|
Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігіБағдарлама басылмасы (Распечатка программы; program (source) listing) — аударғышпен берілетін алғашқы программа мәтінінің басылымы
|
бет | 2/5 | Дата | 05.03.2018 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #11711 |
| Бағдарлама басылмасы (Распечатка программы; program (source) listing) — аударғышпен берілетін алғашқы программа мәтінінің басылымы. Бағдарлама бланкі (Бланк программы; the form of the program) — бағдарламаға арналған кодтау бланкі.
Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы (Блок программы (подпрограмма); program unit (subprogram)) — үлкен бағдарламаның құрамды бөлігі. Кейбір жағдайларда бұл бөлік тәуелсіз болуы мүмкін.
Бағдарлама жобасының тілі (Язык проекта программы; programme design language) — арнайы құрылмалары бар және, кей жағдайда, бағдарлама жобасын әзірлеу, анализ жасау және құжаттамалау үшін пайдаланылатын верификациялық хаттамалары бар спецификация тілі. қ. Аппараттық жасақтама жобасы- ның тілі (hardware design language); к. Псевдокод (pseudo code).
Бағдарлама көшірмесі (Копия программы; program сору) — тұпнұсқадан көшірілген және күнделікті жұмысқа пайдалануға арналған бағдарлама данасы.
Бағдарлама қоршауы (Окружение программы; environment) — пайдаланушы жұмыс істейтін ортадағы есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалык ресурстары.
Бағдарлама нұсқауы (Инструкция программы) — бастапқы программаның нұсқауы. Ескерту: бағдарлама нүскауы ассемблерлеу, құрастыру немесе басқа процестер нәтижесінде алынған машина командаларынан ерекше болады.
Бағдарлама объектісі (Объект программы, программный объект; program object) — бағдарламаға түсінікті және онымен өңделетін мәліметтер элементі. Мысалы, бағдарламалық объектіге программада сипатталған айнымалылар, жиымдар, файлдар, жазбалар және т.б. жатады.
Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты (Астрономическое время выполнения программы; wall-clocktime) — Бағдарлама орындалуының басталуы мен аяқталуының аралығындағы уақыт.
Бағдарлама өлшемі (Размер программы; program size) — биттердегі немесе байттардағы, сиректеу операторлардағы (командалардағы) бағдарлама ұзындығы.
Бағдарлама сегменті (Сегмент программы;, program segment) — оверлейлік бағдарламаларда жедел жадқа толықтай шақырылатын бір немесе бірнеше басқару секцияларының құрамындағы ең кіші бағдарламалық бірлік.
Бағдарлама секциясы (Секция программы; program section) — кобол бағдарламасындағы атаулы, логикалық байланысқан параграфтардың тізбегі.
Бағдарлама семантикасы (Семантика программы; program semantics)— 1) қабылдағыштың — адамның немесе автоматтың — бағдарламаны ұғынуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы; 2) бағдарламаның автоматты атқарылуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы.
Бағдарлама сипаттамасы (Спецификация программы; program (module) specification) — мәселенің шешу алгоритмін (бағдарламасын) құруға қажетті ақпараты бар дәл және толық тұжырымы; өңдеу нәтижесінде қанағаттандыруы тиіс бағдарламаға қойылатын талаптардың формальданған ұсынылуы.
Бағдарлама схемасы (Схема программы; the circuit of the program) — кейбір абстрактылық алгебралық жүйенің сигнатураны пайдаланып бағдарламаның қалай түзілетінін көрсететін құрылымдық объект.
Бағдарлама туралы ақпараттық файл (Файл информации о программе; Program Information File (PIF))— Windows ортасында бұл ортаға арналып жазылмаған бағдарламаларды қалай орындау керектігі жөнінде мәліметтер сақтайтын файл. Бұл файлда мынадай мәліметтер бар: файл аты, оны іске қосатын каталог, оның көп есептілік режімде жұмыс істеу қабілеті және экранның жұмыс режімі (мәтін, графика, терезе, толық экран) опциясы.
Бағдарламадағы қате (Ошибка в программе; program error, malfunction) — 1) бағдарламада кездесетін кез келген қате. Бағдарламадағы қатенің болуы бағдарлама дұрыс құрастырылмағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде болатыны белгілі. Қате синтаксистік және сематикалық болып бөлінеді. Олар бағдарламаны аудару мен сынақтан өткізген кезде байқалады және бағдарламаны жөндеу процесінде түзетіледі; 2) Бағдарламаны өңдеу барысында жіберілген қате.
Бағдарламаланатын жасақтама (Программируемое обеспечение; firmware) — құрылымы өзгерместен міндеті бағдарламалық тәсілмен динамикалық түрде өзгеретін жабдық.
Бағдарламаланатын логикалық автомат (Автомат с программируемой логикой) — жұмыс істеу алгоритмі микрокомандалардан тұратын микробағдарлама ретінде басқару жадына жазылатын, жобаланып жатқан кұрылғының жұмыс істеу алгоритміне жедел өзгеріс енгізуге мүмкіндік болатын автомат.
Бағдарламаланатын логикалық матрицалар (Программируемые логические матрицы; programmable logic array, PLA) — шарттаңбалық түрлендіргіштерді жүзеге асыруға арналған орташа және тіпті үлкен дәрежелі шоғырланған микросхемалар. Байланыс желілерінде арнаулы қосқыштары (жалғастырғыштар) бар. Оларды іріктеп бұзуға ("күйдіруге") болады. Сөйтіп бұл матрицаның пайдаланушысына керек байланыстарды қалдыруға, ал керек емесін жоюға болады.
Бағдарламаланатын перне (Программируемая клавиша; programmable (soft) key) — атқаратын қызметі берілген қолданбалы бағдарламамен анықталатын перне.
Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы (Программируемое постоянное запоминающее устройство; programmable read-only memory) — мәліметтерді жазу немесе ауыстыру берілген бағдарлама бойынша сақтауыш элементке электрлік, магниттік немесе жарықтық әсер арқылы орындалатын тұрақты сақтауыш құрылғы; ақпараты бағдарлама бойынша басқарылу тәсілімен өшірілетін және жаңартылатын тұрақты сақтауыш құрылғы.
Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема (Программируемая большая интегральная схема) — пайдаланушы атқаратын міндеттерін өзгерте алатын үлкен интегралдық схема.
Бағдарламаланған оқыту (Программированное обучение) — арнайы жазылған бағдарламаларды қолдану арқылы оқытып үйрету.
Бағдарламалар базасы (База программ; program base) — ретке келтірілген бағдарламалардың жиынтығы.
Бағдарламалар банкі (Банк программ; program bank) — бір орталыққа топтастырылған бағдарламалар мен бағдарламалар дестесінің жиынтығы. Бұдан әркім өзіне қажеттілерін пайдаланады. Бағдарламалар банкі магниттік дискілерде бір немесе бірнеше кітапхана түрінде ұйымдастырылады.
Бағдарламалар кітапханасы (Библиотека программ; program library)— 1) бағдарламалардың белгілі бір жүйемен топтастырылған жиынтығы; 2) жүйеде жұмыс істейтін кез келген адамға қатынас құруға болатын стандартты бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалар кітапханасы бағдарламашылардың қандай да нақты бір мәселені шешуге арналған қажетті дайын алгоритмдер мен бағдарламаларды таңдауына мүмкіндік жасап, олардың қызметін жеңілдетеді. Керекті мәліметтер атауы арқылы ізделеді. Кітапханадағы мәліметтер бөлімдері тізбектелген файл түрінде жазылып, олар әр түрлі бағдарламалардан тұрады. Мәліметтер мазмұны жекеленген элементтерден құрастырылады да, әрбір элемент бөлім атауынан және оның адресінен тұрады.
Бағдарламалар тобы (Группа программ; program group) — Windows 3.x ортасында бағдарлама менеджері ішінде орналасқан қолданбалы бағдарламалар тобы. Нақты белгілері бойынша топтастырылған бағдарламалар жиыны ретінде қарастырылады. Бұлай топтастыру керек кезінде оларды жылдам іздеп тауып, тез іске қосу жұмыстарын жеңілдетеді.
Бағдарламалар ұқсастығы (Идентичность программ; program identity)— шешетін мәселелердің алгоритмдерінің бірдейлігі, бір немесе әр түрлі программалау тілінде жазылған екі бағдарламаның бірдейлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|