Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттық хабарламасы



жүктеу 59,28 Kb.
Дата12.01.2018
өлшемі59,28 Kb.
#7380


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттық хабарламасы
Банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындауда қиындық көріп отырған ипотекалық қарыз алушылардың проблемалары республиканың қаржылық қызметтер нарығында негізгі проблемалардың бірі болып қалып отыр. Бұған қарыз алушылардың кіріс көзінен айырылуына және шарттардың талаптары бойынша сыйақы және өсімпұл сомаларының мөлшерлерін төлеуге күштері келмеуіне, жекелеген жағдайларда қарызға қызмет көрсету барысында қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне байланысты міндеттемелерін орындаудың мүмкін болмауы себепші болады.

Ұлттық Банк жүктелген функциялар аясында борыштарды өтеу жолдарын іздеуде проблемалық қарыз алушыларға көмек көрсету мәселелеріне, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударуда.

Қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:


  • қарыз алушылармен және екiншi деңгейдегi банктермен (бұдан әрі – банктер) бірлесе отырып, проблемалық берешекті өтеу бойынша ымыралы шешімдер әзірлеу;

  • заңнаманы жетілдіру;

  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын реттейтін заңнаманың нормалары бойынша халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Мәселен, Ұлттық Банк көрсетілген шаралар шеңберінде тұрақты негізде:

– қарыз алушылар үшін тиімді болатын қарыздарды қайта құрылымдау талаптарын ұсыну жөніндегі ұсынымдармен банктерге хаттар жібереді;

– проблемалық қарыз алушылардың банктердің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастырады және өткізеді. 2014 жылы Ұлттық Банк 500-ден астам кездесу өткізді;

– апта сайын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Елдің өңірлеріндегі ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін проблемалық қарыз алушылардың банктердің өңірлердегі өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу бөлігінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары белсенді жұмыс істеуде.

2014 жылғы қазаннан бастап Ұлттық Банкте Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді көрсетуіне байланысты мәселелер бойынша консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдау бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Осы кезеңде Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасаған 200-ден астам азаматтар қабылданды және оларға консультациялар берілді.

Ұлттық Банктің жүргізіп отырған түсіндіру жұмысы борышты есептен шығаруды ғана талап еткен қарыз алушылар мен қоғамдық бірлестіктердің орын алған масыл болу ниеттерін тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Негізінен қарыз алушылар банктермен келіссөздер жүргізу және ымыралы шешімдер әзірлеу жолымен проблемаларды шешудің өркениетті әдістерін қолдану қажет екенін түсінді.

Ұлттық Банк банктерге қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтініш жасаған қарыз алушылар бойынша банктердің мәліметтеріне талдау жүргізді. Осы талдау банктердің уәкілетті органдары қарыздарды қайта құрылымдау мәселелерін қарыз алушының ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жай-күйін және төлем жасау тәртібін ескере отырып, жеке тәртіппен қарайтынын көрсетті. Банктер қарыз алушылармен сындарлы сұхбат болған кезде көптеген жағдайда оларға белгілі бір жеңілдіктер ұсынады: өсімпұлды, мерзімі өткен сыйақыны – ішінара не толығымен, ерекше жағдайларда – қарыз алушының отбасында асыраушысы қайтыл болса және төлеуге қабілетсіз ата-анасы, жас балалары қалатын болса, негізгі борыштың бір бөлігін есептен шығарады.

2014 жылы Қоғамдық бірлестіктердің, банктердің және Ұлттық Банктің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде 6000-нан астам қарыз алушыға міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бөлігінде көмек көрсетілді, соның салдарынан көптеген қарыз алушылар өздерінің төлем жасау тәртібін жақсартты, кейбіреуі кредиттерін өтеді, кейбіреулеріне проблеманы шешу жолдарын іздеуге уақыт берілді және т.б.

Сонымен қатар, ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу тетіктерін әзірлеуді Ұлттық Банк қоғамдық бірлестіктермен, банктермен, ипотекалық ұйымдармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, «Нұр Отан» партиясының АҚФ-пен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен, Банк омбудсманымен тығыз өзара әрекет жасай отырып жүзеге асыруда.

Мәселен, 2014 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:

– Ұлттық Банк қоғамдық бірлестіктердің, банктердің, банк омбудсманының, Алматы қ. әкімдігі өкілдерінің қатысуымен 8 дөңгелек үстел өткізді;

– Ұлттық Банк тұрақты түрде «Нұр Отан» партиясының АҚФ алаңында «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, қоғамдық бірлестіктер мен басқа құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс отырыстарын өткізіп отырды, онда проблемалық мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

2014 жылы Ұлттық Банктің бастамасымен «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен, Алматы қ. әкімдігімен, «Нұр Отан» партиясының АҚФ-пен, бірқатар банктермен және қарыз алушылардың мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты кредитор банктермен ынтымақтаса жұмыс істейтін ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету және жылыту маусымы кезеңінде (егер үйден шығару сәтінде банк меншік иесі болып табылған жағдайда) азаматтарды үйден шығармау бойынша мәселелерді банктермен реттеу болып табылады.

Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына оларды жылу берілетін мезгілде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару бөлігінде сот өндірісіне тыйым салу және тоқтата тұру көзделетін өзгерістер енгізілді.

11.02.2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасымен Ұлттық Банкке ипотекалық қарыз алушылардың мәселелерін шешу бойынша кешенді шаралар жинағын әзірлеу туралы шараларды қабылдау тапсырылды. Осыған орай, Ұлттық Банкпен қазіргі кезде осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп ипотекалық кредиттеу саласында қалыптасқан мәселелерді шешу үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді дайындауға «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласының әкімдігі белсене қатысты. «Ипотекалық кредиттер мұрасынан арылу және расында да осыған мұқтаж адамдардың ипотекалық кредиттері бойынша борыштарын қайта құрылымдау мәселесін шешу қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыста.

Норма шығару қызметінің шеңберінде қазіргі уақытта Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтерді көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп отыр, онда қарыз алушылардың, кепіл берушілердің құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.

Заң жобасының нормаларын әзірлеуге қатысу үшін жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілді.



Осылайша, Ұлттық Банк проблемалық ипотекалық қарыз алушыларға жәрдем көрсетудің әр түрлі тетіктерін пайдалануда.
жүктеу 59,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау