдау жасау; бюллетень мен статистикалық материалдар дайындауға қатысу; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысу; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылыѓын ќамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім.
Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Бөрлі ауданы статистикасы басқармасының жетекші маманы («С-О-6» санаты, 1 бірлік), (негізгі қызметкердің 2018 жылғы 24 мамырға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне)
Функционалдық міндеттері: статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистикалық есептерді жинауды жүзеге асыру; ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы ақпараттық-статистикалық деректер қорын толтыру, жүргізу және оны өзектендіруді қамтамасыз ету; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіреді; интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады; респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді электрондық нұсқада тапсыру үрдісін қамтамасыз ету; респонденттерге кеңес беру; әр шаруашылық бойынша есеп жүргізу бойынша әдіснамалық көмек көрсету; жеке сұраулар мен департаменттің салалық басқармаларының сұрауларына ақпараттар дайындауды жүзеге асырады; бекітілген әдістемеге сәйкес алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (бухгалтер, есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), ауыл шаруашылық ғылымдар (агрономия, зоотехния), техникалық ғылымдар және технологиялар (ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), есептің және есептеу жұмыстарының механизациясы мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім.
Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
|
min
|
max
|
С-О-6
|
74954
|
101604
|
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2)3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3)бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4)еңбек қызметін растайтынқұжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7)құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағысертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8)конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі және орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны БҚО Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 мекенжайында орналасқан Департамент ғимаратында, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Шағымдану туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары мен 2016 жылғы 19 мамырдағы №104 бұйрығымен енгізілген өзгерістер негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |