Іс-шара орындалды
Қазіргі уақытта ғылым мен техника саласындағы әріптестік байланыстар келесі мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде дамып жатыр: Ресей, Беларусь, Франция, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, ҚХР және т.б. Елдермен және халықаралық ұйымдармен қол қойылған халықаралық келісімдер мен шарттардың саны – 42.
2016 жылы Министрлік келесі іс-шараларға қатысты:
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) өкілдерімен бірге ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың елдік бағдарламасының «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» жобасы ұсынылған жұмыс тобының 48-ші отырысына;
- сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Белорусь үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысына;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым мен техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесіне;
- ХҒТО басшылары кеңесінің 63-ші отырысына;
- «Ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері бойынша Азиялық Парламентаралық Форумға;
- Стамбул қ. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аға лауазымды тұлғалар комитетінің 19-шы отырысына;
- сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-румындық үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына;
- ғылым мен технологиялар бойынша ИЫҰ Саммитінің қорытынды коммюникесін дайындық бойынша жұмыс тобының отырысына;
2016 жылы:
- «ЭКСПО-2016 Анталья» дүниежүзілік көрмесінде секцияның Бас комиссары тағайындалды және 2016 жылғы сәуірден қазанға дейін Анталия қаласында (Түркия) өткен World Botanic EXPO-2016» дүниежүзілік көрмесінде «Гүлдер және балалар» ұранымен Қазақстандық павильонның тұжырымдамасы жүзеге асырылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы оқу орталығын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді;
Қазіргі уақытта «Ньютон – әл-Фараби» әріптестік бағдарламасының аясында «Институционалдық байланыстар» бағыты бойынша қазақстандық және британдық ғалымдардың арасында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселелесі талқылануда.
Еуропалық Одақтың зерттеулер мен инновациялар бойынша «Горизонт 2020» бағдарламасының аясында ғылыми қоғамдастықтың ғылым, технологиялар, инновациялар, білім, саясат және т.б. қоғам мәселелері салаларында бірлескен зерттеулерге қатысуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
5.2-міндет. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту
|
|
198-іс-шара
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздерін енгізу және салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлау бөлігінде білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін пысықтау
|
|
*
|
БҒМ,
АШМ,
МСМ,
ИДМ,
ДСӘДМ
2016 жылғы
желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына тұжырымдама жобасы әзірленді. Тұжырымдама Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-та 2016 жылғы 14 қазандағы № 411 хаттамамен мақұлданды.
Аталған тұжырымдамада «Ғылым туралы» ҚР Заңының түсініктеме аппаратына «ғылымдар кандидаты» және «ғылымдар докторы» жекелеген түсініктерін ұсыну және оларды шектеу, ғылымдар кандидаты мен философия докторына (PhD) заңнама түрінде тең бедел орнату бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылған.
|
|
199-іс-шара
Докторанттар мен магистранттарды даярлау үшін ҒЗИ ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану тетіктерін енгізу
|
|
*
|
ҒЗИ
(келісім бойынша), ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
2014 жылдан бері білім мен ғылымды кіріктіру жөніндегі жобалар іске асырылуда.
Интеграция шеңберінде ғылыми кадрларды даярлау:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында және 10 «Ғылым ордасы» ҒЗИ-да ;
- Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҒТЗУ базасында 10 «Парасат» ҒЗИ-мен бірге;
- ҚазҰАУ базасында ҚР АШМ-нің 12 ҒЗИ-мен бірге;
- Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында 3 «Қазагроинновация» ҒЗИ-мен бірге іске асырылуда.
Ғылыми ұйымдарды жоғары оқу орындарымен кіріктіру тәжірибесі ғылым әлеуетін қолдануға, сондай-ақ, ЖОО-лардың материалдық техникалық базасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ғылыми ұйымдардағы зертханалар магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулерді жүргізуге база болды.
2015 жылдан бері 2 ЖОО ғылыми кадрларды бірлесіп даярлауды жалғастыруда: әл-Фараби атында ҚазҰУ «Ғылым ордасы» ҒЗИ-мен, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҒТЗУ «Парасат» ҰҒТХ-мен.
Аталған ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс қарастырылды:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға магистратура бағдарламасы бойынша - 66 орын, PhD докторантураға - 36 орын;
Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҒТЗУ-ға магистратура бағдарламасы бойынша - 103 орын, PhD докторантураға - 37 орын.
«Ғылыми кадрлар» салалық бағдарламасын әзірлеу басталды. Оның мақсаты ЖОО-дан кейінгі деңгейлерде кадрларды даярлауды ғылыми мекемелерге ішінара беру арқылы заманауи жаһанданған экономиканың өзекті талаптарына жауап беретін біліктілігі жоғары кадрларды даярлау болып табылады.
Аталған іс-шараларды эксперимент түрінде жүргізу «Білім туралы» Заңның «Эксперименттік білім беру бағдарламалары» 25-бабына сәйкес «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарына толықтырулар енгізілген соң мүмкін болады.
Экспериментті жүргізуге ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК және ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» дайын.
Бұл таңдауды жасауға олардың соңғы 5 жылдағы жұмыстарының нәтижесі себеп болды және ҚР Ұлттық ғылым баяндамасының негізінде жасалды (атап айтқанда, орталықтар рейтингтік журналдардағы жарияланымдардың саны бойынша екінші және үшінші орында). Ауылшаруашылық ғылымдары саласында эксперименталды алаң ретінде «Байсерке Агро» ЖШС-ны таңдау ұсынылады.
|
|
200-іс-шара
Өндірістегі инженерлерді, шет ел ғалымдарын қоса алғанда магистранттар мен докторанттарды тарта отырып ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру
|
|
*
|
БҒМ, АШМ, ЖОО-лар (келісім бойынша),
акционерлік қоғамдар
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
217-000 ББ бойынша көзделген қаражат шегінде
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Ұлттық ғылыми кеңестің 2016 жылға мақұлданған жобаларының саны гранттық қаржыландыру аясында 1585 жобаны құрады.
Олардың ішінде:
- 415 жобаға өз мамандануы бойынша 855 инженер қатысады;
- 1336 жобаның зерттеушілер тобының құрамында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар бар, олар магистратура мен PhD доктарантурада оқитын магистранттар және студенттер, жалпы саны 4459 адам.
- 389 жобаға бірге жетекшілік етуге немесе кеңесші ретінде алыс және жақын шетелден тартылған ғалымдардың саны 732 ғалымды құрайды.
Ұлттық ғылыми кеңестің 2016 жылға мақұлдаған бағдарламаларының саны гранттық қаржыландыру бойынша 58-ді құрады.
Олардың ішінде:
- 16 жобаға өз мамандануы бойынша 97 инженер қатысады;
- 43 жобаның зерттеушілер тобының құрамында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар бар, олар магистратура мен PhD доктарантурада оқитын магистранттар және студенттер, жалпы саны 629 адам.
- 35 жобаға бірге жетекшілік етуге немесе кеңесші ретінде алыс және жақын шетелден тартылған ғалымдардың саны 417 ғалымды құрайды.
|
|
201-іс-шара
Ғылыми, ғылыми-техникалық пен ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық базаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ, ҰҒТАО (келісім бойынша),
ғылыми ұйымдар
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
1699,0
|
1699,0
|
1699,0
|
РБ
|
2019 101
|
Іс-шара орындалды
2016 жылы «ҰҒТЗО» АҚ және Білім және ғылым министрлігі Thomson Reuters компаниясымен Web of Science Core Collection деректер базасына (2016 ж. 26.02. № 20110912426/1 келісім) және Springer Nature компаниясымен Springerlink деректер базасына (2016 ж. 27.04. № 52240/3 келісім) қазақстандық ЖОО-лар мен ҒЗИ-лардың ұлттық қолжетімділігін ұсыну туралы келісім жасады.
|
|
202-іс-шара
Қазақстанда іске асырылатын зерттеулер жүргізуге шетелден қазақстандық ғалымдарды тарту
|
|
*
|
БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша),
ҒЗИ
(келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
217-000 ББ бойынша көзделген қаражат шегінде
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
ҚР Мемлекеттік хатшысының «Қазақстанда жұмыс істеу үшін шет елдерден қазақстандық ғалымдарды тарту және олардың жұмыс тиімділігін арттыру, республикадан тысқары кету ықтималдығын азайту мақсатында отандық ғалымдарға жағдайлар жасау мәселелері туралы» 2015 жылғы 28 қаңтардағы 1.1, 1.3, 2.1, 2.2, 3 тармақтары бойынша тапсырмалары 2016 жылғы 5 наурыздағы № 2894-4 ПАБ хатпен бақылаудан алынып тасталды.
«Болашақ» (бұдан әрі - Стипендия) бағдарламасын жүзеге асыру аясында елдің жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын 99 PhD докторы даярланды (оның ішінде 40 адам – гуманитарлық бейін бойынша, 40 – техникалық, 19 - медициналық).
2015 жылы үздік әлемдік ғылыми орталықтарда отандық зерттеулерді жүзеге асыру мақсатында Стипендия аясында Split PhD жобасы іске қосылды.
Аталған жоба «Болашақ» докторантурасын бітірген түлектердің қайта оралып, еңбек қызметін жүзеге асыруына ғылыми-тәжірибелік ортаны дайындауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта Split PhD моделі бойынша 5 докторант оқуда: 2 адам Ұлыбританияда, 2-уі – Ресей Федерациясында, 1 – Финляндияда. 24 адам ғылыми тәжірибеден өту үшін Стипендия иегері атанды.
Стипендиат-тағылымгерлер Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Ұлыбритания; Массачусетс технологиялық институты, Гарвард университеті, Джордж Вашингтон университеті, АҚШ; Берлин техникалық университеті, Якобс Бремен университеті, Гумбольд Университеті, Германия; М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті, К.Э. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университеті, Ресей Федерациясы және т.б. сияқты жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда ғылыми тәжірибеден өтті.
Шетелде кәсіби қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өту нәтижесінде көптеген қазақстандық ғалымдар импакт-факторы бар шетелдік журналдарда мақалаларын басып шығаруға, халықаралық конференцияларда қатысуға және шетелдік ғылыми қауымдастықпен тұрақты байланыстарды құруға мүмкіндік алды.
|
5.3-міндет. Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту
|
|
203-іс-шара
Назарбаев Университеті базасында «Аstana Business Campus» инновациялық кластерін құру
|
млн.
тг.
|
*
|
Назарбаев Университеті (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
791,0
|
791,0
|
791,0
|
РБ
|
092
|
Іс-шара орындалды
Назарбаев Университетінің базасында «Аstana Business Campus» инновациялық кластерін құру «100 нақты қадам» жоспарының 63-ші қадамының шеңберінде жүзеге асырылады.
1) Astana Business Campus (бұдан әрі - ABC) құрылысы үшін дайындық жұмыстарын аяқтау.
2017 жылғы 6 қаңтарда АВС-тың барлық аймағын құрғату бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға «Мемсараптама» РМК-дан оң сараптамалық қорытынды алынды.
Ғылыми парк құрылысы үшін дайындық жұмыстарын өткізу шеңберінде бастамашы іске қосу кешені ретінде ПК2 – Жоғары технологиялар кластерінің ғимараттар кешені таңдалды. Аталған іске қосу кешені бойынша құрылыс объектілерін жобалауға тапсырманы әзірлеу кезінде қолдану үшін тиісті техникалық талаптар дайындалды. «Хайвил Құрылыс» ЖШС жобалық ұйымы Ғылыми парк нысандарының 1-ші кезектегі ПК-2 объектілерін жобалау бойынша жұмыстарды бастады.
2) АВС құрылысына техникалық-экономикалық негіздемені пысықтау
АВС құрылысы үшін ТЭН әзірлеу аяқталды, «Мемсараптама» РМК-дан 2016 жылғы 9 қарашада № 01-0501/16 оң сараптамалық қорытынды алынды.
3) Сынамалы технопаркті «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ-нің (бұдан әрі - NURIS) сенімгерлік басқаруына табыстау
Сынамалы технопарк № 336-2016 Мүлікті сенімді басқару шартына сәйкес NURIS жеке мекемесіне сенімгерлікпен басқаруға тапсырылды (Астана қ. Әділет департаментінде 2016 ж. 30 қыркүйекте тіркелді).
4) Зертханалық кешенді пайдалануға тапсыру (биологиялық («таза бөлмелер»), химиялық және т.б. зертханаларды құру)
С4 зертханалық кешенінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылуда және ол 2017 жылы пайдалануға беріледі.
5) АВС экожүйесін құру. Оқыту іс-шараларын, конференцияларды және т. б. өткізу, ғылыми парк резиденттері үшін қызметтерді іске қосу, пилоттық инновациялық жобаларды іске асыру, Назарбаев Университетінің биотехнология, робототехника және IT, жаңартылатын энергетика, механика және жаңа материалдар саласындағы инновациялық стартап-жобаларын әзірлеу жоспарлануда.
2016 жылғы желтоқсанда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге Астана қаласының студенттері үшін data.gov.kz порталының ашық мәліметтерін қолданып, мобильді қосымшаларды немесе веб-қызметтерді әзірлеу бойынша байқау өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны 74 студентті құрайтын 38 топ тіркелді. Байқаудың шеңберінде, 2016 жылғы 14 желтоқсанда «Ашық деректер» порталының және оның мүмкіндіктері туралы презентация, 2016 жылғы 22 желтоқсанда мобильді қосымшаларды әзірлеу бойынша мастер класс өткізілді. Жобаларды таныстыру және іріктеу 2017 жылғы 28 қаңтарда өтті.
6) АВС аумағында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Корпоративтік ғылыми-зерттеу орталығын құру (жобалау алды құжаттамаларды әзірлеу, материалдық-техникалық базаны құру, бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру).
Қазіргі уақытта «Тау-Кен Самрұқ» АҚ-мен бірге ғылыми-өндірістік орталықты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғылыми-өндірістік орталықтың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты жұмыстарды өткізу үшін Шарт жасау жоспарлануда.
|
5.4-міндет. Ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру
|
|
206-іс-шара
Ғылыми және ғылыми -техникалық қызметті қаржыландырудың жаңа тәсілдерін дәріптеу
|
|
*
|
ҒЗИ
(келісім бойынша),
БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
ҒЗИ қаражаты есебінен
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және гранттық қаржыландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін ұсыныстар мен өзгерістерді Қазақстанның ғылыми қоғамдастығымен талқылау, сондай-ақ, оларға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын байқауларға қатысуға өтінімдерді тапсыруға байланысты және Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысы туралы мәселелерді түсіндіру мақсатында Астана, Қарағанды, Алматы және Павлодар қалаларында «Ғылыми жобаларды бағалау және қаржыландыру жүйесі» семинарының сериясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстармен негізгі нысаналы аудитория қамтылды – ғылыми гранттарды алуға үміткер әлеуетті өтінім иелерінің критикалық массасы жиналған университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы және елдің өңірлеріндегі ғылыми ұйымдардың өкілдері барлығы семинарға 1000-нан астам адам қатысты, қалалар бойынша: Алматы — 500, Астана — 150, Қарағанды — 200, Павлодар — 150.
Ғылым күніне орай, 2016 ж. 12-13 сәуірде Алматы қаласында «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы ұйымдастырылды, оның шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің көрмесі қойылды, сондай-ақ беделді халықаралық сарапшылардың (Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты, Қазақстандағы Британия елшілігінің (British Counsl), Малайзияның технологиялық даму жөніндегі корпорациясының, «Горизонт - 2020» бағдарламасының, Корея, Финляндияның R&D бағдарламалары өкілдерінің және ресейлік әріптестердің) қатысуымен 9 мастер-класс өткізілді. Іс-шара ҚР БҒМ қолдауымен өткізілді, БАҚ-та таратуды ҚР БҒМ-нің Баспасөз қызметі іске асырады, қатысушылардың саны 1000 адамнан жоғары.
|
|
207-іс-шара
БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарды корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу
|
|
*
|
ҒЗИ
(келісім бойынша),
БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
«Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 17 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар түрінде корпоративтік басқарудың кодексін әзірлеу қарастырылған.
Осыған орай, Ғылым комитеті ведомствоға бағынысты «Ғылым қоры» және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» екі акционерлік қоғамға корпоративтік басқарудың кодекстерін әзірлеп, бекітті.
Корпоративтік басқарудың заманауи бағыттарын енгізу мақсатында «ҰМҒТСО» АҚ бірқатар іс-шараларды жүргізді:
1. «ҰМҒТСО» АҚ-да корпоративтік басқаруды енгізу бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді. Осы Жоспар аясында деректер базасын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде «Elma» электрондық құжат айналымын енгізуге бақылау ұйымдастырылып, жүргізілді.
2. Бекітілген жоспарға сәйкес Сапа Менеджменті Жүйелері (СМЖ) енгізілді.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және оның алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды (жоспар бекітілді, Қоғам сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке парақша ашылды, сенім жәшігі орнатылды, ақпарат тұрақты негізде жаңартылады және Қоғам қызметкерлерімен коммерциялық параға сатып алу, өндірістік шпионаж тақырыптары бойынша қоғамдық кездесулер жүргізіледі және т.б.).
4. Кадр басқармасына «Алтын кадры» жаңа электрондық жүйесі енгізілді.
«Ғылым қоры» АҚ корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, атап айтқанда:
1) 2016 жылы Қордың директорлар кеңесінің 9 кеңесі өтті
- Ғылым қорын тиісті деңгейдегі жауапкершілікпен, есеп берушілікпен және тиімділікпен басқару мақсатында Атқарушы орган Директорлар кеңесімен тұрақты негізде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің қарауына Қордың Даму жоспарын, Стратегиялық дамуын бекіту мәселелері, ағымдағы қызметі туралы ақпарат және т.б. енгізіледі;
2) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қор ақпаратты ашу, ағымдағы қызметтің айқындығын жүзеге асырады
- Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына және ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты ашуды Бірыңғай есептілікті тапсыру жүйесі ақпарат ресурсында жүзеге асырады;
3) Қордың ішкі аудиторы заңнама талаптарына сәйкес ішкі бақылауды, сонымен қатар бизнес-үдерістерді оңтайландыруды жүргізеді.
4) Ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру мақсатында 2016 жылы Қордың Директорлар кеңесі туралы ереже, Қордың Корпоративтік хатшысы туралы ереже, Еңбекақы төлеу қағидалары, Еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар жаңа редакцияда бекітілді.
5) Құрылымдық бөлімшелер арасында өкілеттіктер мен құзыреттерді бөлу жүзеге асырылды, ағымдағы бизнес-процестер саласында өзара іс-қимыл бойынша нұсқаулық әзірленді, тиісті ережелер әзірленді;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды - жоспар бекітілді, Қор қызметкерлерімен кеңестер мен кездесулер өткізіледі;
7) Қорды басқару органдарының (Атқарушы орган, Директорлар кеңесі және Жалғыз акционер) арасында өзара тиімді іс-қимыл жолға қойылды.
|
|
208-іс-шара
Ғылыми ұйымдарды оңтайландыруды және қайта құрылымдауды жүргізу
|
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағында 31 ғылыми ұйым (14 биологиялық ғылыми ұйым, 8 – гуманитарлық, 5 – математикалық және ақпараттық, 2 – мұражай бейінінде, сондай-ақ Ғылым қоры мен ҰҒТЗО) бар.
ҚР Үкіметінде қолданыстағы басқару жүйесін 31-ден 16 ҒЗИ-ге дейін оңтайландыру мәселесі бойынша 5 отырыс өткізілді (1-еуі ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен).
Бұл корпоративті басқару қағидаттарын енгізуге, ғылыми жобаларға әкімшілік етудің және оларды басқарудың, материалдық-техникалық базаны қолданудың бірыңғай тетігін қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеулерді сапалы түрде жақсартуға, ғылыми кадрлардың қартаю проблемасын ықшамдауға, беделді көтеруге және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
|
|
|