Ќазаќстан республикасы білім



жүктеу 204,01 Kb.
Дата27.01.2018
өлшемі204,01 Kb.
#7979



«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ



ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ


«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»


КЕҢЕС СОВЕТ
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
10.04.2015 ж. № 2 т. 2

Қазақстан Республика білім және ғылым Министрлігімен

білім және ғылым қызметкерлері салалық Кәсіподағының

арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік

әріптестік туралы Келісімнің негізгі ережелерін орындау

және 2015-2017 жылдарға арналған Салалық келісімді

жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Салалық Кеңесі Кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаеваның «ҚР білім және ғылым Министрлігі мен білім және ғылым қызметкерлері салалық Кәсіподағының арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізгі ережелерін орындау және 2015-2017 жылдарға арналған Салалық келісімді жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, төмендегідей атап көрсетеді:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ЗТБ арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің ережелерін жүзеге асыру жөнінде тараптар нақты жұмыстар жасады. Өткен мерзімде саладағы еңбекті ұйымдастыруға тараптардың келісілген іс-әрекеттерінің мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еңбек қатынастары саласындағы анағұрлым маңызды мәселелердің бірі ретіндегі әлеуметтік сұхбат әлеуметтік-экономикалық қатынастардың барлық деңгейінде дамыды. Білім басқармасының органдары мен кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік әріптестік туралы облыстық және аудандық (қалалық) келісімдер жасап, оларды жүзеге асырса, бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылған барлық мекемелер мен кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасалды. Саладағы ұжымдық-шарттық қатынастармен қамтамасыз ету 93,6% құрап отыр.

Кәсіподақ активінің мүшелері мен жұмыс берушілердің өкілдерін еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту үшін кәсіподақ барлық ресурстарды белсенді пайдалана білді. Соңғы екі жылда оқудың әр түрімен 100 000-нан астам адам камтылды.

Келісімнің шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тараптардың ынтымақтастығы қамтамасыз етіліп, педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін, оларды экономикалық және әлеуметтік қолдауды арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілді.

Мамандарды сапалы даярлау және білім жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қарқынды жұмыстар атқарылды.

Әлеуметтік әріптестік тетіктері арқылы жалақының және еңбек демалыстары ақыларының, сауықтыру жәрдемақыларының уақытында төлену, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жыл сайынғы медициналық тексеруден өту, педагогтың нормативтік оқу жүктемесінің мәселелері шешілді.

Жергілікті орындардағы келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы кәсіподақ органдары қызметтерінің қосымша кепілдіктері қамтамасыз етіледі.

Жалпы, келісім тараптарымен алынған міндеттемелер орындалды.

Сонымен қатар, еңбек және басқа да әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласында бірқатар шешілмеген мәселелер де бар. Саладағы еңбекке ақы төлеу дейгейі төмен болып келеді, педагог қызметкерлердің жекеленген санаттарының жұмыс уақыты режимінің құқығында кемшіліктер бар, білім саласының ұйымдарында қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтың өте жоғары деңгейі тіркелген.

Лайықты еңбек жағдайын жасауға, еңбек ұжымдарындағы жанжал тудыратын жағдайларды болдырмауға, білім сапасын арттыруға, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерінің келісімі үшін, 2015 жылдың 25-ақпанында қол қойылған Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім бағытталды.

Қайтадан жасалған келісім нақтылығымен, формальдылықтың жоқтығымен ерекшеленіп, оған қатысушылардың нәтижелі әрі өзара пайдалы ынтымақтастығына бағытталған.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Салалық Кеңесі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсатында:

1.1. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына:

- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы базасында сала ұйымдарында әлеуметтік әріптестіктің тиімді әрекет ететін жүйесін қалыптастыруға шаралар қабылдансын;

- түрлі деңгейдегі келісімдер мен ұжымдық шарттар арасында өзара байланыс қамтамасыз етілсін;

- серіктестік қатынастар мәдениетін жетілдіру, әлеуметтік әріптестік мәселелеріндегі ресмилікті, формализмді болдырмау жолында белсенді жұмыстар жүргізілсін;

- әлеуметтік сұхбат саласына жалақының, кепілдіктер мен жәрдемақылар, еңбекті қорғау және еңбек жағдайы, жұмыспен қамтамасыз ету, педагог кадрларды кәсіби даярлау, біліктіліктерін арттыру және аттестаттау, ұжымдық шарттар мен келісімдерде тараптардың қабылдаған міндеттемелерін орындауына бақылаудың тиімді механизмі мен тараптардың жауапкершілігі мәселелерін, сондай-ақ кәсіподақ қызметімен жүзеге асырылатын қызметкерлер кепілдіктерінің деңгейін төмендетуді болдырмауға бағытталған шараларды қосуға қол жеткізілсін.

1.2. Мүшелік ұйымдардың басқарушы органдарына:

- 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде, кәсіподақтың әрбір аумақтық органы деңгейінде бастауыш кәсіподақ ұйымы мен келісімі бар әрбір еңбек ұжымында ұжымдық шарттардың жасалуы қамтамасыз етілсін;

- әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі аймақтық салалық комиссиялардың қызметіне жүйелі сипат берілсін;

- қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын сотқа дейінгі және соттық қорғау механизмдерін қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қолданыстағы тәртібі жетілдірілсін;

- әлеуметтік сұхбатты құқықтық қамтамасыз ету және дамыту келешегі, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасау тәжірибесі саласында, әлеуметтік серіктестер арасында әлеуметтік әріптестік процестерін түсіндіру және тәжірибе алмасу жөнінде ақпараттық жұмысты белсендендіру шаралары қабылдансын;

- кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтың мүмкіндіктеріне, әлеуметтік әріптестікті дамытуға басты назар аудара отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің ережелерін қолдану жөнінде кәсіподақ мүшелері арасында кеңейтілген түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

1.3. Салалық комиссияның кәсіподақ тарабына:

- Салалық комиссия жұмысының барысында еңбекке ақы төлеу және басқа да жағдайлар, еңбек жанжалдарын болдырмау мәселелеріне басты назар аудара отырып, кәсіподақ мүшелері – сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері табандылықпен қорғалсын.

1.4. Кәсіподақтың Атқару Комитетіне:

- кәсіподақ қызметкерлері мен активті, жұмыс берушілердің өкілдерін әлеуметтік әріптестіктің құқықтық негіздеріне, әдістері мен нысандарына оқытатын тұрақты қызмет жасайтын орталықтың жұмысы қамтамасыз етілсін;

- білім саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін ұйымдастырудың отандық және шет елдік тәжірибесін жүйелі оқыту мен тарату ұйымдастырылсын;

- 2015 жылдың 1-қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен саладағы кәсіподақ ұйымдарымен жинақталған тәжірибені ескере отыра, ұжымдық келіссөздерді жүргізу, ұжымдық шарттар мен келісімдерді дайындап, оларды жасау жөніндегі ұсынымдар әзірленсін;

- Салалық келісім аясында еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында, еңбектің кәсіподақтық құқықтық инспекциясы туралы ережені дайындауды жеделдетіп, әзірленген ереже 2015 жылдың 1-қарашасынан кешіктірмей мүшелік ұйымдарға жіберілсін;

- ұжымдық шарттар мен келісімдерді талдаудың бірыңғай әдістемесін жасау, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалау жөніндегі талдау және ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілсін, қорытынды құжаттармен жұмыс 2015 жылдың 15-қарашасына дейін аяқталсын;

- мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагог және басқарушы қызметкерлерін аттестаттау бойынша қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің дайындауын жеделдету жөнінде қажетті шаралар қабылдансын;

- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігіне мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарының (ставкалары) мөлшері анықталатын саладағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізбесінің мазмұны жөніндегі ұсыныстар дайындалып, енгізілсін.



2. Осы қаулының орындалуын бақылау кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаровқа жүктелсін.

Кәсіподақ төрайымы М.Т. Амантаева
жүктеу 204,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау