Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысы. Күші жойылды



жүктеу 422,02 Kb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата25.11.2017
өлшемі422,02 Kb.
#1977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

      

7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер 

үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы 

мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн 

белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның микрокредит берудi 

ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгіленеді; 

      

8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары 



тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым 

белгiлейдi; 

      

9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы 



қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді 

мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді. Бұл ретте 500 мың 

теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 

сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5 %-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді

      

10) микрокредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың 



жеке ісін кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш беруге және 5 млн. теңгеге 

дейін микрокредит алуға құқығы бар; 

      

11) түпкілікті кредит алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша 



қайтарған қаражаты есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес қайта кредит 

беруге жол беріледі. 

      

Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 



№ 

1066


 

қаулысымен.

 

      


37. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және Бағдарламаға 

қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жабдық алу шарттары: 

      

1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу 



Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: 

жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр 

желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді болжайды. 

      


Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына 

(ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес 

келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн. 

      


Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың 

коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі. 

      

Жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту 



және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

      

2) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу 



кәріз, жылумен және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр 

желiлерiн алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту 

үшін блок модульдермен (арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды 

көздейді. 

      

Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал 



шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актісі арқылы 

Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару 

мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды 

қамтамасыз етеді және растайды. 

      

38. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін 



дамытуды және/немесе салуды Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар, 

оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды 

жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен берілетін нысаналы 

трансферттер есебінен жүзеге асырады. 

      

Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық 




шарттарға немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық 

құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады. 

      

39. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық 



инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және Бағдарламаға қатысушылар 

іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға 

арналған жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды. 

      


Бұл ретте инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Бағдарламаға 

қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал 

шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдықтардың құны жобалау-сметалық 

құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай, 

берілетін микрокредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 

млн. теңгеден аспауға тиіс. 

      

Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу 



инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi. 

      


40. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және 

қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі: 

      

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi; 



      

2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер 

әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті 

дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 

уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді. Кәсіпкерлікті дамыту картасы 

бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар 

айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге 

асырылады; 

      

3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру 



үшін уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды; 

      


4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына 

және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына 

сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе 

кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi. 

      

Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында 



конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне 

ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін; 

      

5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының 



және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады. 

      


Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, 

микрокредит ұсыну туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады. 

      

41. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік 



қолдау шараларын ұсыну тетігі: 

      


1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға тілек 

бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама 

шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі

      


2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына 

қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады; 

      

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік 



қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне 

тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі. 

      

Уәкілетті жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол 



жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді. 

      


Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік 

негіздеріне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш жыл ішінде 




жүктеу 422,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау