Бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді
мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге
қолданылмайды;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде үміткерлерді Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және
қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын
болады;
5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде астананың, республикалық маңызы бар
қаланың, облыс орталықтарының шегінде тұратындар қатарындағы Бағдарламаға
қатысушыларды құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020
бағдарламасының
шеңберінде 2013
жылғы 1 шілдеге дейін аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге рұқсат беріледі;
6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен келген жерінің
халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады.
Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа
орналастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды;
7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту
орталығы бақылайды.
Ескерту. 82-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
9. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
83. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен
басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті
деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық
және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар
кіреді.
84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражатты бөлуді келіседі;
2) Бағдарламаны орындаудың негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және
жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және
өңірлерде жұмыс орындарын құру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық
бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жұмысқа
орналастыру бойынша есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға
байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді
мекендердің тізбесін және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған
қаражатты өңірлер арасында бөлуді қарайды және келіседі.
Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014
№
726
қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
жасау мақсатында:
1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық
сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) ВАК-пен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде
қаржыландыру лимиттерін белгілеу және Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлу
туралы ұсыныстар дайындайды;
3) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде
Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс
орындары мен болжамды жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды
әзірлейді;
5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік
келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік
келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) әзірлейді және бекітеді;
6) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
7)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№ 1066
қаулысымен.
Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
86. Өңірлік комиссиялар:
1) Бағдарламаға қатысушылардың тізімін келіседі;
2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;
3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде
қаржыландыру лимиттерін келіседі;
4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және
кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің
мөлшерін келіседі;
5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді
пайыздық ставканың
мөлшерін келіседі;
6) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;
7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір
ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға
қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы
ұсынымдар әзірлейді;
8) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу
орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;
9) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы
органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
10) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.
Ескерту. 86-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
87. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар
негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті
ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялауды және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;
2-
1) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде
қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу
(енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді.
3) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.
Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобалар мен іс-шаралар жоспарын
Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-