|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
|
Дата | 17.11.2017 | өлшемі | 203,22 Kb. | | #1124 |
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 қаулысымен
бекітілген
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық
байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар (облыстың, Астана және Алматы қалалары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минуттан аспайды;
2) порталда – он бес жұмыс күні ішінде.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – Мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талонды (талонның телнұсқасын) бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу;
2) порталда – құжаттарды қарауға қабылдау туралы хабарлама.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда, электронды нысанда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
заңды тұлғалар үшін:
еркін нысандағы өтініш;
маркасын және моделін, шығарылған жылын, машинаның және қозғалтқыштың зауыттық нөмірін, мемлекеттік нөмірлік белгінің сериясын және нөмірін көрсете отырып, баланста тұрған машиналар тізімі;
машинаны тіркеу құжаттары (техникалық паспорт);
заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаны мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісі;
көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
жеке тұлғалар үшін:
еркін нысандағы өтініш;
азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;
адамның мүддесін білдіруге азаматтың өкілеттілігін куәландыратын сенімхат (бар болса);
машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушыға:
кіріс нөмірін;
тіркелген күнін;
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні және құжаттар беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі;
2) портал арқылы жүгінген жағдайда:
заңды тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
маркасын және моделін, шығарылған жылын, машинаның және қозғалтқыштың зауыттық нөмірін, мемлекеттік нөмірлік белгінің сериясын және нөмірін көрсете отырып, баланста тұрған машиналар тізімі – электрондық көшірме;
машинаны тіркеу құжаттары (техникалық паспорт) – электрондық көшірме;
заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаны мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісі;
көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат;
жеке тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
машинаны тіркеу құжаттары (техникалық паспорт) – электрондық көшірме;
көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат – электрондық көшірме.
Жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде оларға жататын машиналардың техникалық күйін байқаудан өткізу үшін ұсынады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшының атына беріледі.
11. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдем көрсетуді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
13. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның шағымды қарау мерзімі:
шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдарға, олардың көрсетілетін қызметті берушіге жеке өздерінің келу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өкіліне берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсыну арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы туралы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 қаулысымен
бекітілген
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі
туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар (облыстың, Астана және Алматы қалалары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) порталда – бір жұмыс күн ішінде.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен қағаз нысанындағы үзінді көшірме;
2) порталда – уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда (құжаттарды қабылдау бөлігінде) – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
техникалық паспорттың көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі (заңы тұлғалар үшін);
салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін) не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттілігін куәландыратын құжат (сенімхат бойынша) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушыға:
кіріс нөмірін;
тіркелген күнін;
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні және құжаттар беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.
2) порталға жүгінген кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш – мәліметтер нысаны;
техникалық паспорт көшірмесі – электрондық көшірме;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін) не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттілігін куәландыратын құжат (сенімхат бойынша) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
11. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдем көрсетуді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
13. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік орталық органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның шағымды қарау мерзімі:
шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдарға, олардың көрсетілетін қызметті берушіге жеке өздерінің келу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өкіліне берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсыну арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы туралы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі
туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________ аумақтық инспекциясында тіркелген
(облыс, қала, аудан)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, мемлекеттік нөмірлік белгісі, зауыттық нөмірі,
қозғалтқыш нөмірі, шығарылған жылы)
______________________________________________________ көлік құралына
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беруіңізді
сұраймын.
20__ жылғы «___» _________________
___________________________________________ _______________________
(Т.А.Ә./атауы) қолы
Мөр орны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 186-құжат).
2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 544-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 және 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 301 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 336-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 337-құжат).
5. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы 1-тармағының 22) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 34-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|