Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әәдістемесімен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды



жүктеу 1,45 Mb.
бет5/6
Дата17.11.2017
өлшемі1,45 Mb.
#628
1   2   3   4   5   6


Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтем коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді бөлігінің яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.



Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

В.Ф. Палий “бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7 – 0,8 аралығында жатыр” деп есептейді 20.

Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымның орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.

Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс (25).

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:



  1. біріншіден, ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтертердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

  2. екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал (30) немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мән болып табылады:

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Осы көрсеткіштің нормативі маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі (6). Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс (4). Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.

Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.

Бұл нормативтік мән әлемдік есептік талдау тәжірибесінде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Осылай, АҚШ-тың Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициенті 2004 жылы мынадай мәндерге ие болды. Өндірістік сала корпорациясы – 1,47, тамақ өнімдерінің өндірісі – 1,25, баспа қызметі – 1,67, химия өнеркәсібі – 1,30, мұнай және көмір өндіру өнеркәсібі – 1,0, машина жасау – 1,85, электр құралдары және электрондық техника өндірісі – 1,47, бөлшек сауда – 1,50 (21). Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.



Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол – әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

  • кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);

  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);

  • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;

  • жалпы экономикалық коньюктура.

Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.



Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығының жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициеті қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті бойынша бағалайды.

Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.

Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.

Кәсіпорында аралық өтімділік көэффициентінің төлеммен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындай төмендеу себептерін ақындау керек.

Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.

Есептеулер 6-кестеде келтірілген.

8-кесте.

“Жолаушыларды тасымалдау” Алматы филиалының8 ағымдағы активтерінің

өтімділік көрсеткіштері (мың теңге).



Көрсеткіштер

2003 ж.

2004 ж.


Өзгеріс (+;-) (2гр.-1гр.)

1.

Ағымдағы активтер

мың теңге, оның ішінде:


4527269

9806651

+5279382


1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

27792

26687

-1105


1.2.

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

152

13750

13598


1.3.

Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары

47232

56286

9054


2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер

мың теңге, оның ішінде:


4849309

10832062

5982753


2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

9410

22754

13344

8-кесте жалғасы














2.2.

Кредиторлық борыш

5106

18613

13507

2.3.

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

2217

2150

-67

3.

Өтімділік көрсеткіштері

-

-

-

3.1.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1қ:2қ)

0,00573

0,00245

-0,00187


3.2.

Аралық өтімділік коэффициенті [(1.1қ+1.2):2қ]

0,00576

0,0037

0,00208


3.3.

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті [1.1қ+1.2.+1.3қ):2қ]

0,0155

0,0892

0,0360

6-кестенің мәліметтері 2004 жылдағы өтімділік 2003 жылға қарағанда біршама төмендегенін көсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті

-0,00187 пунктке, аралық 0,00208 пунктке және ағымдағы 0,0360 пунктке төмендеді. Егер бірінші көрсеткіш 2003 жылы теорияға сәйкес, ал екінші ең төменгі талап етілген шектеуден аз болса, онда 2004 жылы бұл көрсеткіштің деңгейі біршама төмендеді, сәйкесінше 0,00245 және 0,0037-ді құрады.

Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті 2003 жылы да, 2004 жылы да талап етілген шектеуге жауап берді, бірақ 2003 жылға қарағанда --0,0737 пунктке төмендеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін құрай отырып, оларды есептеу әдістемесін көрсетейік.

9-кесте.


Жалпы өтімділіктің ағымдағы коэффициентті деңгейінің өзгеруіне

қорытылған факторлардың әсерінің есебі.






Көрсет-


кіштер

2003 жыл


Ағымдағы активтер мен 2003 жылы және қысқа мер-зімді мін-деттемелер мен 2004 жыл

2004


жыл

Ауыт-қулар

+;-


Соның ішінде

өзгеру есебі



Ағым-дағы актив-тердің 3қ. –

2қ.


Қысқа мерзімді міндет-темелер

2қ. –


1қ.

1.

Ағымда-ғы актив-

тер

4527269

4527269

9806651





2.

Ағымда-ғы міндет-темелер

4868021

10878094

10878094


Х



3.

Өтімді-ліктің жалпы ағым-дағы коэффи-циенті

0,0155


0,417


0,0892


+0,213


-0,3278


0,4015


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау