Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Оперативті есті анықтауға арналған әдістемелер



жүктеу 0,53 Mb.
бет20/33
Дата05.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#43676
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Пед практика..

4.Оперативті есті анықтауға арналған әдістемелер.
Оперативті есте сақтау – арнайы операцияларды орындауға керек арнайы уақытқа белгілі бір мәліметтерді есте сақтау. Мысалы, қандай да болмасын тапсырманы шешу процесінде нәтижені алуға мәліметтер мен операциялар есте сақталады.
Жүріс тәртібі әдісі.Зерттелушіге форма беріледі, содан кейін экспериментатор келесі нұсқауларды береді.
Нұсқау: «Мен сандарды оқимын – әрқайсысы 5 саннан тұратын 10 қатар. Сіздің міндетіңіз – осы 5 санды оқыған ретімен есте сақтау, содан кейін бірінші санды екіншіге, екіншіден үшіншіге, үшіншіден төртіншіге, төртіншіден бесіншіге ойша қосып, жазу. Нәтижесінде пішіннің сәйкес жолында төрт қосынды шығады. Мысалы: 6, 2, 1, 4, 2 (тақтаға немесе қағазға жазылған). Біз 6 және 2 қосамыз – бұл 8 болып шығады (жазылады); 2 және 1 – бұл 3 болып шығады жазылады); 1 және 4 – бұл 5 болып шығады (жазылады); 4 және 2 – бұл 6 (жазылады) болып шығады».
«Егер зерттелушінің сұрақтары болса, экспериментатор оларға жауап беріп, сынақты жалғастыруы керек. Оқу жолдары арасындағы интервал 15 секунд.»
Нәтижелерді өңдеу:Дұрыс табылған сомалар саны есептеледі (олардың ең көп саны - 40). Ересек адам үшін норма 30 және одан жоғары.Техника топтық тестілеуге ыңғайлы. Тестілеу процедурасы аз уақытты алады - 4-5 минут. ЖЖҚ сенімдірек көрсеткішін алу үшін тестілеуді басқа сандар сериясын пайдаланып біраз уақыттан кейін қайталауға болады.

10– апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 27.03. – 01.04.2023ж.
1. Ойлауды зерттеуге арналған әдістемелер.
Басқа да психикалық құбылыстар сияқты, ойлаудың психологиялық зерттеуде, қаншалықты қиын болса да объективті зерттеу жолынан басқа жол жоқ. Интроспекцияны психиканы зерттеу әдісі ретінде қолдануға талпыныстар психологияның осы саласында да жетістікке алып келмеді. Ойлауды зерттеудің объективтілігі ойлау туындататын, оның ағысына әсер ететін сыртқы жағдайларды анықтауды талап етеді. Мысалы, адамның алдына қойылған міндеттердің ерекешілеіктері оның іс-әрекетіне мәнді әсер етеді. Әрине, бұл әсер іс-әрекеттің ішкі жағдайларымен де анықталады. Ойлауды зерттеудің объективтілігі, сондай–ақ адамның ойлауы көрінетін іс- әрекеттің ерекшеліктерін тұтастай белгілеуді (фиксациялауды) талап етеді. Біз ол ерекшеліктер бойынша ойлаудың ағысы туралы пайымдау жасаймыз: тапсырманы шешу, шешудің типі, шешу уақыты, шешу барысындағы спонтанды айтылулар, сырттай пайымдау, психофизиологиялық реакциялардың ерекшеліктері және т.б. Ойлау психологиясында эмпириялық материалды жинаудың барлық негізгі әдістері кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі. Бір қарағанда бұл әдістің ойлауды зерттеуге қатысы жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес. Әр түрлі табиғи жағдайлардағы адамның әрекеттерін бақылай отырып, оның тапсырманы шешу процесіндегі мимикасын және пантомимикасын бақылай отырып, оның басқа адамдармен өзара әрекетінің ерекшеліктерін бақылай отырып ойлау туралы да көп нәрсені білуге болады.
Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. 
 Әңгімелесу әдісі зерттелушінің шешіліп оытрған тапсырмаға қатынасын, зерттелушілердің өздерінің ойлау процестерін қалай түсінетіндігін (рефлексияны) өзінің ойлау мүмкіндіктерін бағалауын (өзіндік бағалауды) анықтауға мүмкіндік береді. Тура сұрақтарға да (“Сізге ұсынылған тапсырма таныс па, әлде таныс емес пе?”), жанама сұрақтарға да (“Сіз осы тапсырманы қалай қабылдайсыз?”) берілген жауаптары қызықтырады. Қойылған сұрақтардың суггестивтілік деңгейін ескеру қажет. Зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы жақсы өзара қатынастарды, өзара түсіністіктерді қалыптастыру оның әңгімелесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. 


  1. жүктеу 0,53 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау