Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі


«Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы



жүктеу 9,41 Mb.
бет71/95
Дата14.05.2018
өлшемі9,41 Mb.
#13561
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
«Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы»

пәні бойынша СОӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:



Студенттердің белгілі бір тақырыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері. Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.

- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,



өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.

- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).

- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.

Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1. Интервалдардың классификациясы және оқиғалардың арасындағы себептілік - салдарлық байланыстар.

2. Байланысқан бөлшектер жүйесі, оның массасы және байланыс энергиясы

3. Электромагниттік өрістің электр және магнит өрістеріне жіктеуінің салыстырмалылығы

4. Классикалық электродинамикада себептілік принципі

5. Тұтас орталардың электродинамикасының жуықтауы

6. Электромагниттік толқындардың шағылуы және сынуы

7. Өткізгіш ортадағы электромагниттік толқындар
«Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы»

пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,

заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.

Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:

1. Төртөлшемді векторлар мен тензорлар

2. Асимптотикалы әсерлеспейтін бөлшектер жүйесі, төртөлшемді импульстің сақталу заңы



3. және векторларын электромагниттік өріс күйінің айнымалы сипаттамалары ретінде қарастыру

4. Мультипольді жіктеу


Қолданылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Мултановский В.В. Курс теоритической физики.-М.: Просвещение, 1988.-ч.І,ІІ.

  2. Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоритической физики. Классическая электродинамика.-М.: Просвещение, 1990.

  3. Истеков К.К. Курс теоритической физики.-Алматы: Print-S, 2005.

Қосымша әдебиеттер

  1. Гильденбург В.Б. Сборник задач по электродинамике. М.: физмат, 2001г.

  2. Ландау Л.Д., Лифщиц Е.М: Теоритическая физика. Теория поля. – М.: Наука, 2006 г.

  3. Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоретической физики. Электродинамика. – М.: Просвещение, 1991 г.

  4. Терлецкий Я.П., Рыбаков Ю.П. Электродинамика. – М.: Высшая школа, 1990 г.

  5. Батыгин В.В., Топтыгин. Сборник задач по электродинамике, 2002 г.

  6. Истеков К.К. Лекции по избранным главам теоритической физики. – Алматы, 2004.

  7. Истеков К.К. Курс теоритической физики. Изд.: Prints, 2005 г.


Білімдерді бақылау - өлшеу құралдары

$$$ 1


Заряды 2е болатын бөлшектің массасы қандай болады? Егер де ол бастапқы тыныштық күйінен а үдеумен кернеулігі 3Е болатын біртекті электр өрісінде қозғалса:




  1. жүктеу 9,41 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау