Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің


) Негізгі проблемаларды талдау



жүктеу 2,13 Mb.
бет3/8
Дата25.11.2017
өлшемі2,13 Mb.
#1415
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Қазақстанның сатушы әріптестерінің халықаралық стандарттары мен жүйелері кейбір көлік инфрақұрылымының техникалық параметрлерімен үйлеспейтінінің себебі өңірлік интеграцияның жолында және сату-көлік жүйесін дамытуда едәуір кедергінің болуында.



Азаматтық авиация саласында негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

1) бірқатар өңірлік әуежайлардың әуе кемелерін қабылдау–ұшыруы бойынша ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкессіздігі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техника, жүк қоймалары және терминалдармен қажетті деңгейде жабдықталмауы;

3) авиациялық персоналдың тапшылығы;

4)Қазақстан өңірлерінің әуе көлігі қызметіне қолжетімді болмауы.

Шешу жолдары:

Қазіргі уақытта республикада 18 әуежай қызмет көрсетеді, оның ішінде 14 әуежай ұшу-қону жолағын техникалық және жарық сигналын беру жабдығымен жарақталуы бойынша ИКАО стандарттарына сәйкес келеді.

Осы орайда, қазіргі заманғы әуе кемелерін белсенді пайдалануға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлік әуежайларының техникалық жарақталуы және әуеайлақ жабынының жай-күйі реконструкциялау мен жаңғыртуды талап етеді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әуежайының 15-нің ұшу қону жолағы және 11 жолаушы терминалы салынды және реконструкцияланды.

2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ҰҚЖ және аэровокзал кешенін реконструкциялау аяқталды.

Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рульдеу жолағын және аэровокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылы Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының дизайны ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушыларға қолайлы қызмет көрсетуге бағытталған, сондай-ақ трансферттік және транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетудің кең мүмкіндігіне ие.

2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен ққ. әуежайларының ҰҚЖ реконструкциялау жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвестициялар, займдық қаражат тарту есебінен Шымкент, Орал, Қызылорда және Атырау ққ. жолаушылар терминалын реконструкциялау (салу) ұсынылады.

Бұдан басқа, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» шеңберінде Алматы іргесінде жаңа әуежай салу және әлеуетті инвесторды тарту жолымен халықаралық авиациялық хаб құру бойынша жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға дейін жаңа топырақты жергілікті әуе желісінің 11 әуеайлағының құрылысы және 5 қатты жабынды жергілікті әуе желісінің 5 әуеайлағын реконструкциялау көзделуде.

Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде до 2020 жылға дейін республикалық және облыстық маңыздағы барлық әуежайлар ИКАО талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін болады.

Қазіргі уақытта кадрларға деген барынша қажеттілікті ұшу құрамының авиациялық персоналы және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар құрайды: оларға деген жыл сайынғы қажеттілік жылына оқу бітірген мамандардың іс-жүзіндегі санымен толықпайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Азаматтық авиация академиясынан басқа,

азаматтық авиация саласындағы әр түрлі профильді мамандарын кәсіптік даярлауды 18 сертификатталған авиациялық оқу орталығы жүзеге асырады.

Авиациялық мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін Азаматтық авиация академиясының (Алматы қ.) материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жалғасуда және оқытудың еуропалық стандарттарына көшу бойынша шаралар іске асырылуда.

Азаматтық авиация академиясы базасында еуропалық талаптарға сәйкес келетін «Training Center Part FCL» ЖШС ұшу орталығы және Орта Азиядағы алғаш Авиациялық қауіпсіздік бойынша субөңірлік ИКАО оқу орталығы құрылды.

Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін және пилоттарды сапалы даярлау мақсатында Азаматтық авиация академиясында түсінік деңгейінде ағылшын тілі білімі бар, міндетті түрде психологиялық іріктеу бойынша дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан өткен абитуриенттерді іріктеу жүргізу қажет. Жұмыс берушілердің қатысуымен Академия жанында абитуриенттерді іріктеу бойынша комиссия құру қажет және абитуриенттердің одан әрі 3 жылдан кем емес мерзімде жұмыс істеп өтеуі көзделеді.

Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК оқу орталығының базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біліктілікті арттыру бойынша салалық оқу орталығы құрылған, ол да сала мамандарын даярлайды. 2016 жылы осы орталық ИКАО «TRAIN AIR PLUS» жүйесіне толық құқықты мүшесі ретінде кірді, ол азаматтық авиацияның білікті мамандарын даярлауға және әдістерін стандарттауға бағдарланған.

Бұдан басқа, сала ұйымдары мен оқу орындары арасында кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы шарттар жасалуда.

Жалпы осы іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасында пилоттарды кәсіптік даярлау сапасын жақсартады және ұлттық кадр әлеуетін нығайтатын болады.
Автожол саласында пайдаланудағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы анықталуда; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капитал қажеттілігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісін жеткіліксіз қаржыландыру және жолдар қызметінің жөндеуаралық мерзімдерінің сақталмауы, пайдаланудағы автожолдардың төмен техникалық параметрлері (білікке түсетін салмақ есебі, санаттар және т.б.), 2 жолақ қозғалысты жолдарда авариялар мен өлімнің жоғары қауіптілігі, жергілікті бюджеттерден жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі, және 1 861 ауылдық елді-мекенге қатты жамылғысы бар кіреберіс автожолдардың жоқтығы.
Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблемалар:

1) әуе кемелерін қабылдау-ұшыру үшін бірқатар өңірлік әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техникамен, жүк қоймаларымен және терминалдармен жарақтануының қажетті деңгейде болмауы;

3) авиация персоналының жетіспеушілігі болып табылады;

4) Қазақстан өңірлерінде авиакөлік қызметтерінің қол жетпеуі.

Азаматтық авиация саласы қалыптасуының бастапқы кезеңдегі әуежайлар инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік бюджеттен қаржылық қолдауды талап етеді.

Қазіргі уақытта азаматтық авиациясы үшін ұшқыш құрамы кадрларының жетіспеушілігі пайда болды. Азаматтық авиация ұшқыштардың орта жастары 40-45 жастан артады, атап айтқанда әуе көлігін басқару үшін зейнеталды жас.

Азаматтық авиация мұқтаждығы үшін қажетті ұшу-кадрлық әлеуетін дайындау.
Су көлігі саласында порттық инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, кеме қатынасы шлюздерінің техникалық қауіпсіздіктің жеке талаптарына сәйкес келмеуі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңіз порттық қуаттарын ұлғайту, теңіздегі сауда флотын дамыту, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысын салу, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Шешу жолдары:

Атап айтқанда Құрық портты дамытудың екінші фазасын іске асыруды аяқтау қажет, оны пайдалануға енгізу Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Отандық сауда флотының тоннажын арттыру мақсатында жаңа кемелерді, атап айтқанда құрғақ жүк кемелерін және паромдарды сатып алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы шараларды іске асыру сауда флотының Ақтау және Құрық порттарынан жүктерді теңізбен тасымалдауда үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кеме қатынасының қазақстандық сулардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін кеме қозғалысын координациялау навигациялық жүйелерін құру және кейін оларды Ақтау портында интеграциясы қажет етіледі. Осы жүйе мақсаттарының бірі құтқару операцияларын басқару болып табылады.

Ішкі су жолдарында мемлекеттік техникалық флотын жаңартуды жалғастыру, кеме қатынасы шлюздардың қауіпсіздігін күшейту, оның ішінде Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылысын салу және Өскемен және Бұқтырма шлюздарын күрделі жөндеу арқылы шаралар қабылдау.

Көліктік бақылау органдардын жеткілікті материалдық-техникалық жабдықталмауы бақылауды тиімді жүргізуге теріс әсерін тигізуде және су көлігінде авариялықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермеуде.

Тиесілілік табелімен көзделген 28 арнайы су көлігінің көліктік бақылаудын аумақтық органдары теңгерімінде барлығы 12 кеме бар, олардың ішінде тек 5 қызметтік кеме техникалық жарамды күйде.

Автомобиль көлігі саласында инфрақұрылым объектілері мен көліктің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, қауіпсіздік шараларына жеткіліксіз түрде тиімді бақылауды сақтау көліктегі қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын күрделі ретінде анықтайды.

Жалпы қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелердің көмегімен жүк және жолаушылар тасымалдарының мониторингін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады.

Көліктегі авариялылықтың деңгейіне себекер болатын негізгі факторлар:

1) көлік процесіне қатысушылардың біліктілігінің жеткіліксіздігі мен тәртібінің төлендігі;

2) тасымалдарды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;

3) бақылау органдарының материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтандырылуы;

4) көлік құралдарының физикалық тозуы және қанағаттанарарлық емес техникалық жай-күні мен тозуы.

Заңнамалық деңгейде тұрақты жолаушылар маршруттарындағы іске қосылған автобустарды жаңарту бойынша, сондай-ақ автокөлік саласында автоматтандыруды дамыту бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Басқа мәселе саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту болып табылады, 2016 жылда 80%-ды құрады (6 623 ауылдық елді мекенге 5 299 бірлік).

Халықтың мобильділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым мен автомобиль жолдарын дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз ету қажет.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен 5 автовокзал (Астана қаласында 2 автовокзал салу, Талдықорған қаласында автовокзал салу, Қызылорда қаласында автовокзал салу, Ақтау қаласында автовокзал салу), 29 автостанция (Алматы облысының Кеген ауылында автостанция салу, Алматы облысының Бақанас ауылында автостанция салу, Ақтөбе облысының Комсомол ауылында автостанция салу, Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентінде автостанция салу, Ақтөбе облысының Қобда кентінде автостанция салу, Атырау облысының Құлсары қаласында автостанция салу, Ақмола облысының Аршалы кентінде автостанция салу, Ақмола облысының Жақсы кентінде автостанция салу, Ақмола облысының Шортанды кентінде автостанция салу, Ақмола облысының Есіл қаласында автостанция салу, Ақмола облысының Балкашино ауылында автостанция салу, ШҚО-ның Бородулиха ауылында автостанция салу, Жамбыл облысының Мерке ауылында автостанция салу, Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында автостанция салу, Жамбыл облысының Жаңатас қаласында автостанция салу, Жамбыл облысының Құлан ауылында автостанция салу, Жамбыл облысының Шу қаласында автостанция салу, БҚО-ның Ақсай қаласында автостанция салу, Қарағанды облысының Атасу ауылында автостанция салу, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында автостанция салу, Қостанай облысының Федоров ауданында автостанция салу, Қостанай облысының Таран ауданында автостанция салу, Қызылорда қаласында автовокзал салу, Қызылорда облысының Жосалы кентінде автостанция салу, Қызылорда облысының Шиелі кентінде автостанция салу, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында автостанция салу, Павлодар облысының Ақтоғай ауылында автостанция салу, СҚО-ның Тайынша қаласында автостанция салу, СҚО-ның Новоишим ауылында автостанция салу, СҚО-ның Саумалкөл ауылында автостанция салу), 103 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері (Алматы облысында жолаушыларға арналған 14 қызмет көрсету пунктін салу, Ақтөбе облысында жолаушыларға арналған 6 қызмет көрсету пунктін салу, Атырау облысында жолаушыларға арналған 6 қызмет көрсету пунктін салу, Ақмола облысында жолаушыларға арналған 3 қызмет көрсету пунктін салу, ШҚО жолаушыларға арналған 12 қызмет көрсету пунктін салу, Жамбыл облысында жолаушыларға арналған 7 қызмет көрсету пунктін салу, БҚО жолаушыларға арналған 4 қызмет көрсету пунктін салу, Қарағанды облысында жолаушыларға арналған 2 қызмет көрсету пунктін салу, Қостанай облысында жолаушыларға арналған 6 қызмет көрсету пунктін салу, Қызылорда облысында жолаушыларға арналған 24 қызмет көрсету пунктін салу, Маңғыстау облысында жолаушыларға арналған 12 қызмет көрсету пунктін салу, СҚО жолаушыларға арналған 6 қызмет көрсету пунктін салу, ОҚО-да жолаушыларға арналған қызмет көрсету пунктін салу) және облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 968 такси тұрақтарын салу қөзделген.

Осы шаралар тұрақты халықаралық, облысаралық және облысішілік автобус маршруттарының санының көбейуін қамтамасыз етеді, бұл саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық (100%) қамтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, тұрғындарға көрсетілетін қызметтер процесін оңтайланыру мен сапасын жақсарту мақсатында жолаушыларды электрондық билеттендіруге көшу және маршруттарды онлайн диспетчерлендіруді дамыту жүзеге асырылатын болады, ол жолаушыларға тасымалдау процестері туралы ақпарат беруді автоматтандыруды камтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Бағалық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.

Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.

Теңіз тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.


Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Осы тәукелді төмендету үшін озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттар, көлік активтерін жаңғыртуды енгізуді талап етеді;

ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Құтқару жұмыстары мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу; «Облжолзертхана» РММ техникалық қамсыздануын ең жақсы халықаралық тәжірибелер негізінде жоғарылату;

Автожол саласын қабылданған техникалық шешімдердін өмірлік циклін мониторингтеу мүмкіндігімен басқару процесінің автоматтандыру;

Мемлекеттік білім беру бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» шеңберінде автожол саласындағы инновацияларды басқару бойынша мамандарды дайындау;

Субстандарттық кемелерді пайдалануға қатысты талаптар қатандату.


Жоғарғы пайдаланушылық жүктеудің салдарынан көлік инфрақұрылымының өндірістік қуатының төмендеу қаупі

Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу;

Сауда флотын толықтыру, кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу;

ИКАО (қауіпсіздікті арттыру) санаты бар әуежайлардың санын ұлғайту.



3-стратегиялық бағыт.

Құрылыс саласын және тұрғын ұй-коммуникалдық шаруашылықты дамыту

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасы қабылдады (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі міндеті ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, есептердің бірыңғай қағидаттарын (еурокодтар) қолдана отырып нормативтерді пысықтау және әзірлеумен, қатаң ұйғарылған әдістен еуропалық елдерде қабылданған икемді параметрлік әдіске өту болып табылады.

Тұжырымдама реформаның іске асырылуын 3 кезеңде қарастырады:

I кезең - 2013-2014 жылдар;

II кезең - 2015-2020 жылдар;

III кезең - 2021-2025 жылдар.

Бірінші кезең - дайындау. ҚР ҚН EN құрылыс нормаларының жиынтығын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған қағидалар көздейді жинағын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіру және еурокодтарға ұқсас ережелер жинағын, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаны әзірлеу кіретін құрылыс саласының жаңа нормативтік базасы бекітілді.

Екінші кезең - 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің 2020 жылға дейін «қатар әрекет ету кезеңі».

«Қатар әрекет ету кезеңіне» жаңа нормативтік базаны практикалық мақұлдау, оның ішінде оларды енгізудің тұрақты және тиімді процесін құру, мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру, даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету кіреді.

2016 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінде өткен кеңес хаттамасының 3.5) тармақшасына сйкес Еурокодтарды енгізу мерзімі 2019 жылдың соңына дейін қысқартылды, құрылыс нормалары және қағидаларын (ҚНжҚЕ) жою жүзеге асырылады.


Үлгілік жобаларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

Үлгілік жобаларды көп рет қолданудың орындылығы мен экономикалық тиімділігі үлгілік жобаларды әзірлеудің басты мақсаты болып табылады.

Үлгілік жобалар мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша не бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әзірленеді және бекітілгеннен кейін оларды қолдану және тарату үшін салалық мемлекеттік органдарға (өтінім берген тапсырыс берушілерге) жіберіледі.

Үлгілік жобаларды әзірлеу және оларды енгізу жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік объектілердің үлгілік жобаларын әзірлеуге тұрақты негізде қаражат бөліп отырады (сумен жабдықтау және су бұру объектілері, ауылдық мәдениет үйі, тұрғын үйлер, балабақшалар, емханалар, мектептер, мамандандырылған түзету мекемелері, Азаматтық қорғаныс объектілері және т.б)

Айталық, 2014 жылы 103 бірлік, 2015 жылы – 183 бірлік үлгілік жоба әзірленді, 2016 жылы 45 бірлік әзірленеді.


Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық құн. Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуі тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына арналған экономикалық қатынастардың негізгі элементі.

Сметалық-нормативтік база құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады.

Сметалық есептеулердің анықтығын арттыру және құрылыс құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезінде құрылыс ресурстарының ағымдағы нарықтық бағаларына байланысты (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, механизмдерді пайдалану, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысы) құрылыстағы баға белгілеу жүйесінің реформасы жүргізіледі. Күрделі құрылыстың құнын бағалау жөніндегі жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында табысты пайдаланылатын ағымдағы бағалармен ресурстар шығындарын тікелей калькуляциялау әдісі қабылданды.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап Министрліктің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 450 бұйрығымен Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісі енгізілді.

Жаңа сметалық-нормативтік базаға өту мақсатында 2014 жылы – 36 бірлік, 2015 жылы – 48 бірлік, 2016 жылы – 42 бірлік норматив әзірленіп, оларды ғылыми-техникалық кеңес мақұлдап бекітті.

Ресурстық әдіске өту шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді, 16 нормативтік құқықтық акті және 350 сметалық-нормативтік құжат әзірленді және бекітілді.

Ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін Республиканың 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізілуде.

Жаңа нормативтік базаны енгізуге байланысты жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталар әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды өзектілендіру мен жаңарту бойынша қарқынды жүйелі жұмыс жүргізу талап етіледі. Негізгі жаңа технологиялар бойынша жаңа сметалық нормалар әзірленуі тиіс технологиялық карталар мен еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет.


Сәулет және қала құрылысы.

Сәулет және қала құрылысының саясаты Қазақстан Республикасының аумағын дамытуды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған.

2013 жылы аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдерге Қазақстан аумағын ұйымдастырудың басты жобалық шешімдері қысқаша баяндалған, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталып, бекітілді.

Бас схеманың негізгі жобалық шешімдері аумақтарды дамытудың өңіраралық схемалары мен облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары деңгейінде егжей-тегжейлі нақтыланатын болады.

2014 жылы Орталық және Оңтүстік аумақтың өңіраралық схемаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын «Қазақстан - 2050» Стратегиясын ескере отырып түзету (өзектендіру) әзірлеу басталды.

2015 жылы Орталық және Оңтүстік аумақтың өңіраралық схемаларын әзірлеу жалғасты және Қазақстан Республикасы Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу басталды, Алматы агломерациясының аумақтық даму өңіраралық схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталды және бекітілді.

2016 жылы Орталық және Оңтүстік өңірлерінің өңіраралық схемалары, Астана агломерациясының өңіраралық схемасы және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (өзектендіруді) түзету бойынша әзірлеу аяқталды. Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Ақтөбе мен Шымкент агломерацияларының аумақтық

өңіраралық дамытудың схемасын әзірлеу басталды.

2017 жылы Батыс өңірдің өңіраралық схемасы мен Ақтөбе және Шымкент агломерацияларының аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын аяқталуы көзделуде.

Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесіне кіреді және аумақтардың бұрынғы және қазіргі кездегі жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құруды және жүргізуді қамтамасыз ету үшін 2014 жылғы 30 маусымда Үкіметтің № 736 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, ол мамандандырылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр жүргізу ұйымы ретінде айқындалып отыр.

Мәліметтерді жинақтау мен өңдеу кәсіпорнын қалыптастырудың жоспарлы кезеңі шамамен 3-4 жылды құрайды


2. Негізгі проблемаларды талдау

Нормативтік базаны, бақылау және қадағалау, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жүйесін қамтитын құрылыс саласындағы техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің барлық жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қала құрылысы мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың бұрыс ақпарат ұсынуы

Ақпараттық деректердің жинақталуы

мен толтырылуына бақылауды күшейту




Тұрғын үй құрылысы саласы

Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Тұрғын үй құрылыс саласы басым секторларының бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама іске асырылу кезеңінде 8 128,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға енгізілген, ол 114 мыңнан астам тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу схемалары әзірленді және қолданылуда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу қайта басталды, ЖАО мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылданды, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуына және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ-ді дамытуға және жайластыруға қолдау көрсетілді.

2016 жылы салынған инвестиция көлемі 829,6 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылы 6,7%-ға өсті.

2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2015 жылмен салыстырғанда 17,6 %-ға артып, 10 512,6 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 9 140,2 мың шаршы метрін немесе 87,0 %-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде халық 5 200,6 мың шаршы метрді пайдалануға берілді, бұл пайдалануға берудің жалпы көлемінің 49,4%-ын құрайды.

Барлығы республика бойынша 89 385 бірлік тұрғын үй, оның ішінде жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттар және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс шаралары негіз болды.

2016 жылы тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымды дамытуға 438,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан – 399,3 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 16,6 млрд. теңге және арнай резервтен 22,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға 966,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 14 мың астам пәтер берілді.



Бюджет қаражаты есебінен жоспардағы 222,3 мың шаршы метрден 256,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан басқа, 2016 жылға дейін қаржыландырылған алаңы 176,9 мың шаршы метр тұрғын үйді қосымша іске қосу қамтамасыз етілді. Осылайша, барлығы 432,9 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде: кредиттік қаражат есебінен 210,0 мың шаршы метр тұрғын үй, кезектегілер үшін 103,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, жас отбасылар үшін 63,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, «ҚИК» АҚ-ның 3,5 мың шаршы метр тұрғын үйі Қарағанды облысындағы бұзылу аумағынан тұрғындарды көшіру үшін 53,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2016 жылда тұрғын үй жағдайын жақсартты 7 мың адам.


2014-2016 жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі (млрд. теңге)




2014-2016 жылдар ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары (млн. шаршы метр)

2017 жылдан бастап жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталады, оған қолданыстағы тұрғын үй құрылысының тетіктері және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа кешенді тәсілдер интеграцияланды.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының артықшылығы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу болып табылады.

Жеке құрылыс салушылардың арзан кредиттік қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің құрылыс салушыларға беретін кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің субсидиялауы көзделіп отыр.

Халықтың төлем қабілетінің өсуін ынталандыру үшін субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесін қоса алғанда, коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттеуін арзандату бойынша шаралар әзірленді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуды қолдау мақсатында «револьверлік» қағидаты бойынша бұрын бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен тұрғын үй жинақтарының пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылады.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын қаражат бөлу жоспарлануда отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын қолдау үшін мемлекет бөлінген жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жалғасады.

Бірыңғай электрондық деректер базасын құру арқылы жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың санын оңтайландыру жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары әзірленді және 2016 жылғы 7 сәуірде қабылданды.

Тұрғын үйге халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы аталған заңдар үлескерлердің тәуекелін азайтады.

Бұл ретте үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың барлық тетіктері міндетті түрде тұрғын үй құрылысын аяқтауды және үлескерлерге оның үлесін беруді көздейді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күні бірқатар проблемалар шешілген жоқ, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар есебінде кезекте тұрғандардың тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеуі, тізімдік түгендеу жүргізу қажеттілігі, құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жеке инвестициялардың белсенді тартылмауы.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы құнының қымбаттауы

Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде: құрылысты индустрияландыру, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнын төмендету, үлгілік жобаларды қолдану және жобаларды қайта пайдалану, жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту

Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет қатысатын компаниялардың мемлекеттік инвестицияларды мемлекеттік игеруіне және тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманы орындауына мониторинг жүргізу



жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау