Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



жүктеу 0,51 Mb.
бет1/6
Дата15.04.2020
өлшемі0,51 Mb.
#29748
  1   2   3   4   5   6


№ исх: 817 от: 13.08.2013

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » тамыздағы

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. «Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 642-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.»;

2-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) өңірлік комиссия – облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;»;

13), 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«13) МҚҰ (МКҰ) үшін соңғы қарыз алушылар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;

14) КС үшін соңғы қарыз алушылар – КС мүшелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандар;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Республикалық бюджеттен облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық 0,01% сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.»;

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Мынадай:

1) егер оған екі конкурсқа қатысушыдан кем қатысса;

2) егер конкурс қатысушыларының ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;

3) ұсынылған конкурс өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.

Бұл жағдайларда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттама рәсімделеді.»;

53-тармақ мынадай оедакцияда жазылсын:

«53. Конкурсқа қатысатын кредиттік ұйым конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша:

1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:

конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген конкурс нәтижесін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;

конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

конкурсқа қатысушыларға не оның уәкілетті өкілдеріне өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну күні, уақыты және орны туралы ақпаратты береді;

2) конкурстық комиссияның хатшысы:

конкурсқа қатысушы кредиттік ұйымның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстырып қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс қорытындысы туралы хаттама жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы өзінің қол қоюын және әрбір бетін дәйектеуін қамтамасыз етеді;

конкурсқа қатысушы кез келген кредиттік ұйымның талап етуі бойынша (ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген) мұндай жазбаша сұрауды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті өкілдерге өткізілген конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жіберуді не ұсынуды ұйымдастырады.

Өткізілген конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.»;

63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«63. Кредиттік ресурстарды бергеннен кейін уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ресурстар беру шартына сәйкес мониторингтің жасалған актілерін міндетті түрде қоса отырып, кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Кредиттік ресурстар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым кредит беру және кепіл туралы шарттарда көзделген қаржы санкциялары шараларын қолданады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберіндегі


жобаларға кредит беру туралы келісім»;

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«_____________________» (толық атауы) мемлекеттік мекемесі 20__ ж. «___» ______ _________ сенімхат негізінде әрекет ететін бұдан әрі «ЖАО» деп аталатын «_____________________» ММ-нің (толық атауы) атынан бастығы ________________ (Т. А. Ә.), бұдан әрі «уәкілетті өңірлік ұйым» деп аталатын екінші тараптан Жарғы негізінде жұмыс істейтін «______________________» АҚ (толық атауы) атынан басшысы ____________ (лауазымы) ___________________ (Т. А. Ә.) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында бірлесіп «Тараптар» деп, әрқайсысы жеке «Тарап», не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы осы келісімді жасасты.»;

екінші бөліктің сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«өңірлік комиссия – облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

соңғы қарыз алушы – кредиттік ұйыммен кредит беру туралы шарт жасаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандар;

өңір – облыс.»;

«3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері» деген тарауда:

4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кредиттік шартқа сәйкес оларға тікелей кредит беру кезінде кредиттік ұйымның және соңғы қарыз алушылардың кредиттік ресурстарды игеру және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;»;

«8. Тараптардың мекенжайы, банк деректемелері және қолдары» деген тарауда:

«СТН» деген аббревиатура алынып тасталсын;

көрсетілген Келісімге 1-қосымшада:

жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларға кредит беру туралы келісімге  1-қосымша» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларға кредит беру туралы келісімге 1-қосымша»;

көрсетілген Келісімге 2-қосымшада:

жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Өңірдегі жобаларды қаржыландыру туралы келісімге 2-қосымша» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларға кредит беру туралы келісімге 2-қосымша»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


3

Бюджет немесе ЕДБ алдында берешектiң болуы немесе болмауы

ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есептi күнге (өтiнiш берген ағымдағы ай) мерзiмi өткен берешектiң болмауы

ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есептi күнге (өтiнiш берген ағымдағы ай) мерзiмi өткен берешектiң болмауы

»;

көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:

Кредиттік ұйымдарға кредит беру конкурсы бойынша техникалық
ерекшелiкте:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


1

Кредит мақсаты

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандарға микрокредиттер беру үшiн МҚҰ-ның (МКҰ-ның) айналым қаражатын толықтыру

КС мүшелерiне (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандарға) микрокредит беру үшiн КС-тiң айналым қаражатын толықтыру

»;

реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


7

Кредиттiк қаражатты игеру мерзiмi

5 айға дейiн

5 айға дейiн

»;

КҰ соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттарында:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


1

Соңғы қарыз алушы

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары мен оралмандар

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің

11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары мен оралмандар болып табылатын КС мүшелері



»;

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:



4

Соңғы қарыз алушының микрокредиттi мақсатты пайдалануы

өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары шеңберiнде жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-тармағында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет түрiн қоспағанда)

өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары аясында, сауданы қоса алғанда, жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-тармағында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет түрiн қоспағанда)

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

«


4-1

Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына микрокредит беру сомасы

5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейiн

-

»;

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


6

Соңғы қарыз алушыға қарыз беру мерзімі

60 (алпыс) айға дейін

60 (алпыс) айға дейін

»;

көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:

бірінші бөліктегі «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» деген сөздер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшада:

«Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:


Кредитор

Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым (толық атауы)
Мекенжайы:___________, БСК, СТН, ЖСК


Қарыз алушы

ЖШС__________(толық атауы)
Мекенжайы:_____________, ағымдағы шоты (бар болса)
БСК, СТН, ЖСК

Кепiл берушi:

ЖШС (АҚ)
Мекенжайы:
БСК, СТН, ЖСК немесе
Қазақстан Республикасының азаматы
Жеке куәлiгiнiң №_____ ҚР IIМ (Әдiлетминi)
«__» ____ ______ ж. берген. Мекенжайы:____________
Ағымдағы шоты (бар болса) СТН, ЖСК


Кепiл туралы шарт

Кредит берушi мен кепiл берушiнiң арасында 20__ ж. «__» ____ жасалған №___кепiл шарты

»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:


Кредитор

Атауы:
Мекенжайы:___________, БСК, ЖСН, ЖСК


Қарыз алушы

__________ Мекенжайы:___________, ағымдағы шоты (бар болса)
БСК, ЖСН, ЖСК


Кепiл берушi:

_______________ ЖШС (АҚ)
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК немесе
Қазақстан Республикасының азаматы
Жеке куәлiгiнiң №_____ ҚР IIМ (Әдiлетминi)
«__» ____ ______ ж. берген. Мекенжайы:____________
Ағымдағы шоты (бар болса), ЖСН


Кепiл туралы шарт

Кредит берушi мен кепiл берушiнiң арасында 20__ ж. «__» ____ жасалған №___кепiл шарты

»;

«3. Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары» деген тарауда: мына:



Соңғы қарыз алушы

МҚҰ (МКҰ) үшiн: үшін соңғы қарыз алушы – ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күнтізбелік жылы бітірген 11-сынып бітірушілері; еңбекке қабілетті мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушылар болып табылатын адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


Соңғы қарыз алушы

Қаржы агенттігінің мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, МҚҰ (МКҰ) үшiн: ішінара жұмыспен қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары

»;

мына:


«

Бір соңғы қарыз алушыға микрокредит беру сомасы

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейiн

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:



Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына микрокредит беру сомасы

5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейiн

»;

көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшада:



«Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

Кепiл ұстаушы

Атауы:

Мекенжайы:

БСК, СТН, ЖСК


Қарыз алушы

___________________

Мекенжайы:

БСК, СТН, ЖСК


Кепiл берушi:

___________________

Мекенжайы:

БСК, СТН, ЖСК


Қарыз шарты

Кепiл ұстаушы мен Кепiл берушiнiң арасында жасалған

20__ ж. «__» ____ №___ кредит беру туралы шарт



»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

Кепiл ұстаушы

Атауы:
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК


Қарыз алушы

___________________
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК


Кепiл берушi:

___________________
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК


Қарыз шарты

Кепiл ұстаушы мен Кепiл берушiнiң арасында жасалған
20__ ж. «__» ____ №___ кредит беру туралы шарт

»;

көрсетілген Қағидаларға 14-қосымшада:


КҰ-ның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың
тiзбесiнде:

13) тармақша алынып тасталсын;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) кепiл берушiнiң жеке куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi. Кепіл беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда заңды тұлғаның құқық белгілеуші құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және кредит және кепіл беру туралы шарттарға қол қоюға өкілеттік берілген адамның жеке куәлігін, ЖСН ұсыну қажет;».

_______________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » тамыздағы .

№ қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 18 шілдедегі

№ 815 қаулысымен

бекітілген

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына

қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шаралар:



1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

2) стипендия төлей отырып, біліктігін арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;

3) оқитындарға субсидиялар беру (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) байланысты шығындарды өтеу);

4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналастыруға жәрдемдесу;

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау