Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Механикалық ажыратудың келесі түрлері бар



жүктеу 4,44 Mb.
бет4/31
Дата25.11.2017
өлшемі4,44 Mb.
#1945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Механикалық ажыратудың келесі түрлері бар:


  • Гравитациялық өрісте бөлу немесе тұндыру.

  • Ортадан тепкіш күш немесе үдеумен центрифугалау және сепараттау немесе ажырату немесе тазала.

  • Сүзу.

  • Пресстеу.

Механикалық ажыратуға түсетін тамақ өнімдеріне келесі өнімдер жатады:

  • Әртекті сұйық геторогенді жүйе (яғни эмульсиялар мен суспензиялар, мысалы қан, май эмульсиясы);

  • Колойдды дисперсті жүйе (яғни пластиналы немесе сусымалы денелер, мысалы ет, еттегі май шыжығы).

Әртекті жүйелерді ажырату процесінде ең негізгісі ол тұну жылдамдығы.


Гравитациялық өрісте қатты немесе жұмсақ фазаны тұндыру жылдамдығы Стокс формуласы бойынша анықталады

с = d2·(1 - 2)·g/18·, м/с

Сұйық әртекті жүйелерді гравитациялық күш өрісінде бөлуге арналған аппараттарға:



  • түндырғыштар,

  • майсүзгіштер,

  • бөлгіштер,

  • сүзгіштер

  • құмтұтқыштар (песколовки) жатады.

Бұл жабдықтардың барлығының да констурукциясы қарапайым болып келеді. .

Тұну процесi негiзiнен ауырлық, ортадан тепкiш, электростатикалық және акустикалық күштердiң әсерiнен өткiзiледi.

Майға арналған тұндырғыштың төмендегідей ерекшеліктері бар:


  • тұндырғыш – бұл тік екісатылы цилиндрлік резервуар;

  • тұндырғыштың биіктігі мен (H) диаметрі (D) бір –біріне жақын 1-1,2 яғни диаметрі мен ұзындығы бір-біріне тең;

  • резарвуардың конусты түбі бар және бу немесе ыстық сумен қыздыруға арналған жылулық жейдесі бар;

  • тұндырғыштың сиымдылығы 0,85; 1,5 и 2,3 м3 құрайды;

  • тұндырғыштар бу, су беруге арналған түтікшемен жабдықталады.

Сорпаға арналған тұндырғыштар:

  • сорпаны қабылдауға,

  • оны тұндыруға және майын бөліп алуға,

  • сорпа мен майын жеке бөліп алуға арналған.

Конструкциясы бойынша екіге бөлінеді:

А) Майды цилиндрлік бөлгіш тұндырғыш;

Б) Майды конусты бөлгіш тұндырғыш.

Суспензия және эмульсияларда ортадан тепкiш күш әсерiмен ажырату процесiн центрифугалау деп атайды. Бұл процесте тұнба және сұйық фаза /фугат/ пайда болады.

Центрифугалар жұмыс істеу принципіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:


  1. Мерзімді әрекетті;

  2. Жартылай үздіксіз әрекетті;

  3. Үздіксіз әрекетті.

Ажырату факторына байланысты:

  1. Егер Ка<3500 қалыпты центрифуга;

  2. Егер Ка>3500 аса жоғары центрифуга.

Барабанның орналасуына байланысты:

  1. Горизонтальды; көлбеулі; тік.

Барабанды бекіту тәсіліне байланысты:

  1. Тік тұрушы;

  2. Аспалы.


Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Сүзу процесінің мәні қандай?

2. Сүзуге арналған аппараттардың жұмысшы органдары.

3. Сүзу кезінде туатын кедергіні жеңуге кеткен қысым неден пайда болад?

4. Сүзу процесінің қарқындылығын сипаттайтын шама және сүзу аппараттарының өнімділігін анықтау формулалары қандай?

5. Сүзу процесі жүретін режимдер қандай?

6. Процестің жылдамдығын қандай формуламен анықтауға болады.

7. Сүзу кезінде құрылымдық кеергіні қалай анықтауға болады?


Ұсынылатын әдебиет:

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971



Дәріс 8. Өнімдерді қысыммен өңдеуге арналған машиналар.

Дәріс жоспары:

1. Престеу. Престеудің мақсаттары.

2. Шыжықтан майды сығып алуға арналған пресстер.

3. Шыжықтан майды сығып алуға арналған престердің есептеулері.

4. Шприцтер. Олардың жұмыс істеу принциптері.

5. Негізгі есептеулері.
Сыртқы күштердiң әсерінен материалдарды қысымымен механикалық өңдеудейтін жабдықтарды престеу деп атайды. Процестi жетiлдiру, ол материалдардан сұйық фракцияларды неғұрлым көбiрек бөле отырып, бөлiнген сұйықтық пен нығыздалған қалдықтың сапасын жоғарлатумен анықталады. Жалпы престеу мынандай мақсаттарды көздейдi:

- қатты денеден сұйықты ажырату;

- пластикалық материалдарды қалыптау (формалау);

- сусымалы материалды нығыздау;

- материалдарды тесiктерден сығып шығарып, қажеттi пiшiндi өнiм алу (экструзия);

Қатты денелерден сұйықты сығып шығару екi мақсатты көздейдi: бiрiншiден, сұйық бағалы компонент ретiнде (шырын, өсiмдiк майлары, және т.б.) қатты денеден ажыратылып алынады; екiншiден, сұйық бағасыз компонент ретiнде (iрiмшiктен) ажыратылады. Бұл кезде бiртектi сұйық және бiртектi нығыздалған қалдық (брикет пiшiндi) алынады. Ол өнiмнiң көлемiн кiшiрейтiп, жеңiл тасымалдануына және көп сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда материалдың процестi жетiлдiруде берiлген параметрлерi немесе алға қойған мақсаты өлшемдерi мен формасына және қажеттi технологиялық талаптарының қанағаттануымен анықталады.

Шыжықты престеу кезінде екі түрлі процесс жүреді: қатты фазадан (шыжықтан) сұйық фазаның (майдың) бөлінуі және қатты бөлшектердің бірігіп, күнжараның брикет тәрізді (гидравликалық престерде) немесе әртүрлі формаларға айналуы

Шыжықты престеу кезінде процестің жақсы жүруі негiзгi мынандай факторларға тәуелді: шыжық құрамындағы шикізаттардың түріне, вакуумды-горизанталды қазанда пісірілу режиміне, құрылымына, шыжықтың температурасына, престеу уаќытына, қысым шамасына, шыжықтың майлылығы мен ылғалдылғына және ең соңында престің жасалу құрылымына байланысты.



Шыжықтан сұйық фракцияларды бөлiп алуда центрифугалар және экстракциялауға қарағанда, эксплутациялық және экономикалық артықшылығы мен меншiктi энергия шығыны жағынан престеу тиiмдi. Бірақта өнiмнiң технологиялық құрылымы мен ерекшелiгiн ескере отырып, престеу процесi шыжықтағы майдың мөлшерi 25-6 % аралығында болған кезде қолданылған тиiмдi деп саналады.



жүктеу 4,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау