6-бөлім. Қамыс даярлау және өңдеу
30. Қамыс даярлаушы
Параграф 1. Қамыс даярлаушы, 3-разряд
124. Жұмыстар сипаттамасы:
қамысты, қоғаны кескішпен, шөп шапқыш машинамен, орақпен шабу;
бауларға байлау, бауларды және байланбаған қамысты әкету және шөмелеге, шашаққа қатарларға жинау;
баулуды байлауға арналған қоға мен брауды дайындау.
125. Білуге тиіс:
қамыстың пісу белгілері;
қамысты, қоғаны қолмен шабу ережесі мен тәсілдері;
баулурды байлау мөлшерлері мен тәсілдері;
арқандарды және бауларды және байланбаған қамысты әкету және шөмелеге;
шашаққа қатарларға жинау ережесі.
31. Қамыстан плиталар престеуші
Параграф 1. Қамыстан плиталар престеуші, 2-разряд
126. Жұмыстар сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті қамыстан тақтайларды престеушінің басшылығымен қамыстан плиталарды престеу;
қамысты кесетін станокқа тасу және кесу немесе қысқартып кесу;
берілген молшер бойыеша престелген плиталарды кесу;
сымның, шпагаттың және плита борттарының кесілген ұштарын бітеу;
қамысты престің қабылдау құрылғысына жүктеу;
автоматты тігу механизмдырімен жабдықталмаған престерде жұмыс істеген кезде плиталарды тігу;
плиталарды тазалау, жинау және оларды қоймаға тасу;
сымның, престе шпагаттың үзілулерін жою;
прес пен механизмдердің ақауларын жоюға қатысу.
127. Білуге тиіс:
қамыстың қоғаның сапасына және плиталарға қойылатын талаптар;
кесетін станокта жұмыс істеу ережесі;
престің жұмыс қағидасы;
плиталарды кесу;
тазалау, көмкеру және жинау ережесі;
қамысты престерге жинау ережесі;
тігу механизмдерінің құрылысы.
Параграф 2. Қамыстан плиталар престеуші, 3-разряд
128. Жұмыстар сипаттамасы:
қолдық престерде қамыстан плиталар престеу;
престе шпагат пен сымды созу;
мөлшерлері бойынша қамыс пен қоғаны іріктеу;
қамыстың бумаларын шпагатпен байлау және тігу, оларды престен алу, орамға орау, байлау және тасу.
129. Білуге тиіс:
қолдық престердің құрылысы;
плиталардың өндірісіне техникалық шарттар;
қамыстың, шпагаттың сыммен плиталардың сапасына қойылатын талаптар;
ақау түрлері және оны жою тәсілдері.
Параграф 3. Қамыстан плиталар престеуші, 4-разряд
130. Жұмыстар сипаттамасы:
механикалық престерде және агрегаттарда қамыстан плиталарды престеу, жабыстыру және кесу, оларды іске қосу, тоқтату, реттеу және жөндеу;
механикалық перстер мен агрегаттардың ақаулықтарын анықтау және жою.
131. Білуге тиіс:
механикалық перстер мен агрегаттардың құрылысы;
механикалық агрегат жұмысының жылулық режимі;
қамыстан плиталарға мемлекеттік стандарттар
32. Көтеруші
Параграф 1. Көтеруші, 3- разряд
132. Жұмыстар сипаттамасы:
қабылдағыштан тірілткіш сұрыптау;
науашаларды және крампондарды тірілткіштен тазалау;
баррасты және шырша серкасын жинау;
каррды санап шығу және карржабдығын орнату;
тірілткішті ылғал мен сордан босату;
қабылдау пунктілеріне тірілткішті жеткізу және оны бөшкелерге тиеу;
құрастырылатын аспапты ұштау.
133. Білуге тиіс:
әр түрлі қабылдағыштардан тірілткіш пен баррас жинау технологиясы;
тірілткішті бір жолғы және разрядталған жинау;
тірілткішті жинау кестесін құру ережесі;
тірілткіш пен баррас жинауға арналған құралдың құрылысы;
тірілткішпен бөшкелерді маркалау және тығындау ережесі;
тірілткішке мемлекеттік стандарттар;
қысқы кезеңде сақтау тәртібі.
Параграф 2. Көтеруші, 4- разряд
134. Жұмыстар сипаттамасы:
каррларды белгілеу және қызарту;
науашаларды желілеу;
әдеттегі шырынын ағызу кезінде жаңартудар жағу;
кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларын қайрау, түзеу, реттеу.
135. Білуге тиіс:
ағаштың шырынын ағызу технологиясы;
ағаш жүргізу;
метерологиялық және технологиялық факторлардың тірілткіштің шығымына әсері;
ағаштың шырынын ағызудың ағаштың тіршілік әрекетіне ықпал жасау;
тірілткіштің құрамы;
тірілткіштің сапасын жақсару тәсілдері;
кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларының құрылысы;
қайрау ережесі.
Параграф 3. Көтеруші, 5- разряд
136. Жұмыстар сипаттамасы:
мотосүргіні пайдаланумен каррды қызарту: күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен, сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен;
мотсүргіге, химиялық заттарға арналған резервуарға, мөлшерлегішкеі және басқа жабдықтарға техникалық қызмет ету және ағымдағы жөндеу.
137. Білуге тиіс:
күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен;
сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен ағаштың шырынын ағызу технологиясы;
химиялық реагенттердің рецептурасы, олардың дайындау және оларды ұстау білу тәсілдері;
жаңартуға енгізу мөлшері;
шырынын ағызу құралы мен жабдықтың түрлері мен құрылысы;
шырынын ағызу құралын ұстау ережесі және оған техникалық күтім жасау.
33. Күзетші
Параграф 1. Күзетші, 2-разряд
138. Жұмыстар сипаттамасы:
мотокөлік құралдарында және аттарда өрттен сақтау, малмен өңдеу үшін бөлінген қамыстың өскіндерін қарап өту;
өндірістік алаңдар мен питомниктарда гүлдерді, қамыстың өсуін қадағалау.
139. Білуге тиіс:
қамыс дайындауға арналған учаскелердің шекарасы;
мотокөлік құралдарының құрылысы;
аттарға күтім жасау ережесі;
өртке қарсы қауіпсіздік және күзету қызметін атқару ережесі;
карта мен компос бойынша бағдарлану тәсілдері.
34. Қырқып кесу қондырғысының операторы
Параграф 1. Қырқып кесу қондырғысының операторы, 5- разряд
140. Жұмыстар сипаттамасы:
жарамды сортименттердің барынша үлкен шығымын ескерумен солқылдақ шыбықтарды қырқып кесу қондырғыларында (көпаралыдан басқа) белгілеу және қырқып кесу;
солқылдақ шыбықтарды түсіру және беру механизмдерін, қырқып кесу түйіндерін, іріктеу, қысқартып кесетін және лақтыратын құрылғыларды ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану;
жекелеген түйіндердің жұмысын, қырқып кесу қондырғысының гидравликалық, пневматикалық және электрлік жүйелерінің, сондай-ақ солқылдақ шыбықтарды белгілеудің электрлік және басқа жүйелерінің жұмысын қадағалау. қырқып кесу қондырғысын жөндеуге қатысу.
141. Білуге тиіс:
ағаш жыныстары;
ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер;
дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар;
оларға стандарттар мен техникалық шарттар, сортименттерде солқылдақ шыбықтарды ұтымды байлау тәсілдері;
қырқып кесу қондырғысының механизмдерінің, түйіндері мен жүйелерінің құрылысы;
электро, механика, пневмо-, гидро- және электр жетектің негіздері.
Параграф 2. Қырқып кесу қондырғысының операторы, 6-разряд
142. Жұмыстар сипаттамасы:
жарамды сортименттердің барынша үлкен шығымын ескерумен солқылдақ шыбықтарды көпаралыдан қырқып кесу қондырғыларында (басқа) белгілеу және қырқып кесу;
қырқып кесу қондырғысының түйіндерін жөндеу және реттеу, оны жөндеу кезінде анықталған ақауларды жою;
қырқып кесу қондырғысын жөндеуге және сынау жүргізуге қатысу.
143. Білуге тиіс:
ағаш жыныстары, ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер;
дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар;
оларға стандарттар мен техникалық шарттар, сортименттерде солқылдақ шыбықтарды ұтымды байлау тәсілдері;
қырқып кесу қондырғысының механизмдерінің;
түйіндері мен жүйелерінің құрылысы;
электро, механика, пневмо-, гидро- және электр жетектің негіздері;
қырқып кесу қондырғысының түйіндері мен агрегаттарын реттеуге техникалық шарттар;
олардың пайдалану деректері;
қырқып кесу қондырғысының механизмдерін жинау және реттеу тәсілдері;
бөлшектердің ақауларының алдын алу шаралары.
35. Қырқып кесуші
Параграф 1. Қырқып кесуші, 3-разряд
144. Жұмыстар сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттарға сәйкес және берілген мөлшерлер мен сортименттер бойынша дөңгелек аралау станоктарында, циркульды араларда алдын ала белгілеуден кейін ұзындығын қысқаға көлденең аралау (қырқып кесу);
дөңгелек аралау станогының ақаусыздығын қадағалау және араларды ауыстыру.
145. Білуге тиіс:
ағаш материалдарына техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;
ағаш жыныстары туралы негізгі мәліметтер;
қолданылатын жабдықтың құрылысы;
жұмыс істеу қағидасы;
реттеу және жөндеу ережесі.
Параграф 2. Қырқып кесуші, 4-разряд
146. Жұмыстар сипаттамасы:
жарамды сортименттердің ең үлкен шығымын ескерумен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес солқылдақ шыбықтар мен бөренелерді элктр- немесе бензомоторлы аралармен немесе басқа конструкциялы аралармен қырқып кесу;
кесектерін кесу;
қырқаларын (бөренелерді) электроаралармен, безоаралармен және басқа конструкциялы аралармен фанер, оттықтар, катушкалар, шаңғы дайындамаларын, баланстар жасауға арналған кесінді ағштарға белгілеу және аралау;
осмолды, шырша және емен түбірін және ағаш дайындамаларының қалдықтарын электрлік - немесе бензомоторлы аралармен қырқып кесу, түбірлі осмолды слешерлік қондырғыларда белгілеу және қырқып кесу;
ара мен ара шынжырларын қайрау, орнату және ауыстыру;
отын қоспасын құру және бензомоторлы араны дайындау;
араны, ара шынжырларын, жұмыс кабелін ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану, әр түрлі конструкциялы араларға ағымдағы жөндеу жүргізу.
147. Білуге тиіс:
ағашың мүкістері мен қасиеттері;
дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар;
оларға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
солқылдақ шыбықтарды сортименттерге ұтымды бөлу тәсілдері;
отын қоспасын дайындау және бензомоторлы араларды дайындау тәсілдері.
36. Манипулятордың операторы
Параграф 1. Манипулятордың операторы, 4- разряд
148. Жұмыстар сипаттамасы:
лакпен немесе тушпен бояу;
гидравликалық манипулятордың көмегімен солқылдақ шыбықтардың будасын бөлу және оларды қырқып кесетін қондырғының түсетін ағаш транспортеріне даналап беру;
солқылдақ шыбықтарды берудің біркелкілігін бақылау;
гидравликалық манипуляторд басқару, ақаусыз күйде ұстау және механизмдерін дұрыс пайдалану;
гидравликалық жүйенің, тежегіш құралының электр жабдығының жұмысын, гидравликалық манипулятордың түйіндерінің бекіту сенімділігін қадағалау;
гидравликалық манипуляторды жөндеу мен реттеуге қатысу.
149. Білуге тиіс:
гидравликалық манипулятордың механизмдері мен жүйелерінің жұмыс істеу қағидасы және техникалық пайдалану ережесі.
37. Машинист-краншы
Параграф 1. Машинист-краншы
150. Жұмыс сипаттамасы:
жүк машиналарын немесе барлық типті крандарды, тракторларға монтаждалған әр түрлі жүйелердің өзі жүретін жүктеу машиналарын тасығанда, ағаш тасу көліктеріне салғанда, ағаш тасу көліктерінен ағаш материалдарын, ағашхимия өнімдерін, осмол, томарларды түсіргенде басқару, ағаш дайындау технологиялық үрдісіне қатысу, ағашты қоймада қатарлап үю;
жүккөтеретін механизмдер мен жүк тиейтін құрылғыларды реттеу;
арқан, блок, чокер, жүккөтеру механизмдерінің және құрылғыларының беріктігін тексеру;
қолданылып жатқан механизмдер мен машиналарға техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеу жұмыстарының барлық түріне қатысу;
қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, құрылғылардың ақауларын табу және жөндеу.
151. Білуге тиіс:
жүктеу машиналары, крандардың барлық түрлері, әр түрлі жүйенің өзі жүретін жүк тиейтін машиналарының құрылымын, құрылысының ерекшеліктерін, қолдану ережелерін;
пайдалану мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
қолданған кезде машиналар мен механизмдердің сорғылары мен қақпақтарын реттеу тәсілдерін, ағашты тасу, салу, қатарлап жинаудың тәсілдерін;
арқандарды қолданудың техникалық шарттарын, крандар мен арқандарды басқару сызбасы мен шектік жүктемесін, автомашина, тіркеу жабдығы, вагон, платформаларды жүктеу ережелерін;
қызмет көрсетіліп жатқан машиналар мен механизмдердің ақауларының шығу себептері мен оларды жөндеудің тәсілдерін.
Жүк көтеру шегі 2 тонн ( бұдан әрі – т) дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін басқару 4-разряд;
Жүк көтеру шегі 2-ден 5 т дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін; жүк көтеру шегі 5-тен 25 т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда, ағаш жүгін және басқа да жүкті иілгіш арқан көмегімен қатарға қойғанда, салып, тасығанда - 5-разряд;
Әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 5-тен 7 т дейін барлық жүк машиналары мен крандарын, әр түрлі жүк ұстағыш құралдар орнатылған, жүк көтеру шегі 25 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда; ағаш жүгін тасып, салып, түсіріп, қатарлағанда грейферлі, жүк көтеру шегі 5т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; барлық жұмыстарды орындағанда жүк көтеру шегі 10 т асатын кабелді крандарды басқарғанда 6-разряд;
ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 7 т асатын жүк машиналары мен крандарын, грейферлі, жүк көтеру шегі 5 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда -7-разряд.
38. Орманшы
Параграф 1. Орманшы, 2-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
орман дақылдарын отырғызу, плантациялар, қорықтар отырғыза бастау жөніндегі дайындық және қосалқы жұмыстары;
машина арқылы отырғызылған екпе көшеттерді қолмен жөндеу, көшеттердің дұрыс егілуін бақылау, қорықтардағы егістіктерді қолмен суару;
қазып алынған екпе көшеттерді іріктеу және уақытша отырғызу;
дайын шіліктен, өзге де материалдардан шарбақтар, механикалық қоршаулар жасау;
қорықтар мен плантацияларды қоршау, құрғату (суармалау) желілер үстінен өтпе жолдар мен көпірлер жасап орнату;
орманды қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық жұмыстары;
орман кесетін жерді тазарту, қарағайдың қылқанын дайындау, сұрыптау, тазарту және буып – түю;
тін мен шел қабықтан, мочалодан шикізат дайындау, шетперден сыпырғылар, бұйымдар жасау.
153. Білуі тиіс:
орман дақылдарын өндіру әдістері мен тәсілдерін;
ормантану негіздерін, ағаш шебері және балташы жұмыстарының негіздерін;
көшеттерді отырғызу агротехникасын;
егіс материалдарын дайындаудың ережелері мен әдістерін;
ағаш және бұта тұқымды көшеттердің стандарттарын, отырғызу сапасына қойылатын талаптар;
егіс материалды көму ережелерін;
ағаш кесілген жерлерді тазарту ережелерін, қарағай қылқанын дайындаудың әдістері мен стандарттарын;
шикізатты дайындау ережелерін;
шетперден бұйымдар жасау технологиясын;
жұмыстарды атқарудың озық әдістері мен қауіпсіздік техникасының ережелері;
аспаптар мен оларды қолдану ережелерін.
Параграф 2. Орманшы 3-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:
атты және қол аспаптарын, құралдары және қажетті материалды тексеру және дайындау;
орман егестерін, қорықтар, плантациялар егуге топырақ дайындау;
орман дақылдарын, екпе көшеттерді, тікпе көшеттерді қолмен және салт атпен күту;
егістік материалды дайындау; ағаш және бұта тұқымдарын жинау, өңдеу және егуге дайындау; екпе және тікпе көшеттерді қазып алу, сұрыптау, тиеу және түсіру;
егістік және көшет материалдан қысқы уақытта сақтауға дайындау;
табиғи жағуарына көмектесу (топырақ бетіндегі қыртысты алу және топырақты қопсыту);
өрттің алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде топырақты минерализациялау;
ұшақтарға улы химикаттарды тиеу, зиянды жәндіктермен және орман ауруларымен жүргізілетін күрес нәтижелерінің есебін жүргізу;
этномофаунаның қоныстығының тығыздығын тексеру үшін топырақты зерттеу (тұзақ шұқырларды қазып алу), қоршағыш және тұзақ арықтарын орнату, ағаштарға желім шығыршықтарын салу, ұядағы жұмыртқаларды мұнайлау, тұзақ ағаштарды тізу;
ағаштың қабықтарын, өрт сөндірушілер балтасының саптарын дайындау, себеттер тоқу;
бұталар мен өсіп тұрған ағаштардан қолмен тұқым жинау;
өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштардан бүршіктер жинау;
кесілген ағаштардың жемістері бар бұтақтарын дайындау;
калқа астында дайындалған бұтақтарды кептіру, бұтақтардан жемісті сілкіп түсіру немесе сындырып алу, тұқымдарды желдетіп алу, елеп алу, кептіру және ыдыстарға салу, сақтайын жерге тасымалдау;
қылқан жапырақты ағаштардың бүршіктерін кептіргіш камераларға себу;
кептіргіш камералардың пешін жағу;
аралары ашылған бүршіктерді камерадан түсіру, тұқымдарды ыдыстарға салу, тұқымды сақтауға тапсыру;
сөрелердегі сақтауға қойылған тұқымдарды қопсытып отыру;
бүршік кептіретін және тұқым сақтауға арналған қоймаларды жинау, оларды әктеу және зарарсыздандыру.
155. Білуі тиіс:
топырақтану негіздерін (топырақтың механикалық құрамын, құрылымын, топырақтың негізгі қасиеттерін), ормантану, орман, тұқым ісінің, ормандық тауартанудың, орманды қорғау жұмыстарының негіздерін;
топырақ өңдеудің және орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді күту агротехникасын, ағаш түрлерін, тұқымдардың пісу және оларды жинау уақытын;
бүршіктерді өңдеу тәртібін, тұқымдарды сақтау ережелерін, көшет материалдарын, жемістерді, бүршіктерді, емен жаңғақтарын, тұқымдарды, дайындау агротехникасын, оларды сорттау;
сақтау және олардың стандарттарын;
бүршіктерді кептірудің температуралық режимін;
ағаш материалдарының техникалық шарттары мен стандарттарын;
орман жұмыстарын орындау, аттарды күту ережелерін, түрлі құралдары, аспаптарды және құрылғыларды пайдалануды, жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
Параграф 3. Орманшы, 4-разряд
156. Жұмыс сипаттамасы:
тіркегіш құралдары, аспаптарды және құрылғыларды тексеру және жұмысқа әзірлеу, оларды жұмыс ауысымы бойы күту, егістік және көшет материалдарын дайындау;
екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызу, тұқым егу;
орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді механикалық құралдар арқылы күту;
топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ерітінділер, эмульсиялар, уланған еліктіргіштер дайындау; екпе және тікпе көшеттерді, ағаш түрлерінің табиғи төлдерін, шөп өсімдіктерін себелеу;
жерді жырту арқылы екпе көшеттерді алу, топырақты минерализациялау, табиғи жаңартылуына қолдау жасау және ат жегілетін соқалар мен механизмдердің қолданылумен жүргізілетін жұмыстар;
ағаш кесетін жерлерді белгілеп бөлу және орманды жоспарлау жұмыстарын атқару, оның ішінде моторланған аспаптарды қолдану арқылы сынама алаңшықтардың салынуын бастау, ағаштарды есептеу, тұқым шаруашылықтарын өлшеу, визирлерді, кварталдық орман жолдарын және шекара сызықтарын қазу, тазалау және өлшеу, сәнді ағаштарды шабу жөніндегі жұмыстар кешені;
топырақ пен орман паталогияларына қатысты зерттеулер жүргізу үшін шұңқырлар дайындау.
157. Білуі тиіс:
ормантанудың, орман жоспарлаудың, топырақтанудың, орман жаңғыртудың, орман қорғаудың, орманды пайдаланудың және орман тауартанудың негіздерін;
топырақты өңдеудің, екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызудың, тұқым егудің, егістіктерді және отырғызылған көшеттерді күту агротехникасын;
екпе ағаштардағы ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын, тіркегіш және аспалы трактор және ат күшімен жүретін машиналар мен құрылғылардың, моторлы аспаптардың құрылымын және қолдану ережелерін;
жұмыстар атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
Параграф 4. Орманшы, 5-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш отырғызатын машиналарды, ат күшімен жүретін және қол аспаптары мен құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы бойы оларды техникалық күту;
жабық тамыр жүйелі көшет материалдарын өсіру жөніндегі жұмыстар кешені, екпе тікпе көшеттерін механиканы қолданып отырғызу;
қалемшелерді ұластыру, жеміс ағаш және ағаш мектептері мен плантациялардағы көзбақтау;
қорықтарды жаңбырлату қондырғылары, мотопомпалар арқылы суару;
орман өртін мотопомпалар, тракторлы, атты және қол бүріккіштердің көмегімен өшіру;
орман шабу орындарын және орман жоспарлау жерлерін бөлу жөніндегі жұмыстар кешені.
159. Білуі тиіс:
ормантану, орман жаңғырту, орман жоспарлау, топырақтану, орман қорғау, орманды пайдалану және орман тауартану негіздерін;
көшет материалдарын, оның ішінде тамыры жабық жүйелі көшеттерді өсірудің әдістерін, тәсілдерін, технологиясын, субстраттар дайындау әдістерін, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар тұқымдарын ұластыру әдістері мен техникасын;
улы химикаттардың сипаттамасын, улы химикаттардың ерітінділерін, эмульсияларын дайындау ережелерін, орманды қорғау жұмыстарын өткізудің технологиясын және химиялық күрестің нәтижелерін есепке алу әдістерін;
ормандағы өртпен күресу әдістері мен тәсілдерін;
ағаш кесуді жүргізудің технологиясын;
орманды күту әдістерін, сүректің ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын анықтау әдістерін;
орман отырғызуға, аурулардан және этномозиянкестерден қорғауға арналған тіркегіш және аспалы тракторлі машиналар мен құрылғылардың;
тоғын – механикаландырылған тізбектердің құрылымын, оларды қолдану және техникалық қызмет көрсету ережелерін;
жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
Параграф 5. Орманшы, 6-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыстар атқаруға қажетті моторлы құралдарды, аспаптарды және құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы барысында оларды шамамен жөндеу және күту:
жас бұталарды механикаландырылған аспаптар арқылы күту;
моторлы қол аспаптарын қолданып орманда жеміс – жидек көшеттерін отырғызғанда шұңқырлар дайындау, орман дақылдарын өсіру және оларды арасы қашық өлшегіш материалмен отырғызу;
жарылыс арқылы өртке қарсы орлар жасағанда аммонал заряды астына шпурлар бұрғылау;
қажетсіз өсімдікпен, этномозиянкестермен және орман аурулармен күресу мақсатында моторлы қол аспаптарын қолданып орман учаскелерін, орман дақылдарын, қорықтарды химиялық заттармен өңдеу.
161. Білуі тиіс:
орман өсірушілікті;
орман қалпына келтіруді, топырақтануды, орман шаруашылық жұмыстарының механизмін;
руды, пайдаланудың техникалық ережелерін және моторландырылған құралдармен қызмет көрсетуді;
бензинді қозғалтқыштар базасындағы аэрозалды генераторларды, өндірістің технологиясы мен агротехниканың негізгі талаптарын;
орман шаруашылығының;
орман мәдениетінің;
орман қорғаудың және басқа да орман шаруашылығында орындалатын жұмыстардың үздік әдістерін;
улы химикаттар эмульсиясын;
ерітінділерді дайындау ережесін;
химиялық күрес нәтижелері әдістерінің есебін;
ыстықтай майлайтын материалдардан шығыс нормаларын, оларды үнемдеу бойынша шараларды;
техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық сақтау және көрсетілген механизмдерді пайдалану кезінде өртке қарсы қорғануды және ыстық майлайтын материалдармен:
химикаттармен және жырылғыш материалдармен жұмыс жасау ережелерін.
39. Парашютшы (десантшы) – өрт сөндіруші
Параграф 1. Парашютшы (десантшы) – өрт сөндіруші, 6-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
қол аспаптары мен өрт сөндіру техникалық құралдар(өрт сөндіргіш, мотопомпа, бензинмоторлы ара, жарылғыш зат, антипирен, химикаттар) көмегімен орман өртін сөндіру;
өрт сөндірушіге бекіген парашют, түсіру құрылғысы, парашют-десанттық, жорықтық керек-жарақтар, өрт сөндірудің техникалық құралдарының жұмысқа даярлығын, жөнделуін, сақтығын қамтамасыз ету;
орман өртін сөндіруге даяр емес алаңдарға парашютпен секіру, ұшақ пен тікұшақтан түсіру құрылғылар көмегімен түсу;
көршілес авиаөртсөндіру топтарымен, ұшақ(тікұшақ) экипажымен, авиабөлімшемен радиобайланысты қамтамасыз ету;
физикалық, теориялық, іс жүзіндегі дайындықты жетілдіру, парашютпен үйрету және тәжірибе мақсатында секіру, түсіру құрылғыларын пайдаланып түсу;
өрттің шығу деңгей жоғары уақытта орман өрті орын алмағанда және маусымаралық кезеңдерде – авиабөлімшеде кезекшілікте болу, шаруашылық-құрылыс жұмыстарын жүргізу, парашют-десанттық және жорықтық керек-жарақтарды, өрт сөндірудің техникалық жабдықтарын жөндеу;
өртке қарсы іс-шараларға, орман өрттерінің шығу себептерін анықтауға, өрттің шығуына кінәлілерді табуға қатысу.
163. Білуге тиіс:
қол құралдары, өрт сөндірудің техникалық аспаптары мен жару жұмыстарын қолданып орман өртін сөндірудің әдіс-тәсілдерін;
авиаөрт сөндіру тобының парашютшы(десантшы)-өрт сөндірушінің жұмысын регламенттейтін ережелер мен нұсқаулықтарды, парашют, түсіру құралдары;
өрт сөндірудің техникалық құралдарының материалдық жағын, қолдану;
сақтау мен жөндеу ережелерін және олармен жұмыс істегендегі техникалық қауіпсіздік ережелерін;
авиабөлімшеде қолданылатын жүк парашюттарын салу мен жинақтау ережелерін;
авиаормансақтау жұмыстарын жүргізу мен технологиясын.
164. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
Орман өртін сөндіргенде, шаруашылық-құрылыс тағы басқа жұмыстарда жедел топтың жұмысшылары мен жұмылдырылған жұмысшыларды басқарғанда, олардың техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзбауын қадағалауды жүзеге асырғанда, орман өртін сөндіруде жаңа техника мен технологияларды енгізу жұмыстарын ұйымдастырғанда-7-разряд.
Ескертпе. Орман өрттерінің орталықтарына түкенде тікұшақтан түсіру құралдарын қолданған өрт сөндірушілер «Десантшы-өрт сөндіруші» деп аталады.
40. Салдарды қалыптастырушы
Параграф 1. Салдарды қалыптастырушы, 2- разряд
165. Жұмыстар сипаттамасы:
шоғырлау машиналарына шоқтарды әкету, шоқтарды сортименттер бойынша сорттау;
будаларды салдарды құру учаскелеріне қою;
құру пунктілерінде шоқтарды бекіту.
166. Білуге тиіс:
будаларды орнынан ауыстыру тәсілдері мен әдістері,
ағаш материалдарын маркалау.
Параграф 2. Салдарды қалыптастырушы, 3- разряд
167. Жұмыстар сипаттамасы:
такелажды салдарды қалыптастыру аудандарына жақынджату және әкелу;
тіректі беру;
ағаш қоятын жерге жіберу үшін тіректі бұрғылау және шынжырлармен және сыммен қосу;
түсіру жерлерінде орнатумен салдарды жинау.
168. Білуге тиіс:
балқытуда қолданылатын такелаждың түрлері мен оларды ұстай білу ережесі;
садарды қабылдау ережесі мен қалыптастыру тәсілдері.
Параграф 3. Салдарды қалыптастырушы, 4- разряд
169. Жұмыстар сипаттамасы:
жинақтаушы машиналармен сызықтарға және секцияларға қалыптастырумен будаларды және басқа қосу және сорттау;
салды дайындау, салдарды және бастаушы бірліктерді құру, қалыптастырушы аулаларда салдарды қалыптастыру, зәкірлерді құру және салдарды толық жабдықтау бойынша басқа жұмыстар;
салдардың үстіңгі жабдығын дайындау;
ағашты бітеуге, торларға, киіздерге, шоқтарға тиеу;
қорытпаның транзиттік жолдарында және ағашты түсіру пункттерінде салдарды қайта қалыптастыру және тарату.
170. Білуге тиіс:
салдардың және бастаушы бірліктердің түрлері мен конструкциялары;
әр түрлі салдарды қалыптастыру және тарату технологиясы;
оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері;
ағаш сортименттері мен түрлері бойынша сал бірліктерін сорттау ережесі;
қалыптастыру және тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
салдарды ережесі;
салдарды қалыптастыру мен жабдықтауға техникалық шарттар.
Параграф 4. Салдарды қалыптастырушы, 5- разряд
171. Жұмыстар сипаттамасы:
көл салдарын және сигаралардан салдарды қалыптастыру;
бастаушы бірліктердің, маткалардың, Зайцев плиткаларының құрылысы;
ағашты сигараға тиеу, көл салдарын және сигаралардан салдарды тарту мен шынжырлау.
172. Білуге тиіс:
бастаушы бірліктердің, көл салдарының және сигаралардан салдардың түрлері мен құрылымдары;
салдарды қалыптастыру технологиясы және оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері;
қолданылатын жабдық пен такелаждың түрлері;
мүмкін жарамдылық нормалары.
41. Солқылдақ шыбықтарға белгі қоюшы
Параграф 1. Солқылдақ шыбықтарға белгі қоюшы, 4-разряд
173. Жұмыстар сипаттамасы:
жарамды сортименттердің ең үлкен шығымын ескерумен және оларға мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес солқылдақ шыбықтарды белгілеу;
ірі мөлшерлі және едәуір бағалы солқылдақ шыбықтарды қырқып кесуге қатысу.
174. Білуге тиіс:
ағаш жыныстары;
ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер;
ағаш материалдарын қойылатын техникалық талаптар;
оларға мемлекеттік стандарттар;
солқылдақ шыбықтарды дұрыс бөлу ережесі.
42. Суды ағашты сұрыптаушы
Параграф 1. Суды ағашты сұрыптаушы, 2-разряд
175. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты негізгі сұрыптау дәлізімен, сұрыптау аулаларымен, әкелетін дәліздер, бассейн аулалары бойынша жылжыту.
176. Білуге тиіс:
ағаш материалдарын суда жылжыту тәсілдері мен әдістері.
Параграф 2. Суды ағашты сұрыптаушы, 3- разряд
177. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты қақпаларға беру (жақындату) және олардан өткізу;
ағашты сұрыптау аулалар бойынша ірікту;
будаларды ұсақтау станогының дәлізіне жақындату және дайындау;
ағашты сумен тиеу механизмдеріне беру;
аралауға беру кезінде екі аралық диаметрлері бойынша бассейнде бөренелерді сұрыптау.
178. Білуге тиіс:
ағаш материалдардың орнын ауыстыру тәсілдері мен әдістері;
ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар;
ағаш материалдарын маркалау, ұсақтау жабдықтары мен құрлдың әрекет ету қағидасы;
ағашты түсіру механизмдеріне беру ережесі.
43. Трельдеу машинасының машинисті
Параграф 1. Трельдеу машинасының машинисті, 6- разряд
179. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты құлату, пакеттеу, ағаш пакеттерін, шайыр, томарды, ағаш кесетін жердегі ағаш химиялық өнімдерді трельдеу және келтіру, бұтақтарды кесу, алаңдарды дайындау бойынша жеке немесе кешенді операцияларды орындау кезінде ілмелі немесе тіркеу жабдығымен жабдықталған түрлі жүйедегі трельдеу машиналарын басқару;
трельдеу машинасы жабдықтары мен механизмедерін іске қосу, тоқтату және реттеу, олардың ақаулықтарын анықтау және жою;
техникалық жабдықтау және трельдеу машинасы мен қолданылатын жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу;
трельдеу машинасына жанар-жағар май материалын құю.
180. Білуге тиіс:
ілу және тіркеу жабдықтарының түрлі жүйедегі трельдеу машиналардың құрылымы;
трельдеу машиналар қозғалтқыштарының жұмыс істеу қағидасы және оларды реттеу ережелері;
электротехника негіздері;
трельдеу машинаның қысым,- гидро және электр жабдықтарының құрылысы;
трельдеу машиналардың механизмдері мен тораптарын реттеуге қойылатын техникалық шарттар және олардың пайдалану деректері;
ағаш кесетін жұмыстарды орындау әдістері, жол жүру ережелері;
отынның негізгі түрлері және жанар-жағар май материалдарының сұрыптары;
қолданылатын жабдықтар мен трельдеу машиналардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістері.
44. Трельдеу және тиеу жабдығының монтажнигі
Параграф 1. Трельдеу және тиеу жабдығының монтажнигі, 4-разряд
181. Жұмыстар сипаттамасы:
сұрыптау жолдарын монтаждау және тиеу мен түсіру алаңдарының құрылымы;
діңгектер мен басқа трельдеу, тиеу, түсіру, сұрыптау және шоғырлау құрылғыларының жабдықталуы;
шығырлы терльдеу, ағашты тиеу, ағаш тасу жылжымалы құрамын түсіру, ағашты судан итеріп шығарып, шоғырлау кезіндегі қанатты-блокты жүйенің монтажы;
полиспасттар мен трельдеу шығырларының блоктарын жөндеу.
182. Білуге тиіс:
жүктеу және трельдеу жабдықтарының құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
олардың монтажына қойылатын техникалық шарттар;
қолданылатын жинақтау және өлшеу аспаптарының міндеттері;
жинақтау жұмыстарын орындаудың тиімді тәсілдері;
айлақтар мен барабандардан қанаттарды тарқату әдістері;
құбылған шығыр блоктары мен қанаттардың жүк көтеруі.
Параграф 2. Трельдеу және тиеу жабдығының монтажнигі, 5-разряд
183. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты судан итеріп шығару және шоғырлау, ағашты суға домалату, қат-қаттау, сұрыптау бойынша жабдықтар, тиеу, трельдеу қондырғылары, қанатты крандар, тиеу әуе-трельдеу қондырғылары және трельдеу жабдықтары мен тораптарын монтаждау;
тиеу эстакадасын, тиеу қондырғысын, ағаш тасымалдағышты тексеру;
стационарлы шығырдың монтажы;
жылжымалы шығырлар мен электр станцияларын орнату;
қанаттарды бекіту, қанаттар мен жүк асып қоятын арқандарды қиыстыру;
жобалы өлшемге дейін көтергіш қанаттарды тарту;
трельдеу және тиеу құрылғылары мен шығырлары діңгегінің аралық тірегінің тростық тартпаларын бекіту және керу.
184. Білуге тиіс:
жиналатын құрылғылары мен тораптардың құрылымдық ерекшеліктері;
ағаш қоймалары, жүктеу және өңдеу алаңдарына;
сұрыптау жолдарына, қанаттарды бекітуге, шығырларды монтаждауға, жылжымалы электр станцияларын орнатуға қойылатын техникалық талаптар;
монтаждалған жабдықты жиынтық сынаудан өткізу;
жөнге келтіру;
іске қосу;
жүргізіп жаттықтыру және байқау ережелері.
45. Трельдеуші
Параграф 1. Трельдеуші, 3-разряд
185. Жұмыстар сипаттамасы:
тіркемелі жабдықтың алуан түрлері пайдаланумен аралық қоймаларға ағашты, түбірлерді және түбір осмоллы трельдеу (жақындату);
трельдеу кезінде ағашты тиеу (үю), ілгектеу, түсіру (құлату), тіркеуін ағыту және қатарлап жинау;
трельдеу жабдығына және әбзелдерге ағымдағы жөндеу жүргізу;
аттарға күтім жасау.
186. Білуге тиіс:
ағашты трельдеу кезінде жұмыстарды орындау тәсілдері;
атқа жүктеме нормалары;
трельдеу жабдығының түрлері;
ағаш сортименттері және оларға шартты белгілер (маркалар);
жоғарғы қоймаларда қатарлардың орналасу сызбалапы және оларға ағаш салу ережесі;
аттарға күтім жасау ережесі;
ветеринарлық минимум.
Параграф 2. Трельдеуші, 4-разряд
187. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты жерге түсумен, тасымалды науаларға ағаш түсіргіштер мен су науалары бойынша трельдеу (түсіру);
ағашты түсіру трасасын қолмен тазалау;
ағаш түсіргіштерді, науаларды ақаусыз күйд ұстау және оларды ағымдағы жөндеу.
188. Білуге тиіс:
ағашты таудан түсіру бойынша жұмыстар орындау;
ағаш түсіргіштерге күтім жасау ережесі және авариялардың және тұрып қалулардың алдын алу бойынша шаралар;
ағаш түсіргіштер мен науаларды ағымдағы жөндеу тәсілдері.
46. Чокерлеуші
Параграф 1. Чокерлеуші, 4-разряд
189. Жұмыстар сипаттамасы:
арқан мен чокерлерді солқылдақ шыбықтарға, сортименттерге, ағаштарға, түбірлерге және осмолға беру, чокерлерді ағаштарға, солқылдақ шыбықтарға, сортименттерге, бүбірлер мен осмолдарға кигізу, оларды жүкшығырдың немесе трактордың ауыр арқанына тіркеу;
ағашты чокерлеу мен будаға жинауға кедергі жасайтын бұтақтар мен ағаштың ұштарын кесу;
чокерлерді солқылдақ шыбықтардан, ағаштар мен сортименттерен алу және тіркеуін ағыту;
бұру кезінде арқанды беру және солқылдақ шыбықтардың, ағаштарды және сортименттерді іліп алу;
трельдеу және тиеу қондырғыларын монтаждау мен бөлшектеуге қатысу.
190. Білуге тиіс:
чокерлеу кезінде жұмыстарды орындау тәсілдері мен реттілігі;
сигнал беру жүйесі;
арқан мен блоктардың жүк көтерушілігі;
арқандарды, чокерлер мен ілмектерді тұтастыру тәсілдері;
жүкшығырдың бағыттаушы блоктарын бекіту және орнын ауыстыру тәсілдері.
47. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті
Параграф 1. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті, 4-разряд
191. Жұмыстар сипаттамасы:
ағашты шоғырлау (сұрыптау) кезінде шоғырлау (сұрыптау) машинасын басқару;
шоғырлау (сұрыптау) машинасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қарау, майлау, профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу;
шоғырлау (сұрыптау) машинасының күрделі жөндеу жүргізу үшін ақау тізімдемелерін құрастыру.
192. Білуге тиіс:
ағаш материалдарын сұрыптау, будаларды шоғырлау ережесі және оларға техникалық шарттар;
шоғырлау (сұрыптау) машинасының құрылысы және техникалық пайдалану ережесі;
тозған бөлшектерді ауыстыру тәртібі, майлау материалдары мен отынның түрлері, қасиеттері.
Шоғырлау (сұрыптау) машинасын орта және күрделі жөндеуге қатысу кезінде - 5- разряд.
48. Шоғырлаушы
Параграф 1. Шоғырлаушы, 3-разряд
193. Жұмыстар сипаттамасы:
навигациялық шоғырлау кезінде – қылды жинау және тегістеу, сигнал беру, ағашты суда механикаландырылған топтастыру кезінде дайын шоқтарды бұру;
бір - және көп қатарлы шрғырлау бірліктерін жинау:
жағалаулық шоғырлау кезінде ағашты штабельдерден домалату, буда жинау, чокерлермен ілу, арқандармен және ауыр арқанмен жұмыс.
194. Білуге тиіс:
шоғырлау бірліктерінің түрлері мен құрылымдары;
суда ағашты шоғырлау ережесі;
ағаш материалдарының сортименттері, буда байлау ережесі және байлау материалына қойылатын талаптар;
шоғырлау және байлау такелажы мен арқандардың, ағаш материалдарының жарамдылық нормалары;
шоғырлау жұмыстары кезінде ақаудың түрлері мен себептері;
оның алдын алу және жою бойынша шаралар.
Параграф 2. Шоғырлаушы, 4- разряд
195. Жұмыстар сипаттамасы:
суда және жағалық шоғырлауда механикаландырылған топтастыру кезінде будаларды байлау;
қысқартулар, бітеулер жасау;
байлау сымын дайындау, шетін түзеткішпен буданың шеттерін тегістеу.
196. Білуге тиіс:
будалардың байлау технологиясы мен құрылғылар;
байлау материалына қойылатын техникалық талаптар.
49. Экспорттық ағаш материалдарын тапсырушы
Параграф 1. Экспорттық ағаш материалдарын тапсырушы, 3- разряд
197. Жұмыстар сипаттамасы:
тиелген экспорттық ағаш материалдарын шетел кемелерінің басқаруына тапсыру және орыс және шетел тілдерінде ілеспе құжаттарды ресімдеу;
қолданылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес домалақ, араланған және табақтық ағаш материалдарын, ағаштың жыныстарын, олардың белгіленуін және тип мөлшерлерін сыртқы түрі бойынша анықтау;
коносаменттік партияларды жиынтықтау және тиеу нұсқаулықтары мен ағаш материалдарын кемелерге тиеу жоспарына сәйкес теңіз және өзен кемелеріне және тиеу астындағы қою жерлеріне тиеу кезінде экспорттық ағаш материалдарды жиынтықтау және ерекшелік есепке алу;
тиеу тізімдемесінің дұрыстығын тексеру
198. Білуге тиіс:
домалақ, араланған және табақтық ағаш материалдарының әр түрі сортименттеріне арналған арнайы ерекшелітерімен ағаштың жыныстары мен ағаш мүкістері;
әр түрлі мақсаттағы сортименттегі мүмкін ауытқулардың және шекті мөлшерлердің нормалары;
әр түрлі сортиментті ағаш материалдарына, оларды маркалауға техникалық шарттар;
өлшеу;
есептеу техникасы;
ағаш материалдарының көлемдерін анықтау және оларды пакеттеу тәсілдері;
әр түрлі сортиментті ағаш материалдарын теңіз және кқл кемлеріне тиеу ережесі;
орыс және шетел тілдерінде ілеспе құжаттаманың нысандары.
Достарыңызбен бөлісу: |