ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ABAI UNIVERSITY
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
|
|
«БЕКІТЕМІН»
Педагогика және психология
институтының Ғылыми кеңесінің төрағасы
«_____» _____ 2019 ж. № ___ хаттама
_________________Б.А.Әлмұхамбетов
|
6В011- Педагогика және және психология мамандығы бойынша
«Академиялық жазылым» пәнінен емтихан бағдарламасы
Алматы, 2023
Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: Қысқа, жеткілікті дәлелді ғылыми мәтін арқылы өз ойларын білдіру және негіздеу дағдыларын меңгеру.
Академиялық жазылым пәннің міндеті: академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми мәтіндерді оқу);
Пән туралы емтихан жұмысын бағалау шкаласы
|
Білім алушылар:
|
A
|
– өз ойын жазбаша, стилистикалық сауатты жеткізді, сұрақтарға логикалық тұрғыда дұрыс жауап берді;
– тақырыпты толық аша білді, теориялық ережелерді нақты мысалдармен дәйекті түрде сипаттады;
– ғылыми терминологияны нақты қолдана алды;
– шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындады.
|
B
|
–жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берілді;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда елеусіз дәлсіздіктерге жол берілді.
|
C
|
–білім алушыөз ойын жазбаша жеткізуде стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда бірқатар қателіктерге жол берді;
– теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды.
|
D
|
–білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде көптеген стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы мүлде сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда өрескел қателіктерге жол берді;
– теорияны практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды;
– терминологияны пайдалану кезінде, ұғымдарды анықтауда көптеген қателіктер жіберілді.
|
F
|
–жұмыс білім алушының тексерілетін пән бойынша міндетті білімі мен іскерлігінің толық жоқтығын көрсетті.
|
Достарыңызбен бөлісу: |