Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ



жүктеу 1,18 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,18 Mb.
#1754
1   2   3   4

2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде қосымшаға сәйкес жолдайды.

1) отбасыларға табысына қарамастан республикалық бюджеттен төленетін 31,41 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші бала туғанда) бастап 52,35 АЕК-ке дейінгі (төртінші және одан кейінгі балалар туғанда) мөлшерде бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Жұмыс істемейтін аналарға табысына қарамастан республикалық бюджеттен сараланған мөлшерде 5,76 АЕК-тен 8,90 АЕК-ке дейін (туған және отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың санын есепке алғанда) төленеді. Жұмыс істейтін аналар 2008 жылдан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілікке, босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер алады;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға ең төмен жалақының 1,05 мөлшерінде берілетін жәрдемақы;

Бұдан басқа Қазақстанда көп балалы аналардың беделін көтеру мақсатында марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Қабылданатын шаралардың тиімділігі балалардың санын ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2005 жылдан 2015 жыл аралығында кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 32,2 %-ға көбейді, 2016 жылғы 1 қаңтарға 232 159 отбасын құрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру

2015 жылы Қазақстанда нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес келетін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.

Үнемі жаңарып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандырудың негізі болып табылады. 2013 жылмен салыстырғанда:

1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 20,1 %-ға көбейді (17 789 теңгеден 2015 жылы 21 364 теңгеге дейін, 2014 жылы – 19 051 теңге). 2016 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгіленген мөлшері 22 859 теңгені құрады;

2) базалық зейнетақы төлемдерін ескере отырып зейнетақының ең төменгі мөлшері – 1,3 еседен артық көбейді (28 396 теңгеден 2016 жылғы 37 789 теңгеге дейін, 2015 жылы – 23 692 теңге болса, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 32 186 теңге).

Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасы әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң iс-әқимыл бағдарламасына сәйкес зейнетақы төлемдерi 2013 жылы 9 %-ға арттырылды (инфляция деңгейінен 2 % ілгерілетіп), 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 14 %-ға дейін жеткізілді, 2015 жылы – 9 %-ға арттырылды.

Базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда (11 182 теңге) 2015 жылы ең жоғары мөлшері – 72 129 теңге болды (2013 жылы – 59 962, 2014 жылы – 67 399), орташа мөлшері – 50 561 теңгені құрады (2013 жылы – 41 727 теңге, 2014 жылы – 46 507 теңге).

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша базалық зейнетақыны есепке алғанда орташа зейнетақы мөлшері 55 121 теңгені құрады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру қарт азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ең жоғары деңгейлерінің бірін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен табысты алмастырудың жиынтық коэффициенті 2015 жылы 42,0 %-ға жетті, бұл ХЕҰ-ның ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес), 2013 жылы – 41,2 %, 2014 жылы – 42,8 %,

Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан алғанда былайша сипатталады: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде – 50 %-ға жуық, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 34,3 %.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Азаматтардың зейнетақы жинақтарын ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың инвестициялық табыстылығын арттыру мақсатында
2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды.

2014 жылдың басынан:

- жұмыс істейтін әйелдер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде олар үшін олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау;

- еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Талдау жасалған кезеңде қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (бұдан әрі – ЖЗЖ) қатысуының кеңейгені байқалады, 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 6,5 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,8 млн. құрады (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 9,7 млн. шотта 4,5 трлн. теңге, 2014 жылғы 1 қаңтардағы – 9,5 млн. шотта 3,7 трлн. теңге).

Жұмыс істейтін халықты ЖЗЖ-мен қамту 2016 жылғы 9 айда 65 %-ды құрады (2015 жылы – 70,4 %, 2014 жылы – 70,7 %).

Алдағы уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы жүйесін жаңғырту зейнетақы төлемдерінің барабарлығы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкер арасында жауапкершілікті бөлу есебінен зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі моделін сақтауа бағытталады. Жалпы Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақының орташа мөлшерінің орташа айлық жалақыға арақатынасын жоғалтқан табыстың 40 %-ынан кем болмайтын мөлшерде сақтауды қамтамасыз етуге және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды жұмыспен қамтылған халықтың 80 %-ына дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.



Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша

Әлеуметтік төлемдер 2014 жылы 12 %-ға дейін, 2015 – 2016 жылдары 7 %-ға арттырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 659,3 мың адамды құрады (2014 жылы – 671,9 мың адам, 2015 жылы – 670,0 мың адам), оның ішінде мүгедектігі бойынша – 502,7 мың адам (2014 жылы – 488,5 мың, 2015 жылы – 494,7 мың адам); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша отбасылар – 153,0 мың адам (2014 жылы – 175,5 мың адам, 2015 жылы – 170,2 мың адам); жасына байланысты 3,6 мың адам (2014 жылы – 7,9 мың адам, 2015 жылы – 5,1 мың адам).

МӘЖ-дің орташа мөлшері 2016 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектігі бойынша – 30 402 теңгені (2014 жылы –20 962 теңгені, 2015 жылы – 22 710 теңгені); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 30 163 теңгені (2014 жылы – 18 905 теңгені, 2015 жылы – 20 555 теңгені); жасына байланысты – 11 887 теңге (2014 жылы – 10 382 теңге, 2015 жылы – 11 110 теңге) құрады.



Әлеуметтік сақтандыру бойынша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері 2005 жылдан бастап 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің сомасы 724,4 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2014 жылы – 106,1 млрд. теңге, 2015 жылы – 126,7 млрд. теңге төленді.

Осылайша, формальді сектор қызметкерлері 6 әлеуметтік қатер – еңбек ету қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатерлері басталған кездегі әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие болды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлердің қатысуы кеңейе түсуде (міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 2014-2015 жылдары – 5,9 млн. адам, 2016 жылғы 10 айда 5,5 млн. адам болды).

2016 жылы МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды. 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша 11 059,3 теңгені (2014 жылы – 9 655 теңге, 2015 жылы – 10 761 теңге); асыраушысынан айырылу бойынша 14 241,5 теңгені (2014 жылы – 12 719 теңге, 2015 жылы – 14 058 теңге) құрады.

2016 жылғы 10 айда 655,9 мың алушыға 118,1 млрд. теңге сомасында (2014 жылы – 616,8 мың алушыға 106,1 млрд. теңге, 2015 жылы 704,5 мың алушыға 126,7 млрд. теңге сомасында) әлеуметтік төлемдер жүргізілді.


Халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға сәйкес келетін атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесі жүйесі жұмыс істейді. Жан басына шаққанда орташа табысы табыстардың белгіленген шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі мынадай түрлерді қамтиды:

- табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға жан басына шаққандағы табысы мен кедейлік шегі айырмашылығы түріндегі (күнкөріс деңгейінен (КД) 40 %) атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2016 жылғы қорытынды бойынша аталған көмек түрі 28,8 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24,7 %-ға (38,2 мың), 2014 жылмен салыстырғанда 48,7 %-ға төмен, алайда тағайындау сомасы 842,3 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 438,5 теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60 %) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы мөлшері – әр балаға 1,05 АЕК. 2016 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандар саны 576,1 мың баланы (2015 жылы – 551,2 мың бала, 2014 жылы – 562,6 мың адам), тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңге құрады;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйді күтуге шығыстар осы мақсаттарға арналған шекті рұқсат етілген шығыстар үлесінен асып кететін отбасыларға ұсынылатын тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2016 жылы тағайындау саны 97,1 мың отбасын құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға (93,9 мың адам) артты, 2014 жылмен салыстырғанда 11,7 %-ға төмен. Тағайындау сомасы 2,4 млрд.теңгені, орташа мөлшері – 2 083,1 теңгені құрайды.

Бүгінгі күні жаңа экономикалық нақтылық жағдайында әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және атаулы әлеуметтік көмекті аса мұқтаж азаматтарға көрсету үшін оны күшейту қажеттілігі туындады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 қадамын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Рспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау көзделген.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмекке жіктеледі және табысы күнкріс деңгейінің 50 %-нан төмен (қазіргі уақытты 40 %) отбасыларға еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысып, осы мақсатпен әлеуметтік шарт жасау шартында беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) еңбекке қабілетті жастағы табысы аз жалғыз тұратын адамдарға немесе еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамту шараларына объективті шектеулері бар отбасыларға беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) еңбекке қабілетті жастағы табысы аз жалғыз тұратын адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті адам бар отбасыларға беріледі.

Жоғарыда аталған Заң нормаларын толықтай дайындау және іске асыруда біыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында 2014 жылдан бастап еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.

2016 жылы жобаға 7,4 мың отбасы немесе 38,8 мың адам қатысты (2015 жылы – 3,2 мыңға жуық отбасы немесе 20,2 мың адам), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне 8 704 адам немесе қабілетті «Өрлеу» жобасының еңбек етуге қатысушыларының жалпы санының 90,5 %-ы тартылды (2015 жылы – 4 857 адам немесе 90 %-ы).

Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен астам ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 42,4 %-ға қысқарды (2015 жылы 30 %-ға), АӘК және балаларға арналған жәрдемақы алушылардың саны 37,7 %-ға және тиісінше 4,9 %-ға төмендеді.

Қабылданып жатқан іс-шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2014 жылғы 2,8 %-ға қарағанда, 2015 жылы 2,7 %-ды құрады, (2013 жылы – 2,9 %). Бұл ретте, ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы кедейлік деңгейі төмен, мысалы, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Белоруссиядағы кедейлік деңгейі 5,1 %-ды, Украинада – 6,4 %-ды, Ресейде – 13,3 %-ды (2014 жылдың қорытындысы бойынша Белоруссияда –
4,8 %-ды Украинада – 8,6 %-ды, Ресейде – 11,2 %-ды) құрады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Өмірлік қиын жағдайды еңсеру шарттарын қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) ұсыну белсенді пайдаланылады.

«Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары қабылдануда.

Заңды іске асыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсету стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) әзірленіп, енгізілді. 2016 жылы адам саудасының құрбандарына Арнаулы әлеуметтік қолдау көрсету стандарты бекітілді және оны 4 өңірде (Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары) пилоттық режимде іске асыру басталды.

2016 жылғы қорытындылары бойынша АӘҚ-ті 125 мыңнан астам адам (мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар, егде жастағы адамдар және белгілі тұратын жері жоқ адамдарға, 2015 жылы – 97 мыңнан астам адам, 2014 жылы – 90 мыңнан астам адам) алды.

Жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңарту шеңберінде күндізгі болу бөлімшелерінің желісін кеңейту арқылы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттары енгiзiлді (2016 жылғы қорытынды бойынша 5,3 мың адамды қамтитын 53 күндізгі болу бөлімшесі; 2015 жылы – 1,8 мың адамды қамтитын 50 күндізгі болу бөлімшесі; 2014 жылы – 1,7 мың адамды қамтитын 47 күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істеді).



Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын бәсекелес нарық құрылған және кеңейтілуде. 2009 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) арасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға мемлекеттік тапсырысты орналастырған облыстардың саны 4-тен 2016 жылы 16-ға дейін өсті (2015 жылы – 15).

2016 жылғы қорытынды бойынша 106 ҮЕҰ 6000 азаматқа АӘҚ-ті (2015 жылы азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 81 ҮЕҰ, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20 ҮЕҰ, 2014 жылы – 74 ҮЕҰ, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 ҮЕҰ) ұсынды.

АӘҚ-пен қамтылған адамдардың тұлғалар саны өскені байқалған (2016 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 421 адам, 2015 жылы – 3 4 88 адам, 2014 жылы – 3 482 адам қамтылған).

2015 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы оларды алуға мұқтаж адамдар қатарынан 97,4 %-ға дейін ұлғайды, 2014 жылы 96,3 %, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 98 %-ды құрады.

2016 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында мыналар бекітілді: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек ұсынатын ұйымдарда ішкі құжаттаманы жүргізу қағидалары (2016 жылғы 25 ақпандағы ҚР ДСӘДМ № 147 бұйрығы); Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек ұсынатын ұйымдарда киімді және жұмсақ мүкәммалды есепке алу қағидалары (2016 жылғы 24 ақпандағы ҚР ДСӘДМ № 140 бұйрығы); Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (2016 жылғы 24 ақпандағы ҚР ДСӘДМ № 139 бұйрығы); Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (2016 жылғы 25 ақпандағы ҚР ДСӘДМ № 146 бұйрығы); Адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары(2016 жылғы 24 ақпандағы ҚР ДСӘДМ № 138 бұйрығы).

Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың орны ерекше. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 651,9 мың мүгедек тұрып жатыр немесе халықтың жалпы санының 3,7 %-ы, оның 62,8 %-ы еңбекке қабілетті адамдарды, 12,2 %-ы балаларды құрайды (2014 жылы – 627,2 мың, 2015 жылы – 637,2 мың).

Бұл оларды қоғамға етене араластыру шараларын қабылдауды қажет етеді. Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.

Жергілікті атқарушы органдарды және азаматтық қоғамды тарта отырып, Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 − 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Мүгедектер ұйымдарының белсенді қатысуымен қолданыстағы заңнамаға түгендеу жүргізілді. Қазақстан Республикасының Президенті 3 Кодекс пен 21 Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін Заңға қол қойды.

Бюджет қаражаты есебінен 122,0 мыңнан астам мүгедек техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде, оларға уақтылы әлеуметтік жәрдемақылар төленеді. 2015 жылдан бастап Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы қозғалыс құралдары тізімін жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде (2005 жылғы 20 шілдедегі ҚР Үкіметінің № 754 қаулысымен бекітілді), оның саны 77 %-ға ұлғайды.

Жергілікті деңгейде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 27,8 мың (%) объектіде паспорттау өткізілген, оның ішінде 17,5 мың объекті (%) бейімделуге тиіс, оның ішінде 11,2 мың объекті (%) бейімделген.

Жалпы паспортталған объектілердің санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамсыздандырылған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бөлігі 77,4 %-ды (21 543 объекті) құрайды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. 120 мыңнан астам мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта Өңірлерді жұмыспен қамту картасы шеңберінде аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 17,8 мың мүгедек, оның ішінде 12,2 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, жұмыс орындарының 2-ден 4 %-ға дейін мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген (ауыр жұмыс орындарында, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын ескермегенде); мүгедектің жұмыс орнының стандарттары бекітілген; 2018 жылдан бастап мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылған.


2.2) Негізгі проблемаларды талдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытумен байланысты қызметте белгілі проблемалар сақталуда.



1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жеткіліксіз деңгейі. 2016 жылғы 9 айда жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 90 %-ды құрайды, алайда талдау кезеңінде бұл үлестің ұлғайғаны байқалғанымен, проблема өзектілігін сақтап отыр (2015 жылы – 70,4 %, 2014 жылы – 70,7 %).

Экономиканың бейресми секторы әлеуметтік қорғаудан тыс қалған экономикалық белсенді халықтың едәуір бөлігін алады.

Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары, 2015 жылдың қорытындысы бойынша – 27,0 немесе 2,3 млн. астам адам (2013 жылы – 30,6 немесе 2,6 млн. адам, 2014 жылы – 28,2 немесе 2,4 млн. астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрады және көбіне табысы үлкен емес жеке шаруашылықпен айналысады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2015 жылы 22,0 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2013 жылы – 38,6 %1, 2014 жылы – 30,1 %).

2. Ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесі жетілдіруді талап етеді. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қолданыстағы күнкөріс деңгейін (бұдан әрі – КД) есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және нормативтік-ститистикалық әдіске негізделген, оған сәйкес азық-түлік өнімін тұтынудың бекітілген нормасы бойынша КД азық-түлік себетінің құны есептеледі, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы және қызметі КД көлемінің бекітілген үлесі (40 %) түрінде орнатылады.

Соған қарамастан, бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі халық табысының үздіксіз өсуіне байланысты табысы аз халықтың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылғы сәуірде ЕТКД шамасы 21 158 теңгені құрады, бұл ретте жалпы шығыстардың 50 %-ынан анық асатын халықтың азық-түлік емес шығыстарының тұрақты өсуі байқалады.



3. Кедейлікті еңсерудің белсенді түрлерінің жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік көмек көрсету критерийлерінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде, әсіресе ауылда кедейлік сақталуда.

2015 жылғы қорытынды бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымында шамамен 29,2 %-ын еңбекке қабілетті адамдар, бұл субъективті (еңбек еткісі келмейтін алушылардың арқа сүйеушілік кейпі), сол сияқты объективті себептермен (бос жұмыс орындарының дефициті, әсіресе ауылдық мекендерде; қойылған біліктілік талаптарына табысы аз адамдардың білім деңгейінің сәйкес келмеуі), сондай-ақ бұл санатқа бағытталған белсенділік шараларының қажетті тиімділігімен шарттасқан.

4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік кепілдіктерді тәртіпке келтіру, қолданыстағы заңнамадағы коллизиялар мен олқылықтарды жою қажеттілігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік қатынастарды реттейтін ауқымды нормативтік құқықтық база қалыптастырылып, жұмыс істейді.

Алайда, әлеуметтік саладағы заңнаманы инвентаризациялау «әрекет етпейтін» деп аталатын, өзектілігін жоғалтқан жеңілдіктер мен кепілдіктерді анықтады, олар декларативтік сипатта және халықты әлеуметтік қорғау саласында саясатты іске асырудың тиімділігін қиындатады.

5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін объектілер желісін дамытудың жеткіліксіздігі.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қазіргі ұйымдар негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың ұлғайғанына қарамастан, олар да көбінде қалалық жерлерде жұмыс істейді. Бұл ретте, көбіне медициналық-әлеуметтік ұйымдарда ата-аналарын демеп жүрген пункттері жоқ, ол өмірлік қиын жағдайға түскен баланы немесе отбасы мүшесін отбасында сақтап қалу үшін маңызды.

Осылайша, ауылдық жерлердің тұрғындары көп жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қалалық жерлердегі қызмет көрсететін ұйымдарға жүгінуге мәжбүр.
6. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы.

Бүгінгі күні мүгедектер үшін жүргізіліп жатқан кедергісіз орта құру жұмысы жеткіліксіз. 2013 – 2015 жылдары 27,6 мың объект паспорттаудан өткен, оның 62,9 %-дан астамы бейімделуге жатады деп танылды. Алайда осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қажеттілігіне қарай бар болғаны 10,5 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеген.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесі де жандандыруды талап етеді.
2.3) Қатерлерді басқару


Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Инфляция деңгейінің ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы жағдайларында әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен белгіленген деңгейден артық көтерілуі (халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы)

1. Уәкілетті органға теріс салдарды азайтуға бағытталған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу


Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар санының өсуі (экологияның, халық денсаулығының, ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы және т.б.)

1. Уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

2. Өңірлік деңгейде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің баламалы түрлерін кеңейту





2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

2.1) Реттелетін қызмет саласының дамытудың негiзгi өлшемдері

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Елімізде ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нәтижесіз санатының санын төмендетуге жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.

Көші-қон процестерінің ауқымын, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсерін ескере отырып, тағайындалған құзыретке сәйкес қызметтің өзекті бағыты көші-қон процестерін ұтымды басқару болып табылады.

Экономиканы әртараптандыру қажетті дағдылары бар еңбек ресурстарын ұлғайтуды қажет етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсімі халық санының өсуімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметі азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек заңнамасының негіздері және еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары мен біліктерін дамыту мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің сауаттылықтарын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасуда.

Соңғы үш жылда қызметтің осы бағытын дамыту мынадай жағдайды көрсетіп отыр.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту.

Қазақстан тәуілсізік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай дамып, табыс деңгейі орташадан жоғары мемлекеттер қатарына өтті.

Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін айтарлықтай төмендетуге, халықтың маңызды бөлігін нәтижелі жұмыс орындарымен қамтуға, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өніміділігін арттыруға және жұмыссыздармен, нәтижесіз еңбекпен қамтылған, әсіресе ауылдық елді мекенде адамдардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 2016 жылғы 3-тоқсан қорытындысы бойынша 70,5 %-ды құрады. 2014 жылы халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 70,7 % болған. Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 8 586,6 мың адамды құрады (2014 жылы 8 510,1 мың адам, 2015 жылы – 8 623,7 мың адам).

2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2 225,3 мың адамды құрады (2014 жылы – 2 400,4 мың адам, 2015 жылы – 2 328,9 мың адам).

Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0 %-дан 2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша 4,9 %-ға дейін төмендеді.

2014 жылдан бері халықтың жұмыссыздар саны 7,2 мың адамға азайып, 444,7 мың адамды құрады (2014 жылы – 451,9 мың адам).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 4,2 %-дан және 2015 жылғы 4,3 %-ға төмендеп, 2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша ғасыр басынан бері ең төмен көрсеткіш – 3,9 % көрсетті.



Соңғы жалдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң көрсеткіш уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен де негізделеді. ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілді.

Елбасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тапсырмасына сәйкес Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1029 қаулысымен жаңғыртылды.

Жалпы, 2011 – 2015 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 457,7 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 770 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын қабылдады. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылған 9 048 жобада 99,4 мың жұмыс орны ашылып, 54,0 мың қатысушы жұмысқа орналастырылды.


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау