Азаматтық қорғаныс
ТЖ салдарын алдын алу және жою бойынша іс-әрекеттерге АҚМҚ (қала, аудан) жүйе астындағы АҚ құрылымдарының басқарма, аумақтық және нысандық органдарының дайындығын ұстау мақсатында құжаттар әзірленді және келесілер өткізілді:
- КШОЖ өткізумен кешенді тексерулер:
Семей қ - 14-18 сәуір
Бородулиха ауданы - 12-16 мамыр
Күршім ауданы - 2-6 маусым
Курчатов қ. - 14-18 шілде
Катон-Қарағай ауданы - 4-8 тамыз
- келесі тақырыптар бойынша штабтық жаттығулар:
- көктемгі кезеңгі ТЖ жою бойынша – 2014 жылғы 29 қаңтар;
- табиғи өрттерді жою бойынша – 2014 жылғы 27 наурыз;
- террор актілері кезінде ТЖ жою бойынша – 2014 жылғы 3 сәуір
- қысқы кезеңдегі ТЖ жою кезінде – 2014 жылғы 30 қыркүйек
- облыстың сейсмоқауіпті аудандарында жер сілкінісі пайда болған кезде – 2014 жылғы 29 қазан.
12 айда ШҚО ТЖД оқу орталығында 875 жоспарланғаннан 753 адам оқып шықты, ол 86% құрады. Семей қ. ТЖБ насихаттау, дайындау және оқыту бөлімінде 328 жоспарланғаннан 343 адам оқыды, ол 105% құрады. Облыс бойынша жиыны 1203 жоспарланғаннан 1096 адам оқыды, 91%.
Оқыту бойынша мамандар 2014 жылғы шілде айында «Халықты АҚ ж ТЖ сұрақтарына оқыту бойынша ең үздік маман» конкурсына қатысты, онда И.В. Козубова «Действия руководящего состава при возникновении ЧС» тақырыбымен 1 орынды алды.
Байланыс және құлақтандыру жүйесі
Оқиғалар мен ТЖ туралы ақпаратты сапалы және жедел түрде өңдеу мақсатында ШҚО ТЖД ведомствасына қарасты мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелері арасында өзара іс-әрекет және үйлестіру ұйымдастырылды және тәулік бойы қамтамасыз етіледі.
ШҚО әкімдігімен «ТЖ жою кезінде тартылатын кезекші-диспетчерлік қызметтердің құрамы туралы ТЖ бойынша комиссия төрағасының жоспары және олардың ШҚО ТЖД БКДҚ Басқармасымен іс-әрекет тәртібі» әзірленді және бекітілді.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Космостық зерттеу мен технологиялардың ұлттық орталығы» АҚ арасындағы 2014 жылғы 04 наурызда бекітілген № 37 келісім-шартына сәйкес 3 наурыздан 15 мамыр аралығында қар жамылғысының жағдайы туралы, 15 сәуірден бастап өрт жағдайы туралы облыс аумағындағы төтенше жағдайларға космостық мониторинг деректері келіп түседі. Алынған деректер бойынша көктемгі кезеңде еріген сулардың өтуі мен қар жамылғысының түсуіне шұғыл мониторинг жүргізілді, ал жазғы уақытта табиғи өрттерге мониториг жүргізіледі. Түсетін космостық мониторинг деректері БКДҚБ қызметкерлерімен жедел өңделеді және термонүктелер бойынша ақпаратты нақтылау және шұғыл шаралар қабылдау үшін электрондық пошта арқылы қалалар мен аудандардың ТЖ бойынша басқармалары мен бөлімдеріне, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жіберіледі. Есепті кезеңде 724 сурет келіп түсті, 1081 термонүкте өтелді.
Тәулік бойы трансшекаралық төтенше жағдайларға мониторинг жүргізіледі.
Түсетін ауа-райлық ақпарат және мониторинг деректері уақытында өңделеді және жан-жақты шаралар қабылдау негізінде жатады.
2014 жылы халықты құлақтандыру және құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдарының жағдайын тексеру мақсатында 84 телевизиялық және радиоканалдарын қағып алу жүргізілді. Шұғыл қажеттілікке байланысты теле және радиоканалдарды қағып алу кезінде персоналды компьютерден типтік хабарламаларды беру үшін дайындалған 10 стандартты аудиофайл пайдаланылады, сонымен қатар қысқа уақыт ішінде аудиофайлды дайындауға мүмкіндік бар.
Есепті кезеңде ұялы байланыс абоненттерін құлақтандыру үшін 52 SMS-хабарлама дайындалды және жіберілді. Халықты құлақтандыру үшін ТЖ пайда болу қаупі туралы шұғыл ақпарат БКДҚБ қызметкерлерімен «Внимание всем!» топтамасында ШҚО ТЖД сайтында жедел орналастырылады, сонымен қатар қолда бар регламенттерге сәйкес облыстың 10 теле және радиоканалдарының ақпараттық блоктарында және жүгіртпе жолдарында орналастыру үшін жіберіледі. 2014 жылы «Внимание всем!» топтамасына 227 хабарлама дайындалды және орналастырылды.
«КИКС ГСЧС» жобасын іске асыру шегінде «Нұрсат» АҚ қызметкерлерімен бірге ШҚО ТЖД «Гермозона» жобасына өзгертулер енгізілді. ШҚО ТЖ бойынша қалалық және аудандық басқармалар мен бөлімдерде Локальді есептегіш желілерінің жобасы келесілді.
«Ведомствалық спутниктік желі» жүйесі астындағы жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды.
Ақпараттық-талдау жұмысы, желілер мен деректер банкін дамыту
Бүгінгі күні билік органдарын, мекемелерді, кәсіпорындарды олардың құзіретіне жататын ТЖ алдын алу және жою саласындағы проблемалық сұрақтар туралы ақпараттау мақсатында Департамент бөлімшелерімен 1404 ақпарат, оның ішінде қалалық және аудандық бөлімшелермен 904 ақпарат дайындалды және жіберілді.
Департамент бастығының атына ақпарат ұсынумен Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствасына қарасты мемлекеттік мекемелермен ҚР ТЖМ Web-портал тарауларының толтырылуына, жаңартылуына ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Бүгінгі күні веб порталда 5885 материал орналастырылды.
Болған ТЖ бойынша деректердің бірыңғай банкін кезеңмен қалыптастыру үшін Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жіктегіштерін және Бірыңғай деректер банкінің төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкаларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес «Төтенше жағдайлар, күштер мен құралдар бойынша ақпараттық-анықтамалық карточкалардың деректер банкін құру тәртібі туралы» ШҚО ТЖД 05.03.2012 жылғы № 33 бұйрығы жасалды. Бүгінгі күні тоқсан сайын түзетулер енгізумен «ӨСжАҚЖҚ» ММ 264 карточка, СҚҚ 28 карточка, ШААЖҚЖ 4 карточка, АМО 4 карточка, АМТГ-ЗТЖА 4 карточка, АМТГ-СТЖА 4 карточка құрылды. 1971 ТЖ бойынша ақпараттық – анықтамалық карточкалар.
2-тарау. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар
ТЖ бойынша облыстық комиссия отырысы
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысы өткізілді.
2014 жылғы 19 ақпанда күн тәртібінде:
1. Облыстың мемлекеттік органдарының, ұйымдардың, кәсіпорындардың (меншік түріне қарамастан) Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментін төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы жедел хабардар ету туралы;
2. Қалалар мен аудандардың су тасқыны маусымына дайындығы туралы;
3. Су қысымда тұрған гидроқұрылымдардың жағдайы туралы;
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қарапайым шаралары мақсатында облыс аумағындағы жерді қашықтан бөлу үшін НКА қаржыландыру механизмі.
2014 жылғы 25 сәуірде күн тәртібінде:
1. ШҚО аумағын орман және дала өрттерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
2. Шомылу маусымында облыс суайдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. ШҚО тау-кен өнеркәсібі жағдайы туралы.
4. Сел қауіпті маусымға дайындық туралы;
5. Мало-Убинка суқоймасы жағдайы туралы.
2014 жылғы 31 мамырда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысы өткізілді, күн тәртібі:
- Облыс өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі, көп түскен жауын-шашынға байланысты мұздақты көлдердің толуы мен жағдайы туралы;
2014 жылғы 17 маусымда ТЖОК кезектен тыс отырысы, күн тәртібі:
- Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Жер-2014» РКШОЖ өткізуді ұйымдастыру туралы.
2014 жылғы 27 тамызда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысы өткізілді, күн тәртібі:
- Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтық қорғаныс жағдайы туралы және оны жетілдіру жолдары;
- Облыс өзендерінің жағалау бекіту, арналарды тазарту және түзету бойынша іс-шараларды дайындау туралы;
- Сел жүру қауіп-қатері кезіндегі іс-әрекеттерге дайындық туралы;
- Облыстың әлеуметтік маңызды объектілерін салу туралы;
- Алдағы 2014-2015 жж. жылыту маусымына дайындық туралы;
- Сәулет құрылыс бейнесін жетілдіру туралы;
- Құрылысы аяқталмаған проблемалық объектілер туралы.
2014 жылғы 22 желтоқсанда ТЖОК отырысы өткізілді, күн тәртібінде мына мәселелер қарастырылды:
- 2014-2015 жж. қыс маусымына тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ автожолдарды дайындау;
- Қар көшкіні қаупі туралы;
- Құлақтандыру жүйесінің жағдайы туралы;
- Облыс аумағында эпиядемия кезіндегі тымаудың алдын алу бойынша профилактикалық және эпиядемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету туралы.
- Әлемдегі эпидемиялық жағдай және облыс аумағында Эбола безгегін әкелу (кіру) алдын алу бойынша шаралар туралы;
- Хаттама шешімдерін орындау;
ТЖАБ, ТЖМЖ және ТЖБ 2014 жылға арналған ТЖ отырысының жоспарлары мен комиссия отырысының хаттама көшірмелері бар.
ТЖ бойынша комиссияның хаттамалық шешімдеріндегі ұсыныстар негізінен толық көлемде орындалады.
ТЖ департаменті бастығының жанындағы Кеңес отырысы
2014 жылдың 28 наурызында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің бірінші отырысы өткізілді, ШҚО ТЖД 2014 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады:
1) 2014 жылдың қыс-көктем маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы;
2) Авариялық-құтқару құрылымдарының жұмыстарды жүргізуге дайындығы жағдайы туралы, проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары.
2014 жылдың 30 маусымында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің екінші отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қарастырылды:
1) Облыс аумағындағы сыртқы өртке қарсы сумен қамту көздерінің жағдайы туралы.
2) ШҚО ТЖД және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде әскери-қызметтік тәртіп, сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және жол бермеу жағдайы туралы.
2014 жылғы 28 тамызда ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізіліп, Мемлекеттік басқару органдарының арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары туралы мәселе қарастырылды.
2014 жылғы 23 қыркүйекте ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің төртінші отырысы өткізіліп, онда:
1) Орындаушылық тәртіп, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат бойынша жұмысты ұйымдастыру жағдайы туралы.
2) ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің 2014 жылға арналған ШҚО ТЖД жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың орындау туралы қарастырылды.
2014 жылғы 11 желтоқсанда ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің 5-отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қарастырылды.
1) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылға арналған Жолдауының қағидаларын талқылау;
2) ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттық-насихаттау қызметі бойынша жұмысының жағдайы туралы.
3) Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы жедел ақпараттандыруы туралы.
4) 2014 жылы Кеңес қызметінің қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттер туралы.
Семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу
«Дөңгелек үстел» өткізу шеңберінде Департамент пен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелері облыстың шағын және орта бизнес жұмысшылары кәсіподағы, «Нұр Отан» ХДП, қаржы полициясы мен прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне арналған 39 кездесу мен отырыстар ұйымдастырды. Аталмыш отырыстарда мемлекеттік инспекторлар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі талқыланды.
Азаматтық қорғаныс басқармасы террористік тұрғыдан осал объектінің бірінші басшыларына, православтық және мұсылмандардың діни бірлестіктеріне семинар-сабақ өткізді, оған барлығы 35 ұйымнан 50 өкіл қатысты. Сабақ барысында бейнефильм көрсетілді, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар таратылды.
Нормативтік құқықтық және әдістемелек базасын жетілдіру
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің объектілерді тексеру нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған өңірлік эканомикалық сотына өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормаларын сақтау сұрақтары бойынша (бұдан әрі ШҚО МӨЭС) өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормаларының бұзушылықтарын жоюға дейін, объектілердің пайдаланылуын тоқтата тұру үшін 104 (жүз төрт) талап өтініші берілген, өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормаларының бұзушылықтарын жоюға байланысты 2 талап өтініші қабылданған жоқ.
2014 жылдың ішінде Мемлекеттік сатып алуға қатысушы, өз істеріне ықылассыз қараған жабдықтаушы адамдардың мойындаулары туралы 12 талап өтініштері берілген.
ЗТ қызметкерлері үшінші тұлға ретінде, 15 соттың істі қарауына қатысқан болатын.
2014 жылдың кезеңінде ШҚО ТЖД Заң тобымен ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ бойынша-304 және ШҚО ТЖД бойынша 468 бұйрық жобаларына құқықтық сараптама жүргізілді.
2014 жылдың кезеңінде Заң тобының қызметкерлері 17 қызметтік тергеу жүргізуге қатысқан болатын.
ШҚО ТЖД қызметкерлерімен және құрылымдық бөлімшелерімен жұмыста басшылықа қабылдау үшін: «ӨС ж АҚЖҚ»ММ, ТЖБ, ТЖБ «Сотқа дейін материалдарды даярлау бойынша, өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормаларының бұзушылықтарын жоюға дейін субъектілердің іс-әрекетін тоқтата тұру туралы талап өтініштерін сотқа әзірлеу және жолдау, осы істердің қалай жүргізіліп жатқандығын бақылау» туралы әдістемелік құралдары жолданды.
«ӨС ж АҚЖҚ»ММ ӨСЗ қызметкерлерімен «Металлография әдәсәнәң көмегімен өрт орынан аланған электр жабдықтарын эксперименттік зерттеу» тақырыбы бойынша рефераты даярланды және Қазақстан Республикасының ТЖМ ӨҚҚ «Пожарный и спасатель», «Вестник КТИ» журналдарына баспаға жариялау үшін жолданды.
КДМ қабылдану алдында, келіп жеткен қызметкерлер кіріс бақылауынан өтіп, олар келген бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығының деңгейін анықтау үшін электронды әдістемелік тестілеу жүйесінен өтеді. Барлық санаттағы оқытылатындар үшін мемлекеттік және орыс тілінде электронды тестлеу бағдарламасы әзірленді.
Кадрлармен жұмыс, адамгершілік ресурстарын басқару, оқыту, біліктілігін жоғарлату
ШҚО ТЖ департаментінде штаттық санында 225 адам, оның ішінде 55 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымында, 26 әскери қызметтік лаузымында және 146 ӨҚҚО қызметкерлерінің лауазымында, 1 ІІО қызметкерінің лауазымында.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»ММ штаттық санында 2143 адам бар, оның ішінде орта және жоғарғы басшы құрамы-474, кіші басшылық құрамы-1595, азаматтық қызметкерлер-74.
Жалпы штаттық саны 106 адамды құрайды, нақты 104, жабдықталғаны (98%), 2 бос орын лауазымына, атап айтқанда СҚҚ-құтқарушы басшысының орынбасары және Бұқтырма су құтқару станциясына шебер, моторшы-құтқарушы қажет.
Есеп беру кезеңінде Департамент бойынша және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ»ММ Республикалық орталықта 11 қызметкер біліктілігін жоғарлату курстарынан оқудан өтті, Қазақстан Республикасының ТЖМ КТИ біліктілігін жоғарлату факультетінде 16 қызметкер оқудан өткен болатын. Беларусия Республикасының ТЖМ біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау Институтында 11 қызметкер оқудан өтті.
Өткен кезеңінде Қазақстан Республикасы ТЖМ «ННТЦПМ»АҚ Шығыс филиалынан 2 адам, өнірлік орталығында 17 қызметкер біліктілігін жоғарлату және қайта даярлануға жолданған болатын.
Ресей Федерациясының ТЖМ Москва қ. Азаматтық қорғаныс Академиясында 2 қызметкер оқу курсынан өтуде және 1 қызметкер оқуын аяқтады.
Сондай-ақ, қажетті кісіби шеберлікті, дене-күш даярлығын және қажетті моральдық-қайраттылық сапасын қамтамасыз ету мақсатында спорттық іс-шараларды жүргізуге зор көңіл бөлінеді.
Психология қызмет бөлімімен өз-өзіне қол жұмсау және ауытқуларының алдын алу мақсатында КДМ тыңдаушыларымен психодиагностикалық тексеру 274 адамдарды қамту арқылы жүргізілді. Деструктивтік мінез-құлықтарының көріну жағдайының алдын алу мақсатында пихологиялық тұрақтылығын жоғарлату бойынша, өзін-өзі қорғау әдістерін үйрету, экстремальды жағдайындағы әрекетінде жеке құраммен сабақ жүргізілді, 70 дәріс және 3 жаттығу іс-шаралары өткізілді.
Іс-шараларының жоспарының орындалуына орай, салауатты өмір салтын ұстау бойынша, шылым шегуге әуес әрекеттеріне және алкогольді тұтыну әрекетіне үгіт жұмысын жүргізуді күшейту үшін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ»ММ КДМ қызметкерлері мен тыңдаушыларының арасында 7 тренинг-семинары өткізілді, 26 жеке әңгімелесу және кеңес беру түрінде жүргізілді.
Бесқарағай және Жарма аудандарының бөлімшелерінің жеке құрамының арасында әлеуметтік-психологиялық климатына домалақ хат түрінде зерттеу жүргізілді. Зерттеуге 41 адам қатысты. Қызметке кандидаттарды алғашқы іріктеуді өткізу кезінде тестілеуден 91 адам өтті.
Қажетті кісіби шеберлікті, дене-күш даярлығын және қажетті моральдық-қайраттылық сапасын қамтамасыз ету мақсатында спорттық іс-шараларды жүргізуге зор көңіл бөлінеді.
2014 жылдың кезеңінде біздің спортшылар Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиядаға қатысып 3 жалпыкомандалық орынға ие болған болатын. «Динамо» ДШСҚ ШҚО ҚБФ волейбол бойынша жарыстарында 2 орынға ие болды, ал, шаңғымен жүгіру жарысына 2 команда белгіленген болатын, сәйкесінше бірінші орынға ие болды және жалпыкоманда бойынша үшінші орынға ие, гир спорты және қол күрестіру бойынша 1 орынға ие болды. Сондай-ақ ШҚО ТЖД құрамасы ҚР Кеден полициясының құрылуына 20-жылдығын мерекелеуге қатысты ШҚО құқық қорғау органдарының арасында жүргізілген кіші-футбол чемпионатында 2 жалпы командалық орынға ие болды, ҚР ТЖМ 6-шы қысқы Спартакиядасында Шығыс өңірі бойынша Қарағанды қаласында 1 жалпыкомандалық орынды алған болатын, сондай-ақ ҚР ТЖМ Павлодар қ. 6-шы Спартакиядасының финалында біздің қызметкерлер 1 жалпыкомандалық орынды алды. ҚР ТЖМ 6-шы жазғы Спартакиядасында Шығыс өңірі бойынша Павлодар қ. облыс командасы 3-ші орынға ие болды. «Казспас-2014» жинау-семинарына сот бригадасы түрінде қатысты. «Казспас-2014» жарысының аясында ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ»ММ кинолог есебінен бірінші орынды алды. «Динамо» ДШСҚ ШҚО ҚБФ жарыстарында жеңіл жүгірістен 2-ші жалпыкомандалық орынға және гир спортық түрінен 1-ші орынды алған болатын.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде тағайындалған жұмысы жетілдіріледі және тұрақты жүргізіледі. ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің жұмысы белсенді жүргізіледі. Ардагерлер ұйымының құрамында өз қатарларында 569 ардагер бар, оның ішінде 7-і Ұлы Отан соғысына қатысқандар, 63-тыл еңбеккерлері. Ардагерлер Кеңесі өзінің күнделікті жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің ведомствалық ұйымдарының, кадр жұмыстары бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Барлық іс-шараларды ұйымдастырғанда ардагерлерді шақырту жүзеге асырылады, бөлімшелердің жеке құраммен ардагерлерді кездестіру ұйымдастырылады.
2014 жылы ШҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Г.А.Можанова «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі кадрлар қызметінің үздік маманы» Республикалық байқауына қатысқан болатын. Байқау нәтижесі бойынша Г.А.Можанова үшінші орынға ие болды.
Қызметті қаржы-эканомикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2014 жылғы Департаменттің төлемдері бойынша анықталған қаржыландыру жоспарының жиынтығында Республикалық бюджеті бойынша 633452,0 мың.тенге соммасында қаржы қарастырылған, қолданылғаны 627117,48 мың.тенге соммасында, 99,0%, құрайды. ал жергілікті бюджет бойынша 44006,0 мың.тенге соммасында қаржы қарастырылған, қолданылғаны 41646,2 мың.тенге,соммасында 94,6% құрайды.
2014 жылға департаменттің қызметін және кідіріссіз жұмысын қамтамасыз ету және бюджеттік қаржыны тиімді қолдану үшін, ҚР ІІМ ТЖК көктемгі өзгерістеріне тапсырыс, Департаменті қаржыландыру туралы жеке жоспары ұсынылды. Қаржыландыру жоспарының негізінде, жоспарға өзгеру енгізілуіне орай, тауаларды сатып алу жүргізілді, жұмыс және қызметі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. 2014 жылдың ішінде Департаментпен 203 келісім шартқа отырған, 2 байқау және 1 аукцион жарияланды.
Материалдық-техникалық базасын нығайту үшін, Өрт сөндіру қызметінің есеп беру кезеңінде автомобильдерге артық бөлшектер алынды, құрылыс материалдарына 24336,2 мың. теңге, жанар-жағар май материалдарына 123660,0 мың. теңге қаржы жұмсалды. Лаңкестік іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шараларының аясында 2-ӨСБ, 1-ӨСБ, 2-ӨСБ бейне бақылау жүйелері құралды.
Қарағанды қ. 506 баллондар түріндегі АСА гидравликалық сынақ өткізілді және ұйымдастырылды. Газтүтінінен қорғау қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін, композитты баллондар және бет перделері Министрліктен рұқсат қағазына сәйкес бөлінді.
Арнаулы киімдер 199572,9 мың теңге соммасында әкелінді. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайнда бюджеттік қаражатының игерілуі 99,5 % құрды. Негізгі қажыны есептен алу 4309,0 мың. тенге соммасында есептелді.
439 транспорттық құралдарының бірліктеріне сақтандыру жүргізілді, сондай-ақ 403 техника бірліктеріне техникалық қарау жүзеге асырылды.
Өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық қызмет базаларына 7 күрделі жұмыс, 46 орта және 165 өрт сөндіру техникалары жөнделуде.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың ішінде қарлы бұрқасындар кезінде жұмысты орындау үшін 7-і ШТТ шынжыр табан техникасының бірліктеріне қызмет көрсетілді және жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылда жұмысқа жарамсыз деп танылған 14 бірліктегі транспорттық құралдарын пайдалану бойынша шаралары жүргізілді. ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ»ММ балансынан ШҚО коммуналдық меншігіне 12 өрт сөндіру бірлігіндегі техникалары ауылдық округтеріне өрт сөндіру бекеттерін құру үшін берілді.
Ағымдағы жылдың ішінде бөлімшелердегі жеке құрамының тұрмыстық жағдайын жақсарту және ғимататты жұмысқа сәйкес ұстау бойынша: 6 өрт сөндіру деполарының ғимаратындағы шатыр жамылғыларына жөндеу жүргізілді, жылу беру жүйесі үшін 4 (төрт) электрқозғалтқыш орталық сонғылырымен, 1 айналмалы сорғысы. Жылу беру кезеңінің ішінде Өскемен қ. 2-ӨСБ, 5-ӨСБ, Риддер қ. 4-МӨСБ су құбырлары, құбырдағы жылу жүйелері, ілмектік арматурасы ауыстырылды.
«ДОС логистик» ЖШС келісім шартына сәйкес, қатты (2030 тонна) және сұйық (110 000 л) отынын жеткізу жүзеге асырылды. 2014-2015 ж жылу беру кезеңінде гарнизон бөлімшелеріне көмір және сұйық отын 100% көлемінде жеткізілді.
2014 жылдың есеп беру кезеңінде СҚҚ ММ – жалпы соммасы 158305,00 мың теңге қаржы бөлінген. Күтілетін игеру- 158305,00 мың теңге соммасында 100% құрайды.
Бақылау-тексеру іс-шаралары
2014 жылы ШҚО ТЖД бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының бекітілуіне сәйкес, Бесқарағай, Жарма, Бородулиха аудандарының ТЖБ кешендік тексеру жүргізілді, Риддер қ. ТЖ басқармасына бақылау тексеру жургізілді, Шемонайха, Глубокое, Күршім, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай аудандарының ТЖ бөлімдеріне тексеру жүргізілді, ШҚО ТЖД «СҚҚ»ММ, Семей қ. ТЖБ, Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан, Аягөз, Ұржар, Күршім, Катон-Қарағай аудандарының ТЖ бөлімдеріне, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне тақырыптық тексеру өткізілді.
2014 жылдың ішінде 11 қызметтік тергеу жүргізілді, 7-і қызметтің тергеудің деректері расталды. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік жауапкершілікке 6 қызметкер, оның ішінде 4- ескерту, 1- сөгіс, 1- ескертпе, толық қызметке сәйкес емес 7- қызметкер жазбаша түрінде ескертілді.
ҚР ТЖМ қызметтік тергеу және тексеруді жүргізу Ережесінің 50 т. сәйкес, тәртіптік жауапкершілікке 33 қызметкер, оның ішінде: 27-ескерту түрінде, сөгіс-3, қатаң сөгіс-1, 2-қызметкер бұрын салынған жазаларымен шектелді. ШҚО ҚР БП ҚС ж АЕАЖКБ заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұсынысының негізінде жазалау салынады.
2014 жылдың ішінде ШҚО ТЖД ведомсвалық мемлекеттік мекемеоерінде уәкілетті органдарымен 23 тексеру жүргізілді, соның ішінде:
- қала және аудандар, облыс Прокуратурасы – 11;
- ШҚО ҚР БП ҚС ж АЕАЖКБ – 10;
- Шығыс өңіріндегі Әскери прокуратурасы – 1;
- ҚР ТЖМ ӨҚҚК – 1.
Тексеру нәтижесі бойынша уәкілеттік органдарымен ТЖ ж ӨҚ МББ,ҚҚБжМТДҚ, КЖБ, Өскемен қ, Семей қ, Риддер қ. ТЖБ, Курчатов қ. ТЖ бөлімі, Бесқарағай, Аягөз, Ұржар, Зырян, Ұлан, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Абай аудандарының ТЖ бөлімінің қызметкерлері Бас прокуратураның нұсқаулықтары және Ережесінің, Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын бұзуға жол бергендіктері үшін, жазаға тарту туралы қаулысы мен ұсыныстары енгізілді,
Достарыңызбен бөлісу: |