Тақырыбы: 8. Электродинамиканың релятивистік тұжырымдамасы
Дәріс мақсаты: Электродинамиканың релятивистік тұжырымдамасы туралы мағлұмат беру.
Зарядар сақталу заңының коварианттық түрі
Вакуумдағы Максвелл теңдеулерінің коварианттық түрі
Электр тогы өзінің айналасында магнит өрісін тудырады. Осыған кері құбылысты, яғни магнит өрісінің көмегімен токты қоздыруды, ашу үшін жасалған сансыз көп әрекеттер 1831 ж. табысты аяқталды. Бұл маңызды мәселені шешкен ағылшын физигі М. Фарадей электромагниттік индукция құбылысын ашты.
Оның мағынасын былай тұжырымдауға болады: тұйық өткізгіш контурмен шектелген бет арқылы өтетін магнит ағыны өзгергенде сол контурда индукциялық деп аталатын электр тогы пайда болады. Индукциялық токтың пайда болуы тізбекте электромагниттік индукцияның электр қозғаушы күші бар екендігін көрсетеді. Индукциялық ток күшінің мәні, демек, индукцияның э.қ.к.-ң мәні де тек магнит ағы-нының өзгеру жылдамдығымен ғана анықталады, яғни
~~.
Достарыңызбен бөлісу: |