Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң



жүктеу 116,06 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі116,06 Kb.
#2216

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере
отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер


      1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар (облыстың, Астана және Алматы қалалары, облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде берілген құжаттардың электрондық тізілімін жүргізеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметі алушы ұсынатын құжаттардағы деректерді көрсетілген электрондық тізілімге енгізуді жүргізеді.
      6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін қағаз нысанда беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді.
      Мемлекеттік баж мөлшері:
      машинаға техникалық паспорт бергені үшін – мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын (бұдан әрі – АЕК);
      тіркеу (қайта тіркеу) үшін – АЕК 25 пайызын;
      машинаға мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін бергені үшін – АЕК 100 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басы мен тұратын жерін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері – жеке тұлғалар үшін (құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады);
      3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі) – заңды тұлғалар үшін;
      4) машинаның тіркеу құжатын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және телнұсқасын беру үшін алымның төленгені туралы құжат;
      5) машинаны:
      оны кәдеге жарату (жарамсыз деп тану, есептен шығару) жағдайларын қоспағанда;
      машинаны тіркеу пунктіне байқап қарау үшін әкелуге кедергі болатын дәйекті жағдайлар (сыну, габариттері және (немесе) техникалық сипаттамалары мүмкіндік бермейді) болған кезде, машина тұрған жерде инженер-инспектор жасаған машинаны техникалық байқап қарау актісін ұсынуға рұқсат беріледі, бұл ретте осы актінің қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды;
      6) шарттың (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі,соттың шешімі немесе меншік құқығын растайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған өзге құжаттар;
      7) машинаның тіркеу құжаты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждың төлемін растайтын құжат;
      8) жаңа және қолдан жасалған машиналарға немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе оның қауіпсіздік техникасының белгіленген талаптарына сәйкес келуін растайтын басқа құжат;
      9) кедендік жүк декларациясы (машинаны шетелден сатып алған кезде), Кеден одағының тауары болып табылатын тауардың шығу сертификатының көшірмесін, машинаны әкелу туралы өтініштің көшірмесі мен түпнұсқасын және салыстырып тексеру үшін салық органы қойған белгісі бар жанама салықтардың төленуін қоспағанда, құжаттарды берген тек кеден органы куәландырған кеден құжаттарының көшірмелері;
      10) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат – жеке тұлғалар үшін.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) кіріс нөмірін;
      2) тіркелген күнін;
      3) өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.
      Мемлекеттiк тiркеу іс-әрекетіне ұшырайтын машина ортақ меншікте болған жағдайда, тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетіледі және барлық құжаттар машиналардың барлық иелерінің атынан беріледі.
      Меншік иелері 14 жастағы кәмелетке толмаған азаматтар болып табылған жағдайда, олардың атынан тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе қамқорлық пен қамқоршылық органдары туу туралы куәлікті ұсына отырып жүргізеді.
      Меншік иелері 14-тен 18-ге дейінгі жастағы адамдар болып табылған жағдайда, тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналардың (бала асырап алушылардың) жазбаша келісімімен осы адамдар немесе қамқорлық пен қамқоршылық органдары туу туралы куәлікті ұсына отырып жасайды.
      Аукциондар мен сауда биржалары арқылы заңды және жеке тұлғалар сатып алған машиналарды тiркеу көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті адамдардың тиісті мөрлерімен және қолдарымен куәландырылған аукционның хаттамасын және сатып алу-сату шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
      Машинаны мемлекеттік тіркеуді жалға алу, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген адамдар жүргізген жағдайда, оларға қатысты тіркеу іс-әрекеттері осы келісімдерге қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі


      10. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      11. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.
      12. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
      13. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:
      шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
      қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар


      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдарға, олардың көрсетілетін қызметті берушіге жеке өздерінің келу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өкіліне берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуы арқылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттар дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі жоқ.
      18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы туралы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, 
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере
отырып, тіркеу, қайта тіркеу»        
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

_____________________________________________________________________
                          (облыс, аудан, қала)
Азамат ______________________________________________________________
                           (Тегі, аты, әкесінің аты)
Туған жылы ________, ________________________________________________
_____________________________________________________________ тұратын
           (тұратын жерінің мекенжайы көрсетіледі)
паспорты (жеке куәлігі) ________ № __________________________________
_____________________________________________________________________
жұмыс орны __________________________________________________________

Өтініш


____________________________________________________________ сұраймын
         (өтініштің мәнiсi және негізі баяндалады)
Машинаның типі ______________________ маркасы _______________________
Шығарылған жылы __________________ жасап шығарған зауыт _____________
зауыттық № _____________ қозғалтқыштың маркасы және № _______________
нөмірлік белгісі __________________, техникалық паспорттың № ________

Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20__ ж. "___" _________________                    __________________
                                                          (қолы)

Инженер-инспектордың қызметтік белгiлері:
Машинаның тіркеу деректері өтініште көрсетілгендерге сәйкес келеді

20__ ж. "___" _________________                    __________________
                                                          (қолы)

Берілді: нөмiрлiк белгi _____________________________________________
техникалық паспорт сериясы _____________ № __________________________
жүктеу 116,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау