137
Әдіс тәсілдер: Дидактикалық ойын, әңгіме, ребус, мазмұнды суреттер.
1. Мұғалім «Құйрықтар жоғалып кетті» деген ойын өткізеді.
Балалар жануарлардың, аңдардың суретін атап, олардың құйрықтарын
іздейді. Бір бала: -Мынау қоян. Мынау қоянның құйрығы. Сұрақ: -Қоян не
істейді? (шартты белгіні көрсетіп) –Қоян секіреді. Екінші бала:- Мынау аю.
Мынау аюдың құйрығы. Сұрақ: - Аю не істейді? (шартты белгіні көрсетіп) –Аю
ұйықтайды. т.б. Тапсырма: «В ваших рабочих тетрадях художник забыл
нарисовать части тела. Чего не хватает? –Не жоқ? -Дорисуйте.» Балалардың
жауабы: - Бұзауда құлақ жоқ. Қыранда көз жоқ, т.б.
2. Мұғалім жыл мезгілдері суреттерін көрсетіп:-Мынау не? деп сұрайды. -
Мынау қыс. Қыста аю ұйықтайды.
- Мынау жаз. Жазда гүлдер өседі.т.б.
3. Тақтада ребус шешу: (Суреттер- май, 2 саны, кесе, тон, еден, пияз)-
Какое слово получилось? –Мектеп. -Оқушылар» получают какие оценки?
С.Қалиевтің өлеңін еске түсіру. Мұғалім бастайды, балала аяқтайды.
«Бес» алған Асанға
Бес алма.
«Төрт» алған Досанға
Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға
Үш алма.
«Екі» алған Бошанға
Неше алма?
-Какую оценку получил Асан? (5)
-Досан?(4)
-Хасан?(3)
-Бошан?(2).
Поставьте оценки им в дневники и сколько им дали яблок, нарисуйте.
4. Сергіту сәті: Бас ойлайды.
Көз көреді...(қимылдар жасау)
5 Мама пришла из магазина. -Ол не сатып алды? Тапсырма: -Сөмкеде не
бар? Сандарды жаз. Балалардың жауабы: «Сөмкеде 4 қызанақ бар. 5 алмұрт
бар.
Тапсырма: -Алмұртты, пиязды боя. Түсі қандай?
6. Рөлдік-мазмұнды ойын. «Мектепте».
Диалог құру: - Саша, өшіргіш берші. (Саша қалам береді)
- Жоқ,қалам емес, өшіргіш берші.
- Мә, ал, өшіргіш.-Рахмет.
Әр түрлі ситуацияларды пайдаланып, оқу құралдарының атауларын
қайталау.
8. Қорытынды:
№ 28 сабақ. Тақырып: «Біз қазақша сөйлейміз»
Мақсаты мен міндеттері: Ойын-тапсырма, жаттығулар арқылы
балалардың ақыл-ойын дамытуға, сөздік қорын байытуға мән беру. 1-ден 10-ға
138
дейінгі натурал сандар қатарын сөзбен дұрыс атауын бекіту. «Қанша? Неге?»
сұрақтарына дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Сандық ұғымды білдіретін
сөздерді сөйлем ішінде дұрыс айта білуге үйрету.
Сөздік: ақ, қара, торт, төрт.
Грамматикалық құрылым: тауықтар шоқиды;төрт торт.
Әдіс-тәсілдер: Мазмұнды ойын, көркем сөз, грамматикалық ойын.
1. Мұғалім балалармен «Тілші»ойынын ойнайды.
-Бізге тілші келді. Он возьмет у нас интервью. Тілшінің сұрақтары:-Қайда
тұрасың? Қай көшеде? Үйде кім бар? Қайда барасың? Қандай ойыншықтар бар?
Сен кімді жақсы көресің? Тілшінің тапсырмасы мен жұмбағы: - Вы такие
умные, сообразительные, решите задачу. «Төрт ақ тауық аулада жем шоқиды.
1 қара тауық жүгіріп келді. Барлығы қанша?
2. Мазмұнын түсіндіріп, сұрайды: - Неше тауық?(5) 2,4 сандарының,
торттың суретін көрсетіп:-Мынау не?(төрт,торт)
Сұрақ - Сенде не бар?
- Менде төрт алма бар. Менде тәтті торт бар.
Тапсырма: По рабочим тетрадям составьте предложения.
3. Жұмбақ шешу (жаттау).
Менде үш көзім бар.
Бір көзім «Тұр»-дейді.
Бір көзім «Жүр»-дейді.
Бір көзім «Абайла! Жан жаққа қара!-дейді.
-Ол не? (Бағдаршам).
Нарисуй в тетради сфетофор. Назови цвета... (
4. Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар».
5. «Қонақ келді» ойыны. Қонақты қарсы алу.
-Отырыңыз. –Дәм татыңыз.
-Шай ішіңіз. –Бауырсақ жеңіз.
-Рахмет, бауырсақ дәмді.
-Өлең айтыңыз. «Сақина» ойынын ойнаймыз.
6. «І» дыбысы бар сөздерді (сандарды) табу.
-Саша, 1-ден 10-ға дейін сана. Кері санау 10-нан 1-ге дейін. -В каких
словах есть звук «І». Тапсырма: Впиши в часы цифры со звуком «І». Отметь
стрелкой (1, 2, 7, 8).
7. «Төртінші сөз артық» ойыны. Берілетін сөздер: Қызыл, жасыл, көк,
қарбыз. Доп, машина, жалауша, терезе.
8. Қорытынды.
№ 29 сабақ. Тақырып: «Менің Отаным».
Мақсаты мен міндеттері: Отан, республика туралы білімдерін кеңейту.
Балалардың сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорын дамыту,
байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Барлық ситуациялық жағдайларды
қайталату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын тексеру, бекіту.
Сөздік: Менің Отаным, қабат, тұрамын, елорда, елтаңба, әнұран, ту, мәңгі
сөнбес от, Ертіс жағалауы, мұражай, жақсы көрем.
139
Грамматикалық құрылым: Бесінші қабатта тұрамын; Павлодарда Ертіс
жағалауы бар. Мен Павлодарды жақсы көремін.
Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының нышандары, «Отан»,
ребусы, ғимарат суреттері.
Әдіс-тәсілдер:
Әңгіелесу,
сипаттама
әңгіме,
сурет
қарастыру,
дидактикалық ойын.
1. Тақтаға ілінген суреттер бойынша әңгімелесу: Қазақстанда көп өзен,
биік таулар бар. Қазақстан кең, байтақ ел. Көп ұлттар тұрады: қазақ, орыс,
неміс, татар, т.б. Бәрі тату-тәтті тұрады. Қазақстанда көп қалалар бар:
Қарағанды, Талдықорған, Екібастұз. Елорда-Астана. Астанада президент-
елбасы тұрады.
-Кім астана туралы өлең біледі? (Балалар астана туралы өлеңдер оқиды.)
2. «Бізге басқа республикадан қонақ келді» Қонақты қарсы алайық. Екі
бала кездесіп, амандасады:
- Сенің атың кім?
- Менің атым ...
- Сен қайда тұрасың? – Мен Ресейде тұрамын.
- Сен қайда тұрасың? – Мен Қазақстанда тұрамын.
- Неше жастасың? – Мен 6 жастамын.
- Сен қай қалада тұрасың? – Мен Павлодарда тұрамын.
- Нешінші қабатта тұрасың? – Бесінші қабатта тұрамын.
- Кел, екеуміз дос болайық.
- Өте қуаныштымын, рахмет.
- Мен де, өте рахмет.
Тапсырма:- Кто на каком этаже живет?
Посмотрите на схему и скажите: «Мен үшінші қабатта тұрамын», «Мен
жер үйде тұрамын»...
3. Тақтаға ҚР-ның нышандары ілінеді:-Бұл не?
Мұғалім:-Кто знает стихи о гербе, о флаге? Нышандар туралы әңгімелесу.
Ойын: «Составь из частей герб и флаг нашей Республики». Балалар бөлек
элементтерден елтаңба мен ту құрастырады. Тапсырма: -В рабочих тетрадях
соотнеси рисунок с надписью.
4. Ребус шешу: Тапсырма: -Впиши первые буквы в кружок.-Какое слово
получилось? (Отан) - «Менің Отаным-Қазақстан» - деген сөйлемді айтқызу.
5. Сергіту сәті: «Қалалар» ойыны. Мұғалім: Когда я назову города
Казахстана, вы хлопаете, а проигравший выполняет задание.
6. Павлодар туралы әңгіме құрастыру. Мұғалім тақтаға шартты
белгілерді, тірек суреттерді іледі. -Используя эти знаки и рисунки скажите,
какой наш Павлодар и что есть в Павлодаре. Баланың жауабы: Павлодар үлкен,
таза, әдемі қала. Павлодарда көп үйлер, дүкендер, театрлар, ұзын көшелер бар.
Тапсырма: Жұмыс дәптеріне қарап (4-тапсырма) сөйлем құрастыру.
«Павлодарда мәңгі сөнбес от»; «Ертіс жағалауы», «мұражайлар бар», «Мен
Отанымды жақсы көремін» сөз үлгілерін қолдандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |