Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.02. – 18.02.2023ж



жүктеу 0,53 Mb.
бет5/33
Дата05.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#43676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Пед практика..

4-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.02. – 18.02.2023ж.



  1. Психикалық процестер ұғымы, түрлері мен сипаттамасы.



Психикалық процестер сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.
Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет-пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жай елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұрағанда студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес процестері әңгіме болып отыр. Бұрын қабылдаған нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану ойлау процесінің арқасында болып отыр. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты қуанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату, ұнатпау, уайым, масаттану, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, т.б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар. Қандай болмасын, бір әрекет жасау үшін оның жоспарын ойланамыз да алда тұрған кедергілр мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көзден мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер, қажыр-қайрат процестері көрінеді. Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял, т.б.) белгілі объектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады. Психикалық процестердің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттерімен (қабілет, мінез, темперамент, қиял, т.б.), кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышандар) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болады.



  1. Психикалық күйлер ұғымы, сипаттамасы және түрлері.

Қиял —сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:


1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.



5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау.Зейін сыртқы орта құбылыстарына да,адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметің, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндірілді. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады.
Ой қорытындыларының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. "Сезім" немесе "эмоция" сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.
Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек көреді.
Күнделікті сөйлеу тілімізде "сезім" деген сөз "түйсінудің" мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.

  1. Психикалық қасиеттер ұғымы, сипаттамасы және түрлері.




жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау