Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әәдістемесімен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды


Баланс активінің құрасттырылу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау



жүктеу 1,45 Mb.
бет2/6
Дата17.11.2017
өлшемі1,45 Mb.
#628
1   2   3   4   5   6

2.2 Баланс активінің құрасттырылу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келліп түсуі,оны сатып алу және оның құрылуы да , кәсіпорынның өзінің де , қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасында ғы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп беруі ағымдағы активтердің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаның қамтамасыз ету үшінөзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және комерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезде меншікті және қатынасты настырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады , себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның каржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай , сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды.Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэфиценті ,автономдық коэфициенті ) бірәқ оның мәні бір ғана бұл коэфициентке қарап кәсінорын сырттан тартылған қаржының қаншалықты тәуелсіз екенін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэфицентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға болумен анықтайды

Ктс =Мк : Ак

Мұндағы : Ктс - тәуелсіздік коэффиценті;

Мк - меншікті капитал;

Ак – авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екеніндігін көрсетсе ; алдағы уақытта қаржылық қиындықтарының азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды . Себкбі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер бұл осындай құрлымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінң кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамассыз етіліп, нарық жағдайыннда алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінген табысты тікелй қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиценттерінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуелсіздігі төмен болады : өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүмкіннің жартысы кейбір себебтермен құнсызданған болса да, өзінің қарыз міндеттемелерін жабуға болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттың міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффицент 0,5-0,6 деңгейінде щектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрлымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылар, мысалы банктер, несие берушілер меншік капиталдың авансталған капиталдың жалпы соммасындағы үлесінің өзгеруін, келісім шарттарға отырған кездегі қаржылық үлесі төмендегенде тәуелсіздік өседі. Кәсіпорын капиталының құрлымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқартылғаны жайлы айтуына мүмкіндік беріледі. Қысқа мерзімді несиенің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорынның қызметінің қысқарғанын көреміз. Бірақ біріңғай мұндай кәсіпорынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелері дивиденттердің мөлшерлемелері әсерінен болуы мүмкін. Бұл несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрлымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Қаржылық есеп берудің активткрінің қалыптасу көздерінің құрлымын зерттеу үшін келесідец талдау кестесі құрылады.

3-кесте


2004жылдардың “Жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционердік қоғамының баланс актиінің құрамы мен құрлымы.



Көрсеткіштер


01.01.2002

01.01.2003

01.01.2004

203-2004 аралығын-дағы өзгеріс (+;-)

Құрлымының өзгеруі (6қ-4қ)

Соммасы

мың теңге



Үлес салмағы

%


Сомасы, мың

теңге


Үлес салма-ғы

%


Соммасы, мың теңге

Үлес салмағы

%


Мың тг.

(5қат-3қат)



Үлес салмағы % (7қ/3қ *100)




1


Активтер құны,барлығы соның ішінде:

1.1Ұзақ мерзімді актитер:

а) негізгі құралдар

1.2 Ағымдағы активтер:

а)өндірістік қорлар


1363761

213230
328039


1150531
5330

100

15.63
24.05


84.36
0.39

5104322

577053
579843


4527269
47232

100

11.30
11.35


88.69
0.92

10616693

810042
857130


9806651
56286

100

7.62
8.07


92.37
5.30

+5512371

232989
277287


5279382
9054

+51.9

+40.3
+47.8


+116.6
19.1

Х

-3.68
-3.28


+3.68
+4.38

2

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны.

333369

24.44

627075

12.28

913416

8.60

286341

+4.5

-3.68


5- кесте

“Жолаушыларды тасымалдау” АҚ 2003-2004 жылдардың басы мен соңындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның авансталған капиталының құрамы мен құрлымы.





Көрсеткіштер

Жыл басында


Жыл соңында



Жыл бойында-ғы өзгеріс

Құрлы-мының өзгеруі (4гр-2гр )

Шамасы, мың теңге

Үлес салмағы %

Сома-сы, мың теңге

Үлес салмағы
%

Мың тг. (3гр-1гр)

%

(5гр/ 1гр* 100)




1

Авансталған капитал,

Соның ішінде:

1.1меншіктік капитал

1.2 Қарыздық капитал,

Оның ішінде:

Ұзақ мерзімді.



















х

2

Тәуелсіздік коэффициент (1.1 жол-1 жол)






















3

Қаржыландыру коэффициент (1жол/1.2жол)






















4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффиценті (1.2жол/1.1жол)






















5

Инвистициялау коэффициенті.





















5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылдамдығы активтердің қалыптасу көзі 417780 мың теңгеге немесе31.04%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу 2004 жылы 10878094 мың теңге болған, яғни 6010073 мың теңгеге немесе жылдың басындағы мөлшер мен салыстырғанда 2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуімен болған бұл кезде тәуелсіздік коэффиценті 0,754-ден 0,745-ға дейін немесе 0,088пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері болып табылатынын қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады:

Кт=Кк /Ак немесе Кт=1-Ктс

Мұндағы : Кт-тәуелділік коэффиценті;

Кк-қатыстырылған капитал;

Ак-авансталған капитал; (баланс валютасы, жиыны);

Ктс-тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы салмағындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын , кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерін жоарылайды . Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,246(1-0,754), ал 2004 жыл соңында 0,525(1-0,475)болады. Бұл көрсеткіш біршама өскеніиен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары. Келесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кк =Мк/Қк

Мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффиценті;

Мк- меншікті капитал;

Қк- қатыстырылған капитал.

Бұл коэффицент жоғары болатын сайын, соғұрлым банктер менинвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіред.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен , ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті<1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қаржы қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткіш ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден сақ болу керек. Кейбір жағдайларда ,- деп жазады О.В.Ефимова –меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сондада кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте , қызметі қызметі активінің жоғары айнамдылығымен, сатылатын өнімге тұрақты сұрансымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорынға қатысты.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтердің айтарлықтай үлес салмағы (мысалы машмна жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары)қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50%болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фмрмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады,қатыстырылған капитталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және менщікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кк/м=Тк/Өк

Мұндағы: Кк/м-қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті ;

Кк- қатыстырылған капитал;

Мк- меншікті капитал;

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салыстырған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражаттың тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады.

2003 жылы- 20.60(4868021/236301);

2004 жылы-41.61(1087094/-261401);

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесінен қарыз қаражаттың 17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттарыменшіктік салымдардың әрбір теңгесінен 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсайды, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Арнайы әдебиеттерде (2,10) бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелділігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасның коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым көрсеткіштерінің айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың оданда жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорының қаржылық дербестігіне ешқандай әсер бермейді.

Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынс коэффициентінің мәнімен шектеуі қажет.(10)

Кәсіпорынның тәуелділсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады. Немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп аталады. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (аванствлған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=Мк+Ұм/Ак;

Мұндағы: Кқт- қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак- авансталған капитал;

Мк- меншіті апитал.

Бұл дербестік коэффициентімент салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9- ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.(6)

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорые капиталының құрлымын сипаттай отырып , бөлек топтар мен көздердің құрлымының өзгеруіндегі әр түрлі тенденциялар көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншктік капитал мен ұзақ мкрзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:

Кұ/м= Ұм/Мк+Ұм.

Мұндағы: Кұ/м- қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

Ұм-ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалқты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялар оэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол 2003 жылы 1,497-ге тең (236301/157849) ал 2004 жылы 1,655-ге тең(-261401/157946) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп берудің басқа да активтерін,соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып,меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын,барлық қарыз қаражаттары адынып қойылып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой-меншікті капиталды тек қана негізгі құралдардысатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер ) келксі жолмен қалыптасу керек:1/4-ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ -қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капитплы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталды бола тұра, көп табыс алуға болады.

Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелерінің) құрлымын және оның есеп беру кезіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды талдау. Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құрылу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервтік қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I

бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырусылар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер ркзервтері, күмәнді қарыздар бойыншарезервтер, 2004 құрылған баланс пассивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес2004 жылдың балансында меншікті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобмльдік сипаттағы құндылықтарда бекітіогенін жне осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражатының кқлемін анықтау үшін, меншікті капитал сомасын баланс активінің бірінші бөлігінің жалпы соммасын (қортындысын) алып тастау керек.

2003 жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 217531 мың теңге(236301-18770) құрады,2004 жыл аяғында –281402 мың теңге(-261401-20001), яғни- 302933 мың теңге немесе 34.4%-ға азайған.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдары қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капитлға теңестіріліп қосылатын. Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатвстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштерінің мөлшері анықталады. Бұл көрскткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі-оң, ал төмендеуі-теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екеніндігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

Кж=Мак/Мк.

Мұндағы: Кж-жұмсау коэффициенті;

Мак-меншікті айналым капиталы;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициентті А.Д.Шеремет, Р.С. Сайффулин, Е.В.Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатын ескере отырып , В.В. Ковалев, Э.А.Маркарьян және Г.П.Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. ПВ.Ф.Паллий бұны “дұрыс” десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражаттарының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгенін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмацды.

Қаржылық көз қараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайыын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрлымындағы мүмкінболатын шектрінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюын емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне баайланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарлауы шынымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

Оптималды мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті >0.5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принциптерін сақтау керек екенін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамассыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материял сиымдылығын жоғары өзгерістерге төмен болуы керек (себебі қор сиымдылығы жоғары өзгерістерге меншікті қаражаттың айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері мен қамтамассыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін бсты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздері мен қамтамассыз етілуі коэффмциенті саналады,и ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы- материалдық қорлармен шығындарды жабу коэффициенті деп аталады. Ол келесі формуламен есептеледі:

Кк/қ=Мак/Қтм.

Мұндағы : Кк/қ-тауарлы-материалдық қорлардың қамтамассыз етілу коэффициенті;

Мак-меншікті айналым коэффициенті;

Қтм-тауарлы-материалдық қорлар.

В.В.Ковалев, Э.А.маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығындарының құнына қатысуымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарының жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетпейді.

“Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтердің негізіне алған оның қалыпты мәні,-деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С.Сайффуллин,-келесі түрде болады”.

Кк/қ>0,6-0,8

Қорлар мен щығындардң меншікті айналым қаражатымен қамтамассыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражаттар мен қамтамассыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлармен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қаражаттармен жабу назарға алынып анықталад. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарлаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаты материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жабаалады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін өрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамассыз нтілу көрсеткішінің деңгкйін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты болып қарастырылу керек.

Кәсіпорыннынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің тұрақтылығымен емес, сонымен бірге қажылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сонымен меншікті қаражаттардың құрлымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрлымы да қарастырылады.



Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізөу үшін қарыз қаражатының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қортындылар мен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес. Қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырылған (тартпаған ). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі 2004 жыл соңында 8081 мың теңге, жыл 2003 басында 4294 мың теңге болған, яғни 3787 мың теңгеге , немесе 1.9 есеге өскен. Оның құрлымында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден лынған аванстар тез өсіп кеткен. Егер 2003 жылдың басында оның мөлшері 1018 мың теңге болған болса, 2004 жыл аяғында 6391 мың теңге құраған, яғни 6.3 есе көбеген, нәтижксінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 23.7%-дан 79.1%-ға өскен. Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2/1 болуы керек деп ұсынды. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамассыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады,себебі ол өзіндік қаражаттың әлде бір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциалдық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борыш қатты өсіп кетуі мүмкін.

Біздің кәсіпорынымызда кредиторлық борыш 2003 жылы дебиторлық борыштан 3.7 (4294/1165), 2004 жылы 4.8 есе көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамассыз етілуі, кредиторлармен де дебиторлрмен де ара қатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарының төмендеуінен болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төен дәрежеде қамтамассыз етілуі, дебиторлар мен де кредиторлармен де ара қатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуіне болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ таауар, бойынша есеп айырысуда үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Талдаудың келесі маңызы жұмысы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға

мүмкін.


Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздері мен қамтамассыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы –материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады.



  1. Меншікті айналым апиталының бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш меншікті капиталмен (баланс пассивінің Iбөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражатын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай еншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады.

Мак=Мк-Ұа=ТбП-IбА

Мұндағы: Iбп-баланс пассивінің 1 бөлімі;

Мк-меншікті капитал;

IбА-баланс активінің 1 бөлімі.

Мак көрсеткі маңызды талдау коэффициентін есептеп табу үшін пайдаланады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0.1-ден төмен болмауы керек). Тауарлы материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0.6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздардың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мак/ұз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу қосу жолы мына формуламен анықталады:

Мак/ұз=Мак+Ұзм=Мак+ IIбп

Мұндағы: Ұзм-ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак-меншікті айналым капиталы;

IIбП-баланс пассивінің II бөлімі.

3.Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жлпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар соммасына қосу жылымен, мына формула арқылы анықталады:

НҚ=Мак/ұз+Қнқ

Мұндағы: НҚ-негізгі көздер;

Қнқ-қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы материалдық қорлардың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамассыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.



  1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі(-).

Мак=Мак-ҚШ

Мұндағы ҚШ-тауарлы материалдардық қорлар мен шығындар.

2.Тауарлық материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мнрзімді қалыптасу көздерінің артықтығы немесежетіспеушілігі(Мак/ұз):

Мак/ұз=Мак/ұз-КШ



  1. Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НҚ) жалпы мөлшерінің артықтығы немесе жетіспеушілігі:

НКНК-КШ.

Тауарлы материалдық қорлардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамассыз етуілуінің үш көрсеткішін есептеукәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылығы дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді.

1)қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2)қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3)тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4) дағдарысты қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады:

ҚШ< Мак немесе Мак>ҚШ.

Бұл теңсіздік тауарлы материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардн тәуелсіз болады. Мұндай жағдй өте сирек кездеседі.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздік пен сипатталады:

Мак/ұз< ҚШ<НК.

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған үшін әр түрлі “қалыпты”- меншікті және қатынастырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздік пен сипатталады:

ҚШ>НҚ немесе НК<ҚШ

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін “қалыпты емес болып саналатын қосымша жабу көздерін тртуға келетін жағдайға сәйкес келеді.
6-кесте

Тауарлы материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздері мен қамтамассыз етілуі 2003-2004жылдардағы “жолаушыларды тасымалдау” Ашық акционерлік қоғамының

жағдайы.




Көрсеткіштер

Сим-волдар

2003 жыл

2004 жыл

Жылдар өзгерісі

1

2

3



4
5
6

7

8


9

10

11.



Меншікті капитал

Ұзақ мерзімді активтер

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1 жол-2жол)

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Тауарлы материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3 жол+4жол)

Қысқа мерзімді міндеттемелер мен қарыздар

Тауарлы материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздері нің мөлшері (5 жол+6 жол)

Тауарлы материалдық қорлар

Өзіндік айналым капиталының артықшылығы немесе жетіспецшілігі

Тауарлы материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтылығы немесе жетіспеушілігі(5ж-8жол)

Тауарлы материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артуынемесе кемуі(7жол-8жол).


Мк

Ұза


Мак
Ұзм
Мак/ұз

Қн

НК


Қ

Өак


Мак/ұз

+НҚ


84858

577053


217531

217531


-

217531
11153

228684

206378


101720

810042


-281402

-281402


-

-281402
17617

-263785

299019


-302933


-302933

-

-302933


+6464

-296469


-309397

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілеттілігі балансын құру негізінде тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреі:



  1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:

–банктің қарызы бойынша уақыты өсіп кеткен борыштатар;

-жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өсіп кеткен борыш;

-бюджетке салықты толық төлемеу;

-басқа да төлемеу, соның ішінде еңбек ақы бойынша;



  1. Төлемеушіліктің себептері:

–меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

–тауарлы материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;

-сатып алушылар уақытында төлемеген тиеліп жіберілген тауарлар;


  • акцептен бас тарту себебті сатып алушылардың жаупты сақтауындағы тауарлар;

  • -айналым қаражатының күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарызы бойынша борыштарына жұмылдыру.

  1. Қаржылық шиеленісті азайту көздері:

-уақытша бос меншікті қаражаттар;

-қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

-айналым қаражатын уақытша толтыруға алған банк несиелері дәне тағы басқа қарыз қаражаттары).

Қаржылық шиеліністі азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде,2-топ бойынша қортынды 1 және 3 топтар бойынша қортындылардың сомасына тең болу керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртібі және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикасында құрастырылу ұсынылады.

Тауарлы материалдық қорлардың қалыптасу көздері мен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Тауарлы материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.





    1. Баланс өтімділігін талдау .

Баланс өтімділігін талдау мәселесін құрастырар алдында, жалпы активтерін, баланстың және кәсіпорынның, өтімділігін анықтап алу қажет.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік:кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп- “кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлем қабілеттілігі”,-деп жазады. Дәл осынысымен , оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Б.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді:”шаруашылық субъектінің өтімділігі,-ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады”. Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша өтімділік бұл ағымдағы активтердің ақша қаражатына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П.Кондраков өтімділік деп-“материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады. Ағылшын авторларының “Бухгалтерлік талдау деген” еңбегінде “фирманың өтімділігі-бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін аз ктивтерін қшаға айналдыру қабілеттілігі” деп көрсетілген. “Өтімді “ сөзі дейді дейді олар “ақшаға оңай айналатын оңай айналатын” деген ұғымды білдіреді. Профессор В.В.Ковалев:қандайда бір актитің өтімділігі ол оның ақша қаражатының түрлену, айналу қабілеті”,-дейді. Ол өтімділік дәрежесі , оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтылығымен анықталатын, уақыт қысқа болатын сайын, осы активтердің өтімлілігі жоғары болады”,-деп жазады. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз қабілетілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы соммасы бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорнның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керке.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні –активтегі өтімділік дәрежесі боынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталад,-өтімділігі жоғарлардан бастап өтімділігі төменгілерге , яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарайяғни қайтару уақыты қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдергк осыны қолданылады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1.Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптарымен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициалар)-айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамкн ірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздр қолма-қол ақшаға тез йналады.

А2.Тез өткізілетін активтер.Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш соммасы есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұларда өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.Есеп айырысу құжаттары бойынша төлеу кақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскенін белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қауіпінен тіпті банкрот болып жариаланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кеәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыш ын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экрнрика, инфляция

әріптестер арасында шаруашылық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алайды.

Күмнді дебиторлық борыштың үлесн көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірілуі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материаодық құндылықтар қаржының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар келесі топты құрайды

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің бөлімінің “Тауарлы материалдық қорларын” бабы және баланс активінің І бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициалар “ (жарғылық қорға бсқа кәсіпорынның салғае салымдар мөлшеріне азайтылған мөлшеріне азайтылған бабы.

А4.Қиын өткізілетін активтер.Баланс активінің І бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. І бөлім баптарынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициалар” бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамына басқа кәсіпорынның жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс акиивінің баптары олардың өтімділік дәрежесі бойнша топтағанда , басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны оларды –кассадағы, банктгі есеп йырысу, алюта және ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвкстициалар, дебиторларен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл құрастырылған баптары негізінде кәсіпорынның “өтімділігін” яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төен элементтер туарлы материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивиері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер жұмвскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен ақан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қрыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағанын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамассыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер.Қысқа мерзімді міндеттемелер несиелер,зайымдар жне жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Пассивтің І бөлімінің “Меншікті капитал” баптары. Акти пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс акивінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады.

А1 > П1



А2 > П2

А3 > П3

А4 < П4.

Келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады.

Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Баланстың топтастырылған баптарын кесте көрсету орынды болады.

7-кесте


“Жолаушыларды тасымалдау “ Акционерлік қоғамының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пасивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.



Актив


Сомасы мың теңге

Пассив


Соммасы мың теңге

Төлеуі

(+;-)


2003

2004

2003

2004

2003

2004

1

Ең өтімді активтер

27792

26687

Төленуге тиіс міндеттемелер

7505

6783

+20287

+19904

2

Тез өткізілетін активтер

4452245

9723991

Қысқа мерзімді міндеттемелер

11207

39244

+4441038

+5282953

3

Баяу өткізілетін активтер

47232

56286

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

4868021

10878094

-4820789

-4877071

4

Қиын өткізілетін активтер

577053

810042

Тұрақты міндеттемелер

2363301

-261401

-1786248

-2596290




Жиыны:

5104322

10616693

Жиыны:

5104322

10616693

-

-

Төлем қаражатының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып туған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.

Актив пен пассив баптарының І тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив балансының ІІ тобын салыстыру жақында уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейінгі) жағдайының жақсаруын немесе нашарлауы туралы қортындыжасауға мүмкіндік береді.



Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының І және ІІ топтарын салыстыру ғымдағы өтімділкті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілде жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның 2003 жылы,2004жылғы баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша талдау қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы 2003жылы 4480037 мың теңге.(27792+4452245) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер 18712 мың теңге (7505+11207) бұл -4461325 мың теңгкге (18712-4480037) төлем қаражаттарынан аз. 2004 жылы төлем жетіспеушілігі 970465 мың теңгені (26687+9723991)-(6783+39244)9750678-46027 құрады.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яяғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында 2003 жылы, 2004жылы төлем қаражатының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер 2003 жылы оның мөлшері -1786248 мың теңге болған болса, 2004 жылы -2596290 мың теңгені құрады немесе есепті жылы 1.7 есеге кеміген.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілеріалдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етеді. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4<П4, яғни меншікті қаражаттың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған ксіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

Берілген кесте бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан дәл көрсете алмайды, оның себебі –бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіліп жатқан талдаушының аппараттық шектеулігінде. Баланстың өтімділігінбұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлық есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.

Көрсетілген кесте бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

Қөж=а1А1+а2А2+а3А/а1П1+а2П2+а3П3 (2)

Мұндағы: Көж-жалпы өтімділік коэффициенті;

а1,а2,а3-салмақтық коэффициенті;

Амен П-актив пен пассив бойынша сәйкес топтардың жиындары.

Балаес өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның жалпы өтімді айналым қаражатының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, барлық мына шарт орындалса: егер өтімлі қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелерінің өтелуін есепке алатын, салақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0.9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді.

Тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепте кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыструға және егер салмақтық коэффициентерін келесі шектеулерге баруға және және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге баруға және бағынған жағдайда қай баланс өтімд екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

а1 > а2+а3;

а2 > а3; (3)

а3 < 0.

Бұл шектеулер қаржылық жағдайды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әртүрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру балансына негізделген.

Баланс өтімділігі үшін ең өтімді активтер мерзімі ең қысқа міндеттемелер бірінші орында болатындықтан, бірінші коэффициент 1-ге тең деп алынады.Осы жағдайды ескере,2-ші және 3-ші салмақтық коэффициенттерге шектеулер жүйесі былай болады:

1>а2+а3;

а2>а3; (4)

а3>0.

Бұдан шығатын а3<0.57.



Бұл шектеулерге, мысалы, келесі салмақтық коэффициенттерінің жиыны сәйкес келеді.

а1=1;а2=0.5;а3=0.3 (5)

Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі:

Көж=А1+0.5А2+0.3А3/П1+0.5П2+0.3П3 (6)

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандаықаржылық жағдайдың өзгерістеріне жалпы баға береді. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады. Біздің кәсіпорында қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөнінде мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның түрін қабілетін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелердің жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.


2.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған”, - деп жазады. “Фирманың қызметін қаржылық талдау” кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.

“Төлем қабілеттілігін, – деп жазады олар, – компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”.

Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді.Осылай, “Шаруашылық қызметті талдау” оқулығының авторлары “Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н.Крейнина толығырақ баяндайды. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады, ол – бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы”. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Профессор В.В Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның “қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін” түсінеді. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады ол, – кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы” (21). Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т.Балабановтың анықтамасы. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады ол, – бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдерінің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек” (7).

Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет (2) басқаша ашып көрсетеді. Ол “кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер еңгізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп жазады. Төлем қабілеттігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше “төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі”. Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтеуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары “несиелер” 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау